рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақ 2 сағатқа есептелген. - раздел Высокие технологии, рылыстық керамика технологиясы Сабақтың Мақсаты:Саздың Негізгі &...

Сабақтың мақсаты:Саздың негізгі қасиеттері мен анықтау әдістерін және олардыңкерамикалық материалдарды өндіру кезінде болатын процесстерге әсерін меңгеру.

 

Керамика өндірісінде саздың қасиеттері өте маңызды. Физикалық қасиеттерінің ішінен әсіресе олардың иілгіштігін, байланыстырғыш қабілетін, сусіңіргіштігін, ауалық және оттық шөгуін, отқа төзімділігін, қоршаған ортамен иондық алмасуға қабілеттілігін білу маңызды.

Ылғал саздың сыртқы күш әсерінен берілген пішінді қабылдап және түскен қысымды алғаннан соң, сол пішінді сақтау қабілеті иілгіштікті көрсетеді. Саздың иілгіштігін оны ашық ауада біраз уақыт жатқызу арқылы жоғарылатып және жылыту немесе қоспалар, мысалы, кремнезем қосу арқылы төмендетуге болады.

Ерекше иілгішті болып монтмориллонитті, ал ең аз иілгіштікке – каолинитті саздар жатады. Өлшемі 0,001мм кіші болатын бөліктердің көбеюімен саздың иілгіштігі жоғарылайды.

Саздың байланыстырғыш қабілеттілігі – тығыздалған ылғал саздың кепкеннен кейін шашылмай, берілген пішінді сақтауы, мысалы, шикі- бұйымды келесі күйдіру үшін. Сонымен қатар, бұл қабілеттілік саз иілгішті емес материалдардың түйірлерін байланыстыруын көрсетеді, мысалы құм немесе басқа ірі минералдың қосылмаларын.

Кейбір саздардың сусіңіргіштігі үлкен санға жетеді, себебі су тек сызат пен капилляр бойымен еніп қана қоймай, сондай-ақ кейбір минералдардың кристал торындағы қабат аралығын саздың ісіну эффектісімен 40% және одан жоғары етіп ашып енеді.

Ауалық және оттық шөгу саздың ауада кепкеннен соң немесе күйдіргендегі көлемінің кішірею қабілетін көрсетеді. Шөгудің үлкен болуы, егер де сазды жүдетпесе, яғни оған керемнезем қоспаса сызаттың пайда болуына апарып соқтырады.

Жоғарыиілімді саздардың кепкен кезіндегі ауалық шөгуі 10-15% -ға дейін жетеді. Күйдіру кезінде саздың жеңілбалқитын компоненттерінің біраз бөлігі балқып, кеуектерді толтырады. Бұл олардың бөліктерінің (түйірлері) бір- біріне жақындауы мен оттық шөгу әсеріне апарады. Ауалық және оттық шөгулердің қосындысы (толық шөгу) 18% -ға дейінгі аралықта болады.

Отқа төзімділік саздың балқымай және өзгеруге ұшырамай жоғары температураға төтеп беруі маңызды қасиет болып табылады.

Толығымен күйген сазды бұйымның (черепок) сусіңіргіштігі 2..5%. Пісу температурасынан жоғары қыздырғанда балқыма мөлшері артып, кеуек көлемін ұлғайып, осыдан барлық массаның балқуының есебінен бұйым деформациялана бастайды. Саздың пісу температурасы мен деформациялану басының арасындағы интервалы пісу интервалы деп аталады. Интервал үлкен болса, күйдіру жайлы өтіп, күйдіру кезіндегі бұйымның деформациялану қаупі азаяды. Тығыз бұйым (черепок) алу үшін пісу интервалы 1000С кем болмау керек, кеуекті үшін – 40-500С кем болмауы тиіс. Отқа төзімділік саздың химиялық және минералогиялық құрамына тәуелді. Каолиниттің болуы әрқашан отқатөзімділік дәрежесін жоғарылатады, сазда минерал- плавнидің аз ғана мөлшері балқу температурасын төмендетеді.

Химиялық құрам саздың пісу температурасына әсер етеді. Тотықтардың балқу температурасы жоғары: SiO2 -17130C, Al2O3 – 2050, MgO-2800, Fe2O3-1548, FeO- 1380, TiO2-17000C және т.б. Дегенмен іс жүзінде сазда химиялы таза тотықтар аз. Олар химиялық байланыстағы минералдар түрінде, ал жоғары температурада сазды массаның балқу температурасын айтарлықтай төмендететін эвтетикалық аралас түрінде болады.

Тапсырма:

1. Лабораториялық шикі үлгідегі арнайы сызылған ұзындығы 200мм болатын сызық 1600С температурада 186 мм болды, ал күйдіргеннен соң 180мм болды. (5 үлгінің орташасы). Керамика өндірісі үшін қолданылатын саздың ауалық және оттық шөгуін анықтаңдар.

2. Әр түрлі үлгідегі сазды шикізаттың дериватограммасын шешіңдер (5,6,7-суреттер).

 

 

5- сурет - № 3 шикізаттың дериватограммасы

 

 

6- сурет - № 2 шикізаттың дериватограммасы

 

 

 

7-сурет- № 1 шикізаттың дериватограммасы

 

 

3. Сазды шикізаттың термиялық талдауын пайдалана отырып, сазды күйдіру

Кезінде болатын негізгі процесстерді атаңыздар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Саздың қасиеттері.

2. Иілгіштігі, саздың иілгіштігі бойынша жіктелуі, құрамының әсері.

3. Байланыстыру қабілеті, құрамының әсері.

4. Саздың сусіңіргіштігі.

5. Саздың шөгуі. Құрамының әсер етуі.

6. Саздың отқа төзімділігі. Құрамының әсері.

7. Саздың пісу интервалы деген не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

2 Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат,

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

М. Высшая школа, 1989.

4. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. - М: Высш.шк., 2004

5. Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

6. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии
строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая
школа, 1987.

7. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. -М.: Высшая школа, 1985

8. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

керамики. М.: Стройиздат, 1977

9. В.С.Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев. «Методы физико- химического анализа вяжущих средств».-Москва.Высшая
школа, 1981г.-335с.

10. В.Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с

11. Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. «Құрылыс материалдар химиясы»

пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік

нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент-2009, 42б.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

рылыстық керамика технологиясы

Алшабекова Э Н А ылбекова А У... рылысты керамика технологиясы п ні бойынша практикалы саба тар а арнал ан...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Шымкент, 2010
ББК 662.949   Құрастырғандар: Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У. «Құрылыстық керамика технологиясы» пәні бойы

Кіріспе
  Керамика өндірісі халық шаруашылығының ең маңызды саласы. Керамика қазіргі күнге шейін өзектілігін жоғалтпаu

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты:керамикалық материалдар шикізатының химиялық құрамын білу, құрамының шикізат пен бұйым &

Кесте - Саздың химиялық құрамы.
Сазды шикізат-тың реті SiO2 Al2O3 Fe2O3 ТiO2

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.
Жұмыстың мақсаты: түрлі зат үлгілерінің рентгенограммасын пайдалана отырып, сазды шикізаттың минералогияық құрамын аны&#

Кесте- РФА нәтижелері
№ d, А0, кристалды тордың параметрі I, қарқындылығы зат  

Кесте –Керамикалық материалдар массаларының құрамы
  Материал түрі Мөлшері, % Ішкі әрлеу плиткасы Санитарлық фаянс Қ

Кесте- Саздың негізгі кен орындары
  Кен орны SiO2 Al2O3 CaO MgO Fe2O3

Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: бұйым түрі мен шикізаттың қасиеттері ескерілетін керамикалық массаны қалыптау әдісін дұрыс та

Кесте- Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдістері
  Бұйым түрі Қалыптау әдістері пластикалық Жартылай құрғақ

Талдау және технологиялық таңдау
Сабақ 2 сағатқа есептелген.   Сабақтың мақсаты:Құрылыс керамикалық бұйымдыр &

Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.
Шликерлі әдісте шикізатты іріге бөлшектеу дезинтеграторлы білікте, жоңғыш, білікті тісті ұсақтағыш; майда ұнтақтау және сазды босату

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптайтын механикалық қондырғыларды дұрыс таңдауды

Сабақ 1 сағатқа есептелген.
  Сабақтың мақсаты: құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде жабдықтар санын есептеу әдістерін меңге

Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: керамикалық материалдар өндірісінде өндіріс қалдықтарын оңтайлы пайдалану мақсатында олардың

Кесте -Кейбір қалдықтардың орташаланған химиялық құрамы
  Массалық үлес, % 5і02 АІА Ғе203+ҒеС

Сабақ 3 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: Керамикалық қабырғалық материалдар технологиясының ерекшелігін меңгеру және оның сапасын ба&#

Кесте - Бұйымның сипаттамасы
  №   Қабырғалық кірпіш Беттік кірпіш Саз түрі

Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: әр түрлі қасбетттік керамикалық плиткалардың технологиялық ерекшеліктерін білу және сапасын баu

Кесте- Бұйымның сипаттамасы
  № Атауы Ірі өлшемдегі плиткалар Кілемді плиткалар 1. Саз түрі

Стандартқа сәйкестігін бағалау
Сабақ 1 сағатқа есептелген.   Сабақтың мақсаты: еденге арналған керамикалық плиткаларды&#

Кесте -Бұйымның сипаттамасы
  № Атауы Едендік плиткалар 1. Саз түрі   2.

Сабақ 1 сағатқа есептелген.
Сабақ мақсаты: керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағ

Кесте- Бұйымның сипаттамасы
  № Атауы Керамикалық черепица 1. Саз түрі  

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги