рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология - раздел Образование, МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Дәрістің қысқаша Мазмұны: ...

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірден бастап, Парменид, орта ғасырлық философия, Гегель, Хайдеггер және т.б. болмыс мәнін ұғынуға тырысты. Болмысты Гегель өзінің «Ғылыми логикасында» былай анықтайды: «Бастама өзінде болмыс пен ештемені сақтайды; ол болмыс пен ештеменің бірлігі, немесе, басқаша айтсақ, ол – бейболмыс, сонымен бірге ол - болмыс; дәл сол сияқты, ол болмыс бола тұрып – бейболмыс». (Гегель «Ғылыми логика», т.5, 58 бет).

«Бұл таза болмыс дегеніміз таза абстракция, демек, абсолюттік терістеулік, яғни тікелей алынғандағы, ештеме» (Гегель т.1, 220 бет). Философиялық «болмыс» категориясының мазмұнын мына жағдайлар ашуы мүмкін:

- қоршаған дүние, заттар, құбылыстар, шындықта өмір сүреді, ол дүние бар;

- қоршаған дүние дамуда, ішкі себептері бар, қозғалыс көзін өзінде сақтайды;

- материя мен рух – бір, бірақ сонымен бірге қарама-қарсы мәнділіктер шындықта өмір сүреді; материя да бар, рух та бар.

Осы жоғарыда айтылғандар субстанция ұғымымен анықталады.

Субстанция (лат., «мән», «нәрсе», «мәнділік») - түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама; Субстанция – мәнділіктің алғы себептілігі. Жалпы, субстанция гректің «гипостасис» - негіз, фундамент, тұлға деген сөздерін білдіреді. Шіркеулік «ипостасьта» осы мағынада. Субстанция категориясын Аристотель, Декарт, Спиноза, Гассенди, Локк және т.б. арнайы қарастырған.

Болмыс – адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын объективтік шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. Болмысты философиялық ұғынуды өзге түсініктерден ажырата білу керек.

Болмыстың негізгі формалары:

· материалдық, заттар мен процестер болмысы:

а) біртұтастық түріндегі табиғат заттары, процестер болмысы;

ә) адам жасаған заттар, процестер болмысы;

· идеалдық, рухани болмыс:

а) тұлғаланған, жекелік рухани болмыс;

ә) объективтенген рухани болмыс;

· адами болмыс, адам болмысы:

а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

ә) адамның өзіндік болмысы;

· әлеуметтік болмыс:

а) қоғамдағы адам болмысы;

ә) қоғамның өзіндік болмысы;

Болмыстың өзге де түрлері кездеседі:

· ноуменалды («ноумен» - өзіндік зат) болмыс – санадан тысқары, оған тәуелсіз болмыс;

· феноменалды («феномен» - құбылыс, тәжірибеде берілген) болмыс – танымдағы субъекттің елестету, көрініс болмысы, дүдамал болмыс;

Көбінесе ноуменалды болмыс пен феномалды болмыс бір-біріне сәйкес келеді.

Бейболмыс – абсолюттік ештеме, болмыспен қарама-қарсылықтағы және бірліктегі болмыс.

Қоршаған дүниедегі заттар, құбылыстар болмыста болады және бейболмыста да болуы мүмкін. Мысалы: әлі туылмаған адамдар, жасалмаған заттар; өлген адамдар, қираған мемлекет, қалалар, өшкен өркениеттер және т.б.

Қозғалыс– материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Қозғалыс жалпы алғанда, материяның өзара әрекеттесуі, жалпы өзгеру. Материя тек қозғалыста болады, сол арқылы өзін-өзі айқындайды, білдіреді. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ – дейді материалистер. Материя қозғалысының қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуін дамудеп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым.

Материя кеңістікпенуақыттаорналасқан.

Кеңістік пен уақытты қарастыруда философияда негізінен екі көзқарас кең тараған:

Ø субстанциялық(Демокрит, Эпикур) әдісте уақыт пен кеңістік бір - біріне тәуелсіз, өзіндік шындық, әрі материяда өзіндік субстанция. Ал материяның кеңістік және уақытпен арақатынасы субстанция аралық қатынас болып табылады.

Ø Реляциялық(лат,-relatio- қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) әдісте кеңістік пен уақытты материалдық объектілердің өзара әрекетін ұйымдастыратын, құрайтын қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда реляциялық әдісті қолдаушылар басым.

Ø Кеңістік- материя болмысының формасы, материалдық жүйе элементтерінің созылымдылығын, құрамдастығын, бірге өмір сүруін, өзара әрекетін білдіреді.

Кеңістік қасиеттері:

· денелер созылымдылығы;

· үш өлшемді;

· қайта оралу мүмкіндігі.

Уақыт-материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.

Уақыт қасиеттері:

· ұзақтылық пен бірқалыпты өзгеру;

· бір өлшемді;

· қайта оралмау;

· бір бағыттылық.

 

Таным– қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – субъекттің объектке тарихи диалектикалық қатынасы. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философиялық тілде гносеологиянемесе эпистемологиядеп те атайды.

Адам қоршаған дүниені екі жолмен тануы мүмкін:

- тікелей тану, яғни дүниемен тікелей қатынаста болу;

- жанамалай тану, яғни материалдық және рухани мәдениет құндылықтары арқылы тану.

Философия тарихында таным процесінің ұғыну барысында үш түрлі көзқарас қалыптасты:

- идеализм.Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – белсенді, объект – пассивті;

- материализм.Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – пассивті, енжар, метафизикалық немесе механикалық бейнелеу, меңзеушілік; Субъект объектке тәуелді.

- - метафилософия.Субъект (S) пен объект (О) – барабар емес, олар бір-біріне шексіз жақындайды. Субъект пен объект ұдайы диалетикалық өзара қатынаста болады.

 

§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:

· сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

· рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм(грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм– түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Қарапайым реализм– адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».

Сезімдік таным формалары:

- түйсік– заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;

- қабылдау– сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

- елестету– бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалдық формасы.

Рационализм(лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалдық таным формалары:

- ұғым– заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.

- Пікірдегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);

- Тұжырымдеп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.

 

M – P Барлық адам - өледі

S – M Гегель - адам

________ ___________________________ ;

S – P Гегель - өледі

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

- гностицизм– дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

- агностицизм– дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)

Қазіргі заманғы гносеологиякөбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:

- диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;

- тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;

- танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;

- объективтікке негізделу;

- шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;

- ақиқаттың нақтылығын тірек ету;

- практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.

 

Тақырып бойынша глоссарий:эпистемология,таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау, болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Онтология ол:

А. Құндылықтар ілімі

В. Өнегелік, этикалық теория

С. Болмыс туралы ілім

D. Таным теориясы

E. Діни ілім

2. Гносеология ол:

А. Болмыс туралы ілім

В. Даму ілім

С. Таным теориясы

D. Өнер философиясы

E. Адам жөніндегі ілім

3. Сезімдік таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пайымдау, ойқорытынды

4. Рационалдық таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пікір, тұжырым

5. Жалпы білімнен нақтылыққа өтуге негізделген әдіс:

А. Дедукция

В. Индукция

С. Анализ

D. Социометрия

Е.Синтез

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________ (модуль шифры)   __Жалпы міндетті

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д. ______________ «_____» __

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері»  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия. Антро

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
  Модуль пәнінің атауы: Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері  

Негізгі әдебиеттер
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде. Алматы, 2006. 2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия.

Осымша әдебиеттер
  106 философов: жизнь, судьба, учение в 2 томах. М., 1994 Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 Хрестоматия по философии РнД., 1997 С

Білімдер бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сана эквиваленті Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазм&

Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға ж|

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауu

Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада. В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда. Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерле

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
  Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтт

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде ке

Конфуций шығармасы:.
А) Чочун-юн. В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы. Е) Ли- цзы. 5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, К

Дәріс № 5.
Ренессанс дәуіріндегі философия Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы фил

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?
А) Натурфилософия. В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм. Е) Реформизм. 9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасы

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық

Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалы&

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері: ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландық

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия
Дәрістің қысқаша мазмұны: Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялы&#

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?
А) Абай. В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов. Е) Шәкәрім. 7. Түркі әлемінде

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
А) Ана мен бала қорғаушысы. В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қор

Эмпирикалық таным формасы
А) Теория В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау E) Ғылыми факты 7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай кел

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?
А) Анаксагор В) Протагор С) Аристотель D) Сенека E) Сократ 4. Адам мен қоғам даму процесін білдіретін термин: A. а

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде
АДАМИ АДАМ Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тx

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.
Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

САНА ФОРМАЛАРЫ.
Сана формалары: 1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпын

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ө

Оғам: анализдің философиялық негізі
Қоғам(лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениет

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
· экогуманизм– табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді. · «экологиялық пессимистер»

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет
Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан. «Культура» (латын., cultio, cultura - өң

ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
    Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
   

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
Тарихи анықтама: Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялы

И. КАНТ
Қарастырылу объектісі: «Фирмадағы келіспеушілік» Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві

Тапсырма
1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу. 2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:  

Тапсырма
1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру. 2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?
А. Пайда болу В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс Е. Басқарылатын 5. Фалес бойынша |

Тапсырма
1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау   &

Тапсырма
Қайта өрлеу заманы философиясының ерекшеліктері. Кесте толтыру:   Бағыттар Көрнекті өкілде

Тапсырма
1. Жаңа заман философиясының негізгі даму бағыттары   Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк  

Тапсырма
  1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру   3. Келесі тест сұрақтарына жауап б

Тапсырма
1. Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру. 1……….. 2........... 3............ 4...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дүниетанымның тарихи үш түрі: А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар D. Дін, u

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Философия – дүниеге көзқарас формасы, философиялық білім ерекшеліктері. 2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
1. Неміс классикалық философиясының маңызы. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» ж&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги