рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Рлеу фазасының сипаттамасы.

Рлеу фазасының сипаттамасы. - раздел Экономика, ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ 1. Өндірістің Көлемі Дағдарыс Алдындағы Дә...

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836ж., 1841ж., 1847ж. АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанды.

«Ұлы тоқырау» атын алған ең жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Экономикалық дағдарыстың себептері: ішкі және сыртқы.

Нарықтық экономика толқын тәрізді немесе циклді дамиды, ол көп факторлардың іс-әрекетімен анықталады. Нарықты экономикамен дамып келе жатқан елдердің бәріне тән белгі экономикалық цикл.

Экономикалық цикл дегеніміз тұрақты дүркін-дүркін нарықтық конъюнктураның, экономикалық белсенділіктің өрлеп, қайта төмендеп қайталанып отыруы. Ал, цикл экономиканың өрлеуден қайта дағдарысқа дейінгі қозғалыс уақыты. Циклділіктің ерекше өзіне тән қасиеті, қозғалыс дөңгелек айналымымен емес, спираль бойымен қозғалыста болады, ал әр жаңа спираль қоғам дамуын жоғары сатыларға көтерумен сипатталады.

Нарықтық шаруашылықта циклділік экономикалық дағдарыстың артық өндіру түрінде көрініс табады. Белгілі жай, ұдайы өндірістің қалыпты жағдайы қоғамдық ұдайы өндірісінің әр түрлі бөліктерінің арасында белгілі бір тепе-теңдік, қатынас болғанда ғана мүмкін, ең бірінші, өндіріс пен тұтынудың арасындағы теңдік болып табылады.

Экономикалық дағдарыстың негізгі және абстрактылық мүмкіндігі сонау жай тауар өндірісі жағдайында-ақ пайда болған. Ақшаның айналыс және төлем құралы ретінде атқаратын қызметіне, сонымен қатар жай тауар өндірісіндегі жеке және қоғамдық еңбек арасындағы қайшылыққа тікелей байланысты. Жеке тауар өндірушілер қоғамдық қажеттілікпен сұраныстарды білмей және еске алмай-ақ тауар өндіре береді. Осыдан барып тауарлар өздеріне деген сұранысты таппай, артық тауар болып, нарықта өтпей қалуы ықтимал. Бұның бәрі дағдарыстардың жай тауар өндірісіндегші абстрактылық мүмкіншілігі.

Абстрактылық мүмкіншіліктер нарықтық жағдайда айқындала және нақтылана түседі. Шынайы мүмкіндікке айналады. Бұған екі жағдай: капитал айналымы мен ұдайы өндірісі әсер етеді.

Нарық жағдайында капитал айналысында жеке капиталдар тұтасып, бір-біріне тәуелділікте болады. Сондықтан капитал айналымының бір сәт үзіліске ұшырауы басқалардың тағдырына әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жай тауар өндірісіне қарағанда сату мен сатып алу арасындағы сабақтастықтың үзілуі экономикалық дағдарысты шындыққа айналдырады.

Екінші факторы: ол тауарды несиеге сатудың жалпылама құбылысқа айналуында. Бұл құбылыс қоғамның бүкіл шаруашылық жүйесіне әсер етіп, дағдарысқа итермелейді.

Дағдарыстың шынайы мүмкіндігіне айналуының келесі факторы қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі жағдайынан туындайды. Демек, қоғамдық жиынтық өнімді сатып өткізу үшін, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіру көлемі арасында, сондай-ақ осы өндірістің ішкі бөліктерінде белгілі бір пропорциялардың сақталуы қажет. Ал капитализмде пропорцианалды даму мүмкіндігі жоқ. Сондықтан экономикалық дағдарыстың шынайы мүмкіндігі қоғамдық жиынтық өнімді сатып өткізудің шарттарының бұзылуынан туындайды. Қорыта айтқанда тауарды сату мен сатып алу арасында үзіліс болғанықтан дағдарыста сөзсіз болады.

Экономикалық даму үшін бұл мәселелердің маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XIX-XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процесстерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.

Экономикалық циклдардың себебін шартты түрде сыртқы (экзогенді), ішкі ( эндогенді ) және аралас факторларғабөлуге болады.

Сыртқы (экзогенді) факторлар– экономикалық жүйеден тыс болып жатқан құбылыстар. Оған жататындар: адамдардың санының өзгеруі, жаңалық табу мен инновациялар соғыс және басқада саяси уақиғалар.

Ішкі (эндогенді ) факторлар –экономикалық жүйенің өзінің ішінде болып жатқан құбылыстар. Оларға жататындар: тұтыну, инвестициялау және мемлекеттің іс-әрекеттері.

Аралас факторлар –циклдің себебін ішкі және сыртқы факторларды синтездеу арқылы анықтайды. Олардың авторларының тұжырымдауынша: сыртқы фактор циклдің бастапқы дүмпуін туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.

Пайдаланып жүрген теорияларға қысқаша тоқталайық.

1.Нақты ЖҰӨ циклдік ауытқуының себебін мультипликаторлар мен акселераторлар тиімділігінің іс- әрекетінің нәтижесінде пайда болады– деп тұжырымдайтын теориялар.

2.Саяси іскерлік циклінің теориясы– бұл теория макроэкономикалық ауытқудың себебі үкіметтің несие – ақша және салық бюджет салаларындағы саясатының нәтижесінде туындайды– деп ұйғарады. Үкімет макроэкономикалық саясатында екі құралды бірдей пайдалануына мүмкіншілігі бар. Саясатшылардың іс- әрекеті елдің мейірімділігін немесе сенімін жеңіп алу, олар соның нәтижесінде сайлануға тырысады. Сонымен, үкімет сайлаудан кейін қатаң несие– ақша және салық саясатын жүргізуге іс-әрекет жасайды.Үкіметтің бұл саясаты экономиканың құлдырауға әкеліп соғады, осы кезеңде «жұмбақ» макроэкономикалық саясат жүргізу қажет болады, оны келесі сайлау алдында жүргізеді. Осы теорияны жақтаушылардың ойынша цикл кезеңі сайлау кезеңімен тура келеді (әр 5 жылда).

3. Экономикалық циклдің тепе– теңдік теориясы. Бұл теорияға сәйкес циклділікті өнім шығарудың потенциалды ЖІӨ- нен ауытқуы мен емес, оның өзінің қысқа мерзімдегі ауытқуымен байланысты түсіндіреді.

4. Нақты іскерлік циклінің теориясы. Аталған теорияға сай макроэкономикалық ауытқудың себебін экономиканың бір немесе бірнеше салаларында өнімділіктің "шоктық" (естен тану, сандырақ), өзгеруіне кеңірек айтатын болсақ - өндіріс технологиясының "шоктық"өзгеруіне байланысты болуы мүмкін – деп ұйғарады.

Соңғы аталған теорияға байланысты атап өткен жөн, кейінгі кезде көп тараған теория ол импульсты- өрістету теориясы. Бұл теорияны қалыптастырушылар: 1969ж. Нобель сыйлығының лауреаты, Норвегия экономисті Ригнар Фриш (1895–1973ж.) және орыс экономисті Евгений Слуцкий (1880– 1948ж.). Импулсті - өрістету теориясының мәні мынаған саяды: экономика өзінің дамуында көптеген импульстар мен (ғылыми жаңалықтар, соғыс, игіліктерге салыстырмалы бағаның бірден өзгеруі, саяси режимнің ауысуы, ақша массасының бірден қысқырып немесе көбейіп кетуі т.б.) кездеседі, сондықтан олар циклдік ауытқуға қозғау салады.

Импульсті -өрістету циклдарының теориясы белгілі бір сатыда циклдың ішкі және сыртқы факторларын интеграциялайды: сыртқы (экзогенді) факторлар – жиынтық сұранымын немесе жиынтық ұсыным "шоктары" циклдық ауытқуға қозғалыс жасайды, ал ішкі (эндогенді) факторлар (мультипликатор мен акселератордың өзара іс - әрекеті) ауытқуды тарату механизмін анықтайды.

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы келтірілген теориялардың бәрі белгілі бір дәрежеде циклдық ауытқудың нақты себептерін көрсетеді. Бірақ– та бүгінгі күнге, әлде бір ауыздан мойындалған теория жоқ.

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған.

2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

3. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.

4. Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер.

Экономикалық циклдердің бір - бірінен ұзақтығына және интенсивтілігіне байланысты айырмашылықтары бар. Осыған орай әдебиеттерде үш мерзімге бөледі: қысқа, орта және ұзақ.

10.1. кесте.-Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің «қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4.Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Қысқа мерзімдіэкономикалық циклдардың американдық Уэсли Митчелл мен Джозеф Китчин ұзақтығы 3-4 жылға созылады және оның себебін тауар мен материал қорының ауытқуымен түсіндіреді. Қысқа мерзімді циклді әдебиетте Китчин циклі деп атайды.

Орта мерзімдіэкономикалық циклдың ұзақтығын 10 жылға созылады деп тұжырымдайды. Бұл кезеңді зерттеп өз модельдерін ұсынған авторлар: К.Жугляр, К. Маркс, Дж. Кларк. Орта мерзімді циклді К.Жуглярдың атымен «Жугляр циклы» деп атайды. Оның себебі циклды өте жан – жақты, толығымен зерттеушілердің алғашқыларының бірі. Ғалымдар қысқа мерзімді циклдан гөрі орта мерзімді көп, жан – жақты зерттеген.

Ұзақ мерзімді немесе «ұзын толқын»циклының теориясының негізін қалаушы Петербург университетінің заң факультетінің түлегі Н.Д.Кондратьев 1928ж. «Экономика институтының» ғылыми кеңесінің жиналысында «Большие циклы конъюнктуры» деген тақырыпта баяндама жасап әлемге әйгілі болды.

Экономикалық дағдарыстың мына төмендегідей түрлері болады:жалпы, жарым – жартылай (частичный), салалық, құрылымдық және аграрлық.

Жалпы экономикалық дағдарыс шаруашылықтың барлық саласын, әсіресе өндірістің көп бөлігін қамтиды. Ол дағдарыс өте тереңдеп, ұзақ болады.

Жарым– жартылай дағдарыс экономиканың белгілі бір саласын қамтиды. Мысалы: ақша айналым және несие саласын қамтиды. Бұл кезде өндірісте дағдарыстың болмауы да мүмкін және ол тәуелді болуы да мүмкін. Жарым – жартылай дағдарыс Германияда 1932 жылы банк саласында болды.

Салалық дағдарыс бір саланы өнеркәсіпті, тасымалдау, ауылшаруашылығын қамтиды. Мысалы 1977ж. тоқымашылық өнеркәсібінегі дағдарыс т.с.с. оның болу себебі әр түрлі: құрылымдық өзгерістер; диспропорционалдық ( сәкессіздік пропорциясыз ) даму, саладағы артық өндіру т.с.с. Салалық дағдарыс- экономиканың жолсерігі, ешбір жыл салалық дағдарыссыз болған емес.

Құрылымдық дағдарыс өндірістік тікелей сәйкессіздік (пропорциясыз) дамуының нәтижесі. Бір саланың екінші бір саланың экономикасының ырқын бұзып, біржақты дамуы. Құрылымдық дағдарыс ұдайы өндіріс циклінің бірнеше кезеңін қамтуы мүмкін. 70 жылдардағы энергетикалық, шикізаттар және азық-түлік салаларындағы құрылымдық дағдарыстар.

Аграрлық дағдарыс. Ауылшаруашылығындағы циклдік дамудың ерекшеліктері бар. Олар тек табиғи немесе техникалық себептерден туындап қоймай, сонымен қатар оның қоғамдық жағдайлармен атап айтқанда ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырлануының төмен деңгейімен, монополияланбауынан және т.б. байланысты.

Аграрлық дағдарыс артық өндірудің ерекше түрі. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстардың өзгешелігі тек өнеркәсіп дағдарысының осы өндіріске тарауында емес, сонымен қатар ол жалпы циклдық дағдарыстарға толық сіңіспейді. Мұндағы дағдарыс фазаларының жалпы кестесіне сәйкес емес. Аграрлық дағдарыстың өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға және ауыл шаруашылығының дәстүрлі артта қалуында.

2. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазаларымен жалғасады.

3. Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мыссалы, XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900,1907,1929, 1937 жылдағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір блігін әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.

Атап өтетін мәселе аграрлық дағдарыс шикізат пен азық-түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды. Сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.

Экономикалық дағдарысты реттеу.

Мемлекет экономиканы тұрақтандыру бағытында антициклдық саясат қабылдайды.

Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты –ол макроэкономикалық саясаттың экономиканы толық жұмыспен қамту деңгейінде немесе потенциалды өнім шығаруға тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар. Осы шараларды қандай бағытта, қандай механизмдер арқылы іске асыру жолдары жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Олардың сан түрлілігі мен салмақтары бірдей еместігі мемлекеттің тұрақтандыру саясатын қабылдауға кедергі болмай, барлық циклдық реттеу тұжырымдамасын екі бағытқа топтады: неокейнсиандық және неоконсервативтік.

Неокейнсиандық тұжырымдама жиынтық сұранысты реттеуге бағытталса, ал неоконсервативтік – жиынтығы ұсынысқа бағытталады.

 

Белгілері Бағыты Мақсаты Реттеудің бағыттары Мемлекеттің қызметін бағалау
Неокейнсиа ндық бағыт Сұраныс Макроэкономи калық реттеу Салық-бюджет саясаты. Несие-ақша саясаты. Мадақтау (сұранысты ұлғайтып,өндірісті ынталандыру)
Неоконсерва тивтік бағыт Ұсыныс Микроэкономи каны (жеке фирма) айықтандыру Несие- ақша саясаты. Салық- бюджет саясаты. Тежеу (екі бағытта да икемді саясат арқылы)

 

Тұрақтандыру саясатын іс жүзінде жүргізетін экономистер мен саясатшылардың қай бағытқа– жиынтық сұранымға немесе жиынтық ұсынымға басымдылық бергеніне тәуелсіз, ең күрделі мәселе экономикалық саясат мақсаттарының санымен оны іске асыратын құралдар санының сәйкестігі. Қысқаша оны төмендегідей түсініруге болады: үкімет экономиканы дәл құлдырау фазасында ынталандыра алса, ал дәл өрлеу фазасында экономиканы «қыздырмай» тежей алса. Себебі елдің экономикасы барлық уақытта қозғалыста болады, сондықтан мемлекеттің тұрақтандыру саясаты сол қозғалыс ырғағына дөп түсіп отыра ала ма? Дөп түспеуі де мүмкін. Қорыта айтқанда, барлық нарықтық экономикадағы елдерде қиыншылықтарына қарамастан мемлекетте тұрақтандыру саясаты жүргізіледі. Әрине әр елдің өз ерекшеліктеріне байланысты «экономиканың ұлттық моделі» арқылы жүргізіледі. Себебі, американ капитализмі жапондықтардан, ал Жапондықтардан - Қазақстанның өтпелі кезеңдерінің айырмашылықтары бар. Сондықтан, бәрі де бір бағытта жүруі мүмкін емес. Бірақ экономиканың циклды даму заңдылықтарының негізін білу, әрбір елдің үкіметіне макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізу үшін қажет.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған, сонымен қатар ХІХ және ХХғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 

10.2. кесте.- Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

 

Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында
1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлемесін төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. Пайыз мөлшерлемесін өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.
2. Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.
3. Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету.
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.
Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалы орлар ресурстар ж не ндіріс факторлары... ндіріс ж не дайы ндіріс... Меншікті экономикалы ж не ы ты мазм ны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Рлеу фазасының сипаттамасы.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теорияның қызмет

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-т

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
  Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндірі

Оғамдық меншік
  Мемл

Кесте- Жекешелендірудің тәсілдері.
  1. Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жа

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар Экономикалық жүйе, оның элементтері Экономикалық жүйел

ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа

Q1 Q2 Q
Р S1 S S0 Q Бағаның өзгеруінен ұ

МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1
Ординалистер пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанаu

Сурет.- Бюджет желісі және
немқұрайдылықтың қисығы   С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бю

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
  Бухгалтерлік және экономикалық шығындар Тұрақты және өзгермелі шығындар Орташа және шекті шығындар. Мас

ТАҚЫРЫП 9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР.
Өндіріс факторларының нарықтық бағасы Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде Пайыз – еңбек факторының бағ

ТАҚЫРЫП 10. ЖҮЙЕ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.
  Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің

Баға индексі
  Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды. Номинал

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар
     

ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Экономикалық өсудің түсінігі, оны өлшеу Экономикалық өсудің типтері және факторлары   Экономикалық 

Экономикалық өсудің факторлары
 

Жандану фазасының сипаттамасы.
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен

ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МАҢЫЗЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.
  Мемлекеттің ақша-несие саясаты Ақша реформалары Несие-банк жүйесінің құрылымы Мемлекеттің ақша-не

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
  Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні Қаржы қызметі Мемлекеттік бюджет Қаржы саясаты  

ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ
Фискалды саясат және оның мақсаты Салық және оның классификациясы Фискалды саясаттың типтері Салықтар – ж

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.
  Мемлекеттің әлеуметтік саясаты Лоренц қисығы мен Джини индексі Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғ

Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі
Инфляция себептері: - Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты а

ТАҚЫРЫП 15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.
Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы Халықаралық валюта қатынастары Глобалды әлеуметтік – экономикалық мә

Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.
Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар: -бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құра

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги