рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.

ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы. - раздел Образование, Жоба жұмысы Хх ғасырдың 20-30 Жылдары Отандық Кәсіптік Педагогика...

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай журнал беттерінде басылды: «Жұмыс мектебінің өмірі», «Жұмысшы білім», «Өндірістік кадрлар» және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы педагогикаға ғана емес, сонымен қатар техника мен технологияның жетістіктеріне сүйенеді деп есептеген. Қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар, социалистік жарысты ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі үшін, өзінің табы үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Құлшына жасалынған еңбек, халық шаруашылығының өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді.

Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған көзқарас бойынша істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты, психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей түседі. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар, құрылыстар, колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу мектебіне айналды.

1917-1940 жылдар аралығындағы кәсіптік-техникалық білім беру кезеңдерінде кәсіптік-техникалық білім берудегі кеңестік жүйе тарихының құрылуы мен даму мәселелері қарастырылды. 1918 жылдың мамыр айында Риддер қоғамының кәсіпорындары, Екібастұз көмір кендері, қорғасын, қалайы зауыты, Спасск мыс қорыту зауыты, барлық темір жолдар, Ертіс кеме шаруашылығы кәсіпорындары түгел дерлік еңбекшілер мемлекетінің қолына өтті.

Мектепті қайта құрудағы басты бағыттар, білімді демократияландыру 1918 жылы 16 қазанда БОАК (Жоғары Орталық Атқарушы Комитет) декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда және РСФСР-дің біртұтас еңбек мектебі туралы ережеде айтылған. Мектептерді бастауыш, гимназия, училищелерге бөлу қысқартылды: екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші – 8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші – 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу.

Сондағы еңбек мектебінің мақсаты – балаларға тәжірибе жүзінде еңбектің барлық маңызды түрлерінің әдістері мен бір бөлігі фабрикаларда, зауыттарда танысатын политехникалық білім беру болды. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті.

Қазақстанда 1921 жылдың бас кезінде 900 өнеркәсіп орны, темір жолдар, банктер, сауда одақтары мен өзен флоттары толық мемлекет меншігіне көшті. 1923 жылы жергілікті халықтың әйелдерін өндіріс еңбегіне оқытуға ерекше назар аударылып, сол үшін мектеп шеберханалары, кәсіби-техникалық училищелер құрылды.

1925 жылы мамырда Қазақстандағы сауатсыздық қозғалысына кең серпін берген «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Бүкіл қазақстандық бірінші съезі өтті. Әсіресе, республика үшін қажетті мамандықтар игеруді назарға алатын жаңа мектептер ашылды. Мектептердің жанынан қол еңбегі шеберханалары ұйымдастырылды. 1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақ КСР-інде мектептер жергілікті жағдайларға байланысты өзгертулер енгізу арқылы тұрғызылды. Кейінірек, Ленин комсомолының бастамасымен фабрика-зауыт оқу (ФЗУ) мектептері пайда болды. Қазақстанда сондай-ақ үшжылдық оқу мерзімімен шаруа жастарының мектебі (ШЖМ) болды.

1926 жылы Қазақстанда сауаттылық 25,2 процент, ал жалпы Кеңес Социалистік Республикалар Одағында (КСРО) 56,6 процентті құрады. Республикада барлық үлгідегі 4092 мектепте 277087 оқушы оқыды. 1928 жылы Қазақстанда бар болғаны төрт фабрика-зауыт оқу (ФЗО) мектебі мен екі кәсіптік-техникалық мектеп болды. Жасөспірімдерz мектебінде еңбек машығына үйрететін сабақтарды енгізе отырып, қолөнер-техникалық бағытқа бейімдеудің қажеттілігі айтылды. Мектептердің оқу бағдарламалары төңірегіндегі шаруашылыққа және үй тұрмысына қажет еңбек дағдысына балаларды оқыту қарастырылды.

Соғыс кезінде де оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударыла бастады. 8-10-сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7-сыныптарда ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін және қарапайым ауыл шаруашылығы мәшинелерін үйрену енгізілді. Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге атсалысты, 15-16 жастағылар Фабрика зауыттық оқыту (ФЗО) мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты. Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді.

Колхоз, совхоз ұжымшарлармен тығыз байланысы бар, жақсы жарақтандырылған ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушылары автоіс, трактор, комбаин ауыл шаруашылық машиналарын оқып үйренді. Қыздар үшін арнайы курс – үй шаруашылығын жүргізудің енгізілуіне байланысты бұл пәнді беру үшін мектептерде жарақтандырылған шеберханалар құрылды, оны білікті кадрлар мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін қыруар шаруа атқарылды. Үй шаруашылығын жүргізу сабақтарының жақсылығына орай қыздар үй шаруашылығын жүргізуден, тамақ дайындаудан, іс тігуден дағды ала бастады. Олар сабақтарда алған өздерінің білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Өндірістік білім беру мен еңбек тәрбиесі деңгейінің жоғарылауына байланысты өнеркәсіп орындарында жастар ұйымдарының рөлі өсті.

1959 жылғы сегізжылдық оқытуды енгізуге байланысты сегізжылдық мектептер санының өсуімен салыстырғанда, мектеп тармағында толық орта мектептердің үлес салмағы ерекше өсті. Кәсіпорындарда оқу цехтары мен учаскелері, жаңа техникалық құрылымдарымен жабдықталған мектеп шеберханаларының саны өсе түсті. Кейбір жоғары оқу орындары жанынан еңбекке оқытатын мұғалімдер дайындайтын кафедралар, индустриалды-педагогтік факультеттер ашылды. Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына көмектесіп, оқушылардың оқуы үшін едәуір күштерін бөлді, техникалық құралдармен жабдықтады.

Қазақстандағы жалпы бірдей міндетті орта білімді жүзеге асыру әрі қарай қоса берілді. 1977 жылы Қазақстанның ұжымшар мен кеңшарлар егістіктерінде 150 мың жоғары сынып оқушылары еңбек еткен. 2130 оқушы өндірістік бригадасы және 260 орман шаруашылығы мектептері жұмыс істеді. Қазақстанның бірқатар қалаларында оқу-өндірістік комбинаттары табысты әрекет етті. Онда жоғары сынып оқушылары әртүрлі мамандықтар бойынша мамандық алу, мысалы, қыздар тігін ісін үйренуге, машинка басу, техникалық сызу, сатушы мамандығын алу мүмкіндіктерге ие болды.

1979 жылдың 19 шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесі «Халыққа білім берудің жағдайы және КСРО-дағы жалпы орта, кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғары білім беруді одан әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар туралы» Қаулы қабылдады. Онда бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың мәдени және білім деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді. Онда оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оқыту мен тәрбиенің бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты оқыту мен еңбекке тәрбиелеудің байланысы, оқу-тәрбие мекемелері жүйесін орналастыруды, оқу орындарының материалдық базасын жақсарту, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық және кәсіптік білім деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңа және перспективті бағыттары бойынша кадрлар дайындауды ұлғайту ұсынылды.

1977 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде және жалпы білім беретін мектептерде 5,3 миллион адам оқыды. Сол жылы орта арнаулы оқу орындарында оқу 124 мамандық бойынша жүзеге асырылды. Машина құрылысы мен аспап жасау, азық-түлік тауарлары технологиясы бойынша мамандар дайындау ұлғайды. Жақсы жабдықталған шеберханалардан, озық технологиясы мен тәжірибесі бар кәсіпорындар мен мекемелерде оқушылар өндірістік әдісті, кәсіптік біліктілікті игерді.

Кәсіптік техникалық білім берудің дамуында П.Р. Артуров, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды. Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің құрылымдық өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы «Білім беру туралы» заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік училищелер, колледждер, лицейлер ашыла басталды.

90-жылдардың аяғында академик С.Я. Батышевтің басқаруымен «Кәсіптік педагогика» атты оқулығы, сонымен қатар үш томдық «Кәсіптік педагогиканың энциклопедиясы» басылып шығарылды. Осы еңбектердің өзі де кәсіптік білім беруді оқытуға көп үлесін қосты.

 

Ғалымдардың зерттеуінше қазақстандық кәсіптік-техникалық білімінің тарихын, мынадай даму кезендеріне сәйкес көрсетілген:

 


Соғыстан кейінгі жылдардағы мемлекеттік Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуын келесі кезеңдермен айқындауға болады:

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Жоба жұмысы

Аударма ж не филология факультеті... Ілеспе аударма кафедрасы... ор ау а жіберілді Ілеспе аударма кафедрасыны ме герушісі ф к доцент Медетова М Е Жоба ж мысы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Жоба жұмысы
Тақырыбы «Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесі».   5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі  

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйе

Азақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының &

Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.
Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқу

Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары ж&#

Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге жән

Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны
Орта кәсіптік білім негізінен колледж, лицей болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалыu

Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына –университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары ме

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен
2011 жылдың қаңтар айының ақпаратына қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары! (32

Бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы к|

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги