рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оғам: анализдің философиялық негізі

Оғам: анализдің философиялық негізі - раздел Образование, МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Қоғам(Лат., Социалис) – Адам қызметіні ...

Қоғам(лат., социалис) – адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының (территориясы, дәуірі, дәстүр мен мәдениеті) барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым.

К.Марксқоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынып, оның дамуы – табиғи – тарихи процесс деп, қоғамның қозғаушы күштері, жалпылық заңдылықтары туралы біртұтастық ілім жасады.

Адамзат тарихында үш ірі қоғамдық еңбек бөлісі болды:

· егін шаруашылығының мал шаруашылығынан бөлінуі;

· қолөнер кәсібінің егін шаруашылығынан бөлінуі;

· сауданың бөлініп, саудагерлердің пайда болуы.

Ø қоғамдық болмыс– қоғами қатынас жүйесінде адам қызметі арқылы өңделетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол қорланып, жинақталып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.

Ø қоғамдық сана– тарихтың рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, біртұтастық рухани құбылыс.

Қоғам өмірінің негізгі сфералары:

· экономикалық;

· әлеуметтік;

· саяси;

· рухани.

Экономикалық сфера– қоғам өмірін анықтайтын база. Оның құрылымы:

· өндіріс;

· үлестіру;

· алмасу;

· материалдық байлықты тұтыну.

Экономикалық сфера мына формаларда өмір сүреді:

· экономикалық кеңістік – шаруашылық болмысы;

· экономиканы басқару институттарының қызметі;

· материалдық игілікті өндіру әдісі.

Өндіріс дегеніміз жалпылықты көрсететін абстракция. Өндіріс дегеніміз тұтыну, сонымен бірге өндіріс. Өндіріс дегеніміз өндіріс пен тұтынудың бірлігі, тұтыну өндірістің бір моменті, сәті. Адамзаттың өндірісті толық тоқтатуы, бірнеше күннен кейін оның сөзсіз құруына әкелер еді.

Жалпы еңбектің қарапайым моменттері:

· еңбек – мақсатталған адам іс-әрекеті, қызметі;

· еңбек заттары – табиғат (бөлігі), жер, су, ағаш, балық, шикізат, т.т.;

· еңбек құралдары – адам мен еңбек заттарының арасындағы байланыстырушы элемент.

Өндіріс әдісі дегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі.

К.Маркс: «... экономикалық дәуірлер не өндіретінімен емес, қалай өндіретінімен, қандай еңбек құралдарын пайдаланатынымен ерекшеленеді» (К.Маркс. «Капитал», т.23, 191-б.).

Өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі. Өндіріс құралдары (заттық элементтер):

· еңбек құралдары;

· шикізат пен материалдар;

· ғимараттар мен құрылыстар;

· транспорт және т.б.

Өндірістік қатынастар- өндіріс, үлестіру, алмасу және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар.

Өндірістік қатынастар негізінде қоғамдық және жекелік болып келетін өндіріс әдісінің меншіктік формасы жатады.

Материалдық өндірістің (қоғам өмірінің экономикалық сферасы) маңызы:

· қоғам тіршілігінің материалдық базасын жасайды;

· қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ықпал жасайды;

· әлеуметтік құрылымға тікелей әсер етеді;

· саяси процестерге ықпалы күшті;

· рухани дүниеге де тікелей және жанама түрде әсер етеді.

Әлеуметтік сфера– еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

· таптар;

· страттар;

· қауымдастықтар;

· қала мен ауыл тұрғындары;

· дене және ой еңбегі өкілдері;

· әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

· ұлттар.

Әлеуметтік институт– ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар– еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация(жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.

Питирим Сорокиннің страттары:

· биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

· мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

· әлеуметтік мобильдік(жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

· мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

· мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

· мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.

Азаматтық қоғам- әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы- әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

· мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

· саяси партиялар;

· қоғамдық ұйымдар;

· кәсіподақ;

· өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

· өкілеттілік;

· реттегіштік;

· қорғау;

· сыртқы саясат;

· интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірініңнегізгі элементтері:

· рухани қызмет;

· рухани құндылықтар;

· адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

· рухани тұтыну;

· жеке сана;

· қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

· әдеттегі және теориялық сана;

· қоғамдық идеология және психология;

· қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

· саясат;

· құқық;

· мораль;

· ғылым;

· дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі(Ферсман, Плотников):

· антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

· социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

· биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

· антропогендік әсер;

· техногендік әсер.

Табиғат– адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.

Табиғат – кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.

Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;

Табиғи табиғаттық орта- өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;

Жасанды табиғаттық орта– тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;

Жағрапиялық орта– адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;

«Жағрапиялық детерминизм»(XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;

Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайлары экономикалық екі үлкен топқа бөлінеді:

- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және

- еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).

Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.

Күн– орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 кмсек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.

Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105 – 108 жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.

Геологиялық дәуірлер:

· катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);

· архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);

· протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);

· палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);

· мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);

· кайнозой (67 млн – қазірге дейін).

Жердің құрамдас бөліктері:

· литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

· атмосфера – Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

· гидросфера – литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

· биосфера (грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс қолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.

Ноосфера(грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.

Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруа енгізді.

Пьер Тейяр де Шарден – ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.

В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский – ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.

§4. Экология(грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологы Э.Геккель пайдаланды.

К.Маркс: «... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).

Ф.Энгельс: «... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).

Экологиялық мәселер:

· ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

· орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

· хайуанат дүниесін қырып-жою;

· ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

· адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

· «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;

· озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Аза гуманитарлы за университеті... ЭКОНОМИКА БИЗНЕС Ж НЕ ЛЕУМЕТТІК ЫЛЫМДАР ЖО АРЫ... ГУМАНИТАРЛЫ Ж НЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ П НДЕРІ КАФЕДРАСЫ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оғам: анализдің философиялық негізі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________ (модуль шифры)   __Жалпы міндетті

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д. ______________ «_____» __

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері»  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия. Антро

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
  Модуль пәнінің атауы: Философия. Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері  

Негізгі әдебиеттер
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде. Алматы, 2006. 2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия.

Осымша әдебиеттер
  106 философов: жизнь, судьба, учение в 2 томах. М., 1994 Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 Хрестоматия по философии РнД., 1997 С

Білімдер бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сана эквиваленті Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазм&

Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны: Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға ж|

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауu

Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада. В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда. Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерле

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
  Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтт

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде ке

Конфуций шығармасы:.
А) Чочун-юн. В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы. Е) Ли- цзы. 5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, К

Дәріс № 5.
Ренессанс дәуіріндегі философия Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы фил

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?
А) Натурфилософия. В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм. Е) Реформизм. 9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасы

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық

Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалы&

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері: ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландық

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия
Дәрістің қысқаша мазмұны: Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялы&#

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?
А) Абай. В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов. Е) Шәкәрім. 7. Түркі әлемінде

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
А) Ана мен бала қорғаушысы. В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қор

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология
Дәрістің қысқаша мазмұны: Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философиян

Эмпирикалық таным формасы
А) Теория В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау E) Ғылыми факты 7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай кел

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?
А) Анаксагор В) Протагор С) Аристотель D) Сенека E) Сократ 4. Адам мен қоғам даму процесін білдіретін термин: A. а

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде
АДАМИ АДАМ Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тx

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.
Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:

САНА ФОРМАЛАРЫ.
Сана формалары: 1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпын

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ө

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.
· экогуманизм– табиғатта адам болмысын қарастыру, табиғат адамның рәміздік болмысы – дейді. · «экологиялық пессимистер»

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет
Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан. «Культура» (латын., cultio, cultura - өң

ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
    Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
   

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.
Тарихи анықтама: Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялы

И. КАНТ
Қарастырылу объектісі: «Фирмадағы келіспеушілік» Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві

Тапсырма
1. Философия тарихы және оны кезеңдерге бөлу. 2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:  

Тапсырма
1. Антикалық (Грек) философиясына сипаттма беру. 2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?
А. Пайда болу В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс Е. Басқарылатын 5. Фалес бойынша |

Тапсырма
1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау   &

Тапсырма
Қайта өрлеу заманы философиясының ерекшеліктері. Кесте толтыру:   Бағыттар Көрнекті өкілде

Тапсырма
1. Жаңа заман философиясының негізгі даму бағыттары   Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк  

Тапсырма
  1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру   3. Келесі тест сұрақтарына жауап б

Тапсырма
1. Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру. 1……….. 2........... 3............ 4...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Дүниетанымның тарихи үш түрі: А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар D. Дін, u

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Философия – дүниеге көзқарас формасы, философиялық білім ерекшеліктері. 2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
1. Неміс классикалық философиясының маңызы. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» ж&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги