рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Теориялық мәлімет

Теориялық мәлімет - раздел Информатика, Информатика пәні бойынша барлық   Алғаш Дербес Компьютер, Яғни Жеке Пайдаланушы ...

 

Алғаш дербес компьютер, яғни жеке пайдаланушыға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM РС компьютерімен бірлескендіктен, бірлескен деп атайды. Мұнда «Бірлесу» сөзі мынаны білдіреді:

- бағдармалық ортастық;

- ақпараттық ортастық.

IBM фирмасы бір құрылғылы компьютер емес тәуелсіз дайындалған бөліктерден оның жиналу мүмкіндігін қамтамасыз етті. «IBM РС» термині қазір «IBM РС» - ортақ компьютер мағынасына қолданылады.

Дербес IBM РС компьютерлері неғұрлым кең қолданылатын компьютерлер болып табылады, өйткені олардың қуаты артып, қолдану аясы үнемі көбеюде.

«Компьютер»сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық - бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізгі 1943 жылы «Марк I» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін - интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.

Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімді пайдалануға арналған құрылғы.

ЭЕМ - бұл, техникалық құралдар, сол сияқты бағдарламалық құралдар кіретін күрделі жүйе. ЭЕМ-ді оқу үшін сол немесе басқа бөлшектеу дәрежесін қолдану мақсатқа лайық. Біз ЭЕМ-ді біртіндеп күрделене беретін үш бөлшектеу деңгейі ретінде түсініміз:

1. Аппараттық құралдар – электрондық схемалар, олардан ЭЕМ жеке құрылғылары тұрады.

2. Архитектура – ЭЕМ-нің құрамы, сипаттамасы және құрылғыларының байланысы (ЭЕМ құрылымының ұйымы), ЭЕМ жұмыс істеу ұстанымы және оның машиналық тілі.

3. ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру. Алдыңғы екі деңгей осы жұмыста қарастырылады.

ДЭЕМ, келесі функционалдық құрылғылардан тұрады: 32-разрядтық процессор; ақпараттық сиымдылығы 256 Мбайт немесе оданда үлкен жедел-есте сақтау құрылғысы; сиымдылығы 32-64 Кбайт немесе тұрақты жедел-есте сақтау құрылғысы; стандарттық параллель және тізбектік интерфейстер арқылы пернетақта және сыртқы құрылғылармен байланысуға арналған контроллер; сонымен қатар жергілікті желілерге арналған контроллер; мәтіедік және графиктік ақпаратты шығаруға арналған растрлық дисплей; сыртқы есте сақтау құрылғысы: сиымдылығы 1,44 Мбайт 1 немесе 2 иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыштар, сиымдылығы ондаған Гбайт қатты магниттік дискідегі жинақтауыштар («Винчестер»); сиымдылығы жүздеген Мбайт лазерлік магниттік дискідегі жинақтауыштар (CD ROM).

Есептеу техникасының эволюциясына қарамастан, жалпыға арналған компьютер құрылымында келесі маңызды ішкі жүйелерді бөліп көрсетуге болады: өңдеу, жад, енгізу-шығару, басу құрылғылары.

Өңдеу ішкі жүйесі (орталық процессор - ОП) деректерді өңдеуді және ЭЕМ басқа құрылғыларын басқаруды тікелей жүзеге асыратын құрылғы болып табылады.

Жад ішкі жүйесі – деректерді өңдеудің ағымдық үдерісін сақтау үшін қажет ақпаратты сақтау үшін қолданылатын жад құрылғысы. Орталық процессор негізгі жадтағы ақпаратты, сонымен қатар жүйені басқару үшінде қолданады. Негізгі жад жедел және тұрақты болып екіге бөлінеді.

Енгізу/шығару ішкі жүйесі бір жағынан орталық процессормен және операциялық жүйемен және басқа жағынан шығару құрылғысымен байланысты жүзеге асыра отырып ақпаратты ЭЕМ енгізу/шығаруды қамтамасыз етеді.

ДК архитектуралық құрылымын толығырақ қарастырайық.

ДЭЕМ архитектурасы – бұл қолданушының кіруге мүмкіндігі бар қорлар жиыны. Архитектураның ішіне кіретіндер: сөздің разрядтығы, бұйрық форматтары мен жүйесі, ЖЖ адрестеу режимдері, бағдарламалық-кіру регистрлерінің құрамы, ЖЕҚ көлемі, сыртқы құрылғыларды адрестеу тәсілдері, процессордың сөз-жағдайы және т. б. Архитектураның қасиеттеріне тоқталайық.

Жалпыға арналған ЭЕМ архитектурасының ең маңызды қасиеттері мен сипаттамаларына мыналарды жатқызуға болады:

· әмбебаптығы;

· үйлесімдігі;

· дамыған бағдарламалық қамсыздандыру;

· техникалық құрылғылар агрегаттығы және сыртқы құрылғылардың кең номенклатурасы;

· жоғары технологиялығы;

· кең тараған әлемдік стандартқа сәйкестігі.

Әмбебаптық өмірде барлық қызмет аумағы үшін әртүрлі класс есептерін бірдей шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осыған бәрінен бұрын мыналармен жетуге болады:

·екілік арифметика операцияларынан басқа, операндтарымен бірге ондық арифметика операцияларының толық жиынынан тұратын әмбебап бұйрықтар жүйесімен (яғни, деректер элементтері, олармен операциялар орындалады);

·бір әулетті құрайтын, ЭЕМ барлық модельдері үшін міндетті аппараттық және бағдарламалық құралдары бар әмбебап логикалық құрылымымен;

·оған кіретін құрылғылардың жылдамдық және олардың арасындағы ақпарат ағыны бойынша тепе-теңдігімен.

Үйлесімдікке бір әулеттік жалпыға арналған ДЭЕМ барлық модельдері үшін біртұтас қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамсыздандыруды құру мақсатымен аппараттық-бағдарламалық құралдармен жетуге болады. Үйлесімдік есебінен бағдарламалар нәтижелерінің бірдейлігі және ДЭЕМ әртүрлі модельдерінің арасында бағдарламалық құралдарды тасымалдау қамсыздандырылады. Толық үйлесімдікке (мүлдем) жету өте күрделі есеппен көрсеғтіледі, сондықтан көп жағдайларда жартылай үйлесімдікпен шектеледі, атап айтқанда, «төменнен-жоғары» үйлесімдігімен, ол кезде қуаттылығы төменірек ЭЕМ (кіші) үшін жасалған бағдарламалар, міндетті түрде жәнеде сондай нәтижемен қуаттылығы жоғарырақ ЭЕМ-де (үлкен) жүруі тиіс. «Жоғарыдан-төмен» тасымалы шектеулі. Тіпті осы жағдайдада аппараттық-бағдарламалық құралдардың шамамен 4 деңгейінде үйлесімдік қамтамасыз етіледі:

1. операциялық жүйе және оны кеңейтетін пакеттер;

2. тілдік интерфейстер;

3. бағдарламалар жүйесі;

4. қолданушы құралдары;

Жалпы жағдайда «дербес компьютер» термині екі негізгі қасиетпен сипатталатын ЭЕМ-ге қатысты: мүмкіндігімен (арзандығы, жинақтығы, пайдалану шарттарына арнайы талаптардың болмауы) және әмбебаптығымен (осы ЭЕМ әртүрлі класстағы есептерді шешу мүмкіндігі).

Дербес компьютерлерді келесі белгілермен жіктеуге болады:

·құрылымы және ұйымдастырылуы бойынша – бір процессорлық және көп процессорлық;

·қолдану тәсілі бойынша –өз бетінше және ЭЕМ желілерінде;

·құрылымдық орындау бойынша – біртұтас құрылым және жеке құрылымдық модульдер түрінде.

Негізгі қолдану бағытына сәйкес ДЭЕМ үш типін ерекшелейді: тұрмыстық, оқу және кәсіби. Тұрмыстық ДЭЕМ тұрмыста көпшілік қолдануға бағдарланған; оқу – мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында; кәсіби - әртүрлі қырлы мамандардың жұмыс орындарында.

Тұрмыстық ДЭЕМ-де жүйелік блок әдетте пернетақталық құрылғымен құрылымдық біріктірілген. Енгізу – шығару құрылғысы ретінде телевизор, сыртқы есте сақтау құрылғысы ретінде кассеталық магнитофон немесе ИМДЖ қолданылады. Оқу ДЭЕМ-де сыртқы құрылғылардың көбірек кеңейтілген номенклатуралары бар: монохромдық және түрлі-түсті дисплейлер, ИМДЖ және байланыс каналдарын қосуға арналған құрылғылар. Кәсіби ДЭЕМ-де әрекеттердің тездігін, разрядтығын, жедел жад және сыртқы есте сақтау құрылғысының сиымдылығын арттыру есебінен қамтамасыз етілетін, маңызды үлкен функционалдық мүмкіндіктер бар. ДЭЕМ қолданудың негізгі аумағы автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) және автоматтандырылған бюролар (мекеме желілері) болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемде дербес компьютерлерді таратудың өсуіне тұрақты беталыс бар. Әлемде дербес компьютерлерді өндіру бойынша жетекші фирма IBM фирмасы болып саналады, ол 1981 жылы көпшілікке IBM РС атты жаңа компьютер ұсынды. Бір-екі жылдан соң IBM РС компьютері компьютерлік техника нарығында жетекші орын алды. Нақтысында IBM РС дербес компьютер стандарты болды. Егер ол оның пайда болған уақытында болған компьютерлер сияқты жасалған болса, ол екі-үш жылдан соң ескіріп қалар еді. IBM РС-ге оның жеке бөліктерін жетілдіру және жаңа құрылғыларды қолдану мүмкіндіктері салынған. Фирма компьютерді біртұтас бөлінбейтін құрылғы емес қылып жасады, оны баланың құрауышына ұқсас тәуелсіз даярланған бөліктеріден жинау мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сонымен бірге құрылғылардың түйісу әдістері құпияда ұсталмады, жәнеде барлық тілек білдірушілердің кіру мүмкіндігі болды. Осы ұстаным ашық архитектура ұстанымы деп аталды. Дербес ЭЕМ-дер модульдік құрылым негізінде құралады, оған құрылымдық аяқталған модульдер жиыны кіреді:

·жүйелік модуль – бір тақтада құрылымды орналасқан орталық процессор, негізгі жад және функционалдық модульдерді қосуға арналған ажыратқыштар;

·функционалдық модульдер - бір тақтада құрылымды орналасқан контроллерлар, адаптерлер және жүйелік модуль ажыратқышына қосылатын қосымша жад.

Жүйелік және функционалдық модульдер қоректену блогымен және кейбір сыртқы құрылғылармен бірге біртұтас жүйелік блокқа құрылымды біріктіріледі, оған сәйкес ажыратқыштар арқылы шығатын СҚ: басу және перне құрылғылары, дисплейлер және т. б.

Микро ЭЕМ типтік құрамына орталық процессор (ОП), негізгі жад (НЖ) және сыртқы құрылғы (СҚ).

Орталық процессор есепті шешу бағдарламаларының бұйрықтарына сәйкес деректерді өңдеу және басқару функцияларын орындайды.

Жедел есте сақтау құрылғыс (ЖЕҚ) және тұрақты сақтау құрылғыс (ТЕҚ) енетін негізгі жад бағдарламалар мен деректерді сақтауға арналады.

Сыртқы құрылғылар қолданушының микроЭЕМ-мен байланысын және деректерді ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етеді.

Сыртқы құрылғыларды жүйелік магистральға қосу сыртқы құрылғылар (СҚ) контроллерлары деп аталатын арнайы электрондық блоктар көмегімен жүзеге асырылады. СҚ контроллерлары көмегімен СҚ жұмыс істеу алгоритмдері және жүйелік магистраль келісіміне жетуге болады. Қаіргі микроЭЕМ-де орталық процессор(ОП), жедел жад (ЖЖ) және СҚ контроллерларымен байланысты ұйымдастыру үйлестірілген. Электрлік тізбектер және жалғағыш ажыратқыштардың, сигналдарды беру алгоритмдері және олардың электрлік параметрлерінің үйлестірілген жүйесі микроЭЕМ жүйелік интерфейсі деп аталады.

Жүйелік құрылғының орталық процессорынажататындар: негізгі микропроцессор, негізгі синхрогенератор, синхронизациялау сызбасы, сыртқы регистрлер мен буферлер. Жүйелік тақтаның құрылымы есептеу қуаты мен ДК өнімділігін арттыратын арифметикалық сопроцессорды қосымша қосуға мүмкіндік береді.

Микропроцессорлар өзара, ішкі шинаны құрайтын, деректерді, адрестерді және басқарушы сигналдарды беру торабымен байланысқан. Ішкі шинаның үлкен бөлігі ДК барлық сызбалары және тізбектерімен қолданылады. Бұл, уақытша келісім мақсатымен, сол сияқты олардың ішіндегі кейбіреулерін бөлу үшін, сигналдарды күшейту және буферлеу қажеттігін тудырады, оларды беру кезінде ішкі шинаның бір торабы бірнеше тізбекпен параллель қолданылады. Бұл ОП сыртқы регистрлері және буферлері көмегімен жүзеге асырылады. Осы регистрлерде таралатын тораптар жүйелік шинаға, немесе орталық процессор каналына, немесе енгізу/шығару каналына біріктіріледі.

Микропроцессор (МП) негізгі синхрондаушымен берілетін 4, 77 МГц тактілік жиілікпен жұмыс істейді. Синхрондау сызбасының осы негізгі синхросигналы бойынша ДК басқа құрылғылары үшін қажетті сигналдарды қалыптастырады.

Жадты тиімді қолдану үшін оның ұйымдастырылуын үйрену қажет. Микропроцессор екі негізгі типке бөлінетіндігі аян 1048576 байт (1Мбайт) жадты адрестей алады: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ) деп аталатын тұрақты және жедел (ЖЕҚ). Жадтың әрбір байтына (ұяшыққа) өз адресі меншіктелген. Жадтың адрестік кеңістігі 00000-ден FFFFF-ке дейін (он алтылық) адресті қамтиды.

Жүйелік тақтада әдетте сиымдылығы 64Кб кем емес НЖ, сонымен қатар сиымдылығы 192Кб НЖ қосымша интегралдық сызбаларын орнатуға арналған цоколдар орналастырылған.

Жоғарыда айтылғандай дербес ЭЕМ жекеше қолданудың үстелдік әмбебап машинасы болып табылады. Оның ерекше белгілері:

· қолданушылардың кәсіби қызметінің әртүрлі салаларында көпшіліктің қолдануын қамтамасыз ететін, жинақтылығы ме үнемділігі.

· Қолданушыға ДЭЕМ қорларына кіру мүмкіндігінің қарапайым және ыңғайлы құралдарын және есептерді орындауды басқару құралдарын ұсынатын, күрделі емес амалдық жүйесі.

· Деректерді өңдеудің интерактивті процедураларын жобалауға мүмкіндік беретін, бағдарламалаудың жоғары деңгейлі сұқбаттық тілдері (Бейсик, Паскаль).

· ДЭЕМ-ді ЭЕМ желісіне қосуды және сәйкес салалық, аймақтық және ұлттық ақпараттық қорларға кіруді қамтамасыз ететін, телекоммуникациялық құралдар.

ДЭЕМ құрылғысының типтік құрамына жүйелік блок, ұзақ мерзімді сақтау және деректерді жинақтау құралдары және байланыс каналдарына қосылу құралдары кіреді. ДЭЕМ құрылғысының осындай құрамы жеке қолданушылар әміріне ең әртүрлі функционалдық мүмкіндіктер ұсынады.

Триггер– бұл бір бит ақпаратты зердеде сақтайтын электрондық схема. (Шығыс, Кіріс болады ).

Транзисторларқазіргі ЭЕМ-нің негізгі элементі болып табылады. Есептеуіш техникасында транзисторлар кіртік деп аталатын режимде пайдаланылады. ЭЕМ-де элементарлық құрылыс кубтары ретінде транзисторлардың өздері емес вентильдер деп аталатын олардың іріленген элементтері пайдаланылады. ЭЕМ-де ақпаратты өндеуді процессор жүргізеді, ол ЭЕМ-нің зердесінде сақталатын бағдарламаның командаларын орындайды. Ол командалар 10-даған және 100-деген мың вентильдерден тұратын арнайы электронды схемалар арқылы орындалады.

Бақылау сұрақтары:

 

1. ЭЕМ бөлшектеудің үш деңгейін атаңыз.

2. ЭЕМ сипаттама көрсеткішін атаңыз.

3. ЭЕМ жалпы құрылымын атаңыз.

4. Процессор не үшін қызмет ететінін көрсетіңіз?

5. ДЭЕМ айрықша ерекшеліктерін атаңыз.

6. Қатты диск пен оперативтік жадқа анықтама беріңіз.

7. Қандай қондырғы ақпаратты енгізу-шығаруға жауап береді?

8. Ашық архитектура ұстанымы дегеніміз не?

9. ДЭЕМ дисплейлерінің сипаттамаларын атаңыз.

10. Қандай ЭЕМ екінші буынға жатады?

11. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз не?

12. Информатикаға анықтама беріңіз. Информатика нені зерттейді?

13. Информатиканың неге тұрақты дамитындығын түсіндіріңіз.

14. Ақпарат деген не?

15. Ақпараттың қандай түрін білесіз?

16. Ақпараттық технологиялар деген не?

17. Жаңа ақпараттық технологиялар деген не?

18. Пернетақтадағы қандай пернелер меңзерді басқарады?

19. Тұрып қалған жағдайда компьютерді қайта қосу үшін қандай үш перне қолданылады?

20. Экранның графикалық бейнесін басып шығару үшін қандай бұйрықты енгізу керек?

21. Num Lock, Enter, Caps Lock пернелері қандай мақсатта қолданылады?

22. ДК негізгі құрауыштарын және қосымша құрылғыларды атаңыз.

23. Қандай бейне адаптерлерін білесіз? Дисплей бейне адаптерлерден немен ажыратылады?

24. Модем деген не және ол неге арналған?

Лабораториялық жұмыс №5 (1 сағат)

Тақырыбы: «Санақ жүйелері»

Жұмыстың мақсаты: Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне сандарды ауыстыру ережелерін оқып-үйрену

Тапсырма:

1. Санақ жүйелерімен танысу және бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне сандарды ауыстыру ережелерін оқып-үйрену

2. Екілік және сегіздік санақ жүйелерінде арифметикалық амалдарды жүргізу

3. Есеп беруді құру

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Информатика пәні бойынша барлық

ара анды Экономикалы Университеті... АЕЖ кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Теориялық мәлімет

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Теориялық мәлімет
  Информатика -адам қоғамының барлық шеңберінде ақпаратты алу, беру, өндеу, сақтау, көрсету және тасымалда

Сурет 1.1. Ғылым мен технология негізгі саласы ретінде ақпараттық құрылым.
Информация (ақпарат) – термині латынның түсіндіруі, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзіне шыққ

Олдану.
Ақпарат шешім қабылдау кезінде қолданылады. Алынған ақпараттың дұрыстығы, толықтығы, объективтілігі сізге дұрыс шешім

Орғау.
Ақпаратты қорғаудепалдын алудыайтады: · сәйкес рұқсаты жоқ (санкцияланбаған, жасырын кіру мүм

Бақылау мысалы.
Өңдеуге 100 жолдан тұратын құжат келіп түсті, оның әрбір жолы экономикалық мәліметті көрсетеді және келесі реквизиттерден т&#

Теориялық мәлімет
  Логика алгебрасының негізгі жағдайларын XIX ғ. ағылшын математигі Джордж Буль жасаған. Логика алгебрасын булевтік алгебра деп те атайды.

Теориялық мәлімет
  Графтар теориясы–жас ғылым (айталық, геометриямен салыстырғанда). 1736 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясында Леонард Эйлердің еңбегі жарыu

Бағдарланған графтар
Орграф (Бағдарланған графтар) - бұл граф, оның барлық қабырғаларының бағыты бар. Осындай бағытталған қабырғалар доu

Лшенген графтар
Өлшенген(басқа аты: таңбаланған) граф (немесе орграф) - бұл граф (орграф), оның кейбір элементтеріне (төбелерге, қабырғалар

Негізгі анықтамалары
Ағаштардың көптеген анықтамалары бар, мыналар солардың тек кейбіреулері ғана. 1. Ағаш - бұл циклсыз байланысқан граф. 2. А

Санау жүйесінің түсінігі және оның түрлері.
Санау жүйесі – бұл сандардың аталу және жазылу тәсілдерінің жиынтығы.  

Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне аудару ережелері
Ереже 1. Бүтін санды бір санау жүйесінен екіншісіне аудару үшін берілген санды және бөлуден шыққан бөлінділерді біртіндеп екінші сана

Екілік санау жүйесіндегі арифметикалық операциялар
Қосу Азайту Көбейту Бөлу 0+0=0 0-0=0 0∙0=0 0:1=0

Теориялық мәлімет
  Өзіңізге қолдануға, қойылған талапқа дұрыс жауап беретін, тиімді компьютер таңдау үшін, дербес жүйенің жо

Дістемелік нұсқау.
  Есептеу процесінің үш түрі бар: · Сызықтық · Тармақталу · Циклдық Сызықтық

Теориялық мәлімет
Алгоритмді компьютерге бағдарламалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай т

Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері
Есепті компьютерде шығару біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 1. Есептің қойы

Теориялық мәлімет
  Процедуралық бағдармалау дегеніміз - белгілі бір әрекетті жүзеге асыру үшін (мысалға, нүкте салу) бірінен соң бірі орындалатын қ

Дістемелік нұсқаулар
  Жаңа қосымша құру. 1.1 Жаңа қосымшаны құрмас бұрын Visual Basic-ті іске қосыңыз. Ол үшін: -

Сурет 11.1. Visual Basic бағдарламасын іске қосу.
1.2 Visual Basic іске қосылғаннан кейін «New Project» (Жаңа жоба) сұхбат терзесі пайда болады. Онда құрылатын жобаның типін таңдауға мүмк

Сурет 11.2. Visual Basic интегралданған құрастыру ортасы.
  2. Visual Basic IDE ортасында форма дизайнерінің терезесі орналасқан. Форма - Visual Basic-тегі бағдарламаның негізгі элементі. Бұл терезеде сіз жа

Сурет 11.3. Басқару тақтасы.
Form Editor (Формалар редакторы) аспаптар тақтасы формадағы басқару элементтерінің өлшемдерін өзгертуге, орындарын ауыстыру және түзету 

Теориялық мәлімет
Арифметикалық өрнек – нақты түрде ауыспалы, тұрақтылар, функциялар сияқты сандарды, сонымен қатар арифметикалық амалдарды (+, -, *, /, ^) u

Дістемелік нұсқаулар
  Көптеген бағдарламаларда таңдау болады: ақиқат – жалған. Осындай шешімдерді қабылдау үшін If… Then и Select Case шартты операторлары

Дістемелік нұсқаулар
  Циклдік бағдарламалар. Visual Basic процедураларында ќайталану процестерін ұйымдастыру үшін келесі циклдік операторлар ќолданылады: 1. For K=m To

Теориялық мәлімет
Компьютер тапсырмасын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы бағдарламалық қамтамасыз ету деп аталады. Компьютердің бағдарламалық қамтама

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.
Бұл компьютерді нақты қолдануымен байланысты емес жалпы қолданыстағы бағдарламалар және дәстүрлі қызметтерді орындайды: тапсырмаларды бас

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері.
1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық ж&#

Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару қ&

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі

Windows анықтама жүйесі
Windows-тағы анықтама жүйесі пайдаланушыға амалдық жүйемен жұмыс істеу жөнінде туындайтын сұрақтардың көпшілігі бойынша аны&#

Файлдармен және бумалармен тиімді жұмыс істеу
Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және бумалармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйес

Файлдардың аттары
Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдыv

Каталогтар бұтағы
Каталог - бұл файлдардың аттары, файл көлемі, олардың соңғы рет жаңартылған уақыты туралы мәліметтер, файлдардың атрибуттары са

Сурет 15.1. Бағыттауыш бағдарламасы
  Бағыттауышты ашу үшін Іске қосу батырмасын басып, Бағдарламалар -Стандартты - Бағыттауыш әмірлерін таңдаңыз. Бағыттауы

З компьютеріңде немесе жергілікті желіде бумалар мен файлдарды іздеу
Егер файлдың орналасқан орны белгісіз болса, бас мәзірдегі Іздеу әмірінің көмегімен немесе бума терезесінің Құралдар үстелінде ашылатын «

Теориялық мәлімет
Утилиттер– бұл мамандандырылған бағдарлама. Ол қызмет етуге, ықшамдауға жүйе жұмыстарына, бағдарламалар - көмекшілерге , шешуші мақ

Word терезесіне шолу
Microsoft Word бағдарламасы бұл мәтіндік кұжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған

Сурет 17.1. Word бағдарламасының терезесі
Тақырып жолағы - онда терезені басқару батырмалары

Жаттарды әзірлеу тәсілдері
Microsoft Word ашық терезесінде жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет: 1.Стандартты құралдар үстелін

Сурет 17.2. Құжаттар үлгілері
  Ашық тұрған Word бағдарламасында бұрыннан бар құжатты атау үшін мына тәсілдердің бірін қолдану керек:Файл

Мәтінді енгізу ережелері
Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні (курсорды) мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа u

Мәтін үзінділерін ерекшелеу ережелері
Мәтінге қатысты қандай бір әрекетті (көшіру, пішімдеу, жою. т.б.) орындар алдында мәтіннің қажетті бөлігін - сөз, сөйлем, абзац. т.

Емле ережесін тексеру
Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және т

Сурет 17.3. Қаріп сұхбат терезесі
Аралық қосымшасы қаріп таңбалары аралығын белгілейді. Эффектілер қосымшасы пәрменді эффектілерді жасауға мүмкіндік бе

Сурет 17.4. Абзац сұхбат терезесі
  •Жанама мәзірдің Абзац әмірін таңдау: •Пішіммәзірінің Абзац

Сурет 17.7. Үстіңгі жзне төменгі дерек атаулары күралдар үстелі
  Қажет болса, мәтінді Пішімдеу құралдар үстелінде орналасқан батырмалар көмегімен пішімдеңіз. Дерек атауларын жасауды

Сурет 17.8. Бет нөмірлері сұхбат терезесі
  Word мәтінді газет бағандары түрінде ұсынуға мүмкіндік береді. Газет бағандарында мәтін сол беттегі бір бағаннан екіншісіне 

Сурет 17.10. Жиектер және бояу сұхбат терезесі
  3.Қажетті параметрлерді таңдаңыз. 4.Тек жекелеген шеттер үшін жиектер белгілеу үшін Стиль тобында Басқа әмірін та

Сурет 17.11. Жиектер және бояу сұхбат терезесі
  Мәтіннін бөлектенген үзіндісін бояуды белгілеу үшін: 1.Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан

Ехсеl терезесіне шолу
Місrоsoft Ехсеl – Місrоsоft Оffiсе дестесінің электрондық кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электрондық

Сурет 18.1. Excel бағдарламасының терезесі.
  · Айналдыру сызығы– құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу w

Сурет. 18.2. Жаңажұмыс кітабы тапсырмалар аймағы.
  Осыдан кейін, сіздің көз алдыңызда жұмыс істеуге әзір жаңа Ехсеl құжаты ашылады. Бағдарлама жаңа құжатқ

Кестенің құрылымы
Электрондық кесте нөмірленген жолдар және латын әліпбиі әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың 

Сурет 18.3. Өрнектер жолындағы ағымдық ұяшық көрінісі.
  Ехсеl бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы- кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын ша&

Сурет. Деректердің негізгі пішімдері.
Егер кесте ұяшықтарындағы мәліметтер мәні өзге ұяшықтар мазмұнына тәуелді болмаса, олар негізгі деп аталады, кері

Кестені өздігінен біртекті деректермен толтыру
Қатар – логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Ехсеl-де Өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар,

Сурет 18.9. Қатар жасауды аяқтау.
Сондай-ақ, Прогрессия жетесінің көмегімен, мынадай әрекеттер ретін орындап та, біртекті деректер қатарын жасауға болады: 1.

Яшықтарды пішімдеу
Ұяшықтарды пішімдеу – бұл олардың сыртқы көрінісін безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнының мәліметтер пішіміне түзетул

Диаграммаларды құрастыру
Диаграммалар - бұл деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы. Диаграмманы бетке кірістіруге немесе жеке бетте орналастыруға болады. Ди

Сурет 18.22. Дайын диаграмма.
  Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар: Тапсырма 1. Келісім хаттарды орындауды тіркеу ведомості.

Тауарлардың, материалдардың, таралардың тізімге алыну
_____________ айы 200_ жыл. № Номен-клатура № Тауардың, материалдың, тараның аты   Сорт Өл

Шығыс құжаты
№ п/п Тауар аты Өлшем бірлігі Саны Баға Сомасы

Азық-түлік тауар қоймасы бойынша салыстыру ведомості
№   Тауар аты Өлшем бірлігі   Баға Инвен. бағасы бойынша Тіркеу бойынша баға

Тауар балансы
№ Тауар аты Периодтың басындағы тауар қоры Период ішінде түскен тауарлар Период ішінде тауарларды сату

Тапсырма 14
Тауарларды және тараларды есептеу ведомості Тауар коды Өлшем бірлігі Баға Факт ЭЕМ-де қалдық

Шығын құжаты
№ п/п Тауар аты Өлшем бірлігі Саны Баға Сомасы

Рнектерді пайдалану және қарапайым есептеулер
Місrоsoft Ехсеl бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік береді. Алу, қосу, көбейту және бөлу амалдарынан басқа, б

Сурет 19.1. Өрнекті енгізу.
  Өрнекті тышқан көмегімен енгізу: 1. Өрнекті енгізу қажет ұяшықты белсендендіріңіз. 2. «=» таңбасын қойы

Зқосынды
Бетте орындалатын есептеулердің ең көп тарағандарының бірі - ұяшықтар ауқымдарын қосу болып табылады. Ұяшықтар ауқымын ау

Сурет 19.2. Өзқосынды әмірі
  Ол үшін: 1. Қосындысын шығару қажет ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз. 2. Станда

Стандартты функцияларды пайдалану
Ехсеl-дің Кірістірумәзірінің Функциялар пунктіне көптеген стандартты функциялар енгізілген. Олардың көпшілігі формулаларда пайдаланылады:

Сурет 19.3. Функция шебері терезесі
Кірістіру - Функциякомандасын беріп, ашылған терезеден Ма-тематикалық категориясы, одан әрі Sinфункциясы тандалған кезде көрін

Сурет 19.4. Sin үшін формулалар панелі
ЕГЕР(ЕСЛИ) функциясы Функциялар шебері терезесінің "Логика-лық" категориялар құрамында. Оның формула ретінде ағымдық

Сурет 19.5. Тест қорытындысы
  Қысқа түрде үяшықтарды "Студент" не "Конкурс"сөздерімен толтыру әдісі: - С1 ұяшығын ағ

Сүзгілер және өзпішім
Сүзгі – бұл деректердің көбін іздеп, тізімдегі деректермен жұмыс істеудің ең жылдам әрі оңай тәсілі. Сүзгіден

Сурет 20.6. Кесте.
  Өзпішімдегіш жетесі кестедегі мәліметтерді кәсіби әзірленген қалып бойынша пішімдеуге мүмкіндік береді. Өзпішімдегі

Деректерді сұрыптау
Кей кездері енгізілген кесте деректерін артуына немесе кемуіне қарай сұрыптау қажеттілігі туындап отырады. Ехсеl бағдарламасында сұрыптаудың екі түрі бар:

Теориялық мәлімет
  Access үшiн Windows 95/98 немесе Windows NT, Office 2000 пакетi (немесе тек қана Access) қажет. Offic-тi стандартты орналастыруда 32Мб оперативтi зерде,Pentium про

Сурет 21.2. Конструктор режимінің сұхбат терезесі
  Таблица1: таблица терезесiндегi бiрiншi бағанда келесiдей өрiс аттарын жазыңыз: - мемлекет - халық саны - көлемi -

Сурет 21.3. Толтырылған деректер базасы
  Өрiстердiң орындарын ауыстыру сол өрiстi белгiлеп алып, керек жерге қоюмен шектеледi. Мысалы, көлем өрiсiн халық саны өрiсiнiң

Сурет 22.1. Сұранысты құру түрлері
3. Ашылған Создание простых запросов терезесiнде Таблицы и запросы өрiсiнде кесте не сұранысты таңдау керек. 4. Керек өрiстердi Доступные пол

Сурет 22.2. Конструктор сұхбат терезесі
Поле жолында өрiстер тiзiмi болады. Имя таблицы жолында қай кестеден алынғаны тұрады. Сортировка жолын ашсаңыз қажетiv

Сурет 22.4. Сұранысқа тағы бiр басқа сұраныс немесе кесте қосу
  2. Добавление таблицы терезесiнде қажет объектiнi таңдап, iс-әрекеттердii аяқтау керек. 3. Сұранысқа қосылатын объект атын

Теориялық мәлімет
Автоформа көмегімен форма құру. Кесте мен сұраулар құру үшiн жылдам әдiс Автоформа көмегiмен орындалады. Автоформа – қол

Форманы Формалар мастерi арқылы құру .
Ол үшiн Евразия базасындағы Формы режимiн белгiлеп, Создать батырмасын таңдаңыз. Ашылған Новая форма терезесiнде Мастер форм жолын ж

Сурет 23.4. Лента типтес форма.
Формалар конструкторы терезесi.Формалар конструкторы арқылы шақырылатын Форма макетi өзгерiстер енгiзуге болатын терезесi түрiнде болады. Б

Форма мен есептiң салыстырмалы шолуы.
1. Есеп формаға қарағанда экранға емес баспаға шығаруға арналған. Экранда есептiң бiр бөлiгi ғана тұруы мүмкiн.

Сурет 23.5. Мастер отчетов пунктiн таңдап
өрiстердi Выбранные поля бағанына жiберiңiз де, Далее шертiңiз. Келесi ашылған мынадай терезеде  

Фамилия адрес ел телефон
Депардье Ж. Сатыбалдина 25-8 Франция 14587 Жолшубаев А. Пр.Республики18-56 Кыргызстан 14545 Леонардо Д. Бухар-Жырау 45-58 Бразилия 25631 Макартни П. Степной 2-2-563 Англи

Есептiң жазбаларын сұрыптау мен топтау.
1. Есептiң конструкторының саймандар тақтасындағы Сортировка и группировка батырмасын таңдаңыз. 2. Ашылған диалогты терезедегi Поле/выра

Сурет 23.6. Access-те есептер құрудың бiрнеше құралдары
Access есепке базалы кестенiң немесе сұраныстың өрiстерiн пайдаланады. Терезеде көрсетiлгендей Автоотчет: в столбец және автоотчет: лен

Сурет 23.7. Пошта наклейкасының мастерi.
Наклейка шрифтi мен форматын таңдау. 1. Өлшем бiрлiктi таңдау керек, ол Система единиц тобында Метрическая немесе Британская

Сурет 23.8. Жеке пошта наклейкаларын құру
2. Название өрiсiнде жаңа формат атауын енгiзiңiз. 3. Система единиц, Тип наклеек, Ориентация тобында қажет параметрлердi таңдаңыз.

Сурет 23.9. Наклейканы сорттау.
Жұмыс аяқталған соң нәтижесiн көрiңiз. Жұмысымыздың келесi бетi диаграмма құру. Ол үшiн: 1. Отчет

Сурет 23.10. Диаграмма құру.
  5. Жоғарыдағы терезеде таңдалған өрiстi Образец бөлiмiндегi Ряды батырмасына қойыңыз Есептiң жаз

Теориялық мәлімет
  PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші рет ашқан кезде пайдаланушылық тілдесудің өзгергенін көресіз. Терезенің жоғарғы бөл

Сурет 24.1. PowerPoint 2007 бағдарламасының экран элементтері
  Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді жасауға арналған басқару орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы да&#

Теориялық мәлімет
Жұмыс істеу территориясына байланысты АЕЖ келесілерге бөлінеді: - жергілікті (ЖЕЖ немесе LAN – Local Area Network); - аймақтық ((региональные) РЕЖ немесе M

Есептеуіш желінің жалпыланған құрылымы
Желі құрылымында коммуникациялық және абоненттік ішкі желілерді ерекшелеуге болады. Коммуникациялық ішкі желі жұмыс станциялары мен серверлерді бір-бірі

Сурет 25.1. «Шина» топологиялы қарапайым желі
  "Шина" топологиясында компьютерлер мәліметтерді электрлі сигнал түрінде кабель арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Компьютердін шина арқылы &#

Жұлдызша
"Жұлдызша" топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер концентратор (hub) аталынған орталық компонентке қосылады. Беруші компьют

Сурет 25.2. Жұлдызша топологиялы қарапайым желі
  Егер желіде тек қана бір компьютер концентратормен байланып істен шықса, онда осы ғана компьютер желіде ақпарат ала алмайды. Қалған желідегі комп

Біріктірілген тoпoлoгиялар
Қазіргі кезде шина, жұлдызша, сақина принципі бойынша желілерді біріктіру топологияларын жиі қолданады. Жұлдызша-шинa Жұлдызша-шина топо

Сурет 25.4. Жұдызша-шина топологиялы желі
  Мұндай жағдайда бір компьютердін істен шығуы желіге ешқандай әсерін тигізбейді, басқа компьютерлер сол қалпы бір-бірімен әрекеттеседі

Жергілікті желімен жұмыс істеу тәртібі
Жұмыс үстелiнде жсргiлiктi желiмен жұмыс icтeyгe арналған Желiлiк орта калтасының белгiшесi көрініс табады. Компьютерлердi жергiлiктi желiге бiрi

Жергiлiктi желiнiң қор көздерін қарап шығу
Желiдегi қай қалталарға ортақ катынас құруға болатынын қарау үшiн Жұмыс үстелiндегi Желiлiк орта белгiшесiн

З компьютерлеріңіздің кор кездеріне желiде ортақ қатынас құруды калай ұйымдастыруға болады?
Желi пайдаланушылары үшiн қалтаға ортақ қатынас құруды баптау калтаның жанама мәзірі арқылы ашылады. Желiнiң өзге де

Интернет желісі туралы жалпы түсінік
Интернет желісін ұйымдастыру үшін қор болып ғылыми ұйымдардың, әскери мекемелердің компьютерлерін байланыстыру үшін 70ж. Басында құ

Негізгі ақпарат іздеу тораптары. World Wіde Web қызметі
Интернетте әрбір ресурстың өзінің адресі болады. Арнайы бағдарламалар болады, оларды броузерлер деп атайды. Олар ресурстардың адрестерін және іздеудің

Рэмблер (www. rambler. ru) Web- қызметі
  Құжаттың атауынан, тақырыбынан, мекенжайынан және құжаттың тек басындағы сөздердің ішінен кілттік көріністі і

Яndex іздеу жүйесі
Танымал әлемдік, ақпарат іздеу жүйелерінің (АІЖ) басқаларын атаймыз: -Іnktomі (www.іnnktomі.com); -Fast Search (www.alltheweb.com); -Hot Bot

Теориялық мәлімет
  Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын ин

Пуск — Программы -> Стандартные -> Paint
Paintтерезесінің сол жағында төртбұрыштар түрінде енгізілген аспаптар панелі бар. Құралдар- терезеде түрлі суреттер

Бірінші топ құралдары
Олар сол жақ панельге енгізілген жоғарғы онтөртбұрышты құралдар. Олардың атаулары (жоғарыдан төмен қарай ретімен):

Екінші топ құралдары
Paintредакторының кескіндер, фигуралар салу құралдары алтау: сызық, қисық, тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, бүйір қабырғ

Теориялық мәлімет
  СorelDraw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы.

Объектілерді ерекшелеу
Әр түрлі өзгерісте объект немесе объектірінің топты дайындау үшін – форматты, түсті, орналастыру, өзгерту үшін ерекшелеу қажет болады.

Объектілермен операциялар
1) Суреттілген объекттерінін жасау үшін аспап панелімен пайдалану қажет, мысалы Овал, Прямоугольник, Многоугольник. Қара маркерлермен бейнелеутін өлшемді өзгертеді, кі

Теориялық мәлімет
Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі –бұл компьютерлік жүйеде қалыпты қызметістеуді немесе азаматтардың,кәсіпорындарды&

Олданылған әдебиеттер тізімі
  1. Макарова Н. В., Матвеев Л. А., Бройдо В. Л. и др. Информатика / Под ред. Макаровой Н. В. М., 2003. 2. Молдабекова Б.К., Информатика, Қарағанды, КЭУК, 2008

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги