рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Кез Келген қоғамда әлеуметтік Басқару Жүйесі &#...

Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қандай? Жалпы басқару дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні – басқару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгертеді1.

Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару дегеніміз – қоғамды реттеу, тәртіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында қоғамға жасалған ықпал.

«Әлеуметтік басқару» ұғымы мазмұны жағынан көп жақты болып келеді. Әлеуметтік басқару теориясын кең мағынада алып қарасақ, онда ол өзінің пәніне қоғамдық өмірдің барлық салаларын: экономикалық, мәдени, білім беру және т.б. басқару мәселесін сыйғызған. Қоғам өмірінің негізгі салаларына сәйкес әлеуметтік басқару объектілерін сұрыптауды үлкен төрт топқа бөлуге болады:

- материалдық-өндірістік дамытуды басқару;

- әлеуметтік процестерді басқару;

- саяси саланы басқару;

- қоғамның рухани өмірін басқару;

Сонымен қатар, әлеуметтік шеңберінде әлуеметтік басқарудың жеке теориясыда даму үстінде. Ол әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының принциптерінен шыққанымен, оны әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының қолданбалы жағы деп қарауға болмайды, өйткені ол – әлеуметтанудың өз алдына тұрған жеке бір саласы.

Әлеуметтік басқару қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестерді саналы түрде (бағдарламалы), ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады. Басқару екі деңгейде жүзеге асады. Оның біріншісі қоғамдық-тарихи процестерді басқаруды қамтамасыз етеді, жалпы әлеуметтік заңдылықтарды көрсетеді және өзі мемлекеттің әлеуметтік саясатынан көрініп отырады. Ал екінші деңгейі – әлеуметтік процестерге басшылық ету: жұрттың көшіп-қонуына, кәсіптік құрылымына өзгерістер енгізу мен кадрлардың тұрақсыздығын реттеу, оны жою, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік-психологиялық ахуалды оңалту және т.б., яғни нақты әлеуметтік процестерге басшылық жасайды. Басқарудың екінші деңгейіндегі проблемалар әлеуметтік процестердің жекелеген тенденцияларын көрсетеді және көп жағдайда бұл проблемалар кәсіпорындардың күші арқылы шешіледі. Осыған орай екінші деңгей «кәсіпорындардағы әлеуметтік басқару» деген атқа ие болды және әлеуметтануда өз алдына басқарудың жеке бағыты ретінде қалыптасты.

Басқару әлеуметтануы – жалпы әлеуметтану ғылымының қоғам мен ұйымдарда орын алған әлеуметтік құрылымдар мен процестерге мақсатты түрде ықпал жасайтын формалар мен әдістерді, заңдылықтарды зерттейтін саласы. Басқару әлеуметтануының басты назар аударатыны – экономикалық және ғылыми-техникалық саясаттың әлеуметтік проблемаларды басқару шешімдерін дайындауы, оны қабылдауы, іске асыруы, өзін-өзі басқаруы, басшылар мен қол астындағы адамдардың қатынастары, басқарудағы ақпараттың рөлі мен орны туралы мәселелер, т.б. Басқару әлеуметтануы ғылыми пән ретінде әлеуметтану ғылымының, атап айтқанда, ұйымдар әлеуметтануы, еңбек әлеуметтануы, саясат әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану, әлеуметтік жоспарлау секілді тарауларымен өзара ұштасып, қиысқан. Өйткені ол тарауларда да басқарудың проблематикалары қарастырылады.

Сонымен, басқару әлеуметтануы әлеуметтану ғылымының бірден-бір жетекші саласы болып саналады, оның мәні – қоғамды, еңбек ұйымдарын басқару барысында болатын заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу. Өйткені басқарудың көмегінсіз еңбекті, материалдық және рухани өндірісті, бөлу мен тұтынуды, тәртіпті, еңбек бөлінісін ұйымдастыруды, адамның ұжымдағы орны мен атқаратын міндеттерін анықтауды іске асыру мүмкін емес.

Басқарудың мәні – кез келген объектінің жақсы әрі максималды жұмысын қамтамасыз ету, оған жұмыс істеу қабілетін толық жұмылдыра алатындай дәрежеде жағдай жасау.

Басқарудың мазмұны, формасы, мақсаты мен принциптері – қоғамдағы үстемдік етуші экономикалық қатынастарға, саяси-әлеуметтік құрылыстың сипатына байланысты. Осыған орай әлеуметтанушылар қоғамдағы басқару механизмінің екі типі – стихиялы және саналық типтері қалыптасуда деген пікір айтады.

Стихиялық механизм – автоматты түрде ықпал ету адамдардан басқару жүйесіне араласпауды талап ететін, көп жағдайда қарама-қарсы күштердің қосылуынан, кездейсоқ туындайтын біртекті актілерден тұрады. Стихиялы басқару оған қатысушылардың еркі мен санасынан тыс әлеуметтік іс-әрекет ету үстінде, адамдардың жеке өз басының мүддесіне жету жолында басқалардың мүддесімен санаспауы, кейде тіптен оларды мойындамауы, жоққа шығаруы арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, бұл әлеуметтік өзара байланыстардың кері байланысынсыз қалыптасады және адамдардың атқаратын қызметі оған қажетті түзетулер енгізбейді. Солай десек те, қоғамды стихиялы басқару кіршіксіз таза жүйе деуге болмайды. К. Маркстің пайымдауынша, капиталистік кәсіпорын көлемінде басқару ісі әр кезде жоспарлы болды және басқару осы капиталистің тұтас алғандағы мүддесіне бағындырылады, яғни басқару саналы түрде жүрді. Ал капиталистік экономиканы алатын болсақ, онда тұрақты және сенімді кері байланыстардың болмауынан экономика тұтас жоспарлар арқылы тұтастай қамтылмайды; сөйтіп бұл жағдай өндіріс анархиясына әкеліп соқтырады1. Сондықтан да капиталистік экономиканы басқарудың стихиялы болуы табиғи қажеттілік деп қарастырылады. Әрине, К.Маркстің бұл пікірі XIX ғасырдың орта тұсында айтылған еді, содан бері капиталистік экономика, оны басқару әлдеқайда жетілдірілді. Мемлекеттік аграрлық шаруашылық пен фермерлік шарушылықтың арасында жасалған жоспар осыған мысал бола алады. Мемлекет оны реттеп басқарып отыр. ТМД елдерінде объективттік және субъективтік себептерге байланысты экономиканы басқаруда анархияның бірқатар белгілері бой көрсетуде.

Саналы басқару жоспарланған, тұрақты және сенімді байланыстардың негізінде қалыптасады. Саналы басқаруда адамдар өз қызметінің нәтижесі жөнінде жиі әрі анық мағлұматтар алады, оның қайсысын түзету немесе жақсатру керектігін біледі, сөйтіп жаңа нәтижелер арқылы әлем халықтарының нақты жағдайын барынша ескеруге мүмкіндік туады, соған орай шаралар қолданылады. Мұндай жағдайда кездейсоқтық адамдарға өзі жіберген қолайсыздықтарды жоюға жағдай жасайды, келеңсіз ықпал етпейді және оқиғалардың барысына соншалықты әсер ете қоймайды.

Сайып келгенде, саналы механизм жүйеге өзіндік қоғамдық институттардың – басқару субъектілерінің көмегімен мақсатты түрде ықпал жасайды.

Қоғамды басқарудың субъектісін тар мағынада қарастыратын болсақ, ол – белгілі нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік жүйеге саналы түрде ықпал етуді қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік және қоғмадық органдар, қызметтер.

Әлеуметтік басқарудың объектісін кең мағынада алсақ, ол – халықтың өмір деңгейін арттыру; қоғамда әлеуметтік әділеттілікті бекіту; мәдени деңгейді көтеру; адамдардың еңбек жағдайларын жақсарту т.б. болып есептелінеді.

Әлеуметтануда басқару процесі барысында қалыптасатын қатынастар субъектінің басқару объектісіне тиімді ықпал етуін қамтамасыз ететін, басқарушы мен басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар әлеуметтік реттеуші рөлін де қоса атқарып, ол қатынастар ерекше қызметтерін жүзеге асыру процесінде, яғни басқару қызметінде пайда болады.

Көпетеген мамандар атқарылатын қызметтерді басқару процесінің сатысы (кезеңі, фазасы) ретінде қарастырады. Көптеген шығармаларда сәл өзгерістер арқылы қызметтің жалпы немесе негізгі модельдері, атап айтқанда, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есеп пен бақылау, мәдени-тәрбиелік сипаттар қайталанылып берілген. Бұлар тек өзара байланысқан жағдайда ғана басқару процесін құрайды.

Егерде біз әлеуметтік басқарудың функциясын кең мағынада алып қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік басқару функциясының классификациясына тоқталуымыз қажет. Мұндай классификациялау қоғам өмірінің негізгі салалары – саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардан туындайды.

Басқару процесі бірнеше кезеңнен тұрады және әр кезең өзіне сәкес операцияларды жүзеге асырады. Проблеманы қою мен алдағы мақсатты анықтау кез келген басқару циклінің басқару кезеңіне жатады. Басқару шешімін іздестіру қажеттілігінің өзі басқару субъектісін қанағаттандырмайтын белгілі бір проблемалық жағдайдың пайда болуынан туындайды. Мұндай жағдайда ең алдымен кезек күттірмейтін проблеманы анықтаудың маңызы ерекше. Өйткені қарама-қайшылық одан әрі тереңдеп, проблеманы шешу бұрынғыдан бетер күрделене түседі. Мәселен, 70-80 жылдары КСРО-дағы дағдарысқа ұшырау жағдайының неден болғандығының басты себептері дер кезінде және толық көлемде бағаланбады, оған өзгеріс енгізудің қажеттілігі ескерілмеді, қоғамдағы тоқыраушылық құбылыстарының етек алу қаупі күшейгенімен, оларды жою үшін нақты бағыт ұсталмады, оған баға берілмеді, сөйтіп тоқырау үрдісі басталды.

Проблеманы анықтау алдағы мақсатты белгілеуге мүмкіндік береді, ал оны жүзеге асыру қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзетуге жол ашады. Мақсатқа жету көптеген жағдайларға байланысты болады, оларды анықтап алмайынша басқару субъектісі дәлелді шешім қабылдай алмайды. Бұл жағдайларды зерттеу міндеті басқару циклінің екінші сатысында – ақпарат жинау мен талдау кезеңінде шешіледі.

Ақпарат сенімді, объективті, толық және дер кезінде алынған ақпарат болуы шарт. Осыған орай басқару жүйесін ақпараттарға талдау жасайтын және өңдейтін қазіргі таңдағы техникалық құралдармен қамтамасыз етудің маңыздылығы артып отыр.

Алынған әлеуметтік ақпарат басқару үшін шешімге келу мен оны қабылдаудың бастапқы базасы болып табылады.

Басқарушы шешімі төмендегідей сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- белгіленген мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді шешу қажет?

- оларды қандай әдістермен, айлалармен, тәсілдердің көмегімен шешуге болады?

- қойылған міндеттерді кім жүзеге асырады?

- оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі үшін қандай материалдық және техникалық жағдайлар қажет?

- жалпы міндеттерді орындаудың және әрбір нақты тапсырманы орындаудың мерзімі қандай?

- қойылған міндеттерді оындаудың және әрбір нақты тапсырманы орындаудың мерзімі қандай?

- қойылған міндеттердің орындалу барысына кім бақылау жасайды?1

Басшылық шешімі басқару бағдарламасын қолдану кезеңінде қабылданып, жүзеге асады. Бұл кезеңде басқару субъектісі басқару объектісін ұйымдастыруды жүзеге асырады, алдыңғысы соңғысымен тікелей және кері байланыс орнатады, атқарушыларды іріктейді, олардың атқаратын міндеттерін бөледі, яғни бағдарламаны орындау үшін әлеуметтік механизмді жасайды. Бұл ретте реттеудің, есеп пен бақылаудың әр түрлі формалары қолданылады. Бұл күрделі процесс бір-біріне қарама-қарсы екі тенденцияның: ұйымдастыру тенденциясы мен тәртіп бұзу тенденциясының әркет ету жағдайында жүреді.

Басқару бағдарламасын жүзеге асыру оны қорытындылау, нәтижелерін талдау арқылы жүргізіледі және оларға баға беру кезеңінде тәмамдалады. Сонымен, басқару қызметі процесс ретінде бірнеше кезеңнен тұрады:

а) проблемаларды алға қою және мақсаттарды анықтау;

б) басқару объектісі жөнінде ақпарат жинау және зерттеу;

в) басқару шешімін жасау және қабылдау;

г) басқару бағдарламасын жүзеге асыру (ұйымдастыру, реттеу, есепке алу, бақылау);

д) нәтижесін талдау және оларға интерпретация (түсінік беру) жасау.

Әлеуметтану әлеуметтік басқарудың принциптерін де зерттейді. Принциптер басқару механизмінің маңызды буыны ретінде әлеуметтік заңдарды өзіне синтездейді және оларды іс жүзінде қолданудың нақты жолдарын белгілейді. Әлеуметтік қатынастар жүйесін реттеу мен әлеуметтік процестерді басқару жөніндегі қызметтің бастапқы, негізгі ережелеріне басшылық жасаудың нақты тапсырмасы мен нормаларыда әлеуметтік басқару принциптеріне жатады. Ғалымдар бұл анықтаманы өздерінің көптеген ғылыми еңбектерінің түпнұсқаларында тұжырымдады. Жалпы басқарудың принциптеріне: демократиялық централизм, объективтілік, іскерлік, ұйымшылдық, лездемелік, нақтылық, заңдылық, дара басшылық, аймақтық және салалық басқарудың ұштасуы, кешендік, жүйелілік, жариялылық, т.б. жатады.

Субъектінің белгілері бойынша мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың қызметін басқару прициптерін айырықша атауға болады.

Алайда, біз әлеуметтік басқарудың ең негізгі принциптеріне қысқаша сипаттама берумен шектелеміз.

Қоғамдағы әлеуметтік басқару процесі сияқты мақсаттар мен міндеттерді анықтаудың астарында саяси мән жатыр. Сондықтан негізгі принциптердің бірі – оған саяси тұрғыдан қарау принципі. Қазіргі біздің қоғамымызда жүріп жатқан процесстер заңды түрде басшылыққа саяси тұрғыдан қарау принципін тереңдету арқылы жүзеге асырылуда. Басшы кадрлар үшін еңбекшілерді болашаққа сендіре білу және олардың белсенділігін арттыру, қызметін жеке бас пайдасы үшін асыра пайдалануды жою, басқаруда әкімшілік әдісті қолданғанда асыра сілтемеу аса маңызды талап болып табылады. Объективтік принципі – басқарудың түпкілікті мақсатына жету үшін басқару жүйесінің объективті заңдарын қолдану. Бұл принцип бойынша басқару дегеніміз – сенімді, ғылыми талдаудан өткен ақпаратқа сүйену. Бұл принципті іске асырудың маңызды шарты – нақтылы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін қолдану.

Мұның кешенділік және жүйелелік принциптері де бар. Кешендік принципке әрбір әлеуметтік құбылыс кезінде оның экономикалық, идеологиялық, психологиялық, ұйымдық секілді бүкіл аспектілерін есте ұстау қажет. Жүйелілік принципінің мәні – нақты мақсатты жүзеге асыруға қажетті жекелеген, өзара бірін-бірі толықтыратын қызметтің түрлерін біріктіру.

Демократиялық централизм принципі – әлеуметтік басқарудың ең маңыздысы, ол бүкіл басқарушы органдардың, басшылардың және басқару жүйесінің барлық деңгейіндегі атқарушылар қызметтерінің мазмұны мен әдістерін анықтайды. Демократизм еңбекшілердің толық билігі, олардың инициативасын басып-жаншымай, қолдау, басқарушы органдардың басшыларын сайлау, олардың есеп беріп отыруы болса, ал центрлизм, яғни орталықтан басқару дара басшылықты көпшілік мүддесінің басым болуы, қатаң тәртіптің орнауы секілді көріністермен ұштастырады. Алайда, централизм жағдайныда да еңбекшілердің басқару ісіне белгілі бір дәрежеде қатыспауынсыз міндеттерді тиімді шешу мүмкін емес. Демократизм централизмге қарағанда оны жүзеге асыру тәсілі ретінде әрекет етеді. Демократияны кеңінен қолдану централизмнің негізін, тұғырын ұлғайтады және сонымен бірге еңбекшілерді қоғам ісін басқаруға тартуды қамтамасыз етеді. Екіншіден, орталық органдар өздері атқаратын міндеттер ауқымынан асып кетпейді, жергілікті органдардың қызметіне қол сұқпауды қағида тұтады. Сонда ғана централизм дұрыс, қажетті деңгейде жүзеге асатын болады.

Әлеуметтік басқарудағы жариялылық принципінің қазіргі қоғам үшін маңызы өте зор. Жариялылық принципі – еңбекшілердің басқару шешімдерін қабылдау кезінде қоғамдық пікірлерден кең көлемді ақпараттар алуы, оларды игеріп, есепке алу негізінде шешімдер ақбылдауға қатысу. Жариялылық – бұл адамдарға сенім арту мен құрмет көрсету, олардың оқиғаларға баға беру қабілетін ескеру, дұрыс шешім қабылдауына, сол шешімді жүзеге асыруына адамдардың саналы түрде қатысуына мүмкіндік жасау, бағалау.

Басқару процесін ұйымдастырудың басқа да принциптері бар. Бұған ең алдымен негізгі буын принципі жатады. Әлеуметтік процестерді басқару – өзара байланысқан кешенді міндеттерді шешу деген сөз. Әлеуметтік процестердің дамуы барысындағы түпкілікті, басшы міндетті немесе негізгі буынды ғылыми негізде анықтау – басқару өнеріне жатады. Әлеуметтік басқарудың практикалық мәселелерін шешу барысында қоғамдық өмірдің басты проблемаларын шешуге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл жерде проблемалық бағдарлау принципін орындаудың маңызы зор. Ол негізгі буын принципін жүзеге асырудың тәсілі ретінде қолданылады. Бұл принцип жұмыстың негізгі бағыттарын анықтауға, таяу арадағы міндеттерді болашақтағы міндеттерден бөліп алуға көмектеседі.

Адрестік принцип нақты атқарушылардың қызметін реттейді, олардың нақты міндеттерін анықтайды, қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін олардың шешімдері қажет етіледі. Сайып келгенде, принциптер жүйесін қолдану әлеуметтік басқарудың міндеттерін жақсы шешуге, қоғамдық дамудың мақсаттарына жетуге ықпал жасайды.

Басқару жүйесінде маңызды орын алатын мәселе – әлеумттік болжамдау (прогнозирование). Ол әлеуметтік процестер мен құбылыстардың ғылыми тұрғыдағы негізділігін анықтайды және оның тиімділігін арттыру мақсатында, яғни зерттеудің динамикасын, дамудың болшағын анықтауда әлеуметтану ғылымы қолданылады.

Ғылыми тұрғыдағы болашақты болжамдау принципі әлеуметтік болжам жасаудың методологиялық базасы болып табылады. Қоғамның болашақ күйін алдын ала көре білу оның даму заңдарын зерттеудің нәтижесінен, оның өткені мен бүгінгі күніне талдау жасаудың қорытындысынан туындайды. Қоғамдағы саны мол факторладың әркеттерінің негізінде қоғамның даму заңдары тенденциялық сипат алады. Осыған орай алдын ала көре білудің ауқымы шектеулі болады, ол істің барысы мен болашағын шамалап, белгілі дәрежеде ғана қорытындылайды, бұл жағдайда нақтылық, бір-бірлеп талдау іс барысын асыра бағалау болып табылады. Қоғамдық заңдылытардың ықтималдық сипаты дамудың балама варианты түрінде ғылыми болжам жасауды талап етеді. Сөйтіп, ол процестердің мүмкін формалары мен көріністерін, қарқынан суреттейді. Әлеуметтік болжамның екі: 1) ізденіс; 2) нормативтік типін атап айтуға болады. Оның біріншісі қоғамның мүмкін болады-ау деген жай-күйін әркет етуші тенденцияда басқарудың ықпалын ескеру негізінде суреттелуі тиіс; екіншісі, қойылған мақсатқа байланысты осы болса екен деген жай-күйді суреттейді, оған жетудің жолдары мен құралдарын белгілейді. Болжамдау статистикалық талдаудың және көре білудің динамикалық ретін, қатарын құрудың, дамудың негізгі тенденциясын сараптап бағалау әдісінің, тікелей математикалық модельдеудің, т.б. көмегімен жүзеге асады. Болжамдаудың аса маңызды міндеттерінің бірі – қоғам өмірінің әр түрлі жақтарын өзгертуге бағытталған, таяу және алысқа апаратын әлеуметтік салдары бар шешімдерді қабылдауға талдау жасау.

Жалпы қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық методологиясы мен әдістемесі қалыптасқан. Олар қоғамдық өмірдің барлық салаларын қарастыруда аса зор тиімділікке қол жеткізеді.

 

ОН ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги