рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Анның пішінді элементтері

Анның пішінді элементтері - раздел Образование, ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Эритроциттер.Олардың Саны Адамның Жынысына Байла...

Эритроциттер.Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Эритроциттердің қызметі - ағзадағы оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау. Бұл қызметті эритроциттердің кұрамындағы күрделі белок гемоглобин атқарады. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар заттан және г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе куысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмірқышқылын қосып алып карбоксигемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің қүрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол СО2 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.

Эритроциттер қан плазмасының осмостық, қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық кысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан плазмасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады.

Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уакыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сарысуы шығады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.

Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а)ұрықтық эритроциттер; б) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1мм3 қанында 6,5 - 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап, орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қанда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млң, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бұл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына т.б. сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасында да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.

Эритроциттердің құрамындағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобинді 100% деп алсақ, жаңа туған сәбидің қанындағы гемоглобин 140-145% болады, яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен бірге сәбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сәбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қаркынды өтуіне мүмкіндік береді.

2-3 жастыңарасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/мкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %, 3 жаста қайтадан 100 % дейін көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады.

Эиртроциттердің тұну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің тұну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды.

Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді.

Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердін 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.

Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жүмысы, ас қабылдау, ұйқы т.с.с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцитарлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас корыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлык, формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.

Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін көбейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады.

Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады.

Тромбоциттер.Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғаякеле тромбоциттердін өндірілуі төмедейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.

Қанның ұюы.Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына катысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін

т р о м б деп аталатын қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 - тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады.

Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шүғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.

Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.

Тромбоциттердің саны баланың жасына карай өте көп ауытқиды; 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидін қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланыңөзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюына қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірак, өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің, организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.

Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері.Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойылғаңда бұл тұрақтылык өзгереді. Мектеп жасындағы баланың жұмысы кебінесе - оқу, ми еңбегі. Оқу ми еңбегі ретінде қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді. Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың әсерінен эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.

Қаннын тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін төмендегені туралы мәліметтер бар.

Жалпы алғанда қаннын құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.

Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер көбейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шүғылданғанда лейкоциттердін барлык түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфодиттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстык айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жүмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай кысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлықтай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана калпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезінде қанда жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А. Маркосян, 1960).

Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның тұтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Та ырып Ж йке ж йесіні рылысы ызметі Мен дамуы... Та ырып Жо ары ж йке рекеті... Та ырып Сенсорлы ж йелер Сезім м шелеріні гигиенасы Анализаторларды...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Анның пішінді элементтері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және ф

Тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін

Адам жасының кезеңдері
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір м

Тақырып. Қозу физиологиясы
Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық

Мен дамуы
Рисунок 1.5.19. Принципиальная схема строения синапса микротрубочки пресинаптическая мембра

Пути введения лекарственных средств

Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми мен ж

Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар Оң жақ жарты шар Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұ

Шкі мүшелерге әсері
№ Мүшелер Симпатикалық бөлімнің әсері Парасимпатикалық бөлімнің әсері

Жүйесінің гигиенасы
  Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойла

Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алғ

Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді. Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жа

Йқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланы

Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңu

Көру талдағышы
Көз аламасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро

Жарықты қабылдау
Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі арнайы заттар фотохим

Көру талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8 г. Көз жасының без

Көру гигиенасы.
Көру гигиенасының талаптары: -кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек; -жарыu

Дыбыс талдағышы
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады. Сыртқы құлаққа

Олардың жас ерекшеліктері
Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы ж&

Тақырып. Ішкі секреция бездері мен гормондар. Жасқа сай ерекшеліктері.
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп. Экзогендік (лат

Гипофиздің гормондары
Аденогипофиз Нейрогипофиз Алдыңғы бөлігі Ортаңғы бөлігі Артқы б

Жыныстық жетілу
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін а

Тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықттері жатады. Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұра

Ан топтары және иммунитет
Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі.Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда &

Тақырып. Тыныс алу жүйесі, оның жас ерекшеліктері. Тыныс алу гигиенасы
  Тыныс алу жүйесінің амаңызы. Тыныс алу мүшелерінің маңызы өте зор. Олар арқылы организмге тотығу процесіне 

Балалар мен жасөспірімдердің ӨТС-ы
Бала Жасы Ер бала

Тақырып. Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Астың ағзаға сіңуіне ыңғайлы болу үшін физикалық жән

Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі.Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейді

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР
  № Тақырыбы Орындау түрі Тапсыру мерзімі Жүйке жүйесіні

Олданылатын әдебиеттер тізімі
1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003. 2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, фи

Баға қою саясаты
Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады: -үй тапсырмасы (макс.

Су мен дамудың гетерохрондылығы неде?
А) Өсу мен дамудың біркелкі болмауы. В) Өсу мен дамудың жылдамдығы. С) Мүшелер қызметтерінің тежелуі. D) Организмнің

Жас ерекшелік физиологиясы нені зерттейтін ғылым?
А) Баланың құрсақта дамуын. В) Организмнің құрылысын. С) Организмнің әртүрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекет

Физиология нені зерттейді?
А) Ұлпалардың қызметін. В) Ағзаның құрылысын. С) Жүйелердің қызметін. D) Клеткалардың қызметін.

Андай кезең емшектегі сәби кезеңіне сәйкес келеді?
А) 1 айдан 2 жасқа дейін. В) 20 күннен 3 жасқа дейін. С) 5 күннен 1,5 жасқа дейін. D) 1 күннен 6 айға. Е) 10 күнн

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің I-ші жартысы қандай жас аралықтары?
А) Әйелдер 14-17 жас, ерлер 15-18. В) Әйелдер 21-35 жас, ерлер 22-35. С) Әйелдер 12-14 жас, ерлер 13-15. D) Әйелдер 20-22 жас, ерлер 19-20.

Зақ өмір сүрушілер.
А) 100 жас. В) 90 жастан әрі қарай. С) 85 жас. D) 65 жастан әрі қарай. Е) 95 жас. 28. Бастауыш сынып тағы оқ

Миелин қабығы нені қоршаған?
А) Синапсты. В) Ядроны. С) Органоидтарды. D) Аксонды. 38. Афференттік нервтердің қызметі: А) Қозуды жүрекке жет

Мидың қандай бөлігінде алғашқы көру, алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан?
А) Ортаңғы. В) Аралық. С) Мишықта. D) Артқы. Е) Үлкен ми сыңарларында. 49. Аралық мида орналас&#

Соматикалық жүйке жүйесі организмнің қай бөлігін нервтендіреді?
А) Ішкі мүшелерді. В) Ас қорыту мүшелерін. С) Сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын. D) Жүрек қан тамырлар ж

Рефлекс деген не?
А) Тітіркенуге клетканың реакциясы. В) Организмнің активті жағдайы. С) Ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіруіне нерв жүйесінің жауа

Рецептор деген не?
А) Тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын сезімтал құрылым. В) Орталыққа тепкіш афференттік нерв талшығы. С) Нерв орталығы м

Шартты рефлекстердің жасалу негізіне жататын не?
А) Уақытша нервтік байланыстардың болуы. В) Суммация. С) Доминант. D) Қозу мен тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Е) Био

Гиппократтың меланхолик типі Павлов бойынша қандай болады?
А) Әлсіз В) Байсалды. С) Ұстамсыз. D) Күшті. Е) Жылжығыш. 76. Экстрерорецепті шартты рефлекстер пайда болады:

Организмнің өміріндегі бір оқиғаны ұмытпай қалмауына не себеп болады?
А) Көз алдына елестету. В) Эмоция. С) Санада сақтау. D) Есте сақтау. Е) Индукция. 88. Адам қажеттілігінен туатын физиоло

Анализатор жөніндегі ілімді жасаған кім?
А) Сеченов. В) Гельмгольц. С) Павлов. D) Ломоносов. Е) Селье. 92. Талдағыштар 2 топқа бөлінеді: А) Дистантты

Бала отыратын бөлмеде ең тиімді жарық мөлшері қанша люкс болу керек?
A) 100-200 люкс. B) 150-300. C) 90-170. D) 50-80. E) 300-400. 102. Теледидар (экран 62 см) көргенде ең кемінде қандай қашықтықта к

Бұлшық еттерде орналасқан нерв ұштары қалай аталады?
A) Эффектор. B) Рецептор. C) Синапстар. D) Миофибрилдер. E) Саркоплазма. 113. Ет пен сіңір рецепторлары қалай аталады? A) Интерорецепторлар

Жыныстық жетілу қыз балаларда қай жаста басталады?
A) 9-10. B) 10-11. C) 11-12. D) 12-13. E) 13-14. 142.Стрестің симпатикалық жүйке жүйесі қызметіне әсері: A) Тежейді

Ан тобының эритроциттерінде кездесетін агглютиногендер
A) С. B) В. C) АВ. D) А. E) Жоқ. 199.ІҮ-ші қан тобының плазмасында кездесетін агглютининдер: A) Жоқ. B) α C)

Анның құрамына қандай жасушалар кіреді?
А) Сүйек жасушалары. В) Эпителий жасушалары. С) Ет жасушалары. D) Лейкоциттер. Е) Нейрондар. 207. Қан қысымын өлшейтін &

Реципиент деген кім?
А) Қан беруші адам. В) Иммунитеті жоғары адам. С) Қан қысымы төмен адам. D) Қаны аз адам. Е) Қан қабылдаушы адам.

Тыныс алу жүйесіне жататын қандай қабыну прцестерін білесіздер?
А) Скарлатина, тұмау. В) Гайморит, фронтит, тонзилит, аденоид. С) Гипертония, тұмау, отит. D) Герпес, катаракт, тұмау. Е) Қызылша, ангина

Астың қорытылуы негізінен қандай химиялық заттардың көмегімен іске асды?
А) Қышқылдар. В) Сілтілер. С) Гормондар. D) Тұздао. Е) Ферменттер. 234. Ас қорыту мүшелерінің қызметін

Сілекейдің қоймалжың болуы неге байланысты?
А) Муцинге. В) Амилазаға. С) Карбонатқа. D) Бикарбонатқа. Е) Майға. 238. Сілекей құрамындағы лизоцим ф

К1 және К2 витаминдерінің организмдегі негізгі ролі неде?
А) Сүйектерді қатайтады. В) Қанның ұюына қатысады. С) Зат алмасуын реттейді. D) Адам бойын өсіреді. Е) Минералды заттар

Асқорыту деген не?
А) Тамақтық физикалық өңдеуден өту процесі. В) Тамақтың химиялық өңдеуден өту процесі. С) Тамақты

Диссимляция деген не?
А) Тотығу-тотықсыздану сипатты биохимиялық реакциялар. В) Күрделі органикалық қосылыстардың ыдырауы нәтежиесінде энергия бөле отыра &#

Бауыр қандай мүшелер жүйесіне жатады?
А) Ас қорыту. В) Қан түзу. С) Лимфа түзу. D) Бөлу. Е) Тыныс алу. 257. Ас қорытудың қабырға

Белоктық минимум дегеніміз не?
А) Адамның тіршілігіне қажет белок мөлшері. В) Белоктың артық мөлшері. С) Организмдегі белоктың аздығы. D) Белоктың

Жылу жасаудың ең интенсивті болуы қайда?
А) Бауырда. В) Өкпеде. С) Теріде. D) еттерде. Е) Бүйректерде. 278. Тіл ұшындағы дәм сезгіш рецепторлар:

Бүйрек денешіктері қалай аталады?
А) Нефрон. В) Нейрон. С) Капсула. D) Эпителии. Е) Бүйрек клеткасы. 284. Бүйрек ұлпасында өндіріліп, артерия қысымы

Энурез дегеніміз не?
А) Несептің шықпауы. В) Нефрондардың сүзілуі. С) Еріксіз несеп шығару. D) Бүйректің ісінуі. Е) Несептің жасалмауы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги