рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Махамбет Утемисов

Махамбет Утемисов - раздел История, Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846) {1803, Ішкі Бө...

Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846) {1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы} - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәліні ң тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халы& #1179;ты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады.

Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады.

Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. " Жәңгірге" , "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты.

Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", " Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды.

Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен & #1179;аламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлерайтты.

– Конец работы –

Используемые теги: Махамбет, Утемисов0.055

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Махамбет Утемисов

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

0.026
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам