рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері. - раздел Образование, Жоба жұмысы Білім Беру Жүйесі - Сабақтастығы Бар Білім Беру Бағда...

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай, жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру үрдісі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері

Оқытудың жалпыпедагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер-педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принцитерін сақтай білуі мен тек оларға тән

мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер:

1. Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіптік бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді.

2. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс.

3. Оқу үрдісі кезінде кәсіптік қызметті модельдеу принципі. Кәсіптік қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар

кіреді:

- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;

- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;

- тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық

және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру.

4 Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті,

жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде,

біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен

үйренуіне жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу,

практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой-өрісінің кеңдігі

шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип

мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып,

техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерінің тиімді жетілдіруінде болып

отыр.

5 Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні,

оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше

өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына

жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа

орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске

асыру оқушының барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін

дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді.

Осы аталған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған

инженер-педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және

дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Жоба жұмысы

Аударма ж не филология факультеті... Ілеспе аударма кафедрасы... ор ау а жіберілді Ілеспе аударма кафедрасыны ме герушісі ф к доцент Медетова М Е Жоба ж мысы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Жоба жұмысы
Тақырыбы «Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесі».   5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі  

Азақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының &

Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.
Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқу

ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Кәсіптік педагогиканың мә

Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары ж&#

Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге жән

Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны
Орта кәсіптік білім негізінен колледж, лицей болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалыu

Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына –университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары ме

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен
2011 жылдың қаңтар айының ақпаратына қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары! (32

Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы к|

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги