рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері

Тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері - раздел Образование, ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Тірек қимыл Жүйесіне Адамның қаңқасы Мен ...

Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықттері жатады.

Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқеттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да көп бұлшықеттер ұштасады.

Бұлшықеттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.

Сүйектің құрылысы.Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан.

Тығыз заттар кемік сүйектердің сыртында орналасқан. Оның қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасқан. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектердің екі ұшында көп болады. Жілік сүйегінің каналдарындағы майының түсі сары, ал кемігіндегі майыың түсі қызыл болады. Себебі сүйектің қызыл кемігінде эритроцит, лейкоцит, трмбоцит өсіп дамиды.

Сүйек қабы екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабығы тығыз, ішкісі жұмсақ борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі қабығында остеобластар болады. Олар сүйектің өсуін қамтамасыз етеді. Сүйек қабының қантамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйекті күйдіргенде оссейнжанады да, бейорганикалық заттар қалады. Ондай сүйектер тез сынады. Ал сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майстыруға болады.

Жас балалардң сүйегінде органикалық, ересек адамның сүйегінде минералдық заттар көп болады.

Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.

І. Бас сүйектері– ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.

Ми сауыты– маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.

Бет сүйектері– жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.

Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2,5 есе артық.

Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны баланың еңбегідеп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді.

Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.

ІІ. Тұлға сүйектері -омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) тұрады.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омытқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен.

Әр омыртқаның денесі, доғалары болады. Омыртқаның тығыз жері денесі. Омыртқа денесі мен доғасы омыртқа каналын құрайды. Доғасынан 7 өсінді шығады: 1 артқа қараған, 2 жоғары қараған, 2 төмен қараған, 2 бүйір (горизонтальды).

Омыртқалардың өзіндік ерекшеліктері болады:

- І-ші мойын омыртқасы тікелей бассүйегімен жалғасып кеткен, денесі және өсінділері болмайды және омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек. І-ші мойын омыртқасын атлант немесе ауыз омыртқа деп атайды.

- ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Тісшедегі бетімен ауыз омыртқамен жалғасады.

-ҮІІ-ші мойын омытқаның арқа өсіндісі ұзын болады.

- Көкірек омыртқаларының алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері болады.

-Ауыртпалық көп түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі болады.

-Сегізкөз омырқалары бірігіп кеткен. Оның алдыңғы және артқы бетінде жүйкелер мен тамырлар өтетін тесіктері болады.

Омытқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см (ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жсқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.

5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектегі заттардың алмасуы күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқа жотасында патологиялық лордоз, кифоз, сколиоз (омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі) және т.б. өзгерістер пайда болады.

Жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 1600-қа дейін еңкейіп, 1450-қа дейін шалқаяды, оңға-солға 1650-қа, ал, өз осінде 1200-қа дейін қозғалады.

Көкірек қуысы сүйектері- 12 жұп қабырға, төс сүйегі.

Адам денесінде 12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғлар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабрғалар деп атйды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды босқабырғалар деп атайды.

Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғааралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.

Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің арасы бітіп кетеді, ал семсершесінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы конус тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериясын, өкпені қорғайды.

Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.

Аяқ-қол сүйектері –адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.

Иық белдеуінжауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иықбасы сүйктері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады. Жауырын– жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшықет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.

Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.

Қол сүйектері– тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады.

Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.

Кәрі жіліктіңқатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.

Білезік сүйектерініңқатуы 14-16 жаста аяқталады.

Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.

Жамбас белдеуінің сүйектерін – сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды.

Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.

Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.

Асықты жілік пен шыбығықыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.

Табан сүйектеріөкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болу керек.

Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі.Жаңа туған сәбидің бұлшықеттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-дай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшықеттер бар. Бұлшықеттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықет. Қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшықеттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшықеттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшықеттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшықет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшықет бар.

Бұлшықеттердің қызметі – жиырылу. Бұлшықеттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздыруынан болады. Бұлшықеттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшықеттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшықеттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшықеттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.

Бұлшықеттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшықеттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшықеттердің дамуы 25-30 жасқа дейін байқалады.

Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Та ырып Ж йке ж йесіні рылысы ызметі Мен дамуы... Та ырып Жо ары ж йке рекеті... Та ырып Сенсорлы ж йелер Сезім м шелеріні гигиенасы Анализаторларды...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және ф

Тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін

Адам жасының кезеңдері
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір м

Тақырып. Қозу физиологиясы
Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық

Мен дамуы
Рисунок 1.5.19. Принципиальная схема строения синапса микротрубочки пресинаптическая мембра

Пути введения лекарственных средств

Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми мен ж

Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар Оң жақ жарты шар Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұ

Шкі мүшелерге әсері
№ Мүшелер Симпатикалық бөлімнің әсері Парасимпатикалық бөлімнің әсері

Жүйесінің гигиенасы
  Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойла

Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алғ

Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді. Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жа

Йқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланы

Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңu

Көру талдағышы
Көз аламасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро

Жарықты қабылдау
Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі арнайы заттар фотохим

Көру талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8 г. Көз жасының без

Көру гигиенасы.
Көру гигиенасының талаптары: -кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек; -жарыu

Дыбыс талдағышы
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады. Сыртқы құлаққа

Олардың жас ерекшеліктері
Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы ж&

Тақырып. Ішкі секреция бездері мен гормондар. Жасқа сай ерекшеліктері.
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп. Экзогендік (лат

Гипофиздің гормондары
Аденогипофиз Нейрогипофиз Алдыңғы бөлігі Ортаңғы бөлігі Артқы б

Жыныстық жетілу
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін а

Анның пішінді элементтері
Эритроциттер.Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары

Ан топтары және иммунитет
Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі.Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда &

Тақырып. Тыныс алу жүйесі, оның жас ерекшеліктері. Тыныс алу гигиенасы
  Тыныс алу жүйесінің амаңызы. Тыныс алу мүшелерінің маңызы өте зор. Олар арқылы организмге тотығу процесіне 

Балалар мен жасөспірімдердің ӨТС-ы
Бала Жасы Ер бала

Тақырып. Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Астың ағзаға сіңуіне ыңғайлы болу үшін физикалық жән

Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі.Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейді

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР
  № Тақырыбы Орындау түрі Тапсыру мерзімі Жүйке жүйесіні

Олданылатын әдебиеттер тізімі
1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003. 2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, фи

Баға қою саясаты
Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады: -үй тапсырмасы (макс.

Су мен дамудың гетерохрондылығы неде?
А) Өсу мен дамудың біркелкі болмауы. В) Өсу мен дамудың жылдамдығы. С) Мүшелер қызметтерінің тежелуі. D) Организмнің

Жас ерекшелік физиологиясы нені зерттейтін ғылым?
А) Баланың құрсақта дамуын. В) Организмнің құрылысын. С) Организмнің әртүрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекет

Физиология нені зерттейді?
А) Ұлпалардың қызметін. В) Ағзаның құрылысын. С) Жүйелердің қызметін. D) Клеткалардың қызметін.

Андай кезең емшектегі сәби кезеңіне сәйкес келеді?
А) 1 айдан 2 жасқа дейін. В) 20 күннен 3 жасқа дейін. С) 5 күннен 1,5 жасқа дейін. D) 1 күннен 6 айға. Е) 10 күнн

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің I-ші жартысы қандай жас аралықтары?
А) Әйелдер 14-17 жас, ерлер 15-18. В) Әйелдер 21-35 жас, ерлер 22-35. С) Әйелдер 12-14 жас, ерлер 13-15. D) Әйелдер 20-22 жас, ерлер 19-20.

Зақ өмір сүрушілер.
А) 100 жас. В) 90 жастан әрі қарай. С) 85 жас. D) 65 жастан әрі қарай. Е) 95 жас. 28. Бастауыш сынып тағы оқ

Миелин қабығы нені қоршаған?
А) Синапсты. В) Ядроны. С) Органоидтарды. D) Аксонды. 38. Афференттік нервтердің қызметі: А) Қозуды жүрекке жет

Мидың қандай бөлігінде алғашқы көру, алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан?
А) Ортаңғы. В) Аралық. С) Мишықта. D) Артқы. Е) Үлкен ми сыңарларында. 49. Аралық мида орналас&#

Соматикалық жүйке жүйесі организмнің қай бөлігін нервтендіреді?
А) Ішкі мүшелерді. В) Ас қорыту мүшелерін. С) Сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын. D) Жүрек қан тамырлар ж

Рефлекс деген не?
А) Тітіркенуге клетканың реакциясы. В) Организмнің активті жағдайы. С) Ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіруіне нерв жүйесінің жауа

Рецептор деген не?
А) Тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын сезімтал құрылым. В) Орталыққа тепкіш афференттік нерв талшығы. С) Нерв орталығы м

Шартты рефлекстердің жасалу негізіне жататын не?
А) Уақытша нервтік байланыстардың болуы. В) Суммация. С) Доминант. D) Қозу мен тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Е) Био

Гиппократтың меланхолик типі Павлов бойынша қандай болады?
А) Әлсіз В) Байсалды. С) Ұстамсыз. D) Күшті. Е) Жылжығыш. 76. Экстрерорецепті шартты рефлекстер пайда болады:

Организмнің өміріндегі бір оқиғаны ұмытпай қалмауына не себеп болады?
А) Көз алдына елестету. В) Эмоция. С) Санада сақтау. D) Есте сақтау. Е) Индукция. 88. Адам қажеттілігінен туатын физиоло

Анализатор жөніндегі ілімді жасаған кім?
А) Сеченов. В) Гельмгольц. С) Павлов. D) Ломоносов. Е) Селье. 92. Талдағыштар 2 топқа бөлінеді: А) Дистантты

Бала отыратын бөлмеде ең тиімді жарық мөлшері қанша люкс болу керек?
A) 100-200 люкс. B) 150-300. C) 90-170. D) 50-80. E) 300-400. 102. Теледидар (экран 62 см) көргенде ең кемінде қандай қашықтықта к

Бұлшық еттерде орналасқан нерв ұштары қалай аталады?
A) Эффектор. B) Рецептор. C) Синапстар. D) Миофибрилдер. E) Саркоплазма. 113. Ет пен сіңір рецепторлары қалай аталады? A) Интерорецепторлар

Жыныстық жетілу қыз балаларда қай жаста басталады?
A) 9-10. B) 10-11. C) 11-12. D) 12-13. E) 13-14. 142.Стрестің симпатикалық жүйке жүйесі қызметіне әсері: A) Тежейді

Ан тобының эритроциттерінде кездесетін агглютиногендер
A) С. B) В. C) АВ. D) А. E) Жоқ. 199.ІҮ-ші қан тобының плазмасында кездесетін агглютининдер: A) Жоқ. B) α C)

Анның құрамына қандай жасушалар кіреді?
А) Сүйек жасушалары. В) Эпителий жасушалары. С) Ет жасушалары. D) Лейкоциттер. Е) Нейрондар. 207. Қан қысымын өлшейтін &

Реципиент деген кім?
А) Қан беруші адам. В) Иммунитеті жоғары адам. С) Қан қысымы төмен адам. D) Қаны аз адам. Е) Қан қабылдаушы адам.

Тыныс алу жүйесіне жататын қандай қабыну прцестерін білесіздер?
А) Скарлатина, тұмау. В) Гайморит, фронтит, тонзилит, аденоид. С) Гипертония, тұмау, отит. D) Герпес, катаракт, тұмау. Е) Қызылша, ангина

Астың қорытылуы негізінен қандай химиялық заттардың көмегімен іске асды?
А) Қышқылдар. В) Сілтілер. С) Гормондар. D) Тұздао. Е) Ферменттер. 234. Ас қорыту мүшелерінің қызметін

Сілекейдің қоймалжың болуы неге байланысты?
А) Муцинге. В) Амилазаға. С) Карбонатқа. D) Бикарбонатқа. Е) Майға. 238. Сілекей құрамындағы лизоцим ф

К1 және К2 витаминдерінің организмдегі негізгі ролі неде?
А) Сүйектерді қатайтады. В) Қанның ұюына қатысады. С) Зат алмасуын реттейді. D) Адам бойын өсіреді. Е) Минералды заттар

Асқорыту деген не?
А) Тамақтық физикалық өңдеуден өту процесі. В) Тамақтың химиялық өңдеуден өту процесі. С) Тамақты

Диссимляция деген не?
А) Тотығу-тотықсыздану сипатты биохимиялық реакциялар. В) Күрделі органикалық қосылыстардың ыдырауы нәтежиесінде энергия бөле отыра &#

Бауыр қандай мүшелер жүйесіне жатады?
А) Ас қорыту. В) Қан түзу. С) Лимфа түзу. D) Бөлу. Е) Тыныс алу. 257. Ас қорытудың қабырға

Белоктық минимум дегеніміз не?
А) Адамның тіршілігіне қажет белок мөлшері. В) Белоктың артық мөлшері. С) Организмдегі белоктың аздығы. D) Белоктың

Жылу жасаудың ең интенсивті болуы қайда?
А) Бауырда. В) Өкпеде. С) Теріде. D) еттерде. Е) Бүйректерде. 278. Тіл ұшындағы дәм сезгіш рецепторлар:

Бүйрек денешіктері қалай аталады?
А) Нефрон. В) Нейрон. С) Капсула. D) Эпителии. Е) Бүйрек клеткасы. 284. Бүйрек ұлпасында өндіріліп, артерия қысымы

Энурез дегеніміз не?
А) Несептің шықпауы. В) Нефрондардың сүзілуі. С) Еріксіз несеп шығару. D) Бүйректің ісінуі. Е) Несептің жасалмауы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги