рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Силлабус

Силлабус - раздел Философия, БЕКІТЕМІН 1. Оқытушының Тегі, Аты-Жөні, ғылыми Дә...

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедра доценті, ф.ғ.д. А.О.Тымболова, доценттер, ф.ғ.к. А.А.Мұсабекова, Қ.Е.Тілешова, аға оқытушы Ә.Қ.Мағзұмбекова.

Байланыс телефоны: 32-233

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Пәннің атауы: Қазақ тілі.Курстың коды: K (R) Ya 1105. Кредит саны – 6.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: І-ІІ жартыжылдық, кесте бойынша.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері:бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттаужәне олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1.Оқу пәнінің аты:Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.

5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас м,0, 00 әзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи және оны қолдана алу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

І семестр

Апта Тақырып аты Сағат саны БӨЖ тапсырмалары
Отан отбасынан басталады. Фонетика. Орфография. Екпін. Үндестік заңы. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Отан, ел туралы мақал-мәтелдер. «Сәлемің түзу болсын» деген тақырыпта эссе жазу.
Жас отбасы және дәстүр. Ілік септік. Күрделі сөздер.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.). «Жаңа дәстүр, жаңа салт» деген тақырыпта эссе жазу.  
  Қазіргі тұрғын үй. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Ұлттық киіз үй жабдықтары. «Үйі бардың күйі бар» деген тақырыпта эссе жазу.  
Мінез және келбет. Етістіктің шақтары.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) «Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазу.
Уақыт және адам. Есептік сан есім.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Уақыт алтыннан қымбат. Эссе.
Бос уақыт және қызығушылық. Реттік сан есім. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Ұлылардың хоббиі. (әңгіме). «Біз уақытты қадірлейміз бе?» деген тақырыпта эссе жазу.
Денсаулық – зор байлық Есімшенің өткен шағы.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Дені саудың – жаны сау» деген тақырыпқа эссе жазу.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
Менің Отаным Қазақстан. Жалпы және жалқы есімдер.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Менің туған қалам. Эссе. Әнұранды жатқа білесіз бе?
Тәуелсіздік тұғыры. Шылау, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Тәуелсіздік тұғыры  
Халықаралық қатынастар. Сын есім, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындау.
Мен елімнің патриотымын. Есімдік, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Отаншылдық – ұлы қасиет
Елордасы Астана. Етіс, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Сабақты пысықтау сұрақтарымен жұмыс
Мемлекеттік тіл. Жалғаулықтар. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.  
Ұлттық дәстүр. Зат есім тудырушы жұрнақтар.   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) «Ұлттық дәстүр» тақырыбында эссе жазыңыз.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары.    
Ұлттық мәдениет. Қос сөз және біріккен сөздер. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Қаладағы ұлттық мұражайлар

ІІ семестр

Апта Тақырып аты Сағат саны БӨЖ тапсырмалары
Қазақ халқының дәстүрлі өнері. 1.Халықтық қолөнер. 2.Қазақ театры және кино өнері. 3.Өнер жұлдыздары Шылау Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Қазіргі қазақ өнері жайлы шағын шығарма жазыңыз.
Ұлттық мәдениет тамыры. 1.Айтыс өнері. 2.Күй атасы – Құрманғазы. 3.Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар. Септеулік шылау Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.). Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері
  Өлең – сөздің патшасы. 1.Хакім Абайдың философиясы. 2.Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция. 3.Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы. Есімше. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Классик жазушылардың шығармаларымен танысу.
Көркем сөз – көркем өнер. 1.Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы. 2.М.Әуезов – суреткер. 3.О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы. Үстеу, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Менің жерімнің табиғаты. Эссе.
Адам және табиғат егіз. 1.Қазақстанның экологиясы. 2.Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау. 3.Қызыл кітап. Көсемше Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Қазақстан экологиясы
Туған жерге саяхат. 1.Өз өлкеңді таны. 2.Қазақстандағы туристік нысандар 3.Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан, Отырар, Ақмешіт т.б.) Сан есім, оның түрлері Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) Әйгілі саяхатшылар
Қазақстанның көрікті жерлері 1.Қазақстандағы туризм 2.Қазақстандағы туристік нысандар Сан есім, оның түрлері   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Туған өлкеңді таны.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары.    
Менің мамандығым. 1.Университет - білім ордасы. 2.Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Мамандық таңдау
Басшы келбеті. 1.Басшының басқару стилі 2.Кемел көшбасшы. 3.Ел үміті – қоғам қайраткері Ыңғайлас салалас Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – ( 6сағ.) Басшы және ұжым
Қоғам және жастар 1.Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда. 2.Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында. 3.Жастар және қоғамдық ұйымдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Жастардың қоғамдық ұйымдары
Қазақстан - әлемдік кеңістікте 1.Қазақстан – Азия барысы. 2.Қазақстан - әлемдік кеңістікте Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгіме.
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі 1. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі 2. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы. Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Классик жазушылардың шығармаларына шолу жасау.
Қазақстандағы білім беру жүйесі 1.Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс 2.Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар Себеп бағыныңқылы сабақтас Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Білім беру жүйесіндегі реформалар
Білім де бәсекеге түседі 1.Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. 2.Ел болашағы білікті мамандардың қолында .Аралас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) Оқу, білім туралы қанатты сөздер.
  Аралық бақылау. Коллоквиум    
15. Ғылым мен техника 1.Ғылым-инновациялық экономиканың негізі 2.Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары Мақсат бағыныңқы сабақтас   Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) Қазақстандағы белгілі ғалымдар. Әлем картасындағы ғылыми-технологиялар(биотехнология мен биохимия, экоэнергетика, экология)  

Барлығы практ. 90 сағат., БӨЖ-180 сағ.

6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.

2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.

4. Қазақ тілі каешені.Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.

6.2. Қосымша әдебиеттер

  1. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
  2. Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
  3. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.
  4. Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.
  5. Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.
  6. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.
  7. Қакзақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.
  8. Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005.

тілін жоғары деңгейде тереңдете оқыту құралы. Өскемен. «Medi.ASoft» - 2009 ж.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеу түрінде екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау: - 20%

Аралық бақылау: Тест - 20 %

Ағымдық және аралық бақылау - 20%

Қорытынды бақылау - 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: тест тапсырмалары.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

 

 

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Белсенді үлестірмелі материал(БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Демонстрация(лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог –екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия(лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым– сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым- өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Презентация(лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

 

Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:

 

 

Міндетті әдебиеттер:

1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.

2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.

4. Қазақ тілі каешені.Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.

 

Қосымша әдебиеттер

  1. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
  2. Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
  3. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.
  4. Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.
  5. Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.
  6. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.
  7. Қакзақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.
  8. Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005.

 

 

 

Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Тапсырма – оқу материалы мазмұнын оқу жағдайына айналдыру тәсілі, студенттің оқу іс-әрекетінің мазмұны, білім алушының оқу материалын меңгеру тәсілі, әртүрлі оқу іс - әрекетінде білім алушылардың орындауына бағытталған, сонымен қатар оқу материалын меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған оқу тәсілі. Білім алуышының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардың жүйелілігі мен оларды құрастыру белгілі бір ұстанымдар мен талаптар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл ретте тәрбиелеп оқыту ұстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру және тұтастық ұстанымдары, оқытуды үйренушілердің өзіндік және жеке қабілеттеріне сәйкестендіру ұстанымы, оқытудың жағдаяттық ұстанымы, жүйелілік және сатылылық ұстанымдары өте тиімді. Сонымен қатар берілген тапсырманың шығармашылық сипатына басты назар аудару қажет. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін логикалық операцияларды орындауға бағытталған тапсырмалар олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өзбетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады.

Жалпы білімгердің оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін тапсырмаларды мейлінше түрлендіру оқытушының шеберлігіне байланысты. Бүл тапсырмалар өтілген әрбір лексика-грамматикалық тақырыптардан кейін берілуі керек. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктеледі.

 

Бақылауға арналған сұрақтар

  1. Қазақ өнері
  2. Шылау
  3. Ұпттық әдебиет
  4. Септеулік шылау
  5. Классикалық әдебиет
  6. Есімше
  7. Мен және қоршаған орта
  8. Үстеу және оның түрлері
  9. Адам және табиғат
  10. Көсемше
  11. Саяхат және туризм.
  12. Сан есім және оның түрлері
  13. Қазақстанның көрікті жерлері
  14. Сын есімнің шырайлары
  15. Менің мамандығым
  16. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
  17. Басшы келбеті.
  18. Ыңғайлас салалас
  19. Қоғам және жастар.
  20. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
  21. Қазақстан әлемдік кеңістікте
  22. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
  23. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі
  24. Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
  25. Білім де бәсекеге түседі
  26. Аралас құрмалас сөйлем
  27. Ғылым мен техника
  28. Мақсат бағыныңқы сабақтас

 

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

 

Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.

Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

 

Апталар Тақырып аты Тапсырма түрі Сағат саны
1 апта Өнердің түрлері Реферат жазу   4 сағ.
2 апта Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері Баяндама әзірлеу. 4 сағ.  
3 апта Классик жазушылардың шығармаларымен танысу. Көркем шығарма оқу 4 сағ.  
4 апта Менің жерімнің табиғаты. Эссе жазу 4 сағ.  
5 апта Қазақстан экологиясы Эссе жазу 4 сағ.  
6 апта Әйгілі саяхатшылар Пікір алмасу. 4 сағ.  
7 апта Туған өлкеңді таны. Эссе жазу 4 сағ.  
8 апта Мамандық таңдау Баяндама әзірлеу 4 сағ.  
9 апта Басшы және ұжым Сипаттама беру 4 сағ.  
10 апта Жастардың қоғамдық ұйымдары Реферат жазу 4 сағ.  
11 апта Қазақстан және әлемдік ұйымдар Эссе жазу 4 сағ.  
12 апта Тәуелсіздік жетістіктері Реферат әзірлеу 4 сағ.  
13 апта Білім беру жүйесіндегі реформалар ақпараттар әзірлеу 4 сағ.  
14 апта Оқу, білім туралы қанатты сөздер. «Білім-өмір шырағы» эссе жазу 4 сағ.  
15апта Қазақстандағы белгілі ғалымдар. Бейне көріністер 4 сағ.  

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік

нұсқаулық

 

 

Білім алушылар қазақ тілі пәнінен типтік бағдарламаға сай тақырыптар негізінде семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында мәтіндерді оқып, мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын айту, өзара пікірлесу және сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде өз ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Сондай-ақ тақырыпқа сай түрлі жазба жұмыстарын орындай отырып, өз ойларын жаза білуге, жазылым дағдыларының қалыптасуына, сауатты жаза білуге үйренеді.

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында білім алушылар күнделікті сабақта жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша алған тілдік дағдыларын дамыта алады.

 

І СЕМЕСТР

БІРІНШІ АПТА (3-сағат)

«Отан – отбасынан басталады»

Грамматика: Фонетика. Үндестік заңы. Жіктік жалғаулар.

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сәлем – сөздің анасы

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.

Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.

Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!

Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

 

Жаңа сөздермен танысыңыз.

Лебіз –внимание талғам – вкус

Қасиет – качество әдептілік – воспитанность

Дәнекер – связь ағайын-туыс – родственники

Ата салты – традиции жат – чужой

 

2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.

 

 

- Ассалаумағалайкүм!

- Уағалайкүмассалам!

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет пе?

- Амансыз ба?

- Шүкір, аманшылық.

- Қалайсыз?

- Жақсы.

- Жағдайыңыз қалай?

- Рақмет, жаман емес.

3. Еске түсіріңіз.

Қазақ алфавиті 33 орыс әрпінен және 9 қазақ әрпінен тұрады. Қазақ әріптері мыналар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, ғ, қ, һ.

Олар төмендегіше жіктеледі:

Дауысты дыбыстар

1) Жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ұ, ы, /ю, я, ё/

2) Жіңішке дауысты дыбыстар – ә, е, и, ө, ү, і, /э/

Дауыссыз дыбыстар

1) Қатаң дауыссыз дыбыстар – к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

2) Ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з

3) Үнді дауыссыз дыбыстар – л, м, н, ң, р, й / у

4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.

 

А: Ана, аға, ата, астана, аң, асық, ақыл.

У: Укол, ультрадыбыс, ультракүлгін, уролог, уқалау, улы газ.

Ұ: Ұя, ұйықтау, ұйқы, ұзын, ұнату, ұят.

Ы: Таза, қайшы, қызыл, пышақ, зауыт, қызылша, сырқат.

О: Осал, отыз, омыртқа, ояу, отыр, шомылу.

5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Ж.Бейсембаев.

6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.

 

Сырттан кірген адамның дауыстап сәлем беруі –

Қолын кеудесіне салып, басын иіп сәлемдесу –

Қос қолдап сәлемдесу –

Төс қағыстырып сәлемдесу –

Тізе бүгіп иіліп сәлем беру –

Бауырына басып, бетінен, маңдайынан сүю –

Маңдайына ернін тигізу –

7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?

 

Сәлемді селқос қабылдау, сәлемдескенде қолының ұшын ғана беру, жақтырмаған кейіп таныту, сәлемдескенде қабағын түнерту, жүзін суытып, сүйкімсіз тыржиту, естілер-естілмес сәлем беру.

 

8. Мақалдарды еске сақтаңыз

v Сәлем – сөздің атасы.

v Сәлеміне қарап, кісіні таны.

9. Жағдай сұрау:

 

- Қалың қалай? – Қалыңыз қалай?

- Қалыңыз жақсы ма? Как ваши дела?

- Хал - жағдайыңыз қалай?

- Хал - ахуалыңыз қалай?

- Деңсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?

- Деңсаулық жақсы ма?

- Тәуірсіз бе?

- Көңіл – күйіңіз қалай?

Жақсы – хорошо

Өте жақсы – очень хорошо

Жаман емес – неплохо

Ойдағыдай – благополучно

Тамаша – прекрасно

Тәуірмін – мне лучше (выздоравливаю)

 

 

Шүкір Слава богу, помаленьку Құдайға шүкір

Шүкіршілік Құдай деп

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БЕКІТЕМІН

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Силлабус

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Танысу.
- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім? - Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

IV АПТА
КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР 1- сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Ү

VI АПТА
ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ 1-сабақ Өз өлкеңді таны: Сан есім  

VII АПТА
қАЗАҚСТАННЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ 1-сабақ

VIII АПТА
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ 1-2- сабақ Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

IX АПТА
БАСШЫ КЕЛБЕТІ 1-сабақ Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас Ыңғайл

Жасайды.
4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Басшының с&

Тапсырма.
Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Жастар деп кімдерді атаймыз? 2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жас

XI АПТА
ҚАЗАҚСТАН - ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТ 1 - сабақ Шартты бағыныңқы сабақтас құрма

XII АПТА
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ 1-сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем

XIII АПТА
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 1- сабақ Себеп бағыныңқы сабақтас

XIV АПТА
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ 1–сабақ. ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГ

XV АПТА
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА 1- сабақ Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары. Мақсат ба&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги