рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары - раздел Образование, Жоба жұмысы 1. Техникалық Және Кәсіптік Білім Беру Орта Білім Беру Де&#...

1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауға бағытталған.

2. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жаппай кәсіптері бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары болып бөлінеді.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді табысты игеру, кәсіптік дағдыларды иелену жөнінде өндірістік оқудан өту үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді;

білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізілген деңгейін (разряд, сынып, санат) беруді көздейді.

2) жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жұмыстарын орындаудың неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптерін, мамандықтары мен практикалық дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын беруді көздейді.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды иемдену және бекіту жөнінде өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді көздейді.

3) техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруді көздейді.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.

Екі жылдық оқыту аяқтағаннан және аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.

Үш жылдық оқытуды аяқтағаннан және аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейі беріледі.

Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға

орта буын маманы біліктілігі беріледі.

3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мәдениет және өнер мамандықтары бойынша кәсіптік оқу бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануын және даярлау ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламаларының күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне қатысты және тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.

5. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан тұрады.

 

 

Қорытынды

 

Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына тікелей әсер еткеніне күмән жоқ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар аударылды.

Еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр.

Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілін меңгергенде студенттер шебердің көрсетуін түсініп қана қоймай, оның егжей-тегжейін есте сақтауы керек. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерін көрсетуді бірнеше рет өткізу қажет. Еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсеткенде көрсетудің әдістемелік тәсілдерінің қызметтік мәнін анық елестету керек. Студент ең соңында еңбек әрекетінің толық бейнесін меңгеруге міндетті. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдік көрсетілуі дұрыс жұмыс қарқынмен басталып, бітуі керек.

Республика азаматтарға докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби оқыту осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.Қазіргі нарық жағыдайына бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан – жақты кәсіп иелері болуымыз керек.


Терминологиялық сөздіктер

1. Кәсіп– қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы, слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-құрастырушы; слесарь-жөндеуші және аспапшы-слесарь. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады. Мамандықты игеру үшін ең бастысы кәсіптік білім қажет.

2. Кәсіптік білім– бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.

3. Кәсіптік білім беру жүйесі– бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесімен қоса жиынтығы.

4. Бастауыш кәсіптік білім– кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.

5. Орта кәсіптік білім– колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі

6. Кәсіптік мектеп– кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны

7. Білім беру ақпараты– белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу.

8. Кәсіптік мектеп педагогы– бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер-педагог.

9. Кәсіби дағды– кез келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды.

10. Практикалық біліктілік– еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC_%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96

2. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/3241-bilim-bery-jyiesi.html

3. http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/

4. А. Джуматаева, П. Балташ, А. Досов «Кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуы»

5. Жеңіс Әбиев. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері /әдістемелік нұсқау. Республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1997ж. – 166 б.

6. Қ. Құнантаева. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990ж.ж.). Алматы, 1998 ж., 138 б.

7. http://www.shkola5-balkhash.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=271:2010-11-10-04-14-51&catid=12:2010-11-10-04-12-51&Itemid=64

8. К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 – 240 б.

9. http://www.edu.gov.kz/yzmeti/srednee_professionalnoe/tekhnikaly_zhne_ksiptik_sistema_turaly_aparat/tekhnikaly_zhne_ksiptik_bilim_zhiesini_negizgi_krsetkishteri/

10. Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика: колледж, университет студенттеріне арналған оқулық / Алматы, 2006 – 280 б.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Жоба жұмысы

Аударма ж не филология факультеті... Ілеспе аударма кафедрасы... ор ау а жіберілді Ілеспе аударма кафедрасыны ме герушісі ф к доцент Медетова М Е Жоба ж мысы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Жоба жұмысы
Тақырыбы «Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесі».   5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі  

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйе

Азақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының &

Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.
Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқу

ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Кәсіптік педагогиканың мә

Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары ж&#

Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге жән

Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны
Орта кәсіптік білім негізінен колледж, лицей болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалыu

Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына –университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары ме

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен
2011 жылдың қаңтар айының ақпаратына қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары! (32

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги