рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Өзінің Жалпы Міндеттері Тұрғысынан Білім Саласы Адам&...

Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі оқу жүйесі басқа да алуан түрлі функцияларды жүзеге асырады, солардың ішінде адамның және қоғамның көптеген өмірлік міндеттерін шешудің әмбебап механизмі қызметін атқаруы аса маңызды.

Білімге тарту, оның қайсыбір формасына қатыстыру негізінде адамда, әлеуметтік топта индивидуалдық пен әлеуметтік мобильдік үшін алғы шарттарды қалыптастырады. Білім өзінің әлеуметтік мобильдік функциясын жүзеге асыра отырып, өзінің көптеген құралдарына арқа сүйейді. Оның адамды селекциялау, таңдау мүмкіндіктері бар және ол адамды қайсыбір мамандық пен әлеуметтік қызмет формаларына ұмтылдырады, себебі білім осындай ұмтылуды қалыптастыруды мақсат етіп қызмет атқарады. Адамның оқудағы қол жеткен табысы оның еңбектегі, әртүрлі әлеуметтік іс-әрекеттегі тиімділігін әркезде алдын ала анықтай алмайды, алайда қоғам білім институттарына, олардың дайындау сапасының сертификатына сенуге үйренген. Айталық, қайсыбір бос орындағы лауазымды қызметке алуда оқу орнын бітірген дипломдардың, аттестаттардың салмағы айтарлықтай.

Білім жүйесі өзінің оқушылар контингентін таңдайды, селекция жасайды. Бұрындары тіптен бастауыш білім формаларында оқу ашық емес еді, осымен байланысты білім алуға қоғамның кейбір әлеуметтік жіқтерінің ғана қолы жеткен. Алайда қазір де білімнің көптеген түрлері әлі де қол жетерлік нәрсе емес. Оқу орнына қабылдау кезіндегі таңдау әртүрлі әлеуметтік топтар үшін әр кезде тең мүмкіндіктер жасай бермейді. Протекционизм саясаты мемлекеттік деңгейде ( мысалы, жұмысшы және шаруалар), сословиелік оқу орындары арқылы жүзеге асырылады.

Кейде протекционизм элементтері әдейі істелген әрекеттер арқылы да көрініп қалады. Осы тұрғыдан алғанда ағылшын және американ әлеуметтанушыларының бақылаулары айтуға тұрарлықтай, олар қәсіптік бағдар беруде тестілерді қолданудың кей уақытта қателікке соқтыратынын дәлелдеді. Әйтсе де олар адамның қабілеттерін белгілі бір түрде бейнелеудің көшірмесін берді, бірақ олардың әдістемелері айтарлықтай дәрежеде зерттеушілердің тілдік мәдени қалпын көрсетіп берді, әсіресе белгілі бір тіл лексикасының (мысалы, ағылшын) жағдайын айқандап шығу мүмкіндігі зор. Өз кезегінде адамның тіл мәдениетінің қалпы әдетте оның өмірінің әлеуметтік жағдайына байланысты да болады: мүлкі аздардың арасында тіл мәдениетінің даму мүмкіндігі халықтың қамтамасыз етілген жіктеріне қарағанда әлдеқайда шектеулі. Басқа мәдениеттің, этникалық қауымдастықтың өкілдері үшін мәтінде қолданылмайтын лексиканы нақты меңгеру көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сонымен қатар тіл мәдениетінің қалпы адамның интелектуалды қызметке, жекелеген кәсіби істерге қабілеттілігін толық дәрежеде сипаттай алмайды.

Оқу орындары бағдары бойынша да және оқу сапасы бойынша да ерекшеленеді, бұл жағдай олардың көбіне-көп қаржысына, материалдық-техникалық базасына, оқытушылардың құрамына тәуелді болып келеді. Оқу орнының мәртебесіне оның тарихы, дәстүрлері көп рөл атқарады. Барлық елдерде аса мәртебелі білім орталықтары бар, олардағы білім жоғары бағаланады және бітірушілердің мансабындағы пұрсатты әлеуметтік мәртебесінің кепілі қызметін атқарады. Бастауыш білім беретіннен бастап жоғары білім беретін осындай мәртебелі оқу орындарының сатылары тұтас элитарлық білім жүйесі болып саналады. Жаңа және қазіргі замандағы таптық, әлеуметтік теңсіздіктің сақталуындағы (немесе, керісінше жоюда) білімнің рөлі саяси қозғалыстардың бағдарламалық ережелеріне енген, мемлекет саясатының маңызды бөлімін құраған.

Мемлекеттің білім саласындағы көздеген мүддесі оның әлеуметтік мобильдік үрдісіне ықпал етуімен, қоғамның қайсыбір әлеуметтік-таптық құрылымын қолдауымен байланысты ғана емес. Білім институттары жауапкершілігі зор әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Мектеп негізінен құқық, азаматтық қоғам институттарының нормаларын түсінуге және құрметтеуге қабілеті бар заңды тыңдайтын азаматтарды тәрбиелейді. Қазіргі уақытта функционалдық сауаттылықтың белгілі бір деңгейі тек өндіріс үшін ғана емес, сонымен бірге қазіргі көлік, коммуникация, тұрмыс құралдарының инфрақұрылымын пайдалануда аса қажет. Функционалдық сауаттылықтың болмауы (электр, химия және басқа да қатерлі құралдардың қауіпсіздік ережелерін білмеу, қозғалыс ережелерін, ақпарат жүйелерін қолданудың ережелерін, тазалық ережелерін және т.б. білмеу) қазіргі замандағы адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіреді, апатқа әкеп соғады.

Мектеп өзінің ерекшелікті педагогикалық құралдарымен өскелең ұрпақтың мінез-құлқына және тәрбиесіне тікелей әлеуметтік бақылау орнатуды жүзеге асырады. Білім тарихына үңіле отырып, ежелгі грекия мектебі қадағалау функциясына, уақытты өткізуге бақылау жасау міндетіне, балалардың даму барысына бақылау орнату функцияларына жетекші рөл бергеніне көз жеткізуге болады.

Қазіргі білім жүйесі мәдениеттің үлгілерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, бір саладан екінші салаға жеткізіп қана қоймайды. Ол қоғамның мәдени қазынасын сақтаушы және генератор функцияларын да атқарады. Білімнің негізінде ғылым дамуда, әсіресе оның іргелі бағыты дамып отыр. Білім мен өнер айтарлықтай бір-біріне ықпал етеді., олардың қызметінің басым бөлігі үйлесімді дамыған адамды тәрбиелеуге бағытталған. Оқу үрдісіне бұқаралық ақпарат құралдары да кеңінен тартылған.

Оқытушылардың интелектуалдық қуаты, оқыту практикасы, бүкіл білім жүйесі мәдениеттің маңызды қорын құраушы іспетті. Алайда, кейінгі жылдары білім саласының ресурстарына деген сұраныстың тым азайғаны байқалады, бұл білім саласы қызметкерлерінің табыс деңгейлерінің төмендеуінен, оқу орындарының материалдық-техникалық, ақпараттық базаларының өндіріс саласы мен халыққа қызмет көрсету саласы базаларынан артта қалуынан көрініп отыр. Білімнің мақсаттары туралы қоғамдық пікірдегі әртүрлі түсініктердің арасынан көп жағдайда тұрақтылығын сақтаған үш модельді (міндетті) бөліп айтуға болады. Оларды қолда бар мемлекеттік нұсқаулардан, педагогикалық әдебиеттерден көру ешкандай қиындық туғызбайды.

Бірінші модельге оқушыларға жинақталған мол тәжірибені, мәдениет табыстарын барынша толық жеткізуге, беруге, осы мәдени базисте оқушылардың өз тағдырын белгілеуге көмек көрсетуге, олардың бойындағы күш-қуаты соған жұмылдыруға бағытталған экстенсивтік модель жатады.

Екінші үлгіге оқушыларды әлеуметтік қауымдастықтың дамуына және өздерінің жеке бастарының дамуына қолдау көрсететін қызмет түрлеріне дайындауға бағытталған өнімді үлгіні жатқызуға болады.

Үшінші модельді оқушылардың әмбебап сапаларын дамыту негізінде олардың белгілі бір жұмысты меңгеруге дайын болуды қалыптастырумен қатар, оларды тұрақты жетілдіруге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға дайын болуды машықтандыруға негізделген интенсивті үлгі бар.

Бұл үлгілердің әрқайсысы білімнің маңызды мақсаты болуға ұмтылатыны дау тудырмайды. Әлбетте олардың үйлесімділігімен білімнің жалпы функцияларын жүзеге асыру мүмкін болады. Шындығында мәдени мұраларды меңгермейінше қоғамдық прогресті қолдау, әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін емес. Алайда, адамзаттың бүкіл тәжірибесін, мәдениеттің тіптен аса маңызды қол жеткен табыстарын меңгеру жүзеге асатын міндет пе?

Бұл білімінің ғана міндеті емес, ол мәдени әрекеттің барлық формаларының міндеті екенін айтқан жөн. Сонымен бірге мәдениетте адамзаттың көптүрлі әрекеті, алуан түрлі ерешеліктері және адамның жеке табыстары көрініс береді. Әрбір жеке адам әмбебап қабілеттерді меңгерсе де ол осы алуан түрлілікті қамти алмайды, мұндай байлықты сіңіріп кетуге қабілетсіз. Алайда, осындай бірегей мүмкіндік болған күннің өзінде де оқу мерзімі шамадан тыс артқан болар еді. Біз осындай негізсіз оқу мерзімдерін ұлғайту тенденциясын жиі байқап жүрміз. Егер де біз осындай міндетті әлеуметтік қауымдастық, оның ұрпақтарының шеңберінде шешуді қарастыратын болсақ, осы міндетті шешуді жеке-жеке әлеуметтік топтарға бөлетін болсақ, онда мәдени құндылықтарды осылайша беру олардың артуына немесе тек сақталып қалуына соқтыра ма деген мәселе белгісіз болып қалады. Субъектінің мәдени әрекет құрылымының формалары мен түрлерін тарихи мұра етеді және білім жүйесі субъектінің өмірлік маңызды әрекетке қосылуына дайындау функциясын өзіне ала алады.

Білімнің интенсивтік үлгісін, өздерінің әрекеттерін, білім беру жүйесінің тиімділігін салыстыратын ең жоғарғы міндет ретінде және жетекші бағыт-бағдар ретінде қарастыруға болады.

Әрекеттің нақты түріне субъектіні дайындаудың мақсаты, оның анық нұсқасын жасап, соған жетуді көрсетеді. Дайындау – бұл дегеніміз: белгілі бір әрекетке әзірлікті таңдау, қалыптастыру, бағыт-бағдар, бейімделу, талаптану, коммуникация, қайсыбір әрекет формаларының, оның салаларының құндылықтарының өнімділігін арттыру механизмдерін дамыту, жөнге салу.

Сайып келгенде, білім әлеуметтануының ғылымның жеке саласы болып бөлініп шығуы,білімді әлеуметтік тұрғыдан қарастыруда шешуші рөл атқарып отыр.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги