рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ

ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ - раздел Менеджмент, САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ Сұрақтар: 1.арнаулы Жедел- Іздестіру Ар...

Сұрақтар:

1.Арнаулы жедел- іздестіру арнаулы шараларының түсінігі

2.Жедел іздестіру арнаулы шараларын жүргізу негіздері

3.Жедел іздестіру арнаулы шараларын жүргізудегі құқық қорғау

органдарының құықытары

 

Негізгі ұғымдар: арнаулы жедел іздестіру шаралары, тұрғын үйге қол сұқпау, азаматтардың жеке өмірі, цензура,

1.Арнаулы жедел іздестіру шаралары дегеніміз- оны жүргізу белгілі бір жағдайларда кейбір азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясы белгілеген құқықтарына қол сұғылып, қысым жасалуын көрсетеді.

Бұл жерде азаматтардың жеке өмірі,құпиялылығы.тұрғын үйге қол сұқпау, хат-хабар, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарларға қол сұқпау құқықтарына нұқсан келтіріледі.

Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан аумағында,осы ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланатындықтан,жедел іздестіру қызметінің арнаулы шаралары олардың да құқықтар ымен бостандықтарына әсерін тигізеді.

Осыған қарамастан ҚР Конституциясының 12 бабының 5-тармағында былай деп көрсетілген: Адамның және азаматтың өз күқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы, басқа адмдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, Конституциялық құрлыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс екені атап көрсетілген. Ал Конституцияның 18-бабының 2-тармағында, азаматтардың Конституциялық құқықтарын шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берілетіні айтылған.

Конституцияның 25-бабының 1-тармағы бойынша, тұрғын үйге басыа кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттерде және тәртіпте жол берілетіндігі көрсетілген.

Осы жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Жедел іздестіру қызметін іске асыруға құқық берілген органдар, ол туралы заңның 11-бабы 3- тармағына сәйкес мынандай арнаулы жедел іздестіру шараларын жүргізеді:

1. Сотталғандардың хат-хабарын цензуралау. Оның мақсаты жазаны өтеу орнындағы сотталғандар пошта, хат-хабар, телефон байланыстарын пайдалану арқылы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаудың алдын алады, сол арқылы құқық бұзушылық түрлерімен күреседі.
Жазасын өтеушілер ол туралы ескертіледі. Ал пошта хабарлары ашық түрде оқу немесе басқа тексеру құралдарын пайдалану арқылы іске асырылады. Хат-хабарлар жөнелту үшін ашық, желімденбеген күйде қабылданады, ал келіп түскендер міндетті түрде ашылып, тексеріліп беріледі. Бұл іс-әрекеттерді арнаулы бөлінген Жедел іздестіру қызметкері жүзеге асырады. Осы іс әрекеттер арқылы Жедел іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер алуға мүмкіндік туады.

Пошта хат-хабарында, пошта арқылы жіберілуге болмайтын мән-жайлар анықталса,кесіп алып тастау неесе өшіру арқылы жойылады,ал қажет болған жағдайда хат-хабар тәркіленеді.

Бұл жедел іздестіру шарасы сотталушы жазасын өтеп жатқан кезде және уақытша қапаста ұстау кезінде іске асырылады. Тар қапаста ұстау кезінде тексеруді тергеуші немесе анықтаушы іске асырады.

2.Пошта жөнелтімдерін бақылау. Бұның мазмұны белгілі бір уақыт аралығында жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың хат-хабарына бақылау жүргізу болып табылады. Бақылау кірген немесе шыққан хат-хабарлар жөнінде орын алады.

Хат-хабар ұсталып, онда құқыққа қарсы іс-әрекеттер бар жоғы тексеріледі, одан кейін өз мекн жайы бойынша баратын жеріне жіберіледі. Қажет деп табылғанда хат-хабар тәркіленеді және жедел іздестіру материалына тігіледі,егер қылмыстық іске байланысты болса Қылмыстық іс жүргізу құқығына сәйкес алынып қылмыстық іске тігіледі.

3.Байланыстың пошта, телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел іздеулер. Бұл шара хат-хабардың құқыққа қарсы іс-әрекетке пайдаланылып жүргенін анықтау мақсатында атқарылады. Хат-хабар жалпы емес, белгілі бір хат-хабар тексеріледі. Хат-хабар ашылмай сыртқы түрі пошымы бойынша тексеріліп,қай мемелекеттен немесе мекен-жайдан шыққаны және кімге арналғаны анықталады. Бұл жолменқашып, тығылып жүрген қылмыскерлер жөнінде іздеу шаралары іске асырылады. Қажет деп табылған кезде,пошта ашылуға, тәркіленуге жатады. Бұл іс-әрекет жасырын түрде іске асады.

4.Телефон және өзге сөйлесулерді тыңдау. Бұл жедел іздестіру қызметі обьектісінің іс-әрекетін бақылауға арналған шара. Мысалы: оның жоспары, алға қойған мақсаты,қылмыстық байланысы, мекен жайы т.б. Бұл іс-әрекет те жасырын түрде белгілі бір обьектіге байланысты жүргізіледі.

5.Бейне-аудио техникаларды немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау, жазып алу,мәліметтер жинау. Бұл да жоғарыдағы мақсатпен іске асырылады.

6.Байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау.

Бұлар құқық қорғау органдарының назарына, өздерінің құқыққа қарсы іс-әрекеті жөнінде іліккен обьектілерге байланысты жүргізіледі. Мақсыты, құқыққа қарсы іс-әрекетті анықтау,оның ізін,қылмыстық жоспарын,ойын,байланыстарын анықтау. Аталған әрекеттер ауыр және аса ауыр қылмыстардың бетін ашып тергеуде, қашып кеткен, жасырынғандардың мекен-жайын анықтау, қылмыс құралдарын табуда өте қажетті шара болып танылады. Бұлар жасырын түрде іске асырылады.

7.Тұрғын және басқа жайларға.үйлерге, ғимараттарға, жер участкелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру. Бұл шара жедел іздестіру қызметіне келіп түскен мәліметтерді анықтауға бағытталған және жедел іздестіру шарасына қатысушыларға қауіп төндіретін мән-жайларда, мәліметті зерттеуге, қылмыс құрамын табуға, олардың байланысын, жоспарын анықтауға бағытталған.

2.Ішкі істер органдарының құқықтары:

1.Сотталғандардың хат-хабарын цензуралау.

2.Пошта жөнелтімдерін бақылау.

3.Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау.

4.Арнаулы техникалық құралдары пайдалану.

5.Тұрғын үйге және басқа жайларға кіру.

6. Байланыстың пошта, телеграф, арналарында сыртқы белгілері бойынша іздеулер.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

1.Пошта жөнелтімдерін бақылау.

2.Байланыстың пошта, телеграф, арналарында сыртқы белгілері бойынша іздеулер.

3.Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау.

4.Байланыстың техникалық арналарынан, компьтер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алу.

5.Бақылау, оның ішінде бейде, аудио техникаларды пайдалану жолымен, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін заттарды, материалдарды пайдалана отырып бақылау.

6.Тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер участкесіне және өзге техникалық құралдарға кіру.

Әскери барлау, Президенттің күзет қызметі, Кеден органдары:

1.Бақылау, оның ішінде бейне, аудио техникаларды пайдалану жолымен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін заттарды, материалдарды пайдалана отырып бақылау.

2. Тұрғын және басқа жайларға,үйлерге,ғимараттарға,жер участкесіне және өзге техникалық құралдарға кіру.

3. Телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау.

4. Байланыстың техникалық арналарынан, компьтер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алу.

Жедел іздестіру қызметін жүргізу құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне емес,тек арнаулы бөлімдер мен қызметкерге жүктеледі. Жедел іздестіру қызметі мен шараларын жүргізуге құқы бар қызметкерлерді құқық қорғау органдарының басшылары тағайындап белгілейді

8-тақырып:“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ”

Сұрақтар:

1.ЖІҚ-і нәтижесінің түсінігі және түрлері.

2.ЖІҚ-нің нәтижесін ,анықтау органына,тергеуші,прокурор және сотқа беру тәртібі.

3.ЖІҚ-нің нәтижесін заңнан тысқары қолдану тәртібі.

Негізгі ұғымдар:ЖІҚ-нің нәтижесі, мәліметтер, құжаттар, актілер, есептер

1.ЖІҚ-нің нәтижесі дегеніміз,жедел іздестіру бөлімдерінің ЖІҚ-і заңына сәйкес, дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстар жөнінде және оларды жасаған, қатысқан, дайындаған, жасайын деп жатқан тұлғалар жөнінде,анықтау, тергеу, сот органдарынан қашып жүрген, жазасын өтеуден тығылып жүрген, хабар-ошарсыз кеткендер жөнінде, сол сияқты мемелекеттік, әскери, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіру туралы алынған мәліметтер болып табылады.

Олар: мәліметтер, құжаттар, заттар түрінде болуы мүмкін және ЖІҚ-нің алдына қойылған тапсырмаларды шешу үшін өте маңызды болып табылуы тиіс.

Сонымен қатар кейбір мәліметтер мемелекет басшылары үшін саяси шаралар мәселелерін шешуге арналуы мүмкін.

ЖІҚ-нің нәтижесі өз мәнін төменгі түрлері арқылы білдіреді:

1.ЖІҚ-нің алдына қойылған мақсаттарын шешуге қажетті:

-мәліметтер

-құжаттар

-заттар түрінде.

2.ЖІҚ-і обьектілеріне әсер ету арқылы қол жеткен:

-ЖІҚ-нің пайдалы жағы

-мемелекетке пайдалы саяси, экономикалық т.б. түрінде.

ЖІҚ-нің нәтижелері жедел іздестіру қызметі құжаттарында: рапорт, анықтама, мәліметтер, актілер, есептер ретінде көрінеді. Бұл құжаттарға ЖІҚ-і нәтижесінде алынған заттар,құжаттар тіркелуі мүмкін.

ЖІҚ-ті техникасын қолданғанда: фонограмма, бейнеграмма, бейнелента, фотопленка, магниттік, лазерлік дискілер т.б.түрінде орын алады.

Алынған нәтиженің мазмұны мен қажеттілігіне сәйкес, оны ары қарай пайдалану үшін,ЖІҚ-нің нәтижесі қажетті тәртіппен хатталады және ЖІҚ-і ісіне тіркеледі немесе қылмыстық, әкімшілік істерге тігіледі не анықтама тағы басқа түрінде өз көрінісін табады.

2.ЖІҚ-і туралы Заң ЖІҚ-нің нәтижесін тар мағынада белгілі-бір ЖІҚ-і және тергеу үшін қажетті материал ретінде көрінеді де, заңда көрсетілген тәртіппен пайдалану тәртібі реттеледі. Мысалы: ЖІҚ-ті туралы Заңның 14-бабында олар былай көрсетілген:

1.ЖІҚ-і үрдісінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөніндегі жедел –іздестіру шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес олар тексерілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша айғақтар ретінде пайдаланылады.

2.ЖІҚ-н жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сипат бергенге дейін, не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеу үшін негіз бола алмайды.

3.ЖІҚ-ін ұйымдастыру, нақты жедел –іздестіру шаралары, хабарламаларды алу көздері мен тәсілдері туралы мемелекеттік несесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадыр-қасиетіне қатысты мағлұматтар жария етілмейді.

4.Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне мәлім болғмн мағлұматтады жария еткен адамдар ҚР-ның заңдарында көзделген тәртіппен жауапқа тартылады.

ЖІҚ-нің нәтижелері алдарына қойылған мақсатты обьективті түрде пайдаланып шешу үшін, анықтау, тергеу, прокурор және сотқа беріледі.

Мысалы: ЖІҚ-нің қылмысты іс қозғауға бағытталған нәтижесі қылмыстың белгілері туралы, атап айтқанда: қай жерде, қашан, қандай белгілері бойынша қылмыс анықталғаны, қандай мән-жайда қылмыс белгілері орын алғаны, ол қалмысты жасаған тұлғалар жөніндегі мәліметтер, қылмыс іздері табылған мекен-жай, қылмысқа дәлел болатын құжаттар, заттар және басқа да фактілер, яғни қылмысты іс қозғауға негіз болатын мән-жайлар жеткілікті түрде орын алуы тиіс, яғни нәтиже бойынша оқиға жөнінде бір шешім қабылдай алатындай мәліметтер жиналуы тиіс.

Ал тергеу амал әдістер мен сот іс әрекеті үшін жиналған мәліметтерде,алдын ала тергеу мен соттан қасақана тығылып жүргендер жөніндегі мәліметтер,дәлелдеу көздері туралы, қылмыстық іс туралы мәліметтер білетін тұлғалар жөнінде,қылмысқа қатысты құралдар, ақша және басқа заттар тұрған мекен-жай, дәлелдеуге негіз болатын дәлелдік құны бар заттар, құжаттар, фактілер орын алуы тиіс.

ЖІҚ-нінің нәтижелерін өз тарапынан немесе тергеу органдарының сұрауымен оларға беру туралы ЖІҚ-нің бастығы қаулы шығарып шешім қабылдайды.

3.ЖІҚ-і нәтижесінде алынған мәліметтер, қылмыстық іс жүргізу қызметінен тысқары мемелекет басшылары үшін, мемелекеттің қауіпсіздігін, саяси құрлысын тағы басқа да құндылықтарды қорғауға арналуы мүмкін. Олар мына төмендегіше тарамдалады:

-Президент және басқа инстацияларға хабарлар дайындау үшін.

-Мемелекеттің сыртқы және ішкі саясаты, экономикалық қызметіне байланысты шараларды дайындау мен жүргізуге ықпал ететін мән-жайларда.

-Президент және басқа тұлғаларды күзетуге байланысты мәліметтер.

-Мемелекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен күзету үшін қажетті мәліметтер.

-ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты.

-Мемелекеттік және заңмен қорғалатын құпиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ЖІҚ-нің нәтижесі ҚІЖК-не сәйкесғана пайдаланылады, ал басқа жағдайларда заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және тергеу әрекеттерін жүргізуге ықшамды тәсілдер мен әдістер үшін әдістемелік болып танылады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

За факультеті... Ылмысты ы ты п ндер... БЕКІТЕМІН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
    0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін   Оқыту формасы: күндізгі, сырттай    

С И Л Л А Б У С
  0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін Оқу түрі: күндізгі Курс: 2 Семестр: 6 Кредит саны: 2 Барлық

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.
1.ЖІҚ-нің негізгі түсінігі. 2.ҚР ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары.   Негізгі ұғымдар:1.Жедел іздес

Р ЖІҚ-нің ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ”.
  1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері. 2. ЖІҚ-нің принциптері. 3. ЖІҚ-ін ж

ЖІҚ-нің ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
  1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары. 2.ЖІК-ін жүзеге асырушы органдарының міндеттері. 3.ҚР ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарды

ТАҚЫРЫП-4. .
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗЫМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР” 1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері

ТАҚЫРЫП-5
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРГАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІГІ”

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
1.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түсінігі және маңызы. 2.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түрлері және маңызы. Негі

ТАҚЫРЫП-9.
“ ЖІҚ-Ін ЖҮРГІЗУ БАҒЫТТАРЫ” Сұрақтар: 1.ЖІҚ-і функциясының құқық қорғаудағы ма

ТАҚЫРЫП-12.
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ПРОЦЕСІ” 1.Жедел іздестіру процесінің түсінігі,оның құқық қорғаудағы функциясы. 2.Жед

Негізгі және қосымша әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-тамыз 1995 ж.қабыл. 2.”ҚР-дағы Жедел іздестіру қызыметі туралы” Заң,15 қыркүйек 19

Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
      Тақырыптардың атауы Сағат саны      

Семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы Сағат саны       Дәріс

СӨЖ тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы       сағ. саны Апта.

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1.ЖІҚ-ін жүзеге асыруға қатысушы тұлғалардың құқықтық және әлеуметтік жағдайын қорғау.

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги