рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет - раздел Образование, МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ МәдениетАраб., «Мәдине» - қала, Шаһа...

Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан.

«Культура» (латын., cultio, cultura - өңдеу, яғни жерді, топырақты өңдеу, оны шабу дегенді білдіреді) – антикалық дәуірден бері белгілі. Бұл терминді Цицерон (б.з.д. 106 – 43 ж.ж.) қолданған деген пікір бар. Ол философияны жан мәдениеті немесе жан мәдениетін философия деп түсінген.

Мәдениет – философияның санаға, ақылға, оны өңдеуге, тәрбиелеуге, ойлау қабілеттілігін дамытуға мақсат етіп, бағытталған әсері.

Философия тек қана ақылды «өңдеу» немесе ұйымдастыру емес, сонымен бірге оны әстерлеу, құрметтеу және оған бас ию.

Қазіргі кезде мәдениеттің 1000-ға жуық анықтамасы бар, бірақ оның ешқайсысы қанағаттанарлықтай емес.

Мәдениет – табиғат жасағандай емес, ол адам қызметінің, шығармашылығының, жасампаздығының жемісі. Мәдениет – процесс, құбылыс. Ол – адам дүниесі, Гегель айтқандай, адам өмірі бейнесінің «екінші табиғаты».

Мәдениет – қоғамның нақты – тарихи даму сатысындағы сапалық күйі.

Мәдениет – дүниені игерудің тәсілі ретінде, процесс ретінде, нәтиже ретінде көрінеді. Адам іс-әрекеті, қызметінің орасан байлығы мәдениеттің өмір сүру тәсілі, әдісі болып табылады.

«Мәдениет философиясы»(Kulturphilosophie) термині XIX ғ. аяғында неокантшылдық Баден мектебінің (А.Мюллер) аясында пайда болды.

Мәдениет философиясы– тар мағынада – XX ғ. бірінші жартысындағы еуропалық (немістік) философиялық бағыт; кең мағынада – мәдениетті ерекше феномен деп қарастыратын кез келген философиялық рефлексия. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет туралы ғылым» методологиялық жағынан ажыратыла бастағанда философияның рөлі «мәдениет философиясына» жақындай түседі. Виндельбандтың пікірінше мәдениет философиясы дегеніміз философия.

Мәдениет философиясы ерекше феномен ретінде:

· методологиялық:«табиғат туралы ғылымға» қарағанда мәдениет философиясы «мәдениет туралы ғылымның» методологиясы болып табылады (Дильтей, Н.Гартман, Ханс Фрейер);

· әлеуметтік-сыншылдық:қазіргі заман еуропалық философияны сынау ретінде (Зиммель, Шпенглер, Федор Степун, Ортега-и-Гассет, Бергсон, Швейцер, Эрнст Роберт Курциус);

· теориялық-жүйелік:әмбебап мәдениет теориясын құруға тырысу (Кассирер, Н.Гартман, Кронер, Хейзинга, Шпенглер, Тойнби, Ротхакер).

Соңғы «мәдениет философтары» - Эрнст Кассирер мен Эрих Ротхакер болып табылады.

Мәдениет ұғымына адамның материалдық және рухани өндірісіндегі, өміріндегі барлық жасампаздығы, шығармашылығы кіреді.

Дәстүрлі көзқарас санатында мәдениеттің күрделі екі формасы бар:

· материалдық мәдениет– адам қызметінің заттанғандығының нәтижесі, процесі; материалдық игілікті жасаудағы еңбекке баулу, машықтану. Материалдық мәдениетке – еңбек құралдары, тұрмыс заттары, тұрақ, киім, транспорт және т.т. кіреді;

· рухани мәдениет– сана сферасын қамтиды, оған «сезім мәдениеті» және «парасат мәдениеті» кіреді. Рухани мәдениет дегеніміз құндылықтар, білім, ағартушылық.

Рухани мәдениет – рухани құндылықтарды өндіру, сақтау, үлестіру, тарату және тұтыну, пайдалану.

Адам – мәдениетінің субъекті мен жемісі, оның басталуы мен аяқталуы.

Адамиланған табиғат әлеуметтік – мәдени әдістермен қайта жаңғыруға мұқтаж – спорт, дене шынықтыру, медицина.

Медицина – табиғаттың мүмкін болар кемістіктерін, қателіктерін түзетеді және емдейді.

Рухани мәдениеттің маңызды формасының бітімі ретінде заттанбаған адам қызметі, яғни актер, журналист, заңгер, мұғалім және т.б. жасампаздық қызметі көрініс табады.

Сонымен бірге қағаз, баспа, полиграфиялық өндіріс, радио, теледидар, БАҚ, киноиндустрия, театр, мұражай, кітапхана, сәулет өнері, дизайн және т.б. бәрін не материалдық, не рухани мәдениетке жатқызуға болмайды.

Жалпы мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу салыстырмалы, өйткені ол екеуі де біртұтас, бірегей мәдениеттің құрамдас бөліктері.

Мәдениет функциялары:

· жасампаздық;

· танымдық;

· информациялық (ақпараттық);

· коммуникативтік;

· нормативтік;

· аксиологиялық;

· интегративтік (толығу);

· сегративтік (бөліну, оқшаулану);

· адаптациялық (бейімделу);

· негэнтропиялық, яғни мәдениетті феномен ретінде сақтау.

Мәдениет – гуманистік, позитивті, адам қызметіндегі шығармашылық бастаманы сақтаушы.

Адам жасаған кез келген нәрсе – мәдениет құбылысы емес және кез келген адам мәдениетті емес.

Орыс мәдениет философы М.М. Бахтин:«Мәдениет дегеніміз диалог».

Мәдениеттің деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, оны түсінетін қоғам мүшелерінің меншікті салмағы азая береді.

Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.

Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құралдары, сондай-ақ мақал-мәтелдер ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады.

Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады, оны күрделі ете түседі. Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айтып өткен жөн. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп айту себебіміз - мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр.

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен катар барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал-саймандар із-түзсіз жоғалып кетпейді. Антик дүниесі философиясының өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сиякты біздің дәуіріміздегі мәдениет те болашаққа ұмтылысымен, әлемдік мәселелерге тікелей қатынасымен жер бетінде адамгершіліктің салтанат құруына атсалысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.

Мәдениет негізі — еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңгі, кәдімгі доңғалак бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.

Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәселен, 1823 жылы гректердің Милос аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита) аталған, бойы 207 см келетін әйел мүсіні — әйел сұлулығының үлгісі аталды. Теңіз ішіндегі құмнан шығармақ болғанда мүсіннің қолы сынып қалса да, ондағы әйелдің тұрған тұрысы, бейнесі, мойны, омырауы, белі, мықыны қай заманда болсын ғажап сұлу көркемдікті паш ететін құбылыс. Ол б. з. б. IІІ—II ғасырларда жасалған көрінеді. Ал енді мүсін тек адамдарға ғана рухани ләззат береді. Адамнан басқа тірі жанға оның ешқандай әсері жоқ, болмайды да. Олай болса, сол мүсіннің тек геометриялық түрі емес, оның рухани мәні болғанын байқатады.

Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабактастықты терең сақтай білуінде.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу кажет. Олай болса, мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес. Керісінше, ертеде өткен адамдардың түрлі кұрал-саймандары калдықтарына (сынықтарына) қарап, ол қауымдастык қашан өмір сүрді, даму деңгейі, дүниетанымы қандай болды, соны ажыратып білуге болады.

Өткен уақыт мәдениеті — халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағынын сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сөйкес бағалау диалектикалық ойлауды кажет етеді. Байқасақ, мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет — сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етгі. Солардың бірі — мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзон образын келтіруге болады.

Мәдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсак, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлык саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай келеді.

Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақта, біз белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам кызметінің нәтижесін мақтан етеміз (тіпті ондай мақтаныш болмаса да, еңбек жемісін мойындауға мәжбүр боламыз). Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да, ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастыкты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттерден туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.

Мәдениеттің ерекшелігі сол - ол тек объективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның объективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы дегеніміз - адам тұрмысының затқа айналған мәні. Бұдан мәдениет дайын зат ретінде, заттық түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары ар¬қылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек.

Кең мағынада алғанда, мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың немесе кәсіптік одақтардың қызметі аркылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да орынды. Мәселе — мәдениет жайында қай уакытта, қандай жағдайға байланысты сөз етіліп отырғанында болмақ.

Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.

Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны.

Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.

Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.

Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениеттің тарихи мәні, жасалуы, дамуы іргелі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда прогресшіл, болашаққа қызмет ететін және регресшіл, кертартпа, тек өткенге немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады. Философия мәдениетті тек сипаттап қана қоймайды, оны сын көзбен бағалап, топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Турасын айтқанда, философияның өзі қоғамдық сана түрі ретінде мәдениет саласына жатады.

Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы ар¬қылы көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері кездеседі. Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қараған¬да, философиялық мәселелер. Басқаша айтканда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажет.

Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.

Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық катынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игеру, коғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл - өркениеттілік пен мәдениет өзара тығыз байланысты жөне бір объективті негізде дамиды деген сөз.

Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Таптық қоғамдарда олардың жолында қиын терең кайшылықтар болады. Еңбекші бұқара жасаған мол мәдениет казыналары көбінесе үстем тап өкілдерінің меншігіне айналады, солардың түрлі мақсатына, игілігіне жұмыс істейді. Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да, тұтыну заттарын көбейтіп, қоғамдык жағдайларды қаншама жақсартса да, өзінің үстем таптық, басқа елдердің табиғи байлығын талан-тараждау, т.б. тар сипатынан арыла алмай отыр. Әрине, мәдениет шын мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы өркениеттілік пен мәдениет диалектикасын даңғыл жолмен ешқандай бөгетсіз жүріп бара жатқан процесс деп қарауға тағы болмайды. Мысалы, ұлтаралық қатынас мәдениеті өркениеттілік жағдайында дүмпулі қайшылықтардан аулақ болуы қажет. Сол ұлтаралық қатынастар мәдениетін жоғары дәрежеде іске асыру үлгісін халықтар Ассамблеясының баянды жұмыстары арқылы Қазақстан бүкіл әлемге паш етіп отыр. Олай болса, бұл мәселені шешуге болады. Ал әлеуметтік саяси шындық, өркениеттілік пен мәдениет арасында шешімі табылмаған күрделі қайшылыктар бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Оны ғылыми - техникалық революция жетістіктерін пайдаланудан да көруге бола¬ды. Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нөтижесі.

Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де болып табылады. Бұл пікір материалдық мәдениетке де байланысты. Жеке адамның даралық мәдени сипаты оның іс-әрекеті, қызметінен туындайды. Бірақ еңбек процесінде ол материалдық мәдениетпен танысады, оның өркендеуіне тікелей қатысады, өзінің өмір салтын қоғамдық өмір мәдениетіне бағындырады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде оның рухани қазынадан нәр алмауы, оны көркейтіп, мазмұнын байытуға қатыспауы мүмкін емес.

Мәдениет философиясы мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі;

Мәдениет — адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани қүндылықгардың жиынтығы.Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық қүқықтық т.б. мәдениет жүйе-салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, үжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке қүқықтық мемлекет жол ашады.

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылықтәрбиелікт.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгей қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.

Қоғамда бүл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.

Мәдениеттің мазмүны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды үш топкд бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар — жіктеулер:

- антропологиялық жіктеу адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмүнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақгайды;

- социологиялық жіктеу - қоғамның даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттщ мазмүнын түсшу үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;

- философиялық жіктеу — қоғамдағы барлық материалдық және рухани қүбылыстардың жиынтығы — деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмүнын түсіну үшін қоғамдағы барлық күбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми түрғыдан қорытынды түжырымдар жасауды дүрыс дейді.

Антагонистік қоғамдағы іЧатериалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір үлттық мәдениетте демократиялық элементтерде болады. Өйткені әрбір үлтта еңбекші және қанаушы бүқара бар, олардың өмір сүру жағдайлары демократиялық идеологияны туғызбай қоймайды.

Қазіргі замандағы мәдениет мазмүны жағынан алғанда өте кең байтақ, ол өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын занды түрде қабылдап, дамып келеді. Мәдениет түсінігіне тек ғылым, ағарту, өнер, тіл және әдебиет қана жатып қоймай, оған "сезім мәдениеті" де кіреді. Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Мәдениеттің экономикалық негізі оны стихиялық дамудан сақтайды. Мәдениеттің үзіліссіз даму процесінде бірте-бірте ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы айырмашылықтар жойылады, адамның жеке басының үйлесімді жан-жақты дамуына жағдай туады.

Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі қүқықгық мәдениет. Бүл қоғамдағы мөдени қүндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды қүқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару. Қүқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бүл объективтік процесс.

Құқықтық мәдениет қоғамның қүқықтық санасының, айнасы деуге болады. Ойткені бүл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының қүқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Қүқықтық мәдениет екі белімнен түрады: жеке түлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке түлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Қүқықтық мәдениет жалпы-халықтык байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Құқықгық мәдениет жеке түлғалардың білімінін, деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық.

Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бүл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.

Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық-қүқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік-мәдениетті реттеп, басқару; нормативтік — мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы қүқықтың рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау)- қүқықтық мәдениеттің болашағын дүрыс болжау.

Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді:қоғамдық, топтық және жеке түлға. Бүл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі - қүқық шығармашылықтағы, қүқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі - заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

 

1. Көркемдік шығармашылықтың нәтижелері:

А) Поэзия.

В) Сурет өнері.

С) Музыка.

D) Хореография.

Е) Өнер.

2. Қоғам мен адам өміріндегі негізгі құндылықтар:

А) Материалдық және рухани.

В) Рухани және идеалды.

С) Ақиқат және игілік.

D) Өнер мен әсемдік.

Е) Еркіндік және мақсат.

3. “Эсхатология” терминінің мағынасы:

А) Құдай туралы ілім.

В) Адам туралы ілім.

С) Болмыс туралы ілім.

D) Ақыр заман туралы ілім.

Е) Таным туралы ілім.

4. Моральдың бірінші негізгі қызметі:

А) Ағартушылық.

В) Тәрбие.

С) Нотация оқу.

D) Реттеу.

Е) ¦йымдастыру.

5. Мәдениеттің соңы туралы идеяны ХХ ғасырда жариялаған:

А) Швейцер.

В) Шпенглер.

С) Шопенгауэр.

D) Шестов.

Е) Шри Аробиндо Гхош.

6.«Мәдениет» ұғымы:

А) Баспа

В) Жерді өңдеу

С) Басқару

D) Жүйелеу

E) Діни культке табыну

7. Батысеуропалық философияда алғашқылардың бірі болып мәдениетті табиғаттан ажыратып қарастыруды ұсынған:

А) Ж.Ж.Руссо

В) О.Шпенглер

С) А.Тойнби

D) Н.Бердяев

E) Ф.Шеллинг

8. Қандай мәдениеттің негізінде болмасын, этикалық бастама жатыр – деп ойлаған:

А) Маркс

В) Швейцер

С) Ясперс

D) Данилевский

E) Фромм

9. Қандай мәдениеттің негізінде болмасын, этикалық бастама жатыр – деп ойлаған:

А) Маркс

В) Швейцер

С) Ясперс

D) Данилевский

E) Фромм

10. Постиндустиялдық қоғам терминінің авторы:

А) Белл

В) Поппер

С) Фромм

D) Дюргейм

E) Веб

 

ARM – БЕЛСЕНДІ ТАРАТПА МАТЕРИАЛДАР (Hand-outs)

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________ (модуль шифры)   __Жалпы міндетті

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д. ______________ «_____» __

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері»  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия. Антро

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
  Модуль пәнінің атауы: Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері  

Негізгі әдебиеттер
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде. Алматы, 2006. 2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия.

Осымша әдебиеттер
  106 философов: жизнь, судьба, учение в 2 томах. М., 1994 Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 Хрестоматия по философии РнД., 1997 С

Білімдер бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сана эквиваленті Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазм&

Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға ж|

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауu

Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада. В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда. Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерле

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
  Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтт

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде ке

Конфуций шығармасы:.
А) Чочун-юн. В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы. Е) Ли- цзы. 5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, К

Дәріс № 5.
Ренессанс дәуіріндегі философия Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы фил

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?
А) Натурфилософия. В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм. Е) Реформизм. 9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасы

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық

Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалы&

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері: ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландық

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия
Дәрістің қысқаша мазмұны: Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялы&#

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?
А) Абай. В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов. Е) Шәкәрім. 7. Түркі әлемінде

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
А) Ана мен бала қорғаушысы. В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қор

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология
Дәрістің қысқаша мазмұны: Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философиян

Эмпирикалық таным формасы
А) Теория В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау E) Ғылыми факты 7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай кел

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?
А) Анаксагор В) Протагор С) Аристотель D) Сенека E) Сократ 4. Адам мен қоғам даму процесін білдіретін термин: A. а

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде
АДАМИ АДАМ Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тx

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.
Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

САНА ФОРМАЛАРЫ.
Сана формалары: 1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпын

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ө

Оғам: анализдің философиялық негізі
Қоғам(лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениет

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
· экогуманизм– табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді. · «экологиялық пессимистер»

ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
    Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
   

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
Тарихи анықтама: Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялы

И. КАНТ
Қарастырылу объектісі: «Фирмадағы келіспеушілік» Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві

Тапсырма
1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу. 2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:  

Тапсырма
1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру. 2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?
А. Пайда болу В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс Е. Басқарылатын 5. Фалес бойынша |

Тапсырма
1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау   &

Тапсырма
Қайта өрлеу заманы философиясының ерекшеліктері. Кесте толтыру:   Бағыттар Көрнекті өкілде

Тапсырма
1. Жаңа заман философиясының негізгі даму бағыттары   Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк  

Тапсырма
  1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру   3. Келесі тест сұрақтарына жауап б

Тапсырма
1. Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру. 1……….. 2........... 3............ 4...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дүниетанымның тарихи үш түрі: А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар D. Дін, u

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Философия – дүниеге көзқарас формасы, философиялық білім ерекшеліктері. 2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
1. Неміс классикалық философиясының маңызы. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» ж&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги