рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ағылшын ағартушылығы

Ағылшын ағартушылығы - раздел Социология, СОЦИОЛОГИЯ   Жаңа Дәуірде қоғамдық Ойдыv...

 

Жаңа дәуірде қоғамдық ойдың дамуына Томас Гоббстың (1588 - 1679) адам, мемлекет және құқық туралы ілімі зор ықпал етті. Гоббс адамды санасы мен тілі бар тіршілік иесі деп біледі. Адам - мәдениет әлемін жасаушы, мораль мен саясаттың нағыз субъектісі. Өзінің “Адам табиғаты” атты зерттеуінде ол былай деп жазады: “Адам табиғаты оның тамақтану, іс-қимыл жасау, өсіп-өну сияқты, сезім, ақыл-ой сияқты тағы басқа табиғи қабілеттері мен күш-қуатынан тұрады. Бұл қабілеттерді біз бір ауыздан табиғи деп айтамыз және ол адамды ақыл-ойы бар жануар ретінде қарастырамыз” [21].

Адам өзінің еркіндігін сезінбесе оның әрекет етуі мүмкін емес. “Шіркеу иелерінің” теоцентристік дүниетанымында ерік-жігер еркіндігі түсінігін адам рухының аяқ асты туындайтын ішкі сезімдерін қасиеттерін түсіндіру үшін пайдаланған. Ерік-жігер еркіндігі көбінесе адамдарды күнәкәрлік әрекеттерге итермелейтін, адамның индетерменистік қылықтарын ақтау жолы болды. Сондықтан да, Гоббс ерік-жігер еркіндігі түсінігіне еркіндік түсінігін қарсы қояды, еркіндік және қажеттіліктің белгілі бір тұтастығы идеясын философия үшін маңызды деп тұжырымдайды. Кейіннен бұл мәселе бойынша Спиноза Гоббстың ізін басушы болды. Ол “еркіндік және қажеттілік үйлеседі”, - деп мәлімдейді. Дене қалай ұзындықпен өлшенсе, сол сияқты еркіндік те қажеттіліксіз өмір сүрмейді. Еркіндік түсінігі қажеттілік түсінігінің толықтырушысы болып табылады. Мәселен, су біркелкі ағып жатыр, бірақ міндетті түрде өзен арнасымен ағады, яғни су ағыны арнамен жүру қажеттілігіне байланысты. Адамның іс-әрекеттерінде де еркіндік пен қажеттіліктің қосылуы жүріп отырады. Бірақ адам еркіндігі тікелей еркіндік пен белгілі бір қажеттілік үйлесімділігіне тәуелді. Бұған көз жеткізу үшін Гоббстың философиялық доктринасының нәтижесі болып саналатын әлеуметтік-саяси білімін қарастыруға болады.

Гоббстың әлеуметтік-саяси тұжырымдамасы жеке-дара ұстанымдар тұрғысынан әлеуметтік өмірді талдау негізінде қаланған. Макиавеллидің ізімен Гоббс та қоғамды құтыла алмайтын зұлымдық, адам мүддесінен туындайтын әрекет ретінде қарастырады. Мұнда адам табиғаты өзіне тән өзімшілдіктің басымдылығына байланысты әлеуметке қарсы, қоғамға қас болып отыр. Гоббстың номиналистік позициясы жекені - негізгі, басты ретінде, қоғамдық мемлекеттікті - туындаушы және кейінгі ретінде қарастырды. Адамның қоғамдық істерге араласуы индивидтің жеке мүдделерін қанағаттандырылуына тікелей тәуелді. Қабілеттер теңдігі өз мақсаттарына жетуге бағытталған үміттер теңдігін туғызады. Бұл теңдік өзара бір-біріне сенімсіздік әкеледі. Өз мақсаттарына жетуге ұмтылған адамдар бірін-бірі жоюға немесе бағындыруға тырысады. Ал өзара сенімсіздіктің салдары - соғыс.

Гоббс адам табиғатында соғыстың үш негізгі себебін көрсетеді: бақталастық, сенімсіздік және атаққұмарлық [22].

Бірінші себеп пайда табу мақсатында адамдарды бір-біріне тиісуге мәжбүр етеді, екіншісі - өз қауіпсіздігі мақсатында, ал үшіншісі - абырой табу жолында. Ондай жағдайды Гоббс “адамның бір біріне қарсы жаугершілік күйі”, “табиғи жағдай” деп анықтап, мұны мемлекеттік ұйымның жоқ болуымен түсіндіреді. Гоббстың “табиғи жағдайы” - алғашқы қауымдық қоғам емес. Ол ұғым адам табиғатының “таза күйіндегі” ерекшеліктерін көрсететін рационалистік абстракцияны құрайды. Ондай жағдайда мораль шеттетіліп, адам өзінің құштарлық пен құмарлық сезімдеріне беріліп кетеді. Бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы шексіз бостандық болып есептеледі. Алайда бұл бостандық елес қалпында қалады, өйткені ол қажеттілікпен байланысты емес, онымен шектелмеген. Мұндай бостандық “адам адамға қасқыр” жағдайын және адамның өзін-өзі жоюы қаупін тудырады. Осыдан Гоббстың табиғи жағдайдан мемлекеттік, қоғамдық жағдайға өту жөніндегі өмірлік қажеттілігі пайда болады, бұл қажеттілік бейбітшілікке жетуде адамның барлық табиғи құқықтарын шектейді. Мұндай шектеуге тәуелсіз және барлығына міндетті мемлекеттік билікті орнату туралы қоғамдық келісімді бекіту арқылы қол жеткізуге болады. Гоббс бойынша бұл келісім белгілі бір уақытта бекітілетін акт емес, ол адамдардың соған қажеттілігі туындағанын сезіну процесі.

Гоббстың мемлекет жайындағы ілімінің прогресшілдік маңыздылығы, оның мемлекет - құдайдың орнатқаны емес, адамзаттық деп қарастыруында жатыр. Халық игілігі мен бейбітшілікті қорғау - мемлекеттің негізгі заңы мен “табиғи құқықтың” негізі. Мемлекет табиғат заңдарының орнына қоғамдық заңдарды алға тартады, табиғи құқықтарды азамат құқықтарымен шектейді. Алайда табиғи құқықтар еш нәрсемен шектелмейтіндіктен, азаматтың құқықтары да шектелмейді. Бұл арқылы Гоббс мықты мемлекеттік билік қажеттілігін негіздейді және оның бөлінуіне жол бермейді. Билік бөлінетін болса, ол тек оны әлсіретеді деп есептейді.

Гоббс мемлекет туралы ілімінде мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: демократия, аристократия және монархия.Мемлекеттік басқарудың ең қолайлы формасы ретінде монархияны, яғни заңдармен шектелген король билігін көрсетеді. Алайда басқару формаларын бөлудің маңызы жоқ, өйткені Гоббстың ойынша кез келген мемлекетті халық басқарады. Гоббс үшін ең маңыздысы - ол мемлекетті абсолюттік егемен ретінде мойындау. Күшті мемлекетті дәріптей отырып, ол Англияда жүріп жатқан азаматтық соғысты тоқтату мақсатындағы буржуазия диктатурасы теоретиктерінің алғашқыларының бірі болды. Гоббстың мемлекет туралы ілімі XVІІ - XVІІІ ғасырлардағы Еуропаның қоғамдық-саяси ойлардың дамуына үлкен ықпал етті.

Джон Локктың (1632 - 1704) социологиялық көзқарасында буржуа­зия мен дворяндардың арасындағы саяси ынтымақты келісім идеясы жатыр. Ол ағылшын буржуазиялық либерализмінің алғашқы өкілдерінің бірі, конституциялық монархияның жақтаушысы болып табылады. Оның әлеуметтік-саяси ойларының негізіне табиғи құқықтар мен қоғамдық келісім туралы ілімі жатады. Локктың “табиғи күйі” Гоббстың “адамдардың бір біріне қарсы жаугершілік күйіне” ұқсамайды. Ол бүкіл билік пен заңдылық өзара тепе-тең жағдайды көрсетеді деп есептейді. Локк бұл жағдайды тең қатынастардың, бостандықтың және адамдардың бір-біріне тәуелсіздігінің жиынтығы деп көрсетеді.

Адамдардың бақылауға келмейтін бостандықтарын табиғи заң шектейді, онда былай деп жазылған: “ешбір адам басқа адамның өмірін, денсаулығын, бостандығын не оның мүлкін шектей алмайды” [23]. Бірақ біртіндеп табиғи заң бұзыла бастады. Табиғи күйден “адамдардың бір біріне қарсы соғыс күйіне” ауысу белгілері пайда бола бастады. Мұның себебін Локк халықтардың өсуімен түсіндірді. Мұндай жағдайда адамдар мемлекетті орнатып, келісімнің негізінде құрылған билікке табиғи құқықтардың бір бөлігін беруді қажет деп санады. Билік адамдардың жеке бостандығы мен мүлкі сияқты “табиғи заңдарды” қорғауға міндетті. Сонымен қатар билік абсолютті бола алмайды, оның өзі заңдарға бағынуға міндетті. Егер билік заңға қарсы іс-әрекет етіп, құқықты бұзса, онда халық өзіне егемен құқығын қайтарып, үкіметпен келісімін бұзып, басқа үкімет орнатып, оған егемендікті бере алады. Бұл жағдайлар Локк заманындағы Англияда жүріп жатты. Осылай ол В.Оранскийдің буржуазиялық-дворяндық партиясының билікке келуін теориялық жағынан түсіндіруге тырысты.

Локк өзінің “Басқару туралы екі трактатында” буржуазиялық парламентаризм теориясын дамытады. Оның ойынша саналы құрылған мемлекет биліктің үш элементіне ие болады: заң шығарушы (парламент), атқарушы (сот және әскер) және “федеративті” сыртқы қатынастарды (король мен министрлер) басқарушы. Мемлекетте басты рөл заң шығарушы биліктің қолында болуы керек. Билікті дұрыс бөлу теориясы абсолюттік монархияға қарсы бағытталған және бұл бөлініс буржуазия мен буржуазияланған дворяндықтардың арасында бейнеленеді.

Локктың әлеуметтік-саяси көзқарасы, соның ішінде оның қоғамдық келісім идеясы және билікті дұрыс бөлу теориясы Гоббстың көзқарастарымен салыстырғанда неғұрлым алда. Оның ілімдерін кейін француз революциясының идеологтары мен XVІІІ ғасыр ағартушылары пайдаланды.

Дэвид Юм (1711 - 1776). Қоғамдық келісім теориясының утопизмін көрсетуге тырысып, адамзат тарихын табиғи және қоғамдық жағдайлар кезеңіне бөлуді теріске шығарады. Юм бойынша адамдардың қоғамға дейінгі жағдайы болмағандықтан, оның қоғамдық жағдайға тарихи дәуір ретінде өтуі де мүмкін емес. Алғашқы кездің өзінде адамдар қоғамдық жағдайдың шеңберінде болып, соның шарттарында дамиды. Алайда қоғам мен мемлекетті бірдей тең көру дұрыс емес. “Адам табиғаты трактатында” Юм адамзат қоғамының саяси ұйымға өтуі отбасы институты арқылы жүргізілген деп есептейді. Яғни әлі дамымаған тайпалар өмірінде отбасы түріндегі қоғамдық жағдайдың элементтері пайда болған. Әкенің балалары алдындағы билігі мемлекеттік биліктің бейнесі ретінде қарастырылды. Отбасы басшысының билігінен жалпы тәртіп пен әділеттілік органы ретіндегі саяси билікке өту жолын Юм мемлекеттіліктің құрылуы мен даму жолы деп есептейді.

“Алғашқы келісім туралы” еңбегінде үкімет билігін орнатуға қатысты адамдар мен оның конституциялануына себепкер болушы адамдар арасындағы ерікті келісім орнату ойы айтылады. Сонда мұның өзі “ортақ мүдде үшін қандай да бір уәде бермей-ақ, келісім де жасамай-ақ екі адамның қайық есіп отырғанындай” “үнсіз үндестігі” түріндегі қоғамдық келісімнің бастамасы болып шығады [24].

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

СОЦИОЛОГИЯ

На сайте allrefs.net читайте: СОЦИОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ағылшын ағартушылығы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004. – 506 бет.
  ISBN   Оқулықты баспаға Қазақстан социологтары ассоциациясының кәсiби бiрлестiгi мүшелерiнен құрал

М.ТӘЖИННІҢ АЛҒЫ СӨЗІ
    Қалыптасып қалған санада социол

КІРІСПЕ
Социология - қызықты және іс жүзінде маңызды ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістер

Социологияның объектісі мен пәні
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айu

Социологиялық білімнің құрылымы
  Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі &#

Социологияның функциялары
Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының сан қырлыл

Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
Категориялар жүйесі - ғылыми зерттеудің зерделенетін эмпирикалық объектілерді сипаттау және түсіндіру үшін пайдаланылатын маңызды құрал.

Оғам жүйе ретінде
Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады. Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “таби

Және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұu

Оғам құрылымындағы тұлға
Әлеуметтік іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оны мынадай дең

Леуметтік мәртебелер және рөлдер
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жа

Леуметтік стратификация
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады.

Леуметтік топтар
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Леуметтік институт
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам

Леуметтік ұйымдар
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарғ

Алыптасу негіздері
  Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму

Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы
(ретроспективті шолу) Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам д|

Дамуының негізгі бағыттары
  Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екенін білдіретін тұжырымдамалардың,

Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
№№ Жоғары оқу орнының атауы Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы

Оғамдық пікір социологиясы
· Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 58с. · Эмпирия общественн

Леуметтік білім эволюциясы
Социология тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда соци

Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
  Социологиялық ой дамудың бірнеше кезеңдерінен өткен. Үш кезеңді бөліп қарауға болады - АЛДЫҢҒЫ ТАРИХИ (Ежел

Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ - ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалд

Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық идеологиясының жетекші бағыттары брахманизм мен буддизм болды [5]. Олар б.з.д. І м

Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
  Көне ой әлеуметтік саланы зерттеулерге күшті серпін берді және социология негіздерінің іргесіне бірқатар элементтер қалады. Платонның

Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
Еуропадағы қоғамдық-саяси көзқарастар   Орта ғасырлар Еуропа тарихында V ғасырдағы Р

Араб шығысының социологиялық ойы
  Шығыстың философиялық ойының барлық тарихында осы аймақтың көрнекті ойшылдары өздерінің қоғамдық-саяси

Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
Жаңа дәуір - XVІ - XІX ғасырларды қамтитын үлкен тарихи кезең. Бұл кезеңде Еуропада буржуазиялық тәртіп орнады. Осы кезеңдегі еуроп

Айта өрлеу дәуірі
  Қайта өрлеу дәуірін (XV - XVІ ғасырлар) әлеуметтік ой дамуының жаңа кезеңі деп есептеуге әбден болады. Адамға және

Француз ағартушылығы
  XVІІІ ғасырдағы Франциядағы феодалдық дүниетанымға қарсы күресте буржуазияның саяси санасының қалыптасуы идеялы

Неміс ағартушылығы
  Классикалық неміс философиясы қоғамдық теорияның дамуында үлкен рөл атқарды. Өткен доктриналарды сын тезінен өткізе отыры

Орытынды
Сонымен, біз әлеуметтік ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын қарастырдық. Жалпы, ежелгі ағартушылық кезең

Огюст Конт
  Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философияда&#

Джон Стюарт Милль
  Джон Стюарт Милль (John Stuart Mіll) (1806 - 1873) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі.

Карл Маркс
  Карл Маркс (Karl Marx) (1818 - 1883) - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы. 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасы

Герберт Спенсер
  Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эвол

Вильфредо Парето
  Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық к

Фердинанд Теннис
  Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің классикалық социологиясының негізін қалаушы. 1855 жылы 26 шілдеде Оль

Эмиль Дюркгейм
  Эмиль Дюркгейм (Emіl Durkhgame) (1858 - 1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың

Гаэтано Моска
  Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер. Моска “Элементтері” (1895) шыққан

Георг Зиммель
  Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғ

Макс Вебер
  Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер. Эрфурт қаласында заңгердің отбасынд

Тарау. ҚАЗІРГІ ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
  Социология жеке индивидтерді, түрлі әлеуметтік топтарды, жалпы қоғамды, әлемдік немесе қазіргі атауы ғаламдық қауымдастық

Жаһанданудың қазіргі теориялары
  Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетей

Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
  Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон ал

Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
  Энтони Гидденс - теориялық социология мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі социологтардың бірі. Гидденс

Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
  Әлем-жүйелік сараптау теориясын қарастыруды әлем-жүйелік сараптаудың басты жорамалдарын талдаудан бастаған тиімді болады: 1. |

Және жаһандану процесі
  Мануэль Кастельс - қазіргі әлемдегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-тың Калифорния университетінің (Берк

Айраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
  Қазіргі социологиялық теориядағы шешуші проблемалардың бірін “қайраткер - құрылым” дилеммасы құрайды. “Қайраткер

Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
  Социология үшін маңызды болып табылатын “құрылым - қызмет” проблемасын қарастыратын белгілі және беделді теориялардың бірі Маргарет А

Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
  Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің теориялық құрылымдарында социологиялық классик

Ызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
  Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің текетіресімен өтті. Әс

Жаңа институционализм теориясы
  Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теориялар қоғамға тұрғындардың

Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
  Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) социология профессоры Нил Флигстайн түсіндіруі бойынша институционализмнің жаңа теорияларының сыни рефле

Бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ
  Социология өзге ғылым секілді өзінің даму барысында ішкі құрылымдану процесін өткереді. Әлеуметтік құбылыстар мен процест

Экономикалық социология пәні
  Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономик

Экономикалық социологияның тарихи дамуы
  Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда

Экономикалық социологияның негізгі категориялары
  Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын жасап шығаруға мүмкіндік беретін, дербес қалыптасқан теориялық аппараты құ

Нарық социологиясы
  Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Батысты

Кәсіпкерлік социологиясы
  Тұрақты даму мен халықтың халін қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторларының бірі, Қазақстан Республикасы

Шаруашылық ұйым социологиясы
  М.Вебердің пікірі бойынша, ұйым - жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте өкілдік билікке ие басшы, әкімшілік аппарат) реттеп отыратын, сырттан

Социологиясы
  Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тақырыбы отандық социология үшін жаңа және өзекті болып табылады. Өйткені еңб

Тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ
  Саясат (грекше polіtіka-мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның ұйымдасқан және реттеуші-бақылаушылық орт

Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
  Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясат

Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
Саясаттану және саяси социология ғылымының екі саласы ретінде бөлек қарастырылғанына қарамастан, олардың зерттеу объектісі мен пәні өте &

Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
  Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік &#

Саяси социологияның субъектісін түсіну
  Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағд

Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
  Саяси социология зерттеу әдісінің нақтылы бір ғана түрі пайдаланып қоймай, өз мәнінде пәнаралық ғылым болып табылад

Категориясы ретінде
  Қоғамдағы институттанудыру процестері саяси социология үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және

Билікке түсінік беру
  Саясаттың негізгі мәселесі - бұл саяси билік жөнінде. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өздерінің саяси ерік

Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
  Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті алғышарты мен талабы болып өзіндік ерекшелігі бар және айқын көрінген саяси кеңістігін

Азаматтық қоғам және оның институттары
  Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.Локк еді. Ол өз ойларында принциптік маңызды жаu

Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
  Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар алғашқы бөлінбейтін элементі ретінде, саяси сала

Саяси жетекшілік
  Белсенді саяси рөлге ұмтылушы тұлға саяси социологияның жеке зерттеу объектісін білдіреді. Бұл жағдай жетекшілердің, әсіресе са

Оғамдық пікірдің саяси социологиясы
  “Қоғамдық пікір” (publіc opіnіon) ұғымы алғаш рет ХІІ ғасырда қолданған деп саналады. Бұл ұғымның автор

Ылым социологиясы
  Ғылым социологиясы - социологиялық білімнің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып шықты, бірақ қоғам дамуы

Білім беру социологиясы
  Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардыv

Мәдениет социологиясы
  “Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда

Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
  Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды

Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
  Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі д

Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
  Дін зайырлы институттармен әрекеттесе отырып, “әлемде” өмір сүру үшін қандай да бір әлеуметтік ұйымдасқан формаға айналу

Тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ
  Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болды. Этносоцилогия |

Этникалылықтың теориялық мәселелері
  Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген

Этносаралық қатынастар
  Этносаралық қатынастар проблемасы - шет елдік және отандық социологияның ойлары бір жерден шығатын білім саласы. Ресейлік ғалымдар

Социологиялық зерттеу
  Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселесін социологиялық зерттеу кеңес заманында да жүргізілген және оның ішін

Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
  Ұлтаралық қатынастар саласы барлық мемлекеттік құрылымдардың және ғылыми-зерттеу институттарының, әр түрлі ба

Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент
  2003 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша жасалған.   1. Олардың ішінде аймақтарға үле

Леуметтік жанжал табиғаты
  “Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылды

Жанжалды жіктеу
  Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың өзіндік ерекше

Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
  Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайд

Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
  Бәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында кез келген, керек десеңіз оның жақсы қызмет етуіне қатысатын ұ

Түрі ретінде
Ертедегі капиталистік индустралияландыру кезеңі үшін төңкерістің биіктеуіне әлсін-әлсін үрей туғызған, өндірістік және ә

МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ЛОГИКАСЫ
  Бұл бөлімнің материалын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен осы оқулықтың жоғарыда қарастырылған бөлімдеріні

Мен логикасы
  Методология (гректің metodoV = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің logoV = logos - ұғым; ой,

Социологиялық зерттеудің кезеңдері
Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақ

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте

Ріктеу жиынтығы
  Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап а

Сипатты есептеу
Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бір

Ріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элем

Социологиялық зерттеулерді жіктеу
  Нақтылы, өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену, айтарлықтай тәжірибелік нәтижелерге бағыт алу - соц

Панелдер
  Бүгінде стандартты “синтетикалық” панельдер Target Group Іndex (TGІ) - Мақсатты топтар индексі мен Medіa Marketіng Іndex (MMІ) - Медиа-маркетинг индексі кеv

Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
  Алдағы парламент сайлауында сайлаушылардың ниеттері мен ұнатуларын анықтау мақсатында сұрау жүргізіп жатқанынызды көз алдыv

Сандық және сапалық әдістемелер қалай өзара әрекеттесіп, бірін-бірі ауыстырады?
2000 жылы BІSAM Central Asіa Социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы Дүниежүзілік Банктен “Қазіргі ауылды Қазақстан” атты зерттеу жоба

Формализмге негізделген сұрау
Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек социологиялық әдіс қана емес, ол психология, медиц

Формализмге негізделмеген сұхбат
  Әдебиетте бұл әдістің еркін, стандартты емес, құрылымдық емес сұхбат деген өзге атаулары кездеседі. Көп жағдайда “т

Фокус-топ
  Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде а

Бақылау
  Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында а

Халықаралық ережелері
Бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық Одақтың көптеген елдері мен АҚШ-та әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинауды реттейтін арна

Тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ
  Құралдар жиынтығы ұғымы ақпарат жинаудың әр түрлі кезеңдерінде зерттеу бағдарламасы негізінде жасалынатын жән

Формализмге негізделген сұрақнама
  Сұрау әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұрақтардың белгілі бір типологиясы бар.

Ымбатты “N”-лық!
Сізді республикадағы қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі сұрауға қатысуға шақырамыз. Әрбір сұрақ пен оныv

Атысқаныңыз үшін рахмет!
  Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейі

Фокус-топтың гайды
  Фокус-топтың гайды пікір алысу жоспарын білдіреді. Әрине, топтық динамика пікір алысуды әрдайым осы жоспардан ауытқып жіберуі мүмкін, бірақ

Бағдарламамен танысу
SPSS 10.0.5. for Wіndows - статистикалық өңдеудің барлық спектрін жасауға мүмкіндік беретін кәсіби кешен. Қолда бар графикалық формада ст

Терезелер
  SPSS-те терезелердің 7 түрі бар: Мәліметер редакторы (Data Edіtor). Бұл терезеде мәліметтердің ағымдағы фай

Диалогтық терезелер
  SPSS-тегі көптеген меню терезелері диалогтық терезелерді ашады. Олар талдау үшін өзгермелілер мен өлшемдерді таңдау үшін пайдаланылады.

Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
          Таңдалған өзгермелілер

Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
SPSS-те мәліметтерді талдау қарапайым. Ол үшін мыналарды істеу керек: SPSS-ке мәліметтерді салу. Ол үшін мәліметтер редакторында жасалы

Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
         

Мәліметтерді енгізу
  Мәліметтерді енгізу - бұл кесте ұяшықтарын алғашқы ақпаратта орын алған сандармен толтыру болып табылады. SPSS-те мәліметтерді

Мәліметтерді түзету
Ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту үшін мыналар қажет: маус немесе пернетақтадағы стрелкалар арқылы қажетті &

Save Data
Сол жақтағы екінші батырманы басып, құралдар панелін де пайдалануға болады. Өзгертілген мәліметер файлы алдынғы нұсқадан жоғары са&

Нәтижелерін шығару
  SPSS рәсімдерінің орындалу нәтижелері Output Navіgator (Қорытынды навигаторы) деп аталатын терезеге шығарылады. Қорытынды навигаторын мы

Q68 Респонденттің жынысы
    Frequencіes   Percent Valіd Percent Cumulatіve Percent Valіd 1.ерлер

Графиктер құру
  Графиктер құру алдында мәліметтерді енгізу қажет. Оны әр түрлі тәсілдер арқылы жасауға болады: Мәліметтер редакторында м&

Мәліметтерді статистикалық өңдеу
  SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, t - өлшемді есептеу, қос және жек

Тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
Социологиялық мәліметтерді талдаудың объективтілігі көбінесе социологтың зерттеу объектісі мен пәнін білуіне байланысты. Алынған мәліметтерд

Мәліметтерді талдау кезеңдері
Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді: зерттелетін объектінің тіркелеті

Зерттеу нәтижелерін ұсыну
  Социологиялық зерттеудің қорытындысы есеп түрінде көрінеді. Есеп - директивті шешімдер мен монографиялар, ұжымдық жариялан

Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
  Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақ

МАЗМҰНЫ
  КIРIСПЕ.................................................................................................................. I бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҰҒЫ

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги