рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оқу пәніне қойылатын талап

Оқу пәніне қойылатын талап - раздел Экономика, Коды 1109 Экономикалық теория негіздері «Экономикалық Теория Негіздері» Пәні Міндетті Пән Болып Таб...

«Экономикалық теория негіздері» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі: 2 кредит, оның ішінде 15 cағат – дәріс, 15- сағат семинар сабағы, 30- cағат студенттің өзіндік жұмысы

Студент «Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу кезінде, алғашқыда берген силлабуспен және оқу- әдістемелік құралмен танысып және оны оқу, бағыт құралы ретінде пайдалануы қажет. Сонмен қоса студент силлабуста көрсетілген қосымша әдебиеттерді пайдаланып, кредиттік технологияның талабы бойынша өз бетінше дайындалуы қажет.

Студент үй жұмысына дайындалу кезінде ОӘҚ көрсетілген сұрақтар бойынша логикалық схема құрып, ауызша тапсыруы қажет және ол бағалау жүйесінде көрсетілген % бағаланады. Логикалық схема бұл студентке дайындалу кезінде ойын жинақтауға және тақырыптағы сұрақтарды толық ашуға, сонымен қоса өз-бетінше дайындалуға мүмкіншілік береді. Әр аптада қарастырылған тақырып бойынша үй жұмысы қабылданады, яғни студент сол аптадан кешіктірмей үй жұмысын тапсыру қажет және 1 блокта 7 тақырыпты, ал қалған тақырыпты 2 блокта тапсырады немесе тақырыптарды алдын – ала тапсыруына болады. Әрбір тапсырған тақырыптың пайызы қосылып, блокта оқыған апта санына бөлу арқылы орташасы, студенттің блок бойынша үй жұмысына дайындығын көрсетеді. Үй жұмысы логикалық схема мен қоса, ауызша жауап беру арқылы бағаланады. Жауап беру кезінде схема және глассарий қоса көрсетіледі

Әр тақырып өткен сайын студент глоссариды жазуы тиіс. Әр тақырып өткен сайын студент глассарий жазады, глоссарий толық болуы қажет, болмаған жағыдайда ол көрсетілген пайызбен бағаланбайды.

Ағымдағы тесті студент вариант бойынша 5-шы аптада тапсырады.Тестің 20 сұрағының дұрыс жауабына 20%. Дұрыс емес жауап 1% шегеріледі.

Коллоквиумді студент блоктың 6-шы аптасында тапсырады. Коллоквиум ауызша тапсырылады. Дайындалу сұрақтары ОӘҚ көрсетіледі.

Қойылатын талап: Сабаққа міндетті түрде қатысу, оқу-әдістемелік құрал бойынша дәріс және семинар сабақтарына алдын- ала дайындалу. Сабаққа сапалы, белсенді және уақытылы дайындалу. Бақылау түрінің барлығына (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) қатысу.

2. Глоссарий

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Құнды қағаздар – иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

Баға индексі -тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.

Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Венгур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

Диверсификация -бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.

Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.

Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.

Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.

Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су,жер,). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

Конвенция - халықаралық келісімшарт.

Конверсия - 1. өндірісті түбдірімен өзгерту; 2. бір валютаны екінші валютаға айырбастау.

Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.

Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).

Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

«Көгілдір фишкалар» («голубые фишки») - алынатын табыстары төленетін дивидендтерінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың аты шулы ірі корпорацияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

Либерализация - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

Резидент - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.

Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.

Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.

Рецессия - өндірістің құлдырауы.

Роялти -салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін жер иесінің жерді пайдаланушыдан алатын төлемақысы және пайда үстемесіне салынатын салық.

Санация - банктер мен ірі өндіріс орындарын банкротқа ұшыратпау мақсатында жүргізетін шаралар жүйесі немесе кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру шаралары.

Сальдо - табыс пен шығын арасындағы айырмашылық.

Секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде тапшылықтың белгіленген деңгейден артып кетуінен, не түсімдердің қысқаруынан және көзделген шараларды ағымдағы қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын арнаулы шаралар.

Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.

Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.

Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.

Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.

Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.

Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.

Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.

Сұраныстың икемділігі - тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде сұраныстың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейі.

Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.

Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.

Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда

Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.

Трансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)

Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.

Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.

Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.

Тұйық валюта - бір елдің көлемінде пайдаланылады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы.

Ұлттық табыс - елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.

Ұлттық шоттар жүйесі - өндірісті макроэкономикалық есептеу, (ҰШЖҚ қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған. Ұлттық есеп-шоттар БҰҰ-ның халықаралық статистикасында кеңінен пайдаланылады.

Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.

«Үлкен сегіздік» - бірінші әлемнің алуыңғы қатарлы индустриалды мемлекеттері (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Ресей). Әлемдік шаруашылық, тағы өзекті проблемаларды шешуді талқылайтын жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру-шылар.

Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.

Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты – акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.

Халықаралық валюта қоры - ерікті халықаралық қаржылық ұйым; оны құру жөніндегі шешім 1944 ж. Бреттон Вудстағы конференцияда қабылданған. Мақсаты – халықаралық ынтымақтастықа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәр-демдесу, елдердің валюталық қатынастарын реттеу.

Халықаралық қайта құру мен даму банкі - бүкіләлемдік банк (штаб-пәтері Вашингтонда) қаржылық институт. Негізгі міндеті – үшінші әлем елдеріндегі, әсіресе ең төмен дамыған елдерде даму жобасын несиелеу.

Хедж - бағаның болашақта қолайсыз өзгеру қатерінен сақтандыруға арналған шарт.

Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

Чартер - көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.

Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Коды 1109 Экономикалық теория негіздері

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті... БЕКІТЕМІН... Экономика факультетіні деканы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оқу пәніне қойылатын талап

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Астана 2012
Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған э.ғ.к., доцент ____________________ А.Н.Доғалов э.ғ.к., доцент ____________________ А.Қ.Ауелбекова &nb

Мазмұны
Бағыттың нөмері Бағыттың атаулары Беттері Силлабус. Студент үшін п|

СИЛЛАБУС
  1. Доғалов Амангелді Нәжмиденұлы, э.ғ.к., «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, жұмыс телефоны - 32-819 

Оқу тәртібінің мінездемесі
5.1. Оқу тәртібінің бағыты: әртүрлі экономикалық жүйеде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық заңдыл

Оқу пәнін оқытудың жоспары.
  Апталар   Тақырыптар аты Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары СӨЖ

Негізгі әдебиеттер
1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет 2. Әубәкіров Ж. |

Осымша әдебиеттер
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр. 2. ҚР Президенті Н. Назарбаев &#

Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
* «А» 4,0 балл, с – 95-100 %– «өте жақсы» * «А-» -3,67 балл, - 90-94 %– «өте жақсы» * «В+» - 3,33 балл, 85-89 %; - «жақсы» * «В» - 3,0 балл,

Бағалау жүйесі
№ Қойылатын талап 1-рубеж 2-рубеж Бағалау деңгейі Студентті

Кіріспе дәріс. Экономикалық теорияның пәні және әдісі
Дәрістің мақсаты:Экономика ұғымымен танысу, даму тарихымен, Экономикалық теория логикасымен және мәселелерімен танысу. Қажетті

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Б

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Бұл тақырыпты «экономика» терминінің пайда болуынан бастап қарастыру керек. Экономиканың мәнін экономикалық теория мәнімен байланыстыру керек. Эконом

Шолу дәрісі. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Дәрістің мақсаты:Өндіріс ұғымымен танысу, экономикалық факторлардың маңыздылығын ашу, Еңбек бөлінісінің

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Қарастырылып отырған тақырыпты зерттей отырып, өндіріс және өндірістің түрлерінің мәнін толық аша білу керек. Өндіріске u

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. І

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын а

Дәріс. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша.
Дәрістің мақсаты:қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәнің ашу, тауар u

Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың тү

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Экономикалық жүйе мәні мен типтерінің сипатын ашып, олардың типтерінің тарихын зерттеу. Экономикалық жүйенің шешетін негізгі мәселесін &#

Кеңестік дәріс. Нарық: түрлері, құрылымы, моделдері. Сұраныс және ұсыныс.
Дәрістің мақсаты:оқытушы келесідей ұғымдарға:нарық ұғымымен танысып, сұраныс және ұсыныс заңдары

Кемшіліктері
- нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; - қоғамда теңсіздікті туғызады; - тауарлар мен қыз

Тауарлар мен қызметтер нарығы
- тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы; - қызметтер нарығы;

Аржы нарығы
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар; - несие нарықтары; - құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары д

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Тақырыпты қарастыру барысында жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарының айырмашылықтарын ажыратып, нарықтардың ерекшеліктерін анықтау.

Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Дәрістің мақсаты:қазіргі кездегі және дәстүрлі көзқарастарды талдау мен оны шешуде мәселенің пайдалылық функ

Нім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындарМС есептеледі.
Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық

Кеңестік дәріс. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.
Дәрістің мақсаты:дәріс уақыт аралығында қарастырылып отырған тақырып бойынша лектор студенттердің келесідей сұра&#

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық

Мәселелік дәріс. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
Дәрістің мақсаты:ұлттық экономиканың маңыздылығын оқытушымен байланыста бола отырып, оның шешу жолдарын зерттеп, макроэк

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Макроэкономика экономиканың қандай мәселелерін қарастырады? Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдай білу. Оларды есептеу амалдарын анық

Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
Дәрістің мақсаты:экономикалық өсу ұғымымен танысып, «Қазақстан- 2030» жолдауындағы алғы шарттарды білу. 1

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
.Экономикалық өсудің мәні мен салдарына көңіл бөлу керек. Оның факторларын жете білу керек. Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолда

Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
Дәрістің мақсаты: Экономикалық циклдың фазаларымен танысып, инфляция және жұмыссыздық категорияларына талдау жасау. 1. Экон

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
  Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты

Экономикалық циклдардың типтері
  Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды қарастыру. Циклдың фазаларына т

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға

Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
Дәрістің мақсаты: Елбасының халыққа жолдауымен танысып, аймақтық саясатқа талдау жасау.   1. Мемлекетті

АЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көшбасшылығын айқындады. Ендігі жерде біздің қ

Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Дүниежүзілік шаруашылық дамуына әсер ететін факторлар, олардың Қазақстан Республикасында бар-жоқтығын анықтау. Қазақстанны

Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
Оқулықтар, оқу-құралдары Авторы, атауы, шыққан жылы Барлары (дана)  

Дістемелік нұсқаулар
  Авторы, атауы, шыққан жылы Барлары (дана)   Кітапханада Кафедрада

Тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.
Тестілік тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдаңыз. 1.Экономика деген ұғымды тұңғыш рет қолданған ежелгі з

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Тестілік тапсырмалар: 1 «Экономикалық ресурс» категориясы деп ненi түсiнемiз: А) қалыпты ресурстар С) адамдармен жасал&#

Ндірістің негізгі факторлары
А) еңбек пен капитал В) жер мен еңбек С) капитал мен жер Д) еңбек, жер және капитал, кәсіпкерлік қабілет Е) айырбасталмайтын факторлар 6. Негiзг

Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Тесттілік тапсырмалар. 1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады: a) су асты &

Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
Нарықтық модельдер Модельдің атауы Негізгі сипаттары Американдық моделі  

Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс және ұсыныс.
Тест сұрақтарына жауап беріңіз: 1. Ақшаның толық анықтамасын таңдаңыз: А) адамдар ар

Тауардың қандай қасиеттері бар?
А) құны; В) бағасы; С) тұтыну құны мен айырбас құны; Д) бағасы мен тұтыну құны; Е) құны мен бағасы

Тақырып. Бәсеке және монополия.
1. Тестік тапсырмаларға жауап беріңіз: 1. Қандай жағдай жетiлген бәсекеге тән болады? А) нары&#

Төмендегiлердiң қайсысы жетiлген бәсекеге тән емес?
А) фирма өнiмiне сұраныс қисығы горизанталь; Ә) өндiрушiлердiң көп мөлшерi; С) бағаға зор бақылау;

Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді; Е) Шикізаттар мен материалдарды. 3. Ескірген қ

Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Есептерді орындаңыз. 1-есеп : Фирманың тұрақты шығындары 45 доллар. Қысқа мерзім кезеңінде

Аталған жауаптардың қайсысы «еңбек» санатын сипаттайды?
а) адамның табиғатпен өзара әрекеттестік процесі б) аралардың немесе аңдардың жұмысы в) еңбек заттары мен еңбек қ

Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
Есептер: 1-есеп.Төмендегі мәліметтерді (млрд .долларды) пайдаланып есептеңіз. 1) ЖҰӨ; 2) ТҰӨ; 3) &#

Тақырып. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.
Тесттерге жауап беру керек 1. Экономикалық өсуді төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді: А) 

Кесте - Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
  Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты

Тақырып. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
Тестілік тапсырмалар: 1.Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін жоғарлатса, онда ол ...... а) салықты төмендетеді.

Тақырып. Экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Бақылау сұрақтары 1. Валюталық курстың түсінігі. 2. Валюталық курстың халықаралық жүйесі.

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
(2 сағат) Студенттердің өзіндік жұмысы. Тапсырманың мақсаты: 1.

Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс және ұсыныс.
(2 сағат) 1. Реферат тақырыптары: 1. Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта кәсіпкерлікті

Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.
(2 сағат) Студенттің өзіндік жұмысы. Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар.

Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
2. Инфляцияны болдырмаудың негізгі әдістері мен танысу. 3. Жұмыссыздықтарға көмектесу бағдарламаларын оқу. Казақстан Республи

Тақырып. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
(2 сағат) Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы. Тапсырманың мақсаты:

Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: -экономикалық теория пәнінің мәнін және экономикалық теорияның әдістерін о

Оғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрү

Оғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша.
Талдау сұрақтары: 1. Еркін бәсекелік шаруашылығы және ұйымдастырылған нарық. Тауар айырбасы. Еңбек қ

Семинар. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс және ұсыныс.
Семинар жүргізу жоспары: Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-

Бәсеке және монополия.
Сабақтың мақсаты:Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін ашу, оның түрлерін талдау жасап қа

Капитал (қорларының) айналымы және толық айналымы.
Сабақтың мақсаты: Семинар сабағы «дөнгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3-5 топқа студенттерді б

Семинар. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Сабақтың мақсаты: Фирманың өндіріс шығындарымен мен табысының мән-мағынасын, тү

Ндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Сабақтың мақсаты: Өндіріс факторларының нарығының ерекшіліктерін қарастыру, олардағы қалыптасатын табыстардың бір бір

Лттық экономика жүйе ретінде
Сабақтың мақсаты - ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаты. - негізгі макроэкономикалық кө

Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Сабақтың мақсаты:Экономикалық өсудің мән-мағынасын, өлшемдерін, негізгі факторларын және модель

Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Сабақтың мақсаты: 1. Жұмыссыздық және инфляцияның салдары және себептерін аңықтау. 2. Мемлекетт

Практикалық семинар. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
Сабақтың мақсаты: 1. Мемлекеттiң нарықтық экономикаға араласуының қажеттiгi және м

Практикалық семинар. Экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Сабақтың мақсаты: Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымын, негізгі теорияларын қажет, алға

АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Дедукция, индукция әдістері 2. Экономикалық теорияның функциялары 3. Өндіріс факторларына не жатады? 4. Экономиканың негізгі үш м&#

Бағалау жүйесі
№ Қойылатын талап 1-рубеж 2-рубеж Бағалау деңгейі Студентті

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги