рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ К. Маркс (1818-1883) Және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ...

К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі және қазіргі көптеген әлеуметтанулық теориялар адамзат қоғамының дамуын, түптеп келгенде, белгілі бір рухани бастаулардың - құдайдың, әлемдік еріктің, сонымен қатар адамдар санасының ықпалымен болады деп тусіндірді. Адамдар құдайдың немесе ғарыштық ақыл-парасаттың еркін жүзеге асыраушысы ретінде сипатталады, сонымен қатар адамдар мәдениетті жасаушы, оны олар өздерінің мудделерінен, мақсаттарынан және идеяларынан шығара отырып жасайды. Оларды анықтаушы - сана, ал оның туындысы - адам болмысы, мәдениеті және өмір салты.

Әлеуметтануды қоғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көптеген өкілдері қоршаған ортада өз түсінігіне орай, өз мақсаттарына және қызмет-қабілеттеріне қарай әрекет ететін жеке индивидтерді (жеке адамды) тарихи процестің негізгі субъектілері етіп алды. Маркстік әлеуметтану одан басқа тұрғыдан қарады. Маркс пен Энгельс тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарттар етіп қарастырудан бастады. Бүкіл әлемдік субъектілердің қоғамдық байланыстары мен қатынастарының жиынтығы қайсыбір қоғамды құрайды. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және езге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдықты әлеуметікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды, сейтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шыкты.

Осы бағытта жасалған келесі қадам - ол адамдар қызметіндегі мате-риалдықтың рөлін дәлелдеу болды. Әділін айту керек, Маркс пен Энгельс өндірісте, саяси және басқа да қызмет түрлерінде болатын саналы мотивтердің рөлін ешқашан жоққа шығарған емес. Керісінше, олар бұл мотивтердің мазмұны мен бағытталуына үлкен маңыз берді. Қоғам тарихында белігілі бір мақсатқа ұмтылған адамдар санамен, оймен әрекет етеді1.

Бұл жерде бірде-бір іс санадан, ниеттен тыс, мақсатсыз жасалмайды. Бірақ марксизм тұрғысынан алып қарағанда адамдардың ниеттері жене мақсаттары, экономика, саяси және басқа да қызмет салаларындағы ішкі мотивтерінің бүкіл жүйесі, түптеп келгенде, объективті әлеуметтік заңдардың әрекетінен жинақталып, көрініс табатын тарихи процесті объективті факторлары арқылы делелденеді. Бұдан шығатын қорытынды - адамдар қызметінің ішкі мотиві тарихи оқиғалардың соңғы себептері бола алмайды.

Материалдық қажеттілік (мұқтаждық.) пен мүдделер адамдардың мінез-құлқына, қызметіне, олардың ниетіне, психологиялық көңіл-күйіне, идеялар мен теорияларға себепші болады. Маркс өзінің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруге субъектілердің әлеуметтік өмір (мен қызметші - деп материалдық мүдденің рөлі мен маңыздылығын пайымдау арқылы жеткеніне жазды. Бұл жерде әңгіме олардың жеке басына қатысты және жалпы материалдық мүдделер жөнінде болып отыр. Мұның соңғысы үлкенді-кішілі әлеуметтік топтардың мүддесі бола отырып, Маркстік сөзімен айтқанда, еңбек бөлінісіндегі индивидтердің өзара тәуелділігін көрсетеді2.

Басқаша айтсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік топтардың түрлі жағдайы олардың әр алуан материалдық мүдделеріне себепші болады, сөйтіп, ол өндірістік және басқа да қызметтің, қуаты есебінде байқалады.

Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес материалдық игіліктерді ендірудің маңызы да арта түсті. Сол арқылы адамдар өздерінің алуан түрлі материалдық, және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сайып келгенде, материалдық өмірдің өндіріс тәсілдері өмірдің жалпы, әлеуметтік, саяси және рухани процестерін қамтамсыз етеді3. Ол әр түрлі дәрежеде қоғам омірінінің аталмыш салаларының дамуына ықпал етеді. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс тәсілі қоғамның өмір сүруі мен дамуының материалдық негізі болады.

Өндіріс тәсілі өзінің негізі жағынан өндіргіш күштер мен өндіруші қатынастарын біріктіруші ретінде көрінеді. Өндіргіш күштерге ең алдымен білімі, дағдысы және өнеркәсіптік қызмет тәжірибесі бар адамдар, сонымен қатар олардың өндірісте қолданатын еңбек құралдары мен заттары, өндірістік гимарат, энергия көздері, транспорт және т.б. жатады. Өндірістік қатынастар - бұл адамдардың өндірістік қызмет процесі барысында қалыптасатын, ең алдымен олардың өндіріс кұралдарымен қатынастары. Өндіріс кұралдарының кімнің меншігінде болуына байланысты, өндіріс процесінде әрқилы адамдар әр түрлі орындарға ие болады, айталық, біреулер өндірістің иелері болса, басқалары - жалдамалы еңбеккерлер. Өндірістік қатынастар сондай-ақ, еңбек бөлінісі мен өндіріс кұралдарына меншіктік қатынастардың негізінде болатын адамдардың қызметтерін өзгертулерінен де көрінеді, жүзеге асады. Тұжырымдай айтар болсақ, өндірістік қатынастар - бұл өндірілген қоғамдық шешімдерді бөлу, оларды айырбастау және тұтыну арқылы жүзеге асатын адамдардың қатынастары. Бұл қатынастардың мазмұнын, түптеп келгенде, өндіріс құралдарына меншіктік қатынастар анықтайды.

Маркстік әлеуметтану өндіргіш күштер мен өндіру қатынастарының өзара диалектикалық әрекетте болатынын жан-жақты делелдеді. Адамдар саналы түрде және алдына белгілі бір мақсат қойып, өндірістік қатынастарға түскеніне қарамастан бұл қатынастар өндірістік қызметтен объективтік жағдайларының шешуші ықпал етуі арқылы қалыптасады. Мұның соңғысына адамдардың және объективтік қажеттіліктері, сонымен қатар өндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипаты жатады. Қоғамның өндіргіш күштермен, тікелей өндірістік қатынастардың мазмұнын анықтайтыны сезсіз. Олар алдарына өндіргіш күштердің дамуына барынша ықпал жасайтын, оларды оңтайлы қолдануға жене сонымен бірге өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруга септігін тигізетін, адамдардың қажетілігін мейлінше толық қанағаттандыратын өндірістік қатынастарды орнататын объективті талаптар қояды.

Осы талаптарға қалыптаса бастаған өндірістік қатынастар сәйкес келуі тиіс. Егер өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына және тиімді пайдаланылуына ықпал етсе, онда қоғам тығырыққа тіреледі, экономикалық дагдарыстық жағдай пайда болады, өндірістің құлдырауы басталады. Осының бәрі қоғам алдына ескі өндіріс қатынастарын жаңамен, прогрессивтілерімен алмастыру талабын кояды. Сонда ғана ол өндіргіш күштердің қазіргі дамуының талаптарына сай келетін болады. Осы объективті қажеттілікті адамдар ерте ме, кеш пе түсінеді де, оны практикада жүзеге асырады. Бұл неғұрлым ерте басталса - қоғам үшін соғұрлым тиімді. Егер басқаша болса, өндірістік қатынастарды жаңалау процесс ұзаққа созылып кетсе, немесе оны тиімді іске асыра алмаса, онда қоғам үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға ұрынады, ал оның, азаматтарының көпшілігі ауыр халге түседі және қайыршылықты басынан кешіруге мәжбүр болады.

Өндірістің өсуіне нақты ықпал ететін, сөйтіп халықтың өмір деңгейінің артуына жағдай тудыратын өмірлік қатынастардың формаларын енгзуге ықпал жасау кажет. Әрине, әлеуметтану үшін адамдардың өмірлік қызметінің неғұрлым күшті мотивтерді анықтау, сонымен қатар сол аталмыш жүйелерді бүкіл еңбекшілерде құнды бағдарларды қалыптастыру маңызды міндеттер болып калады.

Қоғам өміріндегі материалдық өндірістің рөлі мен маңыздыларын көрсете отырып, маркстік әлеуметтану тарихи прогреске ғылыми сараптама жасауға, оның объективті зандарын талдауға көп мүмкіңдік берді. Әңгіме материалдық өндірістің объективті даму заңдары және оның қоғамдық өмірдің басқа жақтарына, жалпы қоғамға ықпалы жөнінде болып отыр. Бұл заңдарды ашу және талдау тарихты идеалистік тұрғыда түсінуден материалистік ұғынуға өтуді мейлінше тездетті.

Маркстік әлеуметтану бойынша коғам ең алдымен қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Бұл жүйе экономикалық, саяси, құқықтық, діни және басқа да қатынастардан құралады. Бұл жерде олардың әлеуметтік мазмұны — қоғамдық қатынастарды сұрыптаудың негізі етіп алынған. Егер де оның субъектілерден бастайтын болсақ, онда әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды айтуға болады, сонымен қатар таптық және ұлттық қатынастарды, қала мен ауыл адамдарының арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қатынастарды, отбасылық қатынастарды, тұлға мен қоғам, тұлға мен әлеуметтік топ, ұжым арасындағы қатынастарды, тұлға аралық қатынастарды айтуға болады.

Барлық қоғамдық қатынастар өзара органикалық байланыста және бір-бірімен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын адамдардың өзара теуелділігі мен өзара әрекетін көрсетеді. Бұл қатынастардың және олардың өзара байланысының объективтік негізі - ең алдымен қоғамдық еңбек бөлінісі және адамдар қызметінің әр түрінің дамуы. Өйткені марксизм қоғамды зерттеудің бастауы етіп тек индивидтерді ғана алып қоймайды, олардың түрлі қызметтен туындайтын әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды алады. Маркстің сөзімен айтқанда, қоғам индивидтердің бір-бірімен болатын байланыстары мен қатынастарының жиынтығын көрсетеді1. Қоғамның құрылымы өзіне тән қоғамдық қатынастардың кұрылымы ретінде көзге түседі.

Барлық қоғамдық қатынастар, марксизм бойынша, материалдық және идеологиялық болып болінеді. Материалдық қатынастар адамдардың санасы мен еркінен тыс қалыптасып, көрінеді. Бұл олардың ең алдымен экономикалық, өндірістік-технологиялық қатынастары, сондай-ақ олардың табиғатқа деген материалдық қатынастары, идеологиялық қатынастар, бұлар осылай болып қалыптасқанға дейін адамдардың санасы арқылы өтеді, яғни саналы түрде пайда болады. Оған адамдар арасындағы саяси, құқықтық, эстетикалық, адамгершілік, діни қатынастар жатады. Әрине, бұл қатынастардың да объективтік негізі бар және адамдардың оған деген объективтік қажетінен пайда болады. Бірақ олар әуел бастан-ақ адамдардың санасымен, айталық, қайсыбір идеологтардың, саяси немесе діни қайраткерлердің жене т. б. саналы түрде қалыптастыруы арқылы саяси бағдарламалар, құқықтық және адамгершілік нормалары, діни идеялар негізінде кұрылады.

Идеологиялық катынастардың қалыптасуының объективтік негізіне келсек, онда оның өзінен тікелей көрінетін саясат, құқық, мораль, т. б. салаларымен қоса, қоғамдық өмірдің материалдық саласын да аңғарамыз.

Оның объективті негізі болғандықтан, ол адамдар санасының тікелей әсерімен, олардың экономикалық қатынастарының ықпалымен қалыптаскан әлеуметтік шындықты (ақиқатты) маңызды түрде құрушы ретінде өмір сүруге мүмкіндік алады. Олардың өмір сүруі саяси, құқықтық, діни және басқа да ұйымдар мен институттар арқылы жүзеге асады. Олардың рөлі мен маңыздылары зор және әрдайым артып отырады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұнын негізге ала отырып, қазіргі марксшіл әлеуметтанушылар коғамдық өмірді экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани деп бірнеше салаларға бөледі.

Қоғамдық өмірдің экономикалық саласы - материалдық игіліктерді өндіретін толық көлемдеп өндірісті, өнімді, айырбастауды және тұтынуды қамтиды. Бұл - өндіріс тәсілдерінің өмір сүруі, қазіргі ғылыми техникалық прогресті өмірге тікелей енгізу, тауар-ақша қатынастары, адамдардың материалдық қажетіліктерін (мұқтаждықтарын) және мүдделерін қанағаттандыру саласы болып есептеледі. Дәл осы жерден экономикалық, қоғамдық сананың шындыққа тікелей айналуы және экономиканы басқару институттарының қызметі жүзеге асады. Экономиканың аталмыш объективтік және субъективтік факторларының тұтастықта өмір сүруін зерттеу қажеттілік туады. Бұл оны қоғамдық өмірдің ерекше саласы етіп бөліп көрсетеді. Қазіргі көптеген әлеуметтанушылар өздерінің ғылыми бағыттағы еңбектерін қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеуге бағыттап отыр.

Әлеуметтік сала - бұл қоғамда бар үлкенді кішілі әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың өмірлік қызмет әлеуметтік жағдайынан туындайтын өзара әрекет саласы. Мұнда: адамдардың өндірістік қызметі үшін керекті жағдайлар жасау; қоғамда жасалған материалдық және рухани игіліктерді тұтынуда әлеуметтік әділдікті сақтау: қоғамның әлеуметтік жіктелуден келіп шығатын қарама-қайшылықтарды шешу; әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастарды реттеу; түптеп келгенде, жоғарыда аталған субъектілердің әлеуметтік мүдделерінің өзара әрекет етуін реттеп отыру мәселелеріне кем болу негізгі тақырыпқа айналуда. Бұл осы саланы зерттеуші әлеуметтанушылардың негізгі объектісіне және мемлекетттің әлеуметтік саясаттағы басты объектісіне айналып отыр.

Саяси салаға ең алдымен қоғамда өмір сүрін отырған саяси қатынастардың бүкіл жиынтыты енеді. Оның шеңберінде әр түрлі саяси партиялар, ұйымдар, мемлекет және өзге де саяси институттар әрекет етеді. Олардың қызметі әр түрлі субъектілердің, яғни әлеуметтік топтар мен жіктердің, ұлттардың, тұлғалардың, саяси мүдделерін жүзеге асыруга бағытталған. Олардың, бұл мүдделері өкімет билігінің іске асуымен, сонымен қатар саяси құқық пен еркіндіктің жүзеге асуымен байланысқан. Саяси сала - шын мәнінде қоғамдық саяси жүйенщ өмір сүру саласы. Соның арқасында әр түрлі әлеуметтік субъектілер өздерінщ саяси көзқарастары мен мақсаттарын өмірге енгізеді. Қазір жүріп жаткан әлеуметтік процестер адамдардың қоғамдық санасын мейлінше саясаттандыруда, олардың, саяси белсенділігін арттыруда. Соның нәтижесінде қазіргі қоғам өмірінде саяси саланың рөлі мен маңыздылығы артып отыр.

Қоғамдық өмірдің рухани саласын ғылым, білім, тәрбие, мораль, өнер, дін құрайды. Бұлар әрбір адамның мінез-құлқы мен қызметі деп рухани бастауларды нығайтады.

Бұл мақсатка қол жеткізу үшін осынын бәрі белгілі бір дәрежеде жастарға және өзге де қоғамдық жіктерге білім мен тәрбие беру міндеттерін, сонымен қатар ғылым мен мәдениетің даму міндеттерін шешетін көптеген әлеуметпк институттардың қызметіне, кұзырына бағындырылған. Қазіргі жағдайда адамдардың рухани дүниесі қалайша сақтап қалуга және байытуга болады дегенге келсек, әрбір адам өзінің мүддесімен бірге басқа адамдардың мүддесін қорғауы үшін олардың бойындағы жоғары және игі идеалдарды ояту керек. Негізгі проблема, меніңше, осы болып отыр. Сонда ғана қоғамдық өмірдің небір күрделі міндеттерін шешуге көмектесе алатындай қабілетті, әрбір тұлғанын, абыройын жоғары ұстауды нығайтуга ықпал ететін, осы арқылы бүкіл халықтын, қоғамның және мемлекеттің, абыройын нығайтуға қабілеті бар адам мен бүкіл қоғамды қалыптастырамыз, бұлардың рухани саулығынын көрініс табуына әсер етеміз.

Қоғамдық өмірдің аса ірі салаларының өмір сүруі мен дамуын зерттеу - қоғамды тұтас әлеуметтік орғанизм ретінде талдау мен сипаттау үшін аса маңызды. Қоғамньщ тұтастығы оның, мызғымастығында ғана емес. Қоғам тұтастықтығы өз ішінде бөлімдерге бөлінген, сондықтан қоғамнын өзіндік құрылымы бар. Қоғамдық өмірді аталмыш салаларға бөлубұл салалардың өмір сүру мазмұны мен ерекшеліктерін, олардың, объективтік арақатынасын және өзара тәуелділігін анықтап, қоғамды құрылымдардың тұтастығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Олардың, өзара әрекетінің сипаты туралы ғылыми түсінік арқылы бүкіл қоғамның дамуына саналы ықпал жасауға болады.

Марксизмнің қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөніндегі ілімі оның қоғамдық-экономикалық формация ұғымынан көрініс тапты. Бұл ұгым өзіндік экономикалық базисі, ерекше әлеуметтік құрылымы, саяси қондырмасы және рухани өмірі бар біртектес қоғамдарға ортақ, және мәнді ерекше белгілерді көрсетеді. Бірдей әлеуметтік-экономикалық формация әр түрлі елдерде өзінше ерекше көрініс табады, бұл олардың жанама белгілерімен, дәлірек айтканда, сол елдердің тарихи даму ерекшеліктерімен байланысты болады.

Қогамдық-экономикалық формация өзіне тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі және рухани өмірі бар нақты тарихи қоғам типі ретінде көрінеді. Сол немесе басқа қоғамдық-экономикалық, формация қоғамдық, дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған және оның белгілерін әр түрлі дәрежеде белгілейтін қоғамдарды біріктіре алады. Бірак бұл қоғамдардың ең мәнді белгілері бірдей, соньщ арқасында ортак, объективтік зандармен дамитын бір ғана қоғамдық-экономикалық формацияны қалыптастырады.

Қоғамдық-экономикалық формация ілімі сынға алынғанымен, қоғам өмірінде және тарихи процесті талдауда елі де өз құндылығын жойған жоқ. Марксизмнің тұтастай әлеуметтік орғанизм ретіндегі қоғам жөніндегі ілімі өте мұқият әзірленген және буұл туралы мейлінше нақты түсінік береді.

Марксизм әлеуметтануының маңызды ережесінің бірі - қоғам дамуының объективтік заңдары туралы ереже. Бұған ең алдымен қоғам дамуындағы өндіріс тәсілінің рөлін анықтайтын заң, өндірістік қатынастардың сипаты мен деңгейінің, өндіргіш күштердің дамуына сәйкес келу заңы, қондырмаға қарағанда экономикалық базистің анықтаушы рөлі заңы, қоғамдық болмыстың біріншілігі және қоғамдық сананың екіншілік заңы енеді.

Қоғамдық-экономикалық формация мен қоғам дамуының объективті заңдары туралы маркстік ілімдер - адамзат дамуын объективтік және заңды табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырып, бір қоғамдық-экономикалық формация екіншісімен, прогрессивтімен ауыстырылатынын көрсетуге мүмкідік береді.

Осыған байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық-экономикалық формациялардың архаикалық, экономикалық, коммунистік типтерін атап көрсетті1. (Алайда, әдебиеттерде бұрынгы бес формация пайдаланылып келеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунист). Бұлардың әркайсысы өзіне тән өндіріс тәсілімен, әсіресе өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесімен ерекшеленеді. Сайып келгенде, осылар әрбір формацияньщ әлеуметтік құрылымынын, саяси жүйесінің және рухани өмірінің ерекшеліктерін анықтайды. Соньщ нәтижесінде олардың әрқайсысы белгілі сападағы қоғам типі ретінде көрінеді. Марксизм іліміне сәйкес қоғамдық-экономикалық формациянын алмасуы негізінде өндіріс тәсілдерінде ірге тепкен экономикалық алғышарттардың ықпалымен болады, онымен байланыскан осы процестердің басқа да факторлары, сонымен бірге әлеуметтік-саяси, идеологиялық және рухани мәдениет саласына қатысты алғышарттары да әсер етеді. Шындығында бұл революциялық процесс, оның барысында қоғамның бір типі екіншімен алмастырылады. Әлеуметтік революцияныц материалдық алғышарты бар, ол шиеленісі тереңдеген ескі экономикалық қатынастардың қоғамның прогрессивті дамуындағы өндіргіш күштерімен сәйкес келмеу шарты. Дамушы өндіргіш күштер үшін ескі өндіріс қатынастары шеңбері тарлық жасайды, олардың дамуы баяулайды, соның салдарынан өндіріс тәсілінде дағдарыстық, жағдай қалыптасады. өндіргіш күштердің кең қанат жайып дамуы, қоғамдық өндірістің көтерілуі және осыған байланысты қоғамдық дамудың басқа да проблемаларын шешуді қамтамсыз ететін ескі өндірістік қатынастарды жацамен өзгертудің объективті қажеттілігі туады. Адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерін барынша толық қанағаттандыратын, тарихи прогрессивті формацияға өтудің диалектикасы осы.

Әлеуметтанудың атасы атанған ойшылдар Э. Дюркгейм мен М. Вебер әлеуметтану ілімдерін өздерінің тың көзқарастары арқылы одан әрі дамытты.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги