рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. - раздел Менеджмент, САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ 1.жіҚ-Ін Іске Асыру Шараларының Түсінігі Және Маv...

1.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түсінігі және маңызы.

2.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түрлері және маңызы.

Негізгі ұғымдар:Нысана, Міндеті, ЖІҚ-нінің тұлғасы, ЖІҚ-нің обьектісі, Жедел іздестіру шарасының жоспары дегеніміз

1.»Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 11-бабы 1- бөлігінде Жедел іздестіру шаралары туралы мынандай түсінік берілген:

Жедел іздестіру шаралары дегеніміз- бұл жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзіреті шегінде, осы заңның 2-бабында көзделген міндеттерді, яғни азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, заңды мүдделерін, қоғамды, мемелекетті, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді шешіге бағытталған іс-әрекеттері. Осы көрсетілгеннен туындайтыны жедел іздестіру шаралары екі түрлі іс әрекетті, яғни жедел іздестіру шаралары мен жедел іздестіру операциялары бірлігінен құралады. Ол дегеніміз алға қойған мақсатқа жету үшін күні бұрын дайындалған, жоспарланған және бір немесе бірнеше шараларды жедел іздестіру тұлғаларының іске асыруы, сөйтіп олар жедел іздестіру шараларының мазмұнын құрайды.

Жедел іздестіру шараларына мына талаптар қойылады: Олар жедел іздестіру қызметі қағидаларына сәйкестігі, ЖІҚ-ның негізгі мақсатына,жалпы шараларына бағыныштылығы, шараның нақтылығы, күш пен құралды қажетті шекте, табандылық көрсету арқылы икемділік таныту, өзара қарым-қатынаста болу.

Жедел іздестіру шараларының құрлысы мыналардан тұрады:Нысана мен міндет,тұлға,обьектісі,шара жоспары,жедел іздестіру іс-әрекеті,күш пен құрал және нәтиже.

Енді осыларға қысқаша анықтама берелік.

Нысана дегеніміз-жедел іздестіру шарасы негізінде ЖІҚ-нің мақсатына және белгілі бір нәтижесіне жетуге бағытталуы.

Міндеті ол белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жедел іздестіру шараларының іс-әрекеті.

ЖІҚ-нінің тұлғасы-дегеніміз,ол жедел іздестіру қызметін іске асырушы орган.

ЖІҚ-нің обьектісі-дегеніміз ол жеке адамға,қоғамға,мемелекетке,сол сияқты ҚР-ы ұлттық қауіпсіздігіне,құқыққа қарсы іс-әрекет жүргізуші жеке тұлға немесе ұйым.

Жедел іздестіру шарасының жоспары дегеніміз-жедел іздестіру шарасын іске асыру тәртібі мен тәсілі.

Жедел іздестіру шарасының іс-әрекеті-ол шараларды іске асырудың әтрүрлі акт әрекеттері.

Жедел іздестіру шараларының күштері-шара өткізуге тартылған құпия көмекшілер аппараты,жедел-техникалық,жедел-іздеу,ақппараттық тағы басқа құрамдар.

Жедел іздестіру шарасының нәтижесі-олмақсатқа жету үшін жүргізілген іс-шаралардың қол жеткізген нәтижелері.

Жедел іздестіру шаралары жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді.Оның бұлай бөлінуі,олардың бағытталған мән-жайына байланысты.Олар Заңның 11-бабында атап көрсетілген,бірақ оны түпкілікті деп тануға болмайды,себебі олар заң арқылы өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

2.Жедел іздестіру шараларын жүргізу негіздеріне мына мән-жайлар жатады:

1.Қозғалған қылмыстық істің болуы.

2.Әзірленіп жатқан,жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтің орын алуы.

3.Жауап алу,тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар жөнінде.

4.Азаматтардың хабарсыз кетуі және танымайтын мәйіттердің табылуы.

5.Шет мемелекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау бүлдіру әрекеттері туралы хабарлардың орын алуы.

6.Өздерінің өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары,сол сияқты соттың ұйғарымдары.

7.Бас прокурор мен оның орынбасарларының,Облыстық прокурорлар мен оған теңестірілген прокурорлардың қаулылары.

8.Құқықтық көмек туралы шартқа,келісімге сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйыдарының және мемелекеттердің құқық қорғау органдарының ауал салулары.

9.Қоғам,мемелекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс қабілетін нығайту мүддесіне орай барлау ақппараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар негіз бола алады.

3.»Жедел іздестіру қызметі туралы»Заңның 11-бабы 2-бөлігінде жалпы жедел іздестіру шараларына мыналарды жатқызған:

1.Азаматтарға,лауазым иесі адамдарға сауал-сұрақ қою,олардан хабарламалар алу.Ол екі түрде іске асырылуы мүмкін:ашық жария немесе ашық жария емес түрде.

Ашық жария кезінде сұрауды ЖІҚ-н жүргізуші органның атынан оның қызметкері жүргізеде.Бұл кезде сұрақ беруші қандай органның адамына жауап беріп отырғанын біледі.Бүл жағдайда жауапты көрсетудің белгілі бір формасы,тәртібі атап көрсетілмеген,ол арыз,түсінік,анкета,сұрақ листогі т.б.түрінде орын алуы мүмкінҚажет болған кезде ол ҚІЖК-не сәйкес куәден,сезіктіден,айыпкерден жауап алу хаттамасы болуы мүмкін.

Жасырын сұрау-ол ЖІҚ-ті органы атынан емес,басқа мекеме,мемелекет немесе жеке тұлға атынан сұрау болып келеді.Бұл кезде жедел іздестіру қызметкері қандай- да бір аңызды,құжатты пайдалануы немесе қажет деп тапқанда бет пердені өзгертуі мүмкін,не жасырын көмекші арқылы іске асырады.

2.Азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату,оларды жедел іздестіру қызметіне пайдалану.

Жария қатынас -өз қызметіне байланысты меншік түріне қарамастан жедел іздестіру қызметіне көмек көрсетуге міндетті тұлғалар,сол сияқты жария қатынас жасауға келісім бергендер.

Жасырын қатынас –кәмілеттік жасқа толған ,ақыл есі дұрыс,өзінің жеке қасиетіне сәйкес ЖІҚ-не көмек көрсетуге келісім берген адам.

3.Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу.

4.Қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану.(Ерекше жағдайда оны құқық қорғау үшін,қажетті қорғану,мәжбүрлі қажеттілік,бұйрықты,өкімді орындау,орынды тәуекел,қылмыстын өз еркімен бас тарту,қажетті қорғану шегінен шығушылық сияқты мән жайды қолдану).

5.Астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру.Олардың құжаттары толық көлемде болуы тиіс.

6.Берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру.Жедел іздестіру күш және құралдары арқылы өнімдерге бақылау жасау.Ол 3 тапсырма-міндетті іске асырады:

А) ҚР-да рұқсат берілмеген кіргізілген немесе шығарылған есірткі,қару-жарақ,контрабандалық тауар,өнімдер туралы барлық буындарды бақылау.

Б)Заңсыз құқыққа қайшы мән-жайларды,іс-әрекеттерді анықтау.

В)Құқыққа қарсы іс-әрекеттің алдын-алу,жолын кесу,ұйымдарсыру

7.Арнаулы техникалық құралдарды қолдану.Олар шараға қатысушылардың денсаулығына,және қоршаған ортаға қауіпті болмауы тиіс.

8.Мекемелердің,кәсіпорындардың,ұйымдардың есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу.Олар ашық және жасырын түрде жүргізілуі мүмкін.

Ашық түрде өз құқығын қолдану арқылы мәліметтер алады.

Жасырын түрде-азаматтардан жасырын сұрақ алу,азаматтармен жасырын қарым-қатынас орнату.

9.Зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер алу. Ол да ашық немесе жасырын түрде іске асырылуы мүмкін.

Ашық-өз құзіреті шегінде іске асса,жасырын-ол жасырын күш пен құралды қолдану жолымен іске асырылады.

10.Бақылау үшін сатып алу.

11.Іздеу қызмет иттерін пайдалану.

12.Белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру.

13.Алдын-ала зерттеу үшін табу және жасырын түрде жазып,түсіріп алу

14.Қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның артына түсу және ұстау.

15.Қылмысқа қатысы бар заттар мен құжаттарды алу үшін,ұсталған адамды,тұрғын үй,жұмыс орнын,көлік құралын тағы басқаларды тексеру.

16.Қарулы қылмыскерлерді ұстау үшін операциялар жүргізу.

17.Жедел іздестіру,қылмыстар мен криминалистикалық есептер бойынша тексеру жүргізу.

Тақырып -5. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарының және халықаралық құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

За факультеті... Ылмысты ы ты п ндер... БЕКІТЕМІН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
    0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін   Оқыту формасы: күндізгі, сырттай    

С И Л Л А Б У С
  0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін Оқу түрі: күндізгі Курс: 2 Семестр: 6 Кредит саны: 2 Барлық

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.
1.ЖІҚ-нің негізгі түсінігі. 2.ҚР ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары.   Негізгі ұғымдар:1.Жедел іздес

Р ЖІҚ-нің ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ”.
  1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері. 2. ЖІҚ-нің принциптері. 3. ЖІҚ-ін ж

ЖІҚ-нің ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
  1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары. 2.ЖІК-ін жүзеге асырушы органдарының міндеттері. 3.ҚР ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарды

ТАҚЫРЫП-4. .
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗЫМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР” 1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері

ТАҚЫРЫП-5
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРГАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІГІ”

ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ
Сұрақтар: 1.Арнаулы жедел- іздестіру арнаулы шараларының түсінігі 2.Жедел іздестіру арнаулы шараларын жүргізу негіздері 3.Ж

ТАҚЫРЫП-9.
“ ЖІҚ-Ін ЖҮРГІЗУ БАҒЫТТАРЫ” Сұрақтар: 1.ЖІҚ-і функциясының құқық қорғаудағы ма

ТАҚЫРЫП-12.
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ПРОЦЕСІ” 1.Жедел іздестіру процесінің түсінігі,оның құқық қорғаудағы функциясы. 2.Жед

Негізгі және қосымша әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-тамыз 1995 ж.қабыл. 2.”ҚР-дағы Жедел іздестіру қызыметі туралы” Заң,15 қыркүйек 19

Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
      Тақырыптардың атауы Сағат саны      

Семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы Сағат саны       Дәріс

СӨЖ тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы       сағ. саны Апта.

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1.ЖІҚ-ін жүзеге асыруға қатысушы тұлғалардың құқықтық және әлеуметтік жағдайын қорғау.

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги