рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Шы жылдардағы Ауғанстан.

Шы жылдардағы Ауғанстан. - раздел Домостроительство, Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері   Іі Дүниежүзілік Соғыстан Кейін 1946 Жылы Ау...

 

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін 1946 жылы Ауғанстанда билікке келген жаңа кабинетті корольдің ағасы Шах Махмұд басқарды. Осы кезеңде Ауғанстан аграрлы-жартылай феодал мемлекет болып қала берді. Игеріліп жатқан жерлердің 3/4 бөлігі помещиктердің қолында болды. Ірі мал иеленушілер, соның ішінде хандар мен тайпа шейхтерінің қолында жайылымды жерлердің көп бөлігі болды. Сыртқы сауда бұрынғыдай басты капитал көзі болып қала берді. Өнеркәсіп өндіру көрсеткіші өте төмен болды, елде тек қана жеңіл өнеркәсіп біраз дамыған болды.

1946 жылы АҚШ Ауғанстанға «Моррисон Надсен» компаниясымен елдің оңтүстігінде жол салу туралы келісімге қол қоюға мәжбүр етті. Бұл келісім бойынша 1949 жылға дейін құрылыс бітірілмей, Ауғанстан тағы да АҚШ-тан қарыз алуға мәжбүр болады. АҚШ 1949 жылы және 1954 жылы жалпы 39,5 млн. долл. мөлшерінде қарыз береді, бірақ бұл жобаның бітуіне жетпей қалады. Осындай экономикалық қиыншылықтар елде әлеуметтік қайшылықтар туғызды. 1947 жылы «Оянған жастар» атты қозғалыс пайда болды. 1950-1951 жж. пайда болған саяси топтар буржуазиялық -демократиялық сипатта болды. 1952 жылғы мамыр айындағы оппозициялық толқулар Кабулда үлкен демонстрацияларға алып келді. Капиталисттік қатынастардың дамуы жаңа реформалардың жүргізілуін талап етті және ол реформалар бойынша шетел капиталынан елдің рыногын тазарту болды.

Осындай жағдайларда 1953 жылы қыркүйекте кабинет ауыстырылады. Корольдің ағасы Мұхаммад Дауд билеген жаңа кабинет елдің ұлттық шаруашылығы мен өндіріс күштерін дамытуды қолға алды.

Мұхаммад Дауд өз саясатын «жетекші экономика» деп атады және оның мақсатына мынандай мемлекеттік-капиталистік қайта құрулар болды: сыртқы саудаға бақылауды күшейту, жаңа банктер құру арқасында кредиттік системаны ұлғайту, және де кредиттік кооперативтерді ұлғайту, мемлекеттің қатысуымен кредиттік құрылыс программасын ұлғайту. 1956 жылы үкімет елдің экономикасын дамыту үшін жаңа бесжылдық жоспар қабылдады, соның ішінде энергетика, өндіріс, транспорт, ауыл шаруашылығы, ирригация салаларына басым назар аударылды. 1956 жылғы әйелдерге чадра киюге міндеттіліктің алынып тасталуы маңызды орын алды.

Соғыстан кейінгі кезеңдерде Ауғанстан ішкі саясатында бейтараптылық саясат ұстанды. 1946 жылы БҰҰ-ның мүшесі болған Ауғанстан өзін отаршылдыққа қарсы, мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен тең құқылы келісімдердің жақтаушысы ретінде жариялайды.

Бірақ 50-ші жылдардың ортасына қарай пәкістан-ауған арасында, яғни пуштун тұрғындары тұратын аудандарда қайшылықтар ушыға түседі.

1955 жылы Пәкістан территориясы арқылы өтетін ауған тауарларына транзит жолы жабылады, бұл ауған экономикасына қойылған блокада еді. Осы кезде Ауғанстанда 1955 жылы Кеңес Одағымен қойылған транзит туралы келісім өте маңызды роль атқарды. Кеңес Одағы Ауғанстанға экономикасын дамыту мақсатында техникалық және қаржылай көмек көрсетуге қол ұшын берді.

60-шы жылдардың басында пәкістан-ауғанстан карым-қатынастарында тоқырау болды. 1961 жылы қыркүйекте Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қатынас уақытша үзілді. 1961-1963 жж. бойы Дауд басқарған кабинет батыстың қолдауымен болған оппозицияның күшеюіне төтеп бере алмады. Билеуші топтар арасындағы келіспеушіліктер 1963 жылдың наурызында Мұхаммад Даудтың кабинетін биліктен шеттеді. Дауд кабинетінің орнына, бұрын тау істері және өнеркәсіп министрі болған Мұхаммад Юсуф келеді. Мұхаммад Юсуфтың алғашқы қадамы Пәкістан мен екі арадағы байланысты жақсарту болды. Сонымен қатар, Мұхаммад Юсуф М. Даудтың «жетекші экономика» бағдарламасын қолдады.

1964 жылы қыркүйекте Ауғанстанның конституциясы туралы жобасы Лоя Джирги (ұлттық, өкілдік съезд) отырысында мақұлданды, ал қазан айында корольдің қолы қойылып, өз күшіне енді. Жаңа конституция Ауғанстанды конституциялық-монархиялық мемлекет деп таныды, заң шығарушы, орындаушы және атқарушы билік тек корольдің қолында болды. Сонымен қатар, корольдің жақындарына жоғары қызметті иелеуге пен жоғарғы сот құрамынд аьолуға рұқсат етілмеді. Ауған азаматтарының сөз бостандығы және заң алдындағы теңдігі жарияланды.

1965 жылы парламентке сайлауда әйелдердің де қатысуына рұқсат етілді. Осы жылдың қазан айында болған жастардың толқулары 29 қазанда жаңа кабинеттің келуіне алып келді. Оны ақпарат және басылым министрі Мұхаммад Хашим Майвандвал басқарды. Бұл парламенттің жалғыз жеткен жетістігі 1965 жылға қарай жеке газет-журналдардың шыға бастауы. 1973 жылы олардың саны 26-ға жетті.

60-70-шы жылдар ауған қоғамына ешқандай өзгерістер алып келмеді, әлеуметтік-экономикалық жағдай сол күйінде қалды. Осының өзі жалпы-ұлттық тоқырауға алып келді.

1968 жылдың сәуірінде елді ереуілдер толқыны жаулап алды. 1968 жылдың 1 мамырында астанада және басқа да қалаларда ереуілдер өтті. Олардың талаптары бойынша жұмысшылардың кәсіподақтар құруға және осы күнді демалыс күні деп жариялануын талап етті.

70-ші жылдардың басында ауғандардың қарулы күштерінің саны 90 мыңға жетті. 60-шы жылдары әскер модернизацияланып, техника жағынан қайта қамтамасыз етілді.

1965 жылы қаңтарда марксистік үйірмелер мен социалистік топтардың қосылуынан Халықтық-демократиялық Ауғанстан партиясы құрылды. 1 қаңтар 1965 жылы болған I съезде партияның жоғарғы тобына 7 адам таңдап алынды. ХДАП-ның бас хатшысы болып Н.М. Тараки ,ал орынбасары – Бабрак Кармаль сайланды. 1966 жылы ХДАП-ның басылым органы өз газеті «Халькті» («Халық») шығарды. Бірінші нөмері партияның бағдарламасына арналды. Бірақ, үкіметтің тыйым салуына байланысты 1966 жылдың мамыр айына дейін ғана шығарылады.

60-шы жылдардың басында «Шаолен джавид» («Мәңгілік жалын») газетінің маңайында өздерін «жаңа демократияшылар» деп атаған, ұсақ буржуазия экстремисттері, бірақ шын мәнінде Мао Цзэдун теориясы жақтастары болды.

Елдің билеуші топтары, қоғамдағы ішкі саяси ыдыраудың алдын алу мақсатында Прогессивті Демократиялық Партия құрды. Бұл партияның мақсаты ретінде «ислам принциптері үшін күрес, конституциялық монархия, ұлттандыру және социялизм» алынды. Бірақ ол халықтың сенімін ақтамады. ППД шын мәнінде, партия болмады, бірақ ол тек қана М.Х.Майвандвалға берілген адамдардың жиынтығы ғана болды. 1967 жылы оның биліктен шеттетілуіне байланысты ППД партиясы да өз өмірін тоқтатады.

1973 жылы шілде айының 16 күнінен 17-не қараған түні бұрынғы премьер-министр және король отбасының мүшесі Мұхаммад Дауд басқарған бір топ офицерлер, қансыз мемлекеттік төңкеріс жасады. Ауғанстан республика болып жарияланды.

Билік басында 40 жыл болған король Мұхаммад Захир-шах, төңкеріс кезінде Италияда болып бір айдан кейін тақтан кетеді. Мелекеттегі жоғарғы орган Республикалық Орталық Комитет (ЦКР) болады. Оның құрамына төңкеріс жетекшілері мен кейбір қатысқан офицерлер кірді.

1973 жылы тамызда бірінші республикалық үкімет құрылды. 23 тамыз күні М. Дауд ЦКР-дің шешімімен премьер-министр және ел басы болып таңдалады. Үкіметтің экономика, әлеуметтік-саяси өмірде жүргізген реформалары қоғамда жақсы қабылданды. Жемқорлықпен күрес күшейтіліп қатаң бақылауға алынды.

1977 жылы қаңтарда Лоя Джирга бойынша Мұхаммад Даудтың республика президенті болып жарияланады.

1978 жылы елде қайтадан тоқырау болады. Ол тоқыраудың себебі 1978 жылы 17 сәуір ХДАП-ның жетекшісі Мира Ақбар Хайбардың өлтірілуі болады. 25 сәуірде ХДАП-ның жетекшілерін тұтқынға алады. Соның ішінде Н.М. Тараки мен Бабрак Кармаль. Ауған әскерінің бірнеше батальоны президент резиденциясына шабуыл жасады. Сол шабуыл нәтижесінде М. Дауд өлтіріледі.

1992 жылы сәуірде астанада уақытша үкімет билік басына келеді. Ауғанстан мұсылман мемлекеті деп жарияланады. 1992 жылы желтоқсанда мұсылман идеяларын жақтаушы Бурхануддин Раббани Ауғанстан Мұсылман Республикасының басшысы болып жарияланды.

Раббани - нәсілі тәжік, «Ауғанстан Мұсылман Қоғамы» партиясын басқарып отырды және оның көп бөлігін тәжіктер құрады.

Соңына келгенде 1995 жылы әскерсаяси аренада Ауғанстанда пуштундық қозғалыс Талибан пайда болды. Оның жетекшісі, ең алдымен М. Омар мұсылман семинарларының тыңдаушысы болды. Сондықтан ол «Таза ислам» үшін күрес жүргізді. 1996 жылға қарай олар Кабулды да жаулап алды.

1997-1998 жж. әскери қозғалыстар аяқталмады, керісінше, одан әрі шиеленісе түсті.

1997 жылы 28 қазанда Шура қозғалысы Ауғанстанды эмират деп, яғни монархиялық мемлекет деп жариялайды. Шура қозғалысының төрағасы Мохаммад Омар Ахундзада әмір титулына ие болып, билеуші болады.

1988 жылдың жазында көптеген шайқастар нәтижесіндегі жеңілістерге қарамастан олар көптеген жерлерді басып алады. Бірақ бұл соғыс қазіргі кезге дейін жалғасуда.

Бір сөзбен айтқанда,қазіргі Ауғанстанның жағдайы, мемлекетте бір биліктің болмауы және екі сфераға бөлінген, шайқастар алаңына айналып отыр.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері

Шы ыс д ст рлі атынастарды батыс отарлы капиталымен зара рекеті... XIX ая ы XX басында ы отарлы... Д ріс Х ІІ ортасы ХХ басында ы ытай империясы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Шы жылдардағы Ауғанстан.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері.
Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соң

Азияның оянуы.
  ХХ ғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмні

Асырдың соңғы онжылдығындағы Цинь империясы.
  17 ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті құлдырау кезеңінде тұрды. Салықтың шектен тыс көбейіп кетуі, шаруалардыv

Күрес.
  Жаңа дәуірде Жапония феодалдық-қоғамдық-экономикалық дамуда өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. XVII-XVIIIғғ. Жапонияда

Орыс-жапон соғысы және І д.ж.с. қарсаңы арасындағы Жапония.
  XIXғ. 80жж. Жапонияда өнеркәсіп тез дами түсті. Көптеген мемлекеттік өнеркәсіптер жеке меншікке беріле бастады. 1872ж. бірінші темір жол То

ХІХ ғ. қарай елдің жағдайы.
  XVII ғасырдың ортасында Иран Сефевидтер династиясы билеген феодалдық аграрлық мемлекет болды. Сефевид мемлекетінің құрамына Иран территория

Д.ж.с. қарсаңындағы Иран.
  XIX ғ. 40 жылдарында Зендан, Исфахан, Тебриз, Иезд облыстарында шах үкімдеріне қарсы халық көтерілістер басталды. Бұл көтерілісті секта Баб

Белград бітіміт және 1740ж. тізе бүгу.
  17-18 ғасырларда Осман империясы Азия, Еуропа және Африка территорияларын иемденген алып держава болып қала берді. Осман империясы өзінің қол аст

Реформа кезењіндегі Осман империясы.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Француз революциясының идеялары Балu

Империяның күйрей түсуі. Триполитан және балқан соғыстары.
  19 ғасырдың 70 жылдары Осман империясының шетел державаларына тәуелділігі ұлғая түсті. 1870-71 ж. Франция-Прусс соғыстарынан кейін, Т

Маратх мемлекетінің құрылуы.
  XVII ғ. Ортасына қарай ұлы Моғол державасы Үндістанның солт. және орталық бөлігін алып жатты. Оның құрамына а

Лттық сана-сезімнің өсуі.
  XIX ғ.ортасынан бастап Үндістан ағылшын капиталының көзіне айналды.Өзінің капиталын шай,кофе плантацияға қойды.1877ж. елде 52 т

Аравиядағы Ваххабиттер қозғалысы.
  Сирия, Ливан, Палестина, Хиджаз, Йемен, Тунис, Египет, Алжир ж т.б. араб елдері XVI ғасырдың өзінде-ақ Осман империясының құрамында болды.

Мұхаммед Али бастаған басқыншылпарға қарсы көтеріліс.
  XVIII ғ. II жартысынан бастап Европа елдері Араб елдерін өздерінің тауар өткізетін рыногына айналдыру жоспарын іске асыра бастады. 1789 жылдың 2 шілдес

Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
  ХІХ ғ. аяғына қарай Сирия, Ливан және Палестина экономикасында шетел, әсіресе француз капиталы үстемдік етті. Шетел империалистері Осман империяс

Д,с. қарсаңындағы және соғыс кезіндегі Жапония.
  1. 1914 жылы тамызда І дүниежүзілік соғысқа Жапонияның Антанта жағында кірісуі оларға Қиыр Шығыстағы неміс иеліктерін бас

Азаматтық соғыс және антижапондық майданның құрылуы
1. І д.с. басталысымен елдің президенті Юань Шикай Қытайдың бейтараптылығы туралы жариялады. Қытай үкіметі соғысушы державалардан қы

Д.с. қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы Түркия.
  1914 жылы билік толықтай Энвер, Талаат, Джемальдан құрылған триумвират қолында болды. І д.ж.с. жас түрік лидерлері кайзерлік Германия жағын

Д.ж. с. қарсаңындағы және барысындағы Иран.
  І дүниежүзілік соғыс кезінде Иран өзінің бейтараптығын жариялап, соғысқа қатыспағанмен, оның территориясы екі коали

Дәріс. 1914-2013 жж. Үндістан.
1947 жылы 15 маусымда Үндістанның тәуелсіздігінің заңы қабылданды. Жаңа мемлекет Англияның доминион достастығының мемлекеті ретінде таныл

Ндістан Республикасы. Үндістан Республикасының құрылуының алғышарттары
Үндістан Республикасының тәуелсіздігінен кейін мемлекетте қоғамдық және саяси партиялар пайда болды. Сондай-ақ, Үндістан Ұлттық Кон

Дәріс. 1914-2013 жж. Азиядағы араб елдері.
Адамзат тарихының қазіргі заман кезеңінде Батыс Азиядағы араб елдері Осман империясының құрамына кірді. І дүниежүзілік соғыс кезінде Англ

Дәріс. Оңтүстік Шығыс Азия елдері (ОША).
  Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги