Дыбыс талдағышы - раздел Образование, ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Есту Анализаторы - үш Бөлімнен (Сыртқы, Ортаңғы...
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.
Сыртқы құлаққа–эластикалық шеміршектен тұратынқұлақ қалқаныменсыртқы дыбыс жолыжатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.
Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі атмосфералық ауа болады.
Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады.
Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және үш жарты иірім өзекшелер) тұрады.
Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады. Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады. Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып вестибулярлық аппарат деп те атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.
Есту гигиенасы.Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қан-тамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.
Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мктепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған ағаштар мен бұталар отырғызады.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.
Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.
Та ырып Ж йке ж йесіні рылысы ызметі Мен дамуы... Та ырып Жо ары ж йке рекеті... Та ырып Сенсорлы ж йелер Сезім м шелеріні гигиенасы Анализаторларды...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ:
Дыбыс талдағышы
Что будем делать с полученным материалом:
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және ф
Адам жасының кезеңдері
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір м
Тақырып. Қозу физиологиясы
Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық
Мен дамуы
Рисунок 1.5.19. Принципиальная схема строения синапса микротрубочки пресинаптическая мембра
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар
Оң жақ жарты шар
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұ
Шкі мүшелерге әсері
№
Мүшелер
Симпатикалық бөлімнің әсері
Парасимпатикалық бөлімнің әсері
Жүйесінің гигиенасы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойла
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алғ
Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді.
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жа
Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңu
Көру талдағышы
Көз аламасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро
Жарықты қабылдау
Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі арнайы заттар фотохим
Көру талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8 г.
Көз жасының без
Көру гигиенасы.
Көру гигиенасының талаптары:
-кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек;
-жарыu
Олардың жас ерекшеліктері
Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы ж&
Гипофиздің гормондары
Аденогипофиз
Нейрогипофиз
Алдыңғы бөлігі
Ортаңғы бөлігі
Артқы б
Жыныстық жетілу
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін а
Анның пішінді элементтері
Эритроциттер.Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары
Ан топтары және иммунитет
Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі.Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда &
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі.Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейді
Олданылатын әдебиеттер тізімі
1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, фи
Баға қою саясаты
Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
-үй тапсырмасы (макс.
Су мен дамудың гетерохрондылығы неде?
А) Өсу мен дамудың біркелкі болмауы.
В) Өсу мен дамудың жылдамдығы.
С) Мүшелер қызметтерінің тежелуі.
D) Организмнің
Анның құрамына қандай жасушалар кіреді?
А) Сүйек жасушалары.
В) Эпителий жасушалары.
С) Ет жасушалары.
D) Лейкоциттер.
Е) Нейрондар.
207. Қан қысымын өлшейтін &
Реципиент деген кім?
А) Қан беруші адам.
В) Иммунитеті жоғары адам.
С) Қан қысымы төмен адам.
D) Қаны аз адам.
Е) Қан қабылдаушы адам.
Асқорыту деген не?
А) Тамақтық физикалық өңдеуден өту процесі.
В) Тамақтың химиялық өңдеуден өту процесі.
С) Тамақты
Диссимляция деген не?
А) Тотығу-тотықсыздану сипатты биохимиялық реакциялар.
В) Күрделі органикалық қосылыстардың ыдырауы нәтежиесінде энергия бөле отыра
Новости и инфо для студентов