рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

XV АПТА

XV АПТА - раздел Философия, БЕКІТЕМІН Ғылым Мен Техника 1- Сабақ...

ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА

1- сабақ

Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары. Мақсат бағыныңқы сабақтас

 

Мақсат бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:

а) -пақ/пек, -мақ/мек +шы/ші болып;

ә) -қысы/кісі, -ғысы/гісікеліп;

б) үшін;

в) -па+с, -айын/ейін, -сын/сіндеп.

Сұрақтары: Не етпек болып? Не мақсатпен? Не үшін? Не деп? Неге?Мысалы: Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет. Өз пікірін айтпақшы болып, мінбеге көтерілді. Түнгі Астананы көргісі келіп, көлігімен қала орталығына бет алды.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Пікірлесіңіздер.

Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

 

3-тапсырма.Берілген бағыныңқы сөйлемге қажетті басыңқы сөйлемдер жазып, мезгіл бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қазақстанда инновациялық экономика құру үшін, ---------------------------------- Студенттердің ғылыми – инновациялық білімділігін қалыптастырмақшы болып, ------------------------------------------- Қазақстандық өнертапқыштар туралы білгісі келіп,---------------------------------Соңғы жаңалықтарды тыңдайын деп, ---------------------------------------------------Ғылыми – инновациялық жобаларға қатыссын деп, --------------------------------Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары жайлы айтқысы келіп, ------------------------------ Фабриканы жаңа технологиямен жабдықтау үшін, ----------------------------------Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ болып, --------------------------

4-тапсырма.Сұрақтарға мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы жауап беріңіздер.

-Шағын бизнесті не үшін ашпақшы болды?

-Өндірілген тауардан молырақ пайда түсірейін деп не істеді?

-Бәсекеге қабілетті тауар өндірмек болып не істеді?

-Орта және шағын бизнесті дамыту үшін не істеді?

-Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі артсын деп не істеді?

-Инновациялық экономика құру үшін не істеу керек?

 

5-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, түсінгендеріңізді орыс тілінде баяндаңыздар. Қазақша пікірлесіңіздер.

Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді. Әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасу үшін, жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделу үшін, тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек. Қазақстанның экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. Оны инновациялар арқылы нарықтық экономикада қозғалысқа келтіруге болады. Қазіргі экономикада инновациясыз бірде –бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес. Инновациялық экономиканың қалыптасуы – Қазақстанның ХХI ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық дамудағы жеткен жетістіктер еліміздің әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді.

 

6-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Білім мен инновацияны экономикалық ресурстар ретінде пайдалану дегенді қалай түсінесіздер?

Экономикалық өсудің жаңа типі қалай қалыптасты?

Материалдық игіліктер дегеніміз не?

Материалдық игіліктерді жасау неге тәуелді?

Экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы не?

Ғылым мен білімді нарықтық экономикада не арқылы қозғалысқа келтіруге болады?

Экономикада инновациясыз түбегейлі міндеттерді шешу мүмкін бе?

Еліміздің дамуының баламасыз нұсқасы не?

Экономикалық дамудағы жетістіктер неге мүмкіндік береді?

2- сабақ

«Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, дамыған

50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау

жолындағы басымдылықтың бірі – осы заманғы білім,

ғылым мен инновацияны дамыту қажет» (Н.Назарбаев)

Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

ХХI ғасыр ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу - хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85 % беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылуына кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың бірден – бір жолы – кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан әрі дамыту болып табылады.

Инновацияны түсіндіруде мынандай көзқарастар бар: Бірінші, инновацияны жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық, экономикалық үрдіс ретінде қарастырған. (Б.Твис, Ф.Никсон, Б.Сантон т.б.) Екінші, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. (И.Шумпетер) Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Қорыта айтсақ, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Жаңа тауарлардың түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған кезде, шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту аса тиімді саналады. Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту - басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. (Интернеттен)

 

1-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Ғаламдық инновацияның өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары, ЖІӨ өсімі, жаңа идеялар мен үрдістер, өндірісік және тасымал құралдары, өтімділігі жоғары жаңа өнім, қозғаушы тетігі, икемділік қабілеті, әлеуетін дамыту.

 

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

 

3-тапсырма.Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Ойды кеңейтіңіздер, пікірлесіңіздер.

-Кәсіпкерліктің инновациялық нарықтық құралдары дегенді қалай түсінесіздер?

-ХХI ғасыр неліктен инновацияның өркендеу ғасыры болып отыр?

-Инновация дегенді қалай түсінесіз?

-Инновациялық тәжірибені өндірісте қолданбастан, бәсекеге қабілетті тауар алу мүмкін бе?

-Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі не?

-Қандай кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады?

-Біздің еліміздің басты стратегиялық міндеттерінің бірі не?

 

4-тапсырма.Әр абзацқа ат қойыңыздар.

 

 

3- сабақ

1-тапсырма.Мәтіннен алған ақпараттарыңыз, түсініктеріңіз бойынша бірнеше мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамыту үшін, өзімізде бар ғылыми – техникалық әлеуетті қолдану керек. Мемлекетіміз Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартпақ болып, білікті мамандар даярлау ісін қолға алды.

2-тапсырма. «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін не істеу керек?»деген сұраққа мәтіннен бірнеше жауап жазыңыздар.

 

3-тапсырма.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Өндірістік дағдарыс, жолдарын іздестіру, өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамыту, инновациялық өнімдер, жаңа идеялар мен үрдістер, икемділік қабілеті.

 

4-тапсырма.Қазақстандық өнертапқыштардың ашқан жаңалығы туралы мәлімет дайындаңыздар.

 

5-тапсырма.Сөйлемнің басыңқы сыңарын тауып, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, -------------------------------- Бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, ----------------------------------------------------Өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленбекші болып, -----------------Өндірістік дағдарысты болдырмайын деп, --------------------------------------------Кәсіпкер тауар өткізудің жолдарын қарастырғысы келіп, -------------------------

 

БӨЖ тапсырмалары

1. Қазақстандағы белгілі ғалымдар.

2.«Бәсекеге барынша қабілетті ел» дегенді қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді жазыңыз.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша

әдістемелік нұсқау

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.

Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.

Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);

Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады.
Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем.
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды.
Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.

1 семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

 

№1 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіздер.

А) Аспазшы.

В) Азпазшы.

С) Аспасшы.

D) Азпасшы.

Е) Аспажшы.

2. Антонимдері бар мақалды белгілеңіздер.

А) Жері байдың-елі бай.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық.

D) Әлсіз ат сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

Е) Батыр туса ел ырысы.

3. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіздер.

А) Табиғат, кеден, сереңке.

В) Ұстаз, шәкірт, домбра.

С) Мектеп, мемлекет, ғылым.

D) Құндұз, асхана, арман.

Е) Кытап, майрам, ырис.

4. “Ұялды” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қой үстіне боз торғай жұмыртқалады.

В) Қара жер хабар бермесін.

С) Бет моншағы үзілді.

D) Періштенің құлағына шалынсын.

Е) Тал шыбықтай бұралған.

5. “Әділ” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ.

В) Қараптан қарап жүріп.

С) Қара көлеңке, қара халық.

D) Қара қылды қақ жарған.

Е) Ат ойнатқан.

6.Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Дастарқандас, аттас, табақтас.

В) Әдепті, тәртіпті, байсалды.

С) Сабырлы, байсалды.

D) Икемді, бейімді, ұстамды.

Е) Сұлу, сауатты, арық.

7. Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Елді бейбіт, жұртты тыныш етті.

В) Тепсе темір үзеді.

С) Ар-ұят, аман-сау.

D) Жайдары жарқын мінез; қыршын жас.

Е) аспанды бұлт шалды.

 

8. Адамның кескін-келбетін сипаттайтын сын есімдерді белгілеңіздер.

А) Тау-тау, ата-ене.

В) Көк ала, қызыл-қоңыр.

С) Көк көз, ақ құба, қыр мұрын.

D) Жаяу Мұса, қара торғай.

Е) Көк ала, ақ құба.

9. Дене мүшелері атауларын табыңыздар.

А) Бас, мойын, саусақ.

В) Киім, өнім.

С) Сырмақ, піспе.

D) Отырғыш, кескіш.

Е) Көлем, аумақ.

10. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.

А) Ол -жүрек жұтқан адам..

В) Ол жүрек жұтқан- адам..

С) Ол, жүрек жұтқан адам..

D) Ол жүрек жұтқан адам..

Е) Ол жүрек, жұтқан адам..

11. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің дұрыс нұсқасын белгілеңіздер.

А) Ертең қар көшкіні болса, тауға шығамыз.

В) Ертең қар көшкіні болмаса, өйткені тауға шығамыз.

С) Ертең қар көшкіні болды, тауға шығамыз.

D) Ертең қар көшкіні болмаса, тауға шығамыз.

Е) Ертең қар көшкіні болмаса да, тауға шығамыз.

12.”Жігерлі” сөзінің синонимін табыңыздар.

А) Ерінбейді.

В) Жадырау.

С) Қуану.

D) Қажырлы.

Е) Сабырлы

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Жақсыда- кек жоқ, кектіде тек жоқ.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсыда кек жоқ- кектіде тек жоқ.

D) Жақсыда кек жоқ : кектіде тек жоқ.

Е) Жақсыда, кек жоқ кектіде тек жоқ.

14. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын белгілеңіздер

А) Базарға, қаламым, біздім.

В) Апаң, дәптердер, дала.

С) Ағасы, мұғалімдін, доп.

D) Қыздар, мектептер, үйлер.

Е) Мекемедер, отанма, керемет.

15. Отбасына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Дәрігер, мұғалім, аққу.

В) Нағашы, жиен, қарындас.

С) Тау, бөлме, терезе.

D) Асан, өзен, Сәуле.

Е) Мен, ол, терек.

16. Мамандықпен байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Ақыл, жасыл, парасат

В) Есепші, қаржыландырушы.

С) Білім, сағыныш, қорқыныш

D) Мінез, абырой, арна

Е) Офис, тапсырма, керек.

17. Адамның мінез-құлқын белгілейтін ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Шөп, қызғалдақ, гүл.

В) Су, өзен, теңіз.

С) Кеме, ұшқыш, жер серігі.

D) Сабырлы, шыдамды, еңбекқор.

Е) Батты, сары, алыс.

18. Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Аялдама, жолсерік.

В) Ботакөз, Айдын, Дана.

С) Бұрқасын, найзағай, жаңбыр.

D) Бәйшешек, бұрын, өнерпаз.

Е) Бала, парта, терек.

19.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.

В) Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.

С) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.

D) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.

Е) Отыршы- жарығым жөніңді,айтшы.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Көрмес - түйені де көрмес.

В) Көрмес түйені - де көрмес.

С) Көрмес түйені де - көрмес.

D) Көрмес түйені де көрмес.

D) Көрмес, түйені де, көрмес.

 

№ 2 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: тестік тапсырмалар

1.Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіздер.

А) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болады.

В) Біз ертең тауға шықпаймыз, сондықтан қар көшкіні болады.

С) Біз ертең тауға шықпаймыз, егер қар көшкіні болады.

D) Біз ертең тауға шығамыз, себебі қар көшкіні болады.

D) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болмайды.

2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Нағыз азамат болғың келсе, алдымен ізгілік пен адамгершілік қасиетті бойыңа сіңір.

В) Ол өзенге қарай кетті, ал біз үйге қайттық.

С) Көктем туғанда менің жаным да алма ағаштай гүлдеді.

D) Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі.

Е) Ол ертемен кетіпіп қалды.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемді табыңыздар.

А) Театрға барсаң, маған телефон соқ.

В) Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым.

С) Ержан үйден жүгіре шығып, машинасына келіп отырды.

D) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ.

Е) Ербол кеште келсін.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.

В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

С) Қазақтың мынадай мақалы бар: асыл - тастан, өнер-жастан.

D) Суық күз жақындады да, жәндіктер азая бастады.

Е) Мен сенімен келешектк бірге боламын.

5. Фразеологиялық антонимдер қатарын табыңыздар.

А) Жем болды -жан ұшырды.

В) Кең пейіл; көзге түсті.

С) Ағынан жарылды; бүкпе сақтады.

D) Жаны жайсаң; ақжарқын.

Е) Еңбекпен тапты.

6. Омонимдер қатарын табыңыздар.

А) Ел үмітін ер ақтар.

В) Көк алма, оны алма.

С) Қарақұс, жыртқыш құс

D) Жаны жаз; көңілі көл

Е) айту, бару, қайту

7.Синоним сөздері бар сөйлемді табыңыздар.

А) Шашы ұзын -ақылы қысқа.

В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С) Еңбек етсең емерсің.

D) Бұл өзі есті бала, ақылды бала.

Е) Мен де келіп кетермін.

8. Қай сөйлемде антоним сөздер бар.

А) Нар -түйеден, тұлпар –биеден.

В) Сөз ағасы -құлақ, су ағасы –бұлақ.

С) Жаманшылық пен жақсылық - егіз келеді.

D) Еңбек түбі- зейнет.

Е) Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.

9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіздер.

А) Байлықтың атасы -еңбек, анасы –жер.

В) Байлықтың атасы : еңбек; анасы –жер.

С) Байлықтың атасы еңбек, анасы жер.

D) Байлықтың- атасы еңбек, анасы жер

Е) Байлықтың, атасы еңбек, анасы жер.

10. Таңертең нөсер жаңбыр ... , ал түстен кейін күн жарқырап, дала құлпырды.

А) жауaды;

В) жауар;

С) жауғанға дейін;

D) жауды.

Е) жаумас.

11. Солтүстіктің ауа райына ... , оңтүстіктің ауа райы өте ыстық.

А) қарағанда;

В) қарағанмен;

С) қарасақ;

D) қарасаңда;

Е) қарасаң.

12. Синоптиктердің ... , бүгін Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды.

А) хабарлағандай,

В) хабарлауынша;

С) хабарлаған;

D) хабарлайды;

Е) хабарла.

13. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң ... гүл-бәйшешек.

А) бергенмін;

В) бердің;

С) берер;

D) беріпсің;

Е) беріп.

14. Қай қатардағы сөйлем дұрыс құрылған?

А) Мен тұрамын Алматы қаласында.

В) Кетіп барады құстар жылы жаққа.

С) Киноға олар барды кеше.

D) Мен ҚазНТУ-да үшінші курста оқимын.

Е) Сен келесің ертең.

15. Көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыздар.

Студенттер кеше “Қыз Жібек” фильмін ....

А) түсірмек;

В) түскісі келеді;

С) көрді;

D) жазады,

Е) алды.

16. Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіздер.

А) Не әскери мектепке, не ҚазНТУ-ға оқуға түседі.

В) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.

С) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен- адамдар көрінеді.

Е) Меніңше бұл атап өтерлік,іс.

17. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыздар.

А) Ол біресе желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.

В) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

D) Ол- біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

Е) Ол- біресе, желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды

18. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Қандай теңіз теңелер, теңізден терең ойыңа.

В) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.

С) Ағасы бардың - жағасы бар.

D) Анар, биыл жазда Ыстық көлге бармақшы.

Е) Кездесерміз, біз әлі, кездесерміз.

19. Қай сөйлем дұрыс жалғаумен берілген?

А) Әділ банкте жұмыс істеймін.

В) Әділ банктің жұмыс істейді.

С) Әділ банкте жұмыс істейді.

D) Әділ банкте жұмыс істейміз.

Е) Әділ банктен жұмыс істейміз

20.Ауыспалы мағынада сөз тіркесін табыңыздар.

А. Тіл тазалығы

B. Қызыл көйлек

C. Мөлдір бұлақ

D. Шынайы махаббат

E. Адал ұл

 

2 семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

№1 аралық бақылау

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

I НҰСҚА

1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 4, 5, 6 мамыр, 2007 жыл «Атакентте» жыл сайын болатын «Денсаулық» көрмесі болады.

Бұл көрме ...

A) ай сайын болады

B) күнде болады

C) жылда болады

D) апта сайын болады

2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

6,7, 8 сәуір, 2007 жыл Астана қаласында қолөнер көрмесі болады. Конгрессхол сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Хабарландыру ... туралы

A) өнер
B) қолөнер көрмесі
C) көрме
D) өнерпаз

3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Кез-келген уақытта, кез-келген мекенге, жүк тасимыз. Тәулік бойы жұмыс істейміз. Тел: 49-48-01, 49 – 46 -02

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БЕКІТЕМІН

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: XV АПТА

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының 

Танысу.
- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім? - Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

IV АПТА
КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР 1- сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Ү

VI АПТА
ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ 1-сабақ Өз өлкеңді таны: Сан есім  

VII АПТА
қАЗАҚСТАННЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ 1-сабақ

VIII АПТА
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ 1-2- сабақ Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

IX АПТА
БАСШЫ КЕЛБЕТІ 1-сабақ Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас Ыңғайл

Жасайды.
4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Басшының с&

Тапсырма.
Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Жастар деп кімдерді атаймыз? 2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жас

XI АПТА
ҚАЗАҚСТАН - ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТ 1 - сабақ Шартты бағыныңқы сабақтас құрма

XII АПТА
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ 1-сабақ Сабақтас құрмалас сөйлем

XIII АПТА
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 1- сабақ Себеп бағыныңқы сабақтас

XIV АПТА
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ 1–сабақ. ұлТТЫҚ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГ

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги