рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Жоба жұмысы

Жоба жұмысы - раздел Образование, Жоба жұмысы Тақырыбы «Еліміздегі Кәсіптік Білім Беру Жүйесі»....

Тақырыбы

«Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесі».

 

5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі

 

 

Орындаушы: Ғазизова А. Ғ.

Ғылыми кеңесші: Кыйсыкова А.Ж.

 

 

Алматы, 2013 ж.

Жоспар

Кіріспе

I. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

1.1. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.

II. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталуы кезеңі.

2.1. ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.

2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы.

2.3. Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.

2.4. Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны.

2.5. Жоғары кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұны.

2.6. Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен

Қорытынды

Терминологиялық сөздіктер

Пайдаланған әдебиеттер

 

 


 

Жобаның мақсаты

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жаса машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет.

Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Сондықтан кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері, білімнің апасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарымыздың біріне айналуда. Сол себепті қазіргі заманғы кәсіптік оқытудың тарихи дамуын зерттеу – халықтың тұрмыстық деңгейі мен ел экономикасында маңызы зор.

Нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, бұл жобаның ең басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім беру жүйесімен таныстырып, кәсіптік білім жүйесіндегі өзгерістерді көрсету. Және де кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуының мазмұнын және үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін, кәсіптік мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды оқып-білуге бағыттау. Кәсіптік білім берудің мақсаттарын анықтау. Кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеу. Кәсіптік білім берудің теориялық-әдістемелік негізінің қалыптасуын зерттеу. Кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдістерінің құрұлынуын бақылау.

 

 

Кіріспе

Кәсіптік және техникалық білім беру, орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген.

Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар келесі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.

Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім алушылар бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, білім алушыларға рухани тәрбие беруде кәсіптік білім берудің алатын орны ерекше. Кәсіптік білім беру адамның өмір сүру үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажет. Дүниеге келген сәбидің адам болып жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі – адам өмірі үшін ең қажет, маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бірден шешу мүмкін емес.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Жоба жұмысы

Аударма ж не филология факультеті... Ілеспе аударма кафедрасы... ор ау а жіберілді Ілеспе аударма кафедрасыны ме герушісі ф к доцент Медетова М Е Жоба ж мысы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Жоба жұмысы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйе

Азақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының &

Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.
Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқу

ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Кәсіптік педагогиканың мә

Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары ж&#

Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге жән

Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны
Орта кәсіптік білім негізінен колледж, лицей болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалыu

Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына –университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары ме

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен
2011 жылдың қаңтар айының ақпаратына қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары! (32

Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы к|

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги