Сабақ 1 сағатқа есептелген. - раздел Высокие технологии, рылыстық керамика технологиясы Сабақ Мақсаты: Керамикалық Жабын Матери...
Сабақ мақсаты: керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағалау
Жабындық керамикалық материалдарға черепица жатады.
Черепицалардың келесі түрлерін өндіреді: пазалық, бір немесе қос блоктағы және көлденең пішімдегі жаншылған (штампты), пазалық (ойық) таспалы бүдірлі, жалпақ таспалы бүдірлі, конекті.
Шикізаты болып кептіруге аз сезімталды ірі бөгде қоспалары жоқ жеңіл балқитын жақсы күйетін иілгішті саз болып табылады. Ауалық шөгуі 6-7 % -дан аспауы тиіс, оттық шөгуі - 4% . Иілгіштігі жоғары саздарды құм немесе шамотпен (15-25%) жүдедетеді.
Черепицаны өндірудегі массаны дайындау кірпіш өндірісімен бірдей. Черепицаны пластикалық, яғни иілгішті әдіспен дайындайды. Таспалы вакуум-престе шығатын лентаны жартылай автоматтандырылған станок көмегімен кеседі.
Кептіруді туннельді кептіргіштерде 24-36 сағ бойы кептіреді, күйдіруді кірпіш күйдіру пештерінде, черепицаларды сөрелердің жоғарғы қатарына орналастыра 900-9500С температурада күйдіреді.
Күйген черепицалардың сусіңіргіштігі 10% аспауы керек, аязға төзімділігі 15 цикл кем, майысу кезіндегі беріктігі 7МПа кем болмауы тиіс.
Тапсырма:
1. Керамикалық черепицалардың түрлерін суреттеңдер.
2. Жабын материалдар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.
Алшабекова Э Н А ылбекова А У... рылысты керамика технологиясы п ні бойынша практикалы саба тар а арнал ан...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ:
Сабақ 1 сағатқа есептелген.
Что будем делать с полученным материалом:
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Новости и инфо для студентов