рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Және жаһандану процесі

Және жаһандану процесі - раздел Социология, СОЦИОЛОГИЯ   Мануэль Кастельс - қазіргі әлемдегі Ең Беде...

 

Мануэль Кастельс - қазіргі әлемдегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-тың Калифорния университетінің (Беркли) профессоры. 1996 - 1998 жылдары М. Кастельс өзінің қазіргі әлем туралы көп жылдық зерттеулерінің қорытындысы болып табылатын іргелі үш томдық монографиясын жариялады: “Іnformatіon Age: Economy, Socіety and Culture, Vol. 1-3 Oxford: Blackwell Publіshers, 1996 - 1998”. 2000 жылы Мәскеуде Кастельстің “Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам және мәдениет” атты еңбегінің алғашқы томы орыс тілінде жарық көрді.

Кастельстің ақпараттық экономика мен жаһандану процесі туралы көзқарастарын талдауды оның қолданатын ұғымдарын анықтаудан бастаған жөн. Біз үшін ақпараттық экономика, ақпараттық технологиялар ұғымдары үйреншікті болып табылатындығы белгілі. М.Кастельс информационализм, ақпараттық экономика сияқты ұғымдарды қолданады. Кастельстің информационализмі, мәдениет пен институттардың сан алуандығына қарай әр түрлі формада көрініс табатын жаңа әмбебап әлеуметтік құрылымның пайда болуын білдіреді. Бұл жаңа әлеуметтік құрылым немесе өз кезегінде ХХ ғасырдың соңындағы өндірістің капиталистік әдісінің қайта құрылу нәтижесінде қалыптасқан информационализм. Соңғы жиырма жылда бір мезгілде қалыптасқан экономиканы Кастельс ақпараттық және жаһандық деп түсінеді. “Ақпараттық - өйткені бұл экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен факторлардың өнімділігі мен бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте олардың білімге негізделген ақпаратты жасау, өңдеу және тиімді пайдалану қабілетіне байланысты. Ғаламдық - себебі, өндіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет көрсетулердің айналымы сияқты экономикалық қызметтің негізгі түрлері, сонымен бірге оны кұраушылар (капитал, еңбек, шикізат, басқару, ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы ғаламдық көлемде ұйымдастырылады және, соңғысы, ақпараттық және ғаламдық - өйткені жаңа тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір деңгейіне жету мен бәсекелестіктің болуы тек ғаламдық және өзара байланысты желінің ішінде ғана мүмкін” (81-бет). Ғаламдық желі Кастельстің ойынша осындай жаңа экономиканың пайда болуына қажетті материалдық базаны қамтамасыз еткен ақпараттық технологиялар саласындағы революция нәтижесінде тек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана пайда болды. Бұл бастапқы пікірлер еді.

Кастельстің ғаламдық экономика туралы көзқарастары ерекше қызығушылық тудырады. Кастельстің пайымдауынша ғаламдық экономика - бүкіл планета ауқымында, нақты уақыт режимінде біртұтас жүйе іспетті қызмет ете алатын экономика. Өндірістің капиталистік әдісі уақыт пен кеңістіктің шегінен өтуге тырысып, үздіксіз дамыды, алайда тек ХХ ғасырдың соңына қарай негіздемесі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар болып табылатын жаңа инфрақұрылым негізінде ғана әлемдік экономика шын мәнінде ғаламдыққа айналды. Шындығында да тарихта алғаш рет капиталды басқару, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін ғаламдық қаржы рыноктарында үздіксіз жүзеге асады: әрбір секунд сайын электронды режимде бүкіл әлем бойынша миллиардтаған долларларға келісімдер жасалады. Басқаша айтқанда, капитал ағымдары ғаламдық сипатқа ие болып, сонымен бірге жеке экономиканың қызметіне тәуелсіз бола бастайды.

Еңбек рыногы, Кастельстің пайымдауынша, кішкентай, бірақ та дамып келе жатқан кәсібилер мен ғалымдар бірлігін қоспағанда, ғаламдық болып табылмайды. Алайда еңбек, Кастельстің пікірінше, үш арна арқылы жасалатын ғаламдық ресурс болып табылады: (1) фирмалар машық, шығын немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты еңбек ресурстарын табу үшін әлемнің кез келген жерінен өз орнын таңдай алады; (2) фирмалар кез келген жерде жан-жақтан жоғарғы білікті жұмыскерді өзіне тарта алады, егер де жоғары жалақы ұсынса, ол оған қол жеткізеді; (3) адамдар өз қалауымен жоқтықтан, соғыстан және балаларының қамын ойлап әлемнің кез келген нүктесінен кез келген рынокқа бара алады.

Ғылым, технология мен ақпарат та ғаламдық ағымдарға жинақталған. Мысалы, ғаламдық өзара байланысты жүйеде білім алмасу ғылымның жылдам даму шартына сәйкес келуімен қатар интеллектуалды жеке меншікті бақылауға кедергі болады.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногы, еркін сауда мен тамыр-таныстыққа шектеу қоятындығына қарамастан барған сайын жаһанданып жатыр. Әрине, бұл барлық фирмалар өз өнімдерін бүкіл әлем бойынша сатып жатыр деген сөз емес, алайда ол шағын немесе ірі фирманың стратегиялық мақсаты өз өнімдерін бүкіл әлем бойынша сату екендігін көрсетеді. Сонымен бірге, Кастельстің ескертуі бойынша, мысалы, мемлекеттік қызмет немесе бөлшек сауда сияқты жеке салаларды ұлттық мемлекеттер мәдени не институционалды құралдар арқылы әлемдік бәсекелестіктен қорғайды.

Сонымен, Кастельстің пікірінше, қазіргі ақпараттық экономика ғаламдық режимде жұмыс істейді. Бірақ ешқандай халықаралық экономика бұлай жұмыс істемейді. Кастельстің пікірінше, халықаралық экономика ғаламдық болып табылмайды. Ол ғаламданудың қандай шектерін көреді? Біріншіден, Кастельстің пікірінше, тіпті өндірістің стратегиялық маңызды салалары мен ірі фирмалар үшін рынок толық интеграциядан әлі алыс. Екіншіден, қаржылық ағындар валюталық және банк операцияларын іске асыру ережелерімен шектелген; иммиграциялық бақылау мен адамдар ксенофобиясы нәтижесінде еңбектің жинақылық деңгейі төмендеуде; аса ірі ұлттық корпорациялар өз активтерін бұрынғыша тарихи отанында орналасқан стратегиялық командалық орталықтарда ұстайды.

Кастельстің жаһандану процесін сынаудағы тағы бір оңтайлы жері - мемлекеттің белсенді позициясын және жаңа экономика құрылымы мен динамикасының дамуына әсер ететін ұлттық үкіметтердің маңызды рөлін елеп-ескермеу деуге болар еді. Қазіргі таңда, Кастельстің пікірінше, дербес мемлекеттер немесе, мысалы, Еуропалық Одақ секілді осы тектес мемлекеттердің одағы өмір сүргенге дейін, толығымен интеграцияланған ашық әлемдік еңбек, технологиялар, тауарлар мен қызмет көрсету рыногының пайда болуын болжауға болмайды. Оның үстіне, БҰҰ-ның Ұлттық шеңберден тысқары корпорациялар жөніндегі орталығы өткізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, корпорациялардың мемлекетке тиісті болуы корпоративті мінез-құлыққа толығымен сәйкес келеді. Мысалы, жапондық аса ірі ұлттық корпорациялар, негізгі қаржылық және технологиялық активтерін өздерінде ұстай отырып, жапон үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрді. Бұл еуропалық аса ірі ұлттық фирмаларға да қатысты. Мәселен, немістің аса ірі ұлттық алпауыты Фольксваген Германияны біріктіру міндетін іске асыру үшін Батыс Еуропа елдеріндегі инвестиция көлемін қысқартып, тәуекелге бел буып, Шығыс Германиядағы қаржы істеріне ақша салды.

Саяси стратегия құралы ретінде экономикалық бәсекелестікті белсенді түрде пайдаланатын ұлттық мемлекеттер мен ұлттық үкіметтер болғанға дейін, ғаламдық экономика ішінде аймақтық жіктелу тудыратын маңызды экономикалық аймақтар арасында шекаралар да болады.

Ғаламдық экономиканы Кастельс басты үш аймаққа бөледі: Солтүстік Америка, Канада мен Мексиканы қоса, Еуропалық Одақ және Азия-Тынық мұхиты аймағы, бұл аймақтардың әрқайсысында өзінің ықпал ету орталығы бар. Әлемнің басқа аймақтарының бәрі осынау байлық, билік, ықпал ету мен технологиялар үшбұрышының айналасында иерархиялы және ассиметриялы өзара байланысқан желіге топталады. Сонымен бірге түрлі елдер өз жағалауларына капитал, еңбек пен технологияны тарту үшін өзара бәсекелеседі. Аймақтыққа бөлінген жаһандық экономика ұғымы Кастельс үшін қарама-қайшы болып табылмайды. Осыған байланысты Кастельс, іштей аймақтарға бөліну ақпараттық/ғаламдық экономиканың жүйелі сипаттамасы деп есептейді, өйткені мемлекет институты экономикалық жүйемен емес, қоғам арқылы пайда болады. Сонымен Кастельс былай деп қорытады: “ақпараттық экономикада тарихи қалыптасқан саяси институттар мен неғұрлым ғаламдық экономикалық агенттер арасындағы өзара іс-әрекеттің күрделі процестері ерекше маңызға ие болады” (114-бет).

Кастельс ғаламдық экономикадағы бәсекелесе алатын көздерді қарастырады. Ғаламдық экономиканың құрылымы көбіне экономикалық агенттер мен жергілікті құрылымдар арасындағы мынадай негіздемелердегі бәсеке арқылы анықталады:

(1) Кастельс “ғылым - технология - өндіріс - қоғам” жүйесі ретінде түсінетін технологиялық қуаттылық, бұл жерде әңгіме әрбір деңгей үшін білім беру жүйесі маманданған адам ресурстарының қажетті мөлшерін қамтамасыз ететін, біртұтас құрылым ішіндегі ғылымның, технологияның, менеджмент пен өндірістің байланыстылығы туралы болып отыр.

(2) Еуропалық Одақ, АҚШ, солтүстік америкалық сауда аймағы мен Жапония сияқты ірі, интеграцияланған және бай рынокқа жол ашу.

(3) Өндіруші жақтың өндірістік шығындары мен мақсатты рыноктағы бағалар арасындағы айырмашылық

(4) Жаңа ғаламдық экономикадағы бәсекелесе алу мүмкіндігі ұлттық және ұлтаралық институттардың елдердің немесе қарамағындағы аймақтардың даму стратегиясын басқара алудың саяси мүмкіндіктеріне өте байланысты.

Аталған факторлар, бірге әрекет ете отырып, жаңа ғаламдық экономика жағдайындағы фирмалар, аймақтар мен елдер арасындағы бәсекелестік формасы мен динамикасын анықтайды, сөйтіп осы арқылы халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа жүйесіне енеді.

М.Кастельс Ресей мен бұрынғы кеңестік республикалардың экономикасына бөлек тоқталып өтеді. Осыған байланысты М.Кастельстің 1984 жылдан бастап КСРО-ға бірнеше рет келгендігін, ал 1992 жылы көктемде Ресей Федерациясының Үкіметі шақырған сарапшылар тобын басқарғанын ескере кету қажет. Халықаралық экономиканың күрделіленуі мен қайта құрылымдалуына басқасын былай қойғанда Кеңес империясының құлауы және бұрынғы кеңес республикаларының біртіндеп ғаламдық экономикаға қосылуы әсер етті.

Кастельстің пікірінше, Ресей экономикасы, басқа да кеңестік республикалардың экономикасы сияқты әлемдік экономикалық жүйемен, капиталдардың, тауарлар мен технологиялардың әлемдік айналым жүйесімен байланыссыз дами алмайды. Кастельстің пайымдауынша, әлсіз, бірақ та дамыған капиталистік елдер мен халықаралық қаржы институттары тарапынан қолдау көрсетілген кездегі нарықтық экономикаға өту шет ел капиталының бұрынғы командалық экономикада әрекет етуіне мүмкіндік беретіндей макроэкономикалық саясат жүргізуді білдіреді. Мұны біздің тәжірибеміз айқын көрсетіп отыр.

Ресейдегі шет ел капиталы ресей экономикасына мүмкіндігінше аз кірісіп, энергетикалық және табиғи қорларға, сондай-ақ тиімді қаржылық мәліметтерге қол жеткізуге бағытталады.

Ресейдің ғаламдық экономикамен байланысын қоса алғанда, оның нарықтық экономикаға өту динамикасының мәнін Кастельс аса зор көлемде капиталдың бастапқы жиналуы немесе қарапайым сөзбен айтқанда, ғаламдық капитализмнің терезесі тең әріптес болуға ұмтылатын ескі аппаратшылар табының Ресей байлығын тонауы деп біледі. Сауда базасы ретінде киоскілердің квазиформальді емес экономикасы, аштан өлмеу үшін бақшада көкөніс өсіру - Кастельс Ресейдің рынокқа көшуінің тіректері деп біледі. Толығымен ғаламдастырылған Ресейдің шағын бөліктері мен жергілікті экономикаға тартыла бастаған халықтың басым бөлігінің арасындағы өсіп отырған алшақтықтың Ресейде қарсылықсыз дамуы екіталай. Орыстардың жады осыншама қысқа екендігіне мен сенбеймін дейді Кастельс.

Қорыта келгенде, М.Кастельстің ақпараттық ғаламдық экономикасы туралы мынадай түйін жасауға болады. Ғаламдық экономиканың құрылымы тұрақты архитектураның өзгермелі геометриямен ұштасуы арқылы сипатталады. “Жаһандық экономика архитектурасы, басты үш экономикалық аймақ төңірегінде ұйымдастырылған және өнімді, гүлденген, ақпаратқа бай салалар мен экономикалық және әлеуметтік құнсызданған, жағдайы нашар салалар арасындағы қарсы тұру белдігі бойынша алшақтай түсетін, ассиметриялы өзара байланысты әлемді бейнелейді.” (152-бет).

Осынау айқын архитектура шеңберінде, ғаламдық экономикаға өзгермелі геометрия енгізетін бәсекелестік пен өзгерістердің динамикалық процестері жүреді. Төрт позиция төңірегінде құрылған халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа құрылымының пайда болуы туралы мәселе көтеріліп отыр. Бұл позициялар: ақпараттық еңбекке негізделген жоғарғы құнды өндірушілер; төмен жалақылы еңбекке сүйенетін жоғарғы ауқымды өндірушілер; табиғи қорларға негізделетін шикізат өндірушілері; және еңбегі құнсызданған басы артық өндірушілер.

Қазіргі әлем - көбінесе шекарасы жоқ әлем, аумағы мен арақашықтығын өзінің бұрынғы маңызын жоғалтқан әлем, уақыт өз жүрісін жылдамдататын әлем. Бұрын айлар мен жылдар кететін болса, енді бірнеше сағат қана жұмсалуы мүмкін.

Жергілікті және ғаламдастырылған қоғамдар тұрғысынан алғанда ең маңызды мәселе қалыптасып келе жатқан ғаламдық қоғам мен ұлттық-мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынас үлгісінің проблемасы болып табылады. Байқап отырғанымыздай, бұл жерде барлығына болмаса да, көптеген елдер үшін әрекет етудің қандай да бір ортақ үлгісі жоқ. Ғаламданып жатқан әлем мен ұлттық-мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастар қалайша орнығатындығы, көбіне қоғамның типі, оның экономикасының даму деңгейі, қолда бар ресурстары, оның творчестволық әлеуеті арқылы анықталады. Жаһанданып жатқан әлем мен қандай да бір ұлттық-мемлекеттік құрылымның қатынасы, көбіне оның сыртқы әлеммен қарым-қатынасының сипатына байланысты белгіленеді.

Жаһандануда қақтығысудың күшті ұшқындары болады. Бұл жерде, мысалы, адамзат қауымдастығының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі “құлдыраулар”, өмір сүру қалпы, болмыстың басты мәселелеріне қатынас туралы сөз болып отыр. Жаһандану тудыратын шиеленістің маңызды көздерінің бірі, жаһандану процесіне қатысушылардың әлеуетті мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар. Қалыптасып келе жатқан әлем негізінде кез келген ру мен тап құрылымының орнығуындағы теңсіздік сияқты классикалық фактор жатыр. Рөлдердің бөлінуін белгілейтін бастапқы мүмкіндіктердің теңсіздігі, жаһанданудың ұтқан мен ұтылғандар арасындағы болашаққа отын тұтатады. Жаһанданудың дамуындағы тағы бір осал жер - мемлекеттік институттар, саяси құрылымдар. Ғаламдану мәселесін зерттейтін ғалымдардың барлығының дерлік мойындауынша - ең күрделі проблема адамзаттың мәдени сан алуан болуында. Самуэль Хантингтонның келешектегі өркениеттер қақтығысы туралы танымал тезисін жақтаушылар көп, алайда түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы әрекеттестікті орнықтыру мен түсіністікті сақтау - адамзат үшін неғұрлым тиімді жол екені даусыз.

Интернационалдандыру дәуірінде ғаламдық қауымдастықтар элитарлық әлеуметтік-кәсіби топтардан тұрды. Бұлар ірі саясаткерлер мен интеллектуалдар, халықаралық шенеуніктер мен дипломаттар, уағыздаушылар мен барлаушылар, сыртқы әлемге бағытталған басқа да мамандық өкілдері болды. Бүгінгі таңда халық жаппай жаһандану процесіне тартылуда. Мысал ретінде бүкіләлемдік интурист желісін пайдаланушы 304 миллион адамды келтіруге болады. Әрине дүние жүзін қамтыған электронды желісінің тығыздығы, елдер мен континенттер бойынша мүлдем біркелкі емес. Өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғында интернетті пайдаланушылардың 88 пайызы дамыған елдерде тұрған, ал олар әлем халқының 15 пайызын құрайды. Планета тұрғындарының 5 пайызын құрайтын АҚШ пен Канадада интернетті пайдаланушылардың 50 пайыздан астамы шоғырланған.

Ақырында, тағы да бір маңызды тақырып - ғаламдық даму акторларының мәселесі. Әңгіме жаңа әлемдік тәртіпті жай ғана кезекті халықаралық қатынастар жүйесі ретінде емес, азды-көпті тұтас әлемдік құрылысты қалыптастыру туралы болып отыр.

Әлемдік құрылыстың қазіргі маңызды жүйе құраушы сипаттамасы мынаған келіп саяды: Жер шарының 15% халқын құрап отырған, Батыс әлемдік қордың, сауданың, өндірістің, тұтынудың 70%-дан астамын бақылап отыр, бұл дүние жүзі бойынша көптеген бағдарламалары бар Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, НАТО сияқты қазіргі әлемді бақылау мен басқарудың күшті механизмдерімен ұштасады.

Сонымен бірге ғаламдану акторларын нақты бір формада орнықтыру қиынға соғады. Бұл жерде АҚШ пен Еуропа арасындағы қарама-қайшылықтар, Батыс Еуропа елдері ішіндегі текетірестер, Жапонияның талаптары мен осыған байланысты АҚШ-тың немесе Еуропа мемлекеттерінің реакциясы туралы айтылып отыр. Қазіргі әлемді зерттеушілер қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіпті “жаңа әлемдік тәртіпсіздік” деп атауы кездейсоқ емес.

Э.Гидденстің, Р.Робертсонның, М.Кастельстің жаһанданудың қазіргі заманғы социологиялық тұжырымдамаларын сараптау жаңа заманғы жаһандану процесіндегі мынадай құрамдарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Ғаламдық сатыға өту барысындағы өзгерулердің ауқымдылығы мен кешенділігі. Социологиялық сараптауға бұл құрам социологтың әлеуметтік өзгерістердің кеңістіктік және географиялық өлшемдеріне назар аударғанын білдіреді.

2. Ғаламдық құндылықтар жергілікті немесе өзіндік құндылықтар тұрғысынан басым болады, бұл жаһанданудың жергілікті қауымдастықтардың ең терең құрылымдарына енуінен көрінеді. Оның үстіне “жаңасы” ғаламданумен, ал “ескісі” жергілікті әлеммен байланыстырылады, Жаһандану және жергілікті ету процестері қоғам архаизациясы сияқты процеспен қабат жүреді. Бұл жерде примордиалды, бұрынғы феномендердің қайта өрлеуі, этникалық, нәсіл және жыныс секілді феномендердің маңызының өсуі туралы сөз болып отыр. Жалпы қазіргі заман қоғамдарында тең түрде ұтымдылық сияқты фрейдтік іd орын алған, мозаикалық әлеуметтік үлгілер қалыптасуда.

Сонымен, жаһанданудың тамыры, жоғарыда көрсетілгендей, ғасырлардың немесе тарихтың тереңінде жатыр, дегенмен жаһандану негізінен - жиырмасыншы ғасырдың феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойы өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікір таласта болады. Алайда оның басты қорытындыларының түбегейлі қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтарының басты маңызы бар, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Тарихи түрде жасаушы және белсенді үгіттеуші Батыс болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі қазіргі заманда мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда жаһанданудың идеялық іргетасын құрайды.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

СОЦИОЛОГИЯ

На сайте allrefs.net читайте: СОЦИОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Және жаһандану процесі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004. – 506 бет.
  ISBN   Оқулықты баспаға Қазақстан социологтары ассоциациясының кәсiби бiрлестiгi мүшелерiнен құрал

М.ТӘЖИННІҢ АЛҒЫ СӨЗІ
    Қалыптасып қалған санада социол

КІРІСПЕ
Социология - қызықты және іс жүзінде маңызды ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістер

Социологияның объектісі мен пәні
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айu

Социологиялық білімнің құрылымы
  Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі &#

Социологияның функциялары
Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының сан қырлыл

Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
Категориялар жүйесі - ғылыми зерттеудің зерделенетін эмпирикалық объектілерді сипаттау және түсіндіру үшін пайдаланылатын маңызды құрал.

Оғам жүйе ретінде
Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады. Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “таби

Және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұu

Оғам құрылымындағы тұлға
Әлеуметтік іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оны мынадай дең

Леуметтік мәртебелер және рөлдер
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жа

Леуметтік стратификация
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады.

Леуметтік топтар
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Леуметтік институт
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам

Леуметтік ұйымдар
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарғ

Алыптасу негіздері
  Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму

Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы
(ретроспективті шолу) Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам д|

Дамуының негізгі бағыттары
  Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екенін білдіретін тұжырымдамалардың,

Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
№№ Жоғары оқу орнының атауы Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы

Оғамдық пікір социологиясы
· Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 58с. · Эмпирия общественн

Леуметтік білім эволюциясы
Социология тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда соци

Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
  Социологиялық ой дамудың бірнеше кезеңдерінен өткен. Үш кезеңді бөліп қарауға болады - АЛДЫҢҒЫ ТАРИХИ (Ежел

Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ - ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалд

Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық идеологиясының жетекші бағыттары брахманизм мен буддизм болды [5]. Олар б.з.д. І м

Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
  Көне ой әлеуметтік саланы зерттеулерге күшті серпін берді және социология негіздерінің іргесіне бірқатар элементтер қалады. Платонның

Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
Еуропадағы қоғамдық-саяси көзқарастар   Орта ғасырлар Еуропа тарихында V ғасырдағы Р

Араб шығысының социологиялық ойы
  Шығыстың философиялық ойының барлық тарихында осы аймақтың көрнекті ойшылдары өздерінің қоғамдық-саяси

Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
Жаңа дәуір - XVІ - XІX ғасырларды қамтитын үлкен тарихи кезең. Бұл кезеңде Еуропада буржуазиялық тәртіп орнады. Осы кезеңдегі еуроп

Айта өрлеу дәуірі
  Қайта өрлеу дәуірін (XV - XVІ ғасырлар) әлеуметтік ой дамуының жаңа кезеңі деп есептеуге әбден болады. Адамға және

Ағылшын ағартушылығы
  Жаңа дәуірде қоғамдық ойдың дамуына Томас Гоббстың (1588 - 1679) адам, мемлекет және құқық т

Француз ағартушылығы
  XVІІІ ғасырдағы Франциядағы феодалдық дүниетанымға қарсы күресте буржуазияның саяси санасының қалыптасуы идеялы

Неміс ағартушылығы
  Классикалық неміс философиясы қоғамдық теорияның дамуында үлкен рөл атқарды. Өткен доктриналарды сын тезінен өткізе отыры

Орытынды
Сонымен, біз әлеуметтік ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын қарастырдық. Жалпы, ежелгі ағартушылық кезең

Огюст Конт
  Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философияда&#

Джон Стюарт Милль
  Джон Стюарт Милль (John Stuart Mіll) (1806 - 1873) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі.

Карл Маркс
  Карл Маркс (Karl Marx) (1818 - 1883) - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы. 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасы

Герберт Спенсер
  Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эвол

Вильфредо Парето
  Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық к

Фердинанд Теннис
  Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің классикалық социологиясының негізін қалаушы. 1855 жылы 26 шілдеде Оль

Эмиль Дюркгейм
  Эмиль Дюркгейм (Emіl Durkhgame) (1858 - 1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың

Гаэтано Моска
  Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер. Моска “Элементтері” (1895) шыққан

Георг Зиммель
  Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғ

Макс Вебер
  Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер. Эрфурт қаласында заңгердің отбасынд

Тарау. ҚАЗІРГІ ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
  Социология жеке индивидтерді, түрлі әлеуметтік топтарды, жалпы қоғамды, әлемдік немесе қазіргі атауы ғаламдық қауымдастық

Жаһанданудың қазіргі теориялары
  Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетей

Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
  Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон ал

Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
  Энтони Гидденс - теориялық социология мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі социологтардың бірі. Гидденс

Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
  Әлем-жүйелік сараптау теориясын қарастыруды әлем-жүйелік сараптаудың басты жорамалдарын талдаудан бастаған тиімді болады: 1. |

Айраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
  Қазіргі социологиялық теориядағы шешуші проблемалардың бірін “қайраткер - құрылым” дилеммасы құрайды. “Қайраткер

Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
  Социология үшін маңызды болып табылатын “құрылым - қызмет” проблемасын қарастыратын белгілі және беделді теориялардың бірі Маргарет А

Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
  Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің теориялық құрылымдарында социологиялық классик

Ызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
  Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің текетіресімен өтті. Әс

Жаңа институционализм теориясы
  Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теориялар қоғамға тұрғындардың

Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
  Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) социология профессоры Нил Флигстайн түсіндіруі бойынша институционализмнің жаңа теорияларының сыни рефле

Бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ
  Социология өзге ғылым секілді өзінің даму барысында ішкі құрылымдану процесін өткереді. Әлеуметтік құбылыстар мен процест

Экономикалық социология пәні
  Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономик

Экономикалық социологияның тарихи дамуы
  Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда

Экономикалық социологияның негізгі категориялары
  Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын жасап шығаруға мүмкіндік беретін, дербес қалыптасқан теориялық аппараты құ

Нарық социологиясы
  Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Батысты

Кәсіпкерлік социологиясы
  Тұрақты даму мен халықтың халін қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторларының бірі, Қазақстан Республикасы

Шаруашылық ұйым социологиясы
  М.Вебердің пікірі бойынша, ұйым - жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте өкілдік билікке ие басшы, әкімшілік аппарат) реттеп отыратын, сырттан

Социологиясы
  Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тақырыбы отандық социология үшін жаңа және өзекті болып табылады. Өйткені еңб

Тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ
  Саясат (грекше polіtіka-мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның ұйымдасқан және реттеуші-бақылаушылық орт

Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
  Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясат

Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
Саясаттану және саяси социология ғылымының екі саласы ретінде бөлек қарастырылғанына қарамастан, олардың зерттеу объектісі мен пәні өте &

Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
  Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік &#

Саяси социологияның субъектісін түсіну
  Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағд

Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
  Саяси социология зерттеу әдісінің нақтылы бір ғана түрі пайдаланып қоймай, өз мәнінде пәнаралық ғылым болып табылад

Категориясы ретінде
  Қоғамдағы институттанудыру процестері саяси социология үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және

Билікке түсінік беру
  Саясаттың негізгі мәселесі - бұл саяси билік жөнінде. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өздерінің саяси ерік

Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
  Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті алғышарты мен талабы болып өзіндік ерекшелігі бар және айқын көрінген саяси кеңістігін

Азаматтық қоғам және оның институттары
  Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.Локк еді. Ол өз ойларында принциптік маңызды жаu

Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
  Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар алғашқы бөлінбейтін элементі ретінде, саяси сала

Саяси жетекшілік
  Белсенді саяси рөлге ұмтылушы тұлға саяси социологияның жеке зерттеу объектісін білдіреді. Бұл жағдай жетекшілердің, әсіресе са

Оғамдық пікірдің саяси социологиясы
  “Қоғамдық пікір” (publіc opіnіon) ұғымы алғаш рет ХІІ ғасырда қолданған деп саналады. Бұл ұғымның автор

Ылым социологиясы
  Ғылым социологиясы - социологиялық білімнің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып шықты, бірақ қоғам дамуы

Білім беру социологиясы
  Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардыv

Мәдениет социологиясы
  “Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда

Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
  Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды

Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
  Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі д

Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
  Дін зайырлы институттармен әрекеттесе отырып, “әлемде” өмір сүру үшін қандай да бір әлеуметтік ұйымдасқан формаға айналу

Тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ
  Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болды. Этносоцилогия |

Этникалылықтың теориялық мәселелері
  Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген

Этносаралық қатынастар
  Этносаралық қатынастар проблемасы - шет елдік және отандық социологияның ойлары бір жерден шығатын білім саласы. Ресейлік ғалымдар

Социологиялық зерттеу
  Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселесін социологиялық зерттеу кеңес заманында да жүргізілген және оның ішін

Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
  Ұлтаралық қатынастар саласы барлық мемлекеттік құрылымдардың және ғылыми-зерттеу институттарының, әр түрлі ба

Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент
  2003 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша жасалған.   1. Олардың ішінде аймақтарға үле

Леуметтік жанжал табиғаты
  “Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылды

Жанжалды жіктеу
  Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың өзіндік ерекше

Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
  Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайд

Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
  Бәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында кез келген, керек десеңіз оның жақсы қызмет етуіне қатысатын ұ

Түрі ретінде
Ертедегі капиталистік индустралияландыру кезеңі үшін төңкерістің биіктеуіне әлсін-әлсін үрей туғызған, өндірістік және ә

МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ЛОГИКАСЫ
  Бұл бөлімнің материалын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен осы оқулықтың жоғарыда қарастырылған бөлімдеріні

Мен логикасы
  Методология (гректің metodoV = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің logoV = logos - ұғым; ой,

Социологиялық зерттеудің кезеңдері
Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақ

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте

Ріктеу жиынтығы
  Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап а

Сипатты есептеу
Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бір

Ріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элем

Социологиялық зерттеулерді жіктеу
  Нақтылы, өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену, айтарлықтай тәжірибелік нәтижелерге бағыт алу - соц

Панелдер
  Бүгінде стандартты “синтетикалық” панельдер Target Group Іndex (TGІ) - Мақсатты топтар индексі мен Medіa Marketіng Іndex (MMІ) - Медиа-маркетинг индексі кеv

Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
  Алдағы парламент сайлауында сайлаушылардың ниеттері мен ұнатуларын анықтау мақсатында сұрау жүргізіп жатқанынызды көз алдыv

Сандық және сапалық әдістемелер қалай өзара әрекеттесіп, бірін-бірі ауыстырады?
2000 жылы BІSAM Central Asіa Социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы Дүниежүзілік Банктен “Қазіргі ауылды Қазақстан” атты зерттеу жоба

Формализмге негізделген сұрау
Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек социологиялық әдіс қана емес, ол психология, медиц

Формализмге негізделмеген сұхбат
  Әдебиетте бұл әдістің еркін, стандартты емес, құрылымдық емес сұхбат деген өзге атаулары кездеседі. Көп жағдайда “т

Фокус-топ
  Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде а

Бақылау
  Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында а

Халықаралық ережелері
Бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық Одақтың көптеген елдері мен АҚШ-та әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинауды реттейтін арна

Тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ
  Құралдар жиынтығы ұғымы ақпарат жинаудың әр түрлі кезеңдерінде зерттеу бағдарламасы негізінде жасалынатын жән

Формализмге негізделген сұрақнама
  Сұрау әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұрақтардың белгілі бір типологиясы бар.

Ымбатты “N”-лық!
Сізді республикадағы қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі сұрауға қатысуға шақырамыз. Әрбір сұрақ пен оныv

Атысқаныңыз үшін рахмет!
  Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейі

Фокус-топтың гайды
  Фокус-топтың гайды пікір алысу жоспарын білдіреді. Әрине, топтық динамика пікір алысуды әрдайым осы жоспардан ауытқып жіберуі мүмкін, бірақ

Бағдарламамен танысу
SPSS 10.0.5. for Wіndows - статистикалық өңдеудің барлық спектрін жасауға мүмкіндік беретін кәсіби кешен. Қолда бар графикалық формада ст

Терезелер
  SPSS-те терезелердің 7 түрі бар: Мәліметер редакторы (Data Edіtor). Бұл терезеде мәліметтердің ағымдағы фай

Диалогтық терезелер
  SPSS-тегі көптеген меню терезелері диалогтық терезелерді ашады. Олар талдау үшін өзгермелілер мен өлшемдерді таңдау үшін пайдаланылады.

Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
          Таңдалған өзгермелілер

Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
SPSS-те мәліметтерді талдау қарапайым. Ол үшін мыналарды істеу керек: SPSS-ке мәліметтерді салу. Ол үшін мәліметтер редакторында жасалы

Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
         

Мәліметтерді енгізу
  Мәліметтерді енгізу - бұл кесте ұяшықтарын алғашқы ақпаратта орын алған сандармен толтыру болып табылады. SPSS-те мәліметтерді

Мәліметтерді түзету
Ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту үшін мыналар қажет: маус немесе пернетақтадағы стрелкалар арқылы қажетті &

Save Data
Сол жақтағы екінші батырманы басып, құралдар панелін де пайдалануға болады. Өзгертілген мәліметер файлы алдынғы нұсқадан жоғары са&

Нәтижелерін шығару
  SPSS рәсімдерінің орындалу нәтижелері Output Navіgator (Қорытынды навигаторы) деп аталатын терезеге шығарылады. Қорытынды навигаторын мы

Q68 Респонденттің жынысы
    Frequencіes   Percent Valіd Percent Cumulatіve Percent Valіd 1.ерлер

Графиктер құру
  Графиктер құру алдында мәліметтерді енгізу қажет. Оны әр түрлі тәсілдер арқылы жасауға болады: Мәліметтер редакторында м&

Мәліметтерді статистикалық өңдеу
  SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, t - өлшемді есептеу, қос және жек

Тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
Социологиялық мәліметтерді талдаудың объективтілігі көбінесе социологтың зерттеу объектісі мен пәнін білуіне байланысты. Алынған мәліметтерд

Мәліметтерді талдау кезеңдері
Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді: зерттелетін объектінің тіркелеті

Зерттеу нәтижелерін ұсыну
  Социологиялық зерттеудің қорытындысы есеп түрінде көрінеді. Есеп - директивті шешімдер мен монографиялар, ұжымдық жариялан

Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
  Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақ

МАЗМҰНЫ
  КIРIСПЕ.................................................................................................................. I бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҰҒЫ

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги