рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде - раздел Образование, МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Адами Адам Философиялық әдебиетте Адам Баласының М...

АДАМИ АДАМ

Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тұйығы», «өмірдің жалған адамы», «еңбек құралын жасаушы хайуан», «өзіндік санаға ие пенде», «моральдік және еркін пенде» және т.б.

Адам мәні, оның шығу тегі туралы негізгі көзқарастар:

- космоцентрлік (табиғат, Ғарыштан келген);

- теоцентрлік. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүминун» (23) сүресінде:

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (23, 12); Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық (23, 13) Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып жан салдық. Жаратушылардың шебері Ұлы Алла» («Мүминун», 23, 14 - аят);

· социоцентризм (әлеуметтік);

· антропоцентризм.

Адам мәні жөніндегі мәселеге философия тарихына үңілейік:

· антикалық дәуірде адам – микрокосм, «кіші дүние», жан мен тән бірлігі, макрокосм бейнесі;

· ортағасырлық христиандық көзқарас бойынша адам – Құдай бейнесі, адам дүниесі – ақыл, жүрек және ерік бірлігі;

· Ренессанс философиясында адам – гармониялық автономды, дербес тірі бүтіндік, бітімді пенде;

· Декарт. Адам – ақыл иесі. Тән – созылымды, жан ойлайды. Жанның айғақ мазмұны – сана. Ойлау – айқындық, сенімділік;

· Кант. Адам биологиялық тұрғыда – құбылыс, ал әдептілік (мораль) мағынада – «өзіндік зат». Адам трансценденталдылық пен мінез-құлық, әдептілік еркіндігінің бірлігі;

· Гегель. Адамның тарихилығы идеясы. Адам – жалпымәнділік рухты сақтаушы, мәдениет дүниесін жасаушы, рухани қызметтің субъекті;

· Маркс. Еңбек ету қызметі. «... адам мәні әрбір индивидке тән абстракт емес. Өзінің іс-әрекетінде, қызметінде адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» (Шығар., т.3, 3-б.).

«Өмір философиясы» адам ерекшелігін өмір феноменінде қарастырады:

а) органикалық, биологиялық нұсқасы – Ницше, Бергсон;

ә) мәдени-тарихи нұсқасы – Дильтей, Шпенглер;

б) ойлаудан тыс адам қабілеті, сезімдері – Гаман, Якоби;

в) адам ерік иесі – Шопенгауэр;

г) адам интуиция иесі – Баадер, Бергсон;

д) адам бейсаналық құпиясы – Фрейд, Юнг.

- экзистенциализм. Адам – тіршілік, болмыс, уақыт, уайым, осы шақ, үрейді бастан кешіретін «өмір тұйығы»;

- феноменология. Адам – дүниелік; интенционалды, қайғы, уайымның сыртқы дүниеге бағытталуы. Э.Гуссерль.

- Кассирер. Адам – символдық (рәміздік) мәдениетті жасаушы. Адамның тілде, еңбекте, дінде манифестациясы.

- Шелер, Плесснер – «философиялық антропология», арнайы, жеке ғылымдар – биология, психология, әлеуметтану негізінде адам туралы «біртұтас, бір ұғым» қалыптастыру;

- Н.Бердяев.«Философиялық антропология ешбір мағынада, ешбір дәрежеде ғылыми антропологияға тәуелді емес; өйткені адам-табиғаттық объект емес, асқан табиғи субъект. Философиялық антропология дегеніміз бүтіндей табиғат дүниесінің шеңберін жарып шыққан адамның өзіндік санасы» («Шығар. мағынасы», М., 1989, 298 – б.)

 

Индивид(грек., атом, лат., индивидум – «бөлінбейтін») – кез келген жеке түрде алынған адам тегінің, әлеуметтік тұтастықтың,белгілі қоғам мен топтың өкілі. Ол жеке, дара ғана емес, сонымен бірге өз ана тілін білмейтін,тіпті менсінбейтін «көптің бірі», «әйтеуір жүрген біреу» болуы мүмкін. Индивид өзінің табиғаттан бөлінгеніне, адам болып жаратылғанына мәз, оны әлеуметтік мәселелер, ұлттық идея, ұлт тағдыры қызықтырмайды;

- Кісілік, даралық (орыс., индивидуальность) – адамның әлеуметтік маңызға ие қасиеттерді және осы сапа-қасиеттердің белгілі бір көріністерін бойына сініруі. Кісілік тек қана әртүрлі қабілетке ие емес, сонымен бірге олардың бейне бір тұтастығы болып табылады. Сонда оның бір қасиеті, бір қабілеті, дарындығы басқаларынан үстем болып тұрады; өзіндік, соны, талантты ерекшеліктері басым болады. Әр адамның таланттығы, сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, біреу белгілі қоғам қайраткері, біреу білікті маман және т.б. Бірақ табиғатынан ерекше болып жаратылған кісінің сөзі мен істеген ісі бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Ол қатыгез, кінәмшіл, адамгершіліктен ада, «бұл өмірден бәрін алу керек деген психология», пара алатын, жеме-жемге келгенде ұлт мүддесімен де санаспайтын, кісімсінген кісі болуы мүмкін.

- Тұлға(персона, орыс., личность, "личина" - жүз, бет, қабақ) – алғашқы мағынада антикалық театрда актерлердің киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазірге кезде «тұлға» термині өзінің мағынасын өзгертті.

Тұлға енді өзінің таңдаған рөлін ойнамайды.

Кісілікте біз оның өзіндік ерекшелігін, ал тұлғада біз бәрінен бұрын оның жауапкершілігін, өздігіншелігін, тәуелсіздігін бағалаймыз.

Біз кісілік жөнінде "әйгілі", "көрнекті", "дарынды" - дейміз, ал тұлға жөнінде – "мәрт", "күшті" , "тәуелсіз", "сегіз қырлы бір сырлы" - дейміз.

Индивид, кісі өзінің іс-әрекеті, жүріс-тұрысының себептерін, жауапкершілігін сезіне бастаса – ол тұлғаға шексіз жақындай береді. Тұлғада бізді оның іс-әрекеті, қылығы, өзіне қандай жауапкершілік жүктегені қызықтырады. Оның адамгершілігі, адал ниеттігі, ізгіліктігі, инабаттылығы, мақсаттылығы, сөзде тұратындығы, жауапкершілігі, ұлттық мүддені көзінің қарашығындай сақтауы, зиялылығы, мәрттігі – бірінші орынға қойылады.

Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар:

· генетикалық тұқым қуалау;

· мәдени орта;

· өмір жағдайлары.

К.Маркс: «... жағдайлар адамдарды қалай жаратса, адамдар да жағдайларды солай жасайды» («Неміс идеологиясы»).

Адамның дене бітімінің қалыптасуы.Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған. ..

Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.

Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.

Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.

Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .

Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.

Адамның қалыптасуында еңбектің ролі.К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .

Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.

Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.

Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .

Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.

Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Адамның шығу тегі мен мәнін қарстыратын философия бағыты:

A. антропология

B. гносеология

C. онтология

D. эстетика

E. этика

2. Кез келген жеке түрде алынған адам тегінің, әлеуметтік тұтастықтың, белгілі қоғам мен топтың өкілі:

A. индивид

B. мұғалім

C. адам

D. қылмыскер

E. жан

3. Адам – микрокосм, «кіші дүние», жан мен тән бірлігі, макрокосм бейнесі деп сипаттаған кезең:

A. қайта өрлеу

B. антика

C. жаңа заман

D. ортағасыр

E. казақ философиясы

4. Құндылық туралы философиялық бөлім:

A. аксиология

B. социология

C. антропология

D. гносеология

E. онтология

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________ (модуль шифры)   __Жалпы міндетті

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д. ______________ «_____» __

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері»  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия. Антро

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
  Модуль пәнінің атауы: Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері  

Негізгі әдебиеттер
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде. Алматы, 2006. 2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия.

Осымша әдебиеттер
  106 философов: жизнь, судьба, учение в 2 томах. М., 1994 Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 Хрестоматия по философии РнД., 1997 С

Білімдер бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сана эквиваленті Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазм&

Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға ж|

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауu

Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада. В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда. Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерле

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
  Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтт

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде ке

Конфуций шығармасы:.
А) Чочун-юн. В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы. Е) Ли- цзы. 5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, К

Дәріс № 5.
Ренессанс дәуіріндегі философия Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы фил

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?
А) Натурфилософия. В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм. Е) Реформизм. 9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасы

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық

Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалы&

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері: ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландық

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия
Дәрістің қысқаша мазмұны: Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялы&#

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?
А) Абай. В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов. Е) Шәкәрім. 7. Түркі әлемінде

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
А) Ана мен бала қорғаушысы. В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қор

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология
Дәрістің қысқаша мазмұны: Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философиян

Эмпирикалық таным формасы
А) Теория В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау E) Ғылыми факты 7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай кел

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?
А) Анаксагор В) Протагор С) Аристотель D) Сенека E) Сократ 4. Адам мен қоғам даму процесін білдіретін термин: A. а

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.
Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

САНА ФОРМАЛАРЫ.
Сана формалары: 1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпын

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ө

Оғам: анализдің философиялық негізі
Қоғам(лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениет

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
· экогуманизм– табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді. · «экологиялық пессимистер»

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет
Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан. «Культура» (латын., cultio, cultura - өң

ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
    Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
   

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
Тарихи анықтама: Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялы

И. КАНТ
Қарастырылу объектісі: «Фирмадағы келіспеушілік» Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві

Тапсырма
1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу. 2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:  

Тапсырма
1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру. 2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?
А. Пайда болу В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс Е. Басқарылатын 5. Фалес бойынша |

Тапсырма
1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау   &

Тапсырма
Қайта өрлеу заманы философиясының ерекшеліктері. Кесте толтыру:   Бағыттар Көрнекті өкілде

Тапсырма
1. Жаңа заман философиясының негізгі даму бағыттары   Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк  

Тапсырма
  1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру   3. Келесі тест сұрақтарына жауап б

Тапсырма
1. Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру. 1……….. 2........... 3............ 4...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дүниетанымның тарихи үш түрі: А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар D. Дін, u

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Философия – дүниеге көзқарас формасы, философиялық білім ерекшеліктері. 2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
1. Неміс классикалық философиясының маңызы. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» ж&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги