рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия - раздел Образование, МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Дәрістің қысқаша Мазмұны: ...

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс мән танымжәне өзге де философиялық мәселелерді иедалистік тұрғыда зерттеп дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар филосоиялық мән мен таным мәселесінің орнына өмір жеке адам құбылыс психологиялық және тағы басқа мәселелерді қарастыру белес алды. Осы дәуірде классикалық филосоиясын әсіресе Гегелдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:

Сол жақтан сынау материалистік философия өкілдері

Оң жақтан сынау идеалистік бейклассикалық философия өкілдері

Сонымен бірге Кантқа қайта оралу, Гегелге қайиа оралу деген ұранмен неокантшылдық, неогегелдік философиялық мектептер пайда болды.

Неокантшылдық мектеп Марбург мектебі

Бадендік мектеп (Фрейбург) мектеп

Неогеглшілдік мектеп

Иррационализм – табиғатта қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарды, Гегелдің диалектикасымен даму идеясын біртұтастық пен заңдылық жүйесін мойындамады.

Өмір философиясы. Ницше.

Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында Германия мен Францияда пайда болды.

«Өмір философиясы» терминінің мәні:

Өмірдің мағынасы мен құндылығы жөніндегі көзқарастар мен қағидалар жиынтығы

Тіршілік – өнер көріністерінің формалары, өмірді бастан кешірудің әдісі

Практикалық, яғни әлеуметтік – этикалық мәселелер

Өмірді тек интуиция арқылы тануға болады.

«Өмір» ұғымын түсінудегі «Өмір философиясының» негізгі нұсқалары:

Өмірді биологиялық натуралистік ұғыну, өмірді тірі организм болмысы тұрғысында қарастыру. Ақыл, парасатты терістеу, иррационализм (Ницше, Клагес)

Космологиялық метафизикалық нұсқасы. Өмірді ғарыштық күш деп, өмір ұйытқысының мәні өзін үздіксіз жаңартатын және формаларды жасайтын өмірлік қарқын деп ұғыну. (Бергсон)

Мәдени тарихи нұсқасы. Өмірді өз бітімінен, қойнауынан танудың арнайы әдістерін қарастыру (Дильтей, Зиммель, Шпенглер)

Прагматизм, - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзін білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.

Прагматизм- абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Прагматизмнің негізін алғашқы прагматизм өкілдері, американ философтары – Ч.Пирс пен У.Джемс салды.

Феноменология(грек., құбылыс туралы ілім) – таза сананы талдау және адам тіршілігінің имманенттік, априорлық құрылымын зерттеу әдісі. Феноменология феноменді мәннің құбылысы тұрғысында емес, керісінше өзін-өзі айқындайтын санадағы тікелей анықталғандық түрінде қарастырды. Жалпы алғанда феноменология деп «мәндіктерді аңғарушылық» және өзінің объекттерін өзі құрастырып зерттейтін сана туралы ілімді айтады.

2. Феноменологияның ең басты, көрнекті өкілі – Эдмунд Гуссерль(1859 – 1938). Оның негізгі шығармалары: «Логикалық зерттеулер», «Таза феноменология және феноменологиялық философия идеяларына», «Тәжірибе және пікір», «Формалдық және трансценденталдық логика», «Париждік баяндамалар», «Картезиандық ойлар», «Еуропа ғылымның дағдарысы» және т.б.

Герменевтика(грек., герменойтикос – түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) – ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Герменевтиканың басты идеясы: тіршілік ету дегеніміз ұғына білу, ұғыналыну. Зерттеу пәні – мәтін. Герменевтиканың түпкілікті ұғымдары:

§ «герменевтикалық үшбұрыш» - мәтін авторы, мәтіннің өзі мен оқушы арасындағы өзара қатынас;

§ «герменевтикалық шеңбер» - ұғыну процесінің циклдік сипат алуы, бүтін мен бөлік диалектикасына негізделген мәтінді түсіну принципі, яғни бүтінді ұғыну жеке бөліктерді ұғынудан басталады, ал бөліктерді ұғыну үшін алдын ала бүтінді ұғыну қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда мәтінді түсіну дегеніміз шеңбер түрінде, яғни бүтіннен бөлікке, бөліктен бүтінге өту қозғалысы болып шығады.

Герменевтика герменевтикалық жағдай,яғни мәтінді дұрыс түсіндіру мен ұғыну қажеттілігі туындаған кезбен қатарлас пайда болды.

Алғашқы герменевттер – ортағасырлық теолог-схоласттар (Фома Аквинский және т.б.) болды. Олар Інжіл мәтініндегі қасеитті аяндардың, идеялардың мағынасын «ашумен» айналысты.

Қазіргі заманғы философ-герменевттерге – Ф.Шлейермахерді, М.Хайдеггерді, Г.Гадамерді, Ғ. Есімді және П.Рикерді жатқызуға болады.

Теологиялық философия – батыста кең тараған философиялық бағыт. Теологиялық философияның айналысатын негізгі мәселелері:

§ барлық мәнділікті жасаушы Құдай болмысы;

§ жасампаздықтың шыңы – адам болмысы, адам өмірі.

Қазіргі заманғы теологиялық философияның ерекшелігі:

§ адамға жақындай түсті;

§ көптеген догмалардан арылды;

§ әлеуметтік гармония, әдептілік, мораль, бейбіт өмір сүру мәселелеріне көңіл бөле бастады.

Қазіргі заман теологиялық философиясының ең беделді ағымы – неотомизм.Оның көрнекті өкілдері – Э.Жильсон (1884 – 1978), Ж.Маритен (1882 – 1973), Ю.Бохельский (1902 ж.т.), Е.Корет (1919 ж.т.), К.Ранер (1904 – 1984), Ф.ван Стенберген (1904 ж.т.). К.Войтыла (1920 – 2005).

Неотомизм негізі – Фома Аквинскийдің ілімі, ал өзекті принципі – сенім мен парасат гармониясы, үйлесімі.

Позитивизм(лат., «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) – XIX ғ. 30 – 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм– ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.

Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңненөтті.

§ Классикалық позитивизм (О.Конт, Г.Спенсер-бірінші позитивизм);

§ Махизм (екінші позитивизм);

§ Неопозитивизм (үшінші позитивизм);

§ Постпозитивизм.

Позитивизм негізін Сен-Симонның шәкірті, француз философы Огюст Конт(1798 – 1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді.

О.Конттың негізгі шығармалары; «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

Позитивизмнің қалыптасуы мен дамуына Джон Стюарт Милльдің (1806 – 1873) «Логика жүйесі» кітабі және Герберт Спенсердің(1820 – 1903) «Әлеуметтік статика», «Негізгі бастамалар», «Ой, әдептілік, дене тәрбиесі» деген кітаптары үлкен үлес қосты.

Постпозитивизм– неопозитивизм, логикалық позитивизмді жалғастыруға, алмастыруға келген философиялық бағыт (XX ғ. екінші жартысы – XX ғ. аяғы).

Постпозитивизмнің басты мақсаты – ғылыми білімнің (тіл, ұғым) құрылымын зерттеу емес, ғылыми білімнің өсуі мен дамуын зерттеу.

Постпозитивистерді мына мәселелер қызықтырады:

§ жаңа теория қалай пайда болады?

§ оны мойындау қай тұрғыда болады?

§ ғылыми теорияларды салыстырудың өлшемі (критерийі) неде?

§ альтернативалық теория жақтастарының арасында түсінушілік болу мүмкін бе?

Постпозитивизмнің айналысатын негізгі мәселелері:

§ формальды логикаға онша көп көңіл аудармау;

§ ғылым тарихына көп көңіл бөлу;

§ «дайын» ғылыми білімдерді талдаудан, оның дамуын, өсуін, динамикасын зерттеуге өту;

§ эмпирия мен теорияны, ғылым мен философияны қатаң бөлуден бас тарту;

§ білімнің дамуын мөлшерлік («қалыпты ғылым») және сапалық («ғылыми революция») өзгерістердің бірлігі деп қарастыруға ұмтылу.

§ фальсификация мәселесі;

§ ғылыми теорияның шындыққа жанасу мәселесі;

§ рационалдық мәселесі;

§ ғылыми теориялардың өлшемдестігі мәселесі;

§ түсіністік мәселесі;

§ антагонистік теория өкілдері арасында жалпылық бір көзқарасты іздеу, табу мәселесі.

Экзистенциализм (лат.,ex(s)istentia - тіршілік) адамның ақиқи, ішкітұлғалық болмысы, субъект пен объекттің тікелей біртұтастығы, субъекттің өзінің "дүние-дегі - болмысын" бастан кешіруі.

Экзистенциалистер Паскальды, Къеркегорды, Унамуноны, Достоевскийді және Ницшені өздерінің ізашарлары ретінде қарастырады. Философиялық тұрғыдан экзистенциализмге "Өмір философиясы", Гуссерль мен Шелердің феноменологиясы көп ықпал жасады.

Экзистенциализм философиясының әйгілі өкілдері:

v Ресейде - Шестов, Бердяев;

v Алманияда - Хайдеггер, Ясперс, Бубер;

v Францияда - Сартр, Марсель, Мерло-Понти, Камю, С.де Бовуар;

v Италияда - Аббаньяно, Э.Пачи, Э.Кастелли;

v Испанияда - Ортега-и-Гассет.

Структурализм – XX ғ. әлеуметтік - гуманитарлық танымның бір ағымы, ол структураны (құрылымды), яғни әртүрлі өзгерістерде өзінің тұрақтылығын сақтайтын элементтер арасындағы қатынастар жиынтығының біртұтастығын зерттейтін, яғни құрылымды анықтайтын философиялық бағыт.

Құрылымды ізденіс, табу мәдениеттің көптеген формаларында жүзеге асады: тіл мен әдебиетте, әлеуметтік жағдаяттар мен идеялар тарихында, өнерде және т.б.

Ø Постструктурализм (неоструктурализм) – структурализмнің «екінші толқыны», 1968 жылғы мамыр – маусым оқиғаларынан кейін пайда болған, структурализмді сынау және дамытуды көздейтін философиялық бағыт. Постструктурализм тілдік құрылымдар көмегі арқылы адам мен қоғамды объективтік тануда пайда болатын апориялар мен парадокстарды анықтау, структурада «бейструктуралықты» айқындау, а-тарихилық пен лингвистикалық редукционизмді сынау, мағынақұрылымның жаңа моделдерін құрастыру, «ашық» оқудың жаңа практикасын жасау, герменевтикалық және аналитикалық түсіндіру моделдерін сынға алуды мақсат етті.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: өмір философиясы, иррационализм, прагматизм, феноменология, герменевтика, психоанализ, позитивизм, постпозитивизм, экзистенциализм, структуралимз, постструктурализм және т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1.Позитивизмнің негізін салушы:

А) Бэкон

В) Конт

С) Декарт

D) Кант

E) Маркс

2.Позитивистер бөліп қарастырған ғылыми таным негізі:

А) Ақыл – ой

В) Интуиция

С) Тәжірибе

D) Сенім

E) Сезім

3. Позитивистер бойынша «позитивті» ғылымдар сүйенетін құбылыстар:

А) Интуиция

В) Ойқортынды

С) Априорлы білім

D) Дедуктивті әдіс

E) Эксперимент және бақылау фактілері

4. Герменевтика өкілін көрсетіңіз:

А) Х.Гадамар

В) З.Фрейд

С) К.Поппер

D) Р.Лейнг

E) М.Вебер

5. Ф. Ницше философиясының басты мәселесі:

А) Билікке деген ерік

В) Өлімге деген ерік

С) Қарапайым ерік

D) Фәлсафалауға деген ерік

E) Өнерге деген ерік

6. Ж.П.Сартрдың экзистенцианалды философиясының пәні:

А) Бостандық және жауапкершілік

В) Өмір

С) Қасірет

D) Махаббат

E) Қайғыру

7. Өзінің шығармашылығында адам болмыс « Абсурд» ретінде сипатталады:

А) Дильтей

В) Фрейд

С) Камю

D) Юнг

E) Хайдеггер

8. Иррационализмнің өкілдері:

А) Шопенгауэр, Кьеркегор, Ницше

В) Лейбниц, Фрейербах, Макс

С) Лейбниц, Гегель

D) Поппер, Белл

E) Вебер, Фромм

9. Адам үнемі ... бостандықта. Бостандықтың өзі қиындық тудырады, одан біз азап шегеміз деген экзистенциализм философы:

А) А.Камю

В) С.Бовуар

С) Г.Марсень

D) Ж.П.Сартр

E) Ясперс

10. Структурализм өкілдері:

А) Ж.П.Сартр, А.Камю, К.Ясперс

В) Б.Рассел, М.Шлик,Л.Витгенштейн

С) Ж.Деррида, Ж.Делез, Ж.Бодриар

D) К.Леви-Строс, М.Фуко, Ж.Лакан

E) Г.Гадамер, Э.Гуссерль, М.Хайдеггер

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________ (модуль шифры)   __Жалпы міндетті

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д. ______________ «_____» __

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері»  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия. Антро

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
  Модуль пәнінің атауы: Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері  

Негізгі әдебиеттер
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде. Алматы, 2006. 2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия.

Осымша әдебиеттер
  106 философов: жизнь, судьба, учение в 2 томах. М., 1994 Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 Хрестоматия по философии РнД., 1997 С

Білімдер бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сана эквиваленті Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазм&

Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға ж|

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауu

Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада. В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда. Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерле

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
  Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтт

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде ке

Конфуций шығармасы:.
А) Чочун-юн. В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы. Е) Ли- цзы. 5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, К

Дәріс № 5.
Ренессанс дәуіріндегі философия Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы фил

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?
А) Натурфилософия. В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм. Е) Реформизм. 9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасы

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық

Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалы&

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері: ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландық

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?
А) Абай. В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов. Е) Шәкәрім. 7. Түркі әлемінде

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
А) Ана мен бала қорғаушысы. В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қор

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология
Дәрістің қысқаша мазмұны: Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философиян

Эмпирикалық таным формасы
А) Теория В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау E) Ғылыми факты 7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай кел

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?
А) Анаксагор В) Протагор С) Аристотель D) Сенека E) Сократ 4. Адам мен қоғам даму процесін білдіретін термин: A. а

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде
АДАМИ АДАМ Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тx

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.
Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

САНА ФОРМАЛАРЫ.
Сана формалары: 1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпын

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ө

Оғам: анализдің философиялық негізі
Қоғам(лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениет

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
· экогуманизм– табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді. · «экологиялық пессимистер»

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет
Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан. «Культура» (латын., cultio, cultura - өң

ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
    Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
   

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
Тарихи анықтама: Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялы

И. КАНТ
Қарастырылу объектісі: «Фирмадағы келіспеушілік» Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві

Тапсырма
1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу. 2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:  

Тапсырма
1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру. 2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?
А. Пайда болу В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс Е. Басқарылатын 5. Фалес бойынша |

Тапсырма
1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау   &

Тапсырма
Қайта өрлеу заманы философиясының ерекшеліктері. Кесте толтыру:   Бағыттар Көрнекті өкілде

Тапсырма
1. Жаңа заман философиясының негізгі даму бағыттары   Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк  

Тапсырма
  1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру   3. Келесі тест сұрақтарына жауап б

Тапсырма
1. Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру. 1……….. 2........... 3............ 4...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дүниетанымның тарихи үш түрі: А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар D. Дін, u

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Философия – дүниеге көзқарас формасы, философиялық білім ерекшеліктері. 2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
1. Неміс классикалық философиясының маңызы. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» ж&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги