рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Әлеуметтануда Ең Алдымен Типтеу Маңызды, Бұл Тұ...

Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұлға қызықтырады. Ол қоғам мен адамның өзара ықпалдасуының салдары ретінде түсіндіріледі. Сондықтан тұлға әлеуметтануының бірден-бір негізгі проблемасына әлеуметтену процесін зерттеу жатады, яғни адам қалайша, неге байланысты қызмет етуші қоғамдық субъект ретінде қалыптасады деген ауқымды мәселелерді зерттейді. XX ғасырда әлеуметтанушылар мен этнографтар жүргізген көптеген салыстырмалы зерттеулер тек әлеуметтік дағды-дәстүр, салт қана емес, сонымен қатар қызу қандылық жәе әйелдер мен еркектердің мінез-құлық ерекшеліктері әлеуметтендірудің жемісі болып табылатынын көрсетті. Мысалы, маскулдық (батылдық) және фенеминдік (биязылық) ұзақ уақыт бойы «табиғи», яғни табиғи-биологиялық жағдай себепші болған сапа деп саналып келді (қатал, күшті еркек және биязы, нәзік, адал әйел). Мысалы, макулддық (батылдық) және фенеминдік (биязылық) сапаның «табиғи», еместігі, яғни табиғи-биологиялық жағдай (қатал, күшті еркек, биязы, нәзік, адал әйел) себепші болған сапа еместігі анықталды. Бұған дейін аталған сапалар адам бойындағы табиғи сапалар ретінде танылып келді. Бұл сапалар қайсыбір қоғамдағы еркектер мен әйелдердің тұрмыс-тіршілігінде елеулі маңызға ие болған. Мысалы, Африканың бір тайпасында еркектер мен әйелдердің міндеттері керісінше бөлінген: әйел белсенді қызметтер атқарады, қарапайым өндіріспен айналысады және отбасының асыраушысы болып саналады, ал ер адамдар жеңіл, қосалқы жұмыстарды орындайды: киім тігеді, зергерлік бұйымдар жасайды, үйді жинап-сыпырады, енжар және әйелдерге бағынышты жағдайда болады.

Әлеуметтендіру «социолизация) терминнің пайда болу тарихына келетін болсақ, ең алдымен мына жағдайды айта кеткен жөн: алғашында термин неміс тілінен ағылшын тіліне қате аударылған. Соған қарамастан бұл жаңа сөз сақталады және классикалық әлеуметтану мәселесін қамтыған ұғымға айналды. «Әлеуметтену» ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсаты, саналы түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның мақсаты – балады белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Әлеуметтендіру өзіне білім беруді де және тәрбиені де қосып алады, сонымен қатар түлғаның қалыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, әлеуметтік топтарға индивидтердің ену процесін де қамтиды.

Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Бұл кез келген қалыпты тұлға бейнесінің іргетасын және сонымен қатар әлеуметтік топтардың, бүкіл қоғамның бірлігі мен тұтастығын құрайды. Бірақ әлеуметтену процесінде әрбір жеке тұлғаның қайталанбайтын рөлін ескермеуге болмайды. Тұлғаның әлеуметтенуінде екі бірдей абсолюттік процесс болған емес және болмайды да, сондықтан екі бірдей абсолютті тұлға да болған емес және болмайды. Бір отбасында тәрбиеленген балалар егіздердің міндетті түрде сыртқы ерекше айырмашылығы болады, оның себебі де түсінікті, өйткені ол әлеуметтендіру тәжірибесіндегі индивидуалдық өзгешеліктермен ғана анықталып қоймайды.

Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процесс ең алдымен екі жақ – әлеуметтендірудің объектісі және субъектісі қатысады. Әлеуметтендірудің объектісі - бұл прооцестің кімге бағытталуы, яғни жеке адамдар немесе адам топтары. Әлеуметтендірудің субъектісі – бұл процесті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құрылым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметтендіру агенттері деп те атайды.

Әлеуметтендіру – ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъектісі тұрақты, адамның (адам топтарының) үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, әке) бір байланыста (балаларымен қатынаста) субъект ретінде, әлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал келесі жағдайда (әлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол әлеуметтендірудің объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағынан алғанда, қайсыбір өзара әрекет шеңберінде әлеуметтену субъектісі әлеуметтенудің объектісіне ықпал жасап қана қоймайды, сонымен қатар субъект объект тарапынан кері әсерді де сезінеді. Мысалы, ана-аналар балаларды тәрбиелеу процесінде балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тәрбиеленушілердің тарапынан тәрбиеге белгілі бір кері әсерді де байқайды.

Әлеуметтендіруші бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұзстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік тотар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекесмелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Мұндағы қатынастар көбіне институционалдық сипат алды. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т,б,), кәсіпорындардың, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жасы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер ажсауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды.

Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылды.

Балалық сатыдағы әлеуметтендіру тәсілдері мен құралдары оншалықты көп емес. Соның бірі – имитация. Мұнда бала саналы түрде белгілі бір мінез-құлық дағдысын үлгі тұтынып, көшіріп алуға ұмтылды. Тақылеттендіру балалардың ата-аналардың мінез-құлық тәртібін, әлеуметтік мақсаттар мен құндылықтарды өздерінікі іспетті меңгеру тәсілі ретінде қарастырылды. Сөз болып отырған екі тәсіл әлеуметтендірудің жағымды тетіктері болып табылады. Ал әлеуметтендірудің теріс көріністері: тыйым салатын немесе белгілі бір тәртіппке астамшылық жасайтын ұят істер (сыртқы жағдай әсерінің нәтижесі ретінде) және кінәсін сезіну (іштей күйзелу) жатады.

Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артып қоймайды, сонымен бірге олардың қызметінің мазмұны мен бағдарларамалы да түбегейлі өзгеріп, күрделене түседі. Ата-наларымен қатар, тұлғаны әлеуметтендіруге балалардың мектепке дейінгі тәрбие орындары, мектеп, балалар бағдарламалары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. барған сайын үлкен үлес қосады.

Жасөспірім кезеңге (13-19 жас), яғни «күрделі», «өтпелі», «қиын», «түбегейлі», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымын қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен рөлін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл кезеңдегі әлеуметтендірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Бұл – параллелді құндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агенттерінен – ата-аналардан, мектептен, құрбы-құрдастардан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұл жасөспірімнің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерде шындығында жас адамға қажеттіден гөрі жақын, сезімге және символға толы іс-әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзіне сенімсіздік, пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Бұған ата-аналар мен мектептің орынсыз шектеулері қосылады, мұндай шектеулер жақсы нәтиже бере бермейді. Ең соңында әлеуметтанушылар әлеуметтендіру сатысының жасөспірімдерге тән тағы да бір ерекшелігің атап көрсетіп жүр. Олардың пікірінше, осы сатыда жасөспірімдер белгілі бір әлеуметтік мәртебеге ие болуға және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға ұмтылады. Бірақ қоғамда бұл ұстанымдарды экономикалық жағынан тәуелсіз адамдар ғана берік және тұрақты ұстай алады, ал тым «ерте есею» көптеген жас адамдар үшіқайғылы аяқталады, әлеуметтанушылардың сөзімен айтқанда, алдағы өміріне қатер төндіреді.

Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық, әлеуметтік және моральдық-психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп-жетіледі. Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен көрінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз табысымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан, өз бетінше өмір салтын құрудан, ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болуда, сайлауға қатысудан және т.б. байқалады. Бұл сатының биік бөлесі – адамның зейнетке шығуы, ол белгілі бір жасқа жетуіне байланысты бірнеше мәртебелерін жоғалтады және атқарып келген бірнеше рөлдерін тоқтатады.

Әлеуметтендірудің осы сатысында ең бастысы – туғанын әлеуметтік мәртебелермен әлеуметтік рөлдерді ала білуі және меңгеруі, оларды белсенді түрде жүзеге асыруы. Мұның негізі бүкіл әлеуметтік өмірді қамтитын қоғамдық еңбек бөлінісінде жатыр, ол негізгі төрт түрден, атап айтқанда: жас-жыныстық, кәсіби экономикалық және саяси еңбек бөлінісінен байқалады. Осыған сәйкес қоғамның өзіндік қаңқасын құрайтын, бүкіл әлеуметтік өмірді қатаң детер меңдіретін әлеуметтік құрылым қалыптасады. Есейген тұлға нақты өмірдің сан-алуан қажеттілігі туғызатын әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесімен рқлін қабылдау немесе оларды өзгерту арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.

Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында әдетте аса үрлеу жағдайында жүреді, тұлға әлеуметтік мәртебеге қол жеткізіп, соған сәйкес әлеуметтік рөл атқарады. Бірақ бұл жолда сәттілік пен сәтсіздіктер, бұрылыстар, кедергілер, дағдарыстар болады, тіптен адамдардың кінәсінен болашаққа деп құрылған жоспарлар, сенім мен үміт атаулы тас талқан – болады. Әдетте бұл – адам өмірінде болатын өзгерістерге, оны қайта бағамдап, бағалауға, өмірлік жоспарлар құрумен болашақта анықтау жолында кездесетін өзгерістерге байланысты. Осыдан қайта әлеуметтендіру қажеттігі туындайды. Қайта әлеуметтендіру – бұл тұлғаның бұрынғылардың барщасынан бас тартып, жаңа білімді, құндылықтарды, рөлдерді, дағдыларды еңгеру процесі. Кейде бұл процесс өмірдің әр кезеңінде де орын алады. Мысалы, мәдениеттің қайсыбір элементтері ескіргенде, тұлғаның және бүкіл қоғам өмірі маңызды өзгеріске түскенде қайта әлеуметтендіру жүзеге асырып отырады. Бірақ бұл көбінесе, есейген шақтағы әлеуметтендіруге тән. Қоғамға көзқарастың тиянақты түрге өзгеруі маман адамдардың кәсіби қайта даярлықтардан өтуі немесе жаңа көзқарас пайда болуы және психотерапиялық ықпал ету әдісімен айналысатын адамдардың ұстанған қағидалары мен тәртібінің өзгеруі қайта әлеуметтендірудің айқын мысалы бола алады.

Адам қартайғанда, яғни әлеуметтендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш-қайраты мейлінше қайтып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын көрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш-қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.

Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде адамдардың әлеуметтік мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметтік тұрғыдағы рөлдерінің шеңбері де тарыла түседі. Денсаулықтарының нашарлауы және т.б. сипаттарға енді достары мен жолдастарының күрт азаюы секілді екінші бір ауыртпалық келіп қосылады. Осыдан барып ол тіптен жалғыздыққа да ұшырайды, сөйтіп, қарт адамның қызметі үй-шаруашылығымен айналысуда, бай-бақша мен көкөніс өсіруді ермек етуден аспай қалады. Адамдар әсіресе адамдары жалғыз қалғандар, мұндай жағдайда қатты торығады. Әлбетте бұл жастағы адамдардың өмірі қуаныштан гөрі реніштерге толы болады. Сонымен қатар, зейнетке шыққан қарт адамдардың әлеуметтік рөлі де көбіне-көп нақты анықталмайды. Бұл осы кезеңге тап болғандардың әлеуметтендіру жағдайының тағы да бір ерекшелігі болып табылады.

Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын зерттегенде зерттеуші бірнеше күрделі теориялық мәселелерге ұрынады, оларды шешпейінше қазіргі ғылыми өлшемдер мен практиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тұлға тұжырымдамасын құру мүмкін емес. Осындай проблемалардың қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады.

Күрделі құбылыстардың құрылымы, олардың қатарына сөзсіз адами тұлға жатады, әр түрлі элементтердің жиынтығы, иерархиясы және белгілі бір өзарар әркеттері болып көрінеді. Кез келген құрылым белгілі бір тұрақтылықты игерген, сонымен бірге әр түрлі өзгерістерге түсуге де икемді – прогрессивтік, регрессивтік – тіптен ыдырағанда дейінгі өзгерістерді қамти да алады. Оны деқұрылымдық деген ұғыммен сипаттайды. Тұлға құрылымындағы деқұрылымдық құбылыстар алуан түрлі ауытқушылықтарға әкеп соқытарды, мұндай ауытқушылықтарды девианттық мінез-құлық деп атайды. Тұлға алғаш рет биогендік, психогендік және социогендік компоненттердің құрылымдық тұтастығы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл биология, психология және әлеуметтану зерттейтін тұлғаның биологиялық, психолгиялық және әлеуметтанымдық құрылымын бөлу үшін негіз болады. Тұлғаның биологиялық құрылымын, әлбетте, әлеуметтанудың ескермеуі мүмкін емес, ол тек осы құрлымды деформациялаушы тұрғысынан ескеріледі. Өйткені мұндай жағдайда адамдар арасындағы қалыпты өзара әрекет бұзылады. Ауру немесе кемтар адам дені сау адам орындайтын барлық әлеуметтік функцияларды атқара алмайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы көбіне-көп оның көңіл-күйі, қасіреті, талаптары, есі, қабілеті және т.б. жиынтығынан тұратын психологиялық құрылымымен байланысқан. Бұл жерде әр түрлі ауытқушылықтармен қатар индивидтің нормальды психологиялық әрекеті де маңызды. Алайда, тұлғаның әлеуметтік құрылымын психикалық,, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтауда істі тек субъективті жағына апаруға болмайды. Тұлғадағы ең басты нәрсе – оның әлеуметтік сапасы.

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы индивид кірген қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі қызметі процесінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Осыдан келіп тұлғаның әлеуметтік құрылымының маңызды сипаттамасы болып өз қайраткерлігі ретінде және басқа адамдармен өзара әрекеті ретінде түсіндірілетін оның қызметі саналады. Тұлғаның құрылымын талдау, оның қызметінің формаларына сараптама жасамайынша, іске аспайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген элементтері бар. Оның біріншісі, өмір салтынан және еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық сияқты қызмет түрлерінен көрініс табатын әлеуметтік сапалары қызметін жүзеге асыру тәсілдері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымынан басқа элементтерін анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Екіншісі, тұлғаның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға – қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның әлеуметтік құрылымының негізіне қоғамдық қажеттілік жатады. Үшіншісі, шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаның индивидтен шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, қоғамның мәдени құндықтарын меңгеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани дүниесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол сенім. Ол адамның мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең тереңдегі принцип болып саналады. Бүкіл осы құрылымдық элементтер қайсыбір дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені әрбір тұлға қоғамдық өмірге қатысады, білімді меңгереді, оларды басшылыққа алады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта – туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б. өзгеріп отырады. Ал өз кезегінде сенім адам қылықтарының сипатын анқтайтын болады. Осыдан әлеуметтендірудің қоғам талаптарына сәйкес тұлғаның әлеуметтік құрылымын өзгертуші ретіндегі түсінігі шығады.

Әрбір қоғам мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білім мен тәжірибесін жұмылдыратын жақсы тқлғаның болуын қалайды. Сондықтан да әлеуметтік сипатын дұрыс қалыптасуынв сол қоғам өз талаптарын қояды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. арқылы жүзеге асады. Тұлғаны қалыптастыру процесі – қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын процесс. Солай дегенмен де, объективтік жағдай бірдей болғанымен, әр түрлі субъективтік жағдайлардың қалыптасуына орай, яғни соларға баға беру қатынастарының салдарынан әр түрлі типтегі тұлғалардың қалыптасуы да мүмкін.

Жеке тұлғанің әлеуметтік тыныс-тіршілігін сан жағынан да бағалауға болады. Мәселен, адамдарды әлеуметтік белсенділігінің деңгейі мен сапалық жағынан бағалайтын болсақ, оның бойындағы бұл сипаттар мен қасиеттер оның сипаты мен бағыты бойынша іске асады. Өйткені оның белсенділігі ұнамды, пайдалы дүниелер жасау және білдіру арқылы саналы және стихиялы, т.б. сипатта болуы мүмкін. Бұлардың қайсысы болса да, біріншіден, қоғамның әлеуметтік құрылымна, екіншіден, қоғамның нормативті мәдениеті мен құнды бағыт-бағдарына, соның ішінде ол қандай болуы керек немесе болмауы қажет деген түсінік шеңберінде адамның нормативтік қағидасын, үшіншіден, жекелеген тұлғалардың ойлау стилі мен өзіндік санасына тәуелді болып келеді.

Тұлғаның әлеуметтік типі дегеніміз – адамдардың тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда тұрмыс құру, тіршілік ету жағдайларының күрделі жиынтығының жемісі. Әлеуметтануда тұлғаны әлеуметтік түрге бөлудің әр түрлі варианттары ұсынылған. Мысалы, М.Вебер түрге бөлудің негізіне әлеуметтік әрекеттің ерекшелігін, дәлірек айтқанда, оның ұтымдық дәрежесін алса, К.Маркс формациялық және таптық ұғымға осы тегін жатқызған. Э.Фром болса орныққан мінез-құлықты тұлғаның әлеуметтік түрі, индивид пен социумның байланыс формасы деп қарайды.

Әлеуметтік мінез-құлықтың түбегейлі қалыптасуын Э.Фром әрбір тұлғаның қоғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуіне және қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғаудағы сана-сезімін нығайтудың мүмкіндігінде деп бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың нәтижесінде Э.Фром әлеуметтік мінез-құлықтың бірнеше типтерін: рецептік (енжар), қанаушылық, дүние жинаушылық және нарықтық деп түр-түрге бөледі.

Қазіргі әлеуметтану саласында тұлғаларды олардың құнды бағыт-бағдары мен қадір-қасиеттеріне байланысты бөлу кең түрде тарады. Олар:

- дәстүршілдер негізінен мынандай құндылықтарды: міндетті, тәртіпті, жөнге салушылықты, заңды қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік болс: адамдардың өзін-өзі көрсету, өз бетімен жүру сияқты сапаларды басшылыққа алады. Мұндай мінез-құлықтар ешкімге ұнамайды, оны өрескел, өрмінезділікке ұқсатады;

- ал идеалистер, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздікке бейім болады және басда адамның беделін мансұқ етпей, өзін-өзі ғана басқарады, басқаларға еліктеп алаңдамайды;

- фрустрировтік мінез-құлыққа адамның өзін өзгеден төмен бағалауы, көңіл-күйінің басыңқыболуы, өзін өмір ағымынан тыс қалдым деп сезінуі жатады;

- реалистер өзін-өзі ел алдында айырықша көрсетуді міндет санайды және халыққа деген жауапкершілік сезімін дамыта түсуге тырысады, орынды скептицизмді өзін-өзі дәріптеу мен өз-өзіне бақылау жасау арқылы жүзеге асырады;

- гедонистік материалистер ең алдымен «осы жерде және дәл қазір» рахатқа кенелуге бағыт ұстайды және бұл «өмір ләззатының» ізіне түсуге тырысу қабілеті молшылық тілеуді қанағаттандырудың формасына айналады.

Әлеуметтануда солармен қатар тұлға типтерін моральдық, идеалдық және базистік деп ерекшелеу көзқарастары да қабылданған. Тұлғаның модальдық типі – қоғамда нақты көпшіл болып көрінгісі келетін, соған лайық оындарда отырғандар. Тұлғаның идеалдық типі нақты жағдайға араласпайды, оған байланыспайды. Тұлғаның бұл түрі болашаққа тілек-ұсыныс білдірумен шектелетін адамдар, мысалға алсақ, олар К.Макстің – жан-жақты дамыған тұлғасы немес Э.Фромның жаңа дамуы. Тұлғаның базистік түр-тұлғасы қазіргі кезеңдегі қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне барынша жауап бере алатындар. Басқаша айтар болсақ, тұлғаның әлеуметтік типі – бұл адамның құнды бағыт-бағдарына қоғамдық жүйенің ықпал жасауының және сол арқылы оның нақты мінез-құлқына әсер етудің көрінісі болып саналады.

Бастыс әлеуметтанушыларының зерттеулері көрсеткендей, қоғамдық өмірдің әр саласындағы бітім-болмыс пен ерекше іс-әрекеттер тұлғаның белгілі бір сапалары мен мінез-құлық тұрпаттарының қандай тұрғыда көрінетінін айғақтайды. Мысалы, бұл сипаттар нарықтық қатынастар прагматизмінің, қулық-сұмдықтың өріс алуына, өндіріс саласындағы эгоизмнің, мансапқорлықтың қалыптасуына және еріксіз түрде кооперациялауға көшуге, ал отбасы саласында және жеке өмірде – көңіл-күй мен адамның ішкі сезіміне, т.б. ықпал етеді.

Сонымен қатар, әлеуметтануда осы айтылғандарға кереғар механизмдердің болатыны белгілі. Белгілі бір қоғамдық қатынастар үрдісінің пайда болуы мен дамуына тұлғалық сапалардың ықпал ететіні анық. М. Вебер өз тұжырымдамасында сана саласындағы өзгерістерді, құнды бағыт-бағдарларды қайта құру және еңбекке деген көзқарасты жаңа тұрғыда қалыптастыру капитализмнің пайда болуына серпіліс бергенін дәлелдеді. Демек, белгілі бір, жеке тұлғаның бойындағы сапалардың кешені қайсыбір бағытта қоғамдық дамуды тездете алады, керісінше, оның дамуына кедергі келтіруі немесе оны тіптен тоқтатуы да мүмкін.

Әлеуметтанушылар мен психологтар социалисттік қоғамда мейлінше тұрақты түрде қалыптасқан бірнеше мінез-құлық стереотиптерін, тұлғалық комплекстерді айырықша атап көрсетті. Бұл – «жаттанды шарасыздық», «ұзаққа созылған инфантилизм», «екі мағыналық және кең көлемді екі стандарттық практика», «паразиттік жаңашылдық».

Кез келген тұлға өзінің әлсіздігі мен шарасыздығын психологиялық тұрғыдан сезінсе – ол сол қоғамдағы құрылыстың заңды түрде салдары болып саналады, өйткені мұндай қоғамда жеке адамның рөлі мүлде төмендетіледі. Тоталитарлық жағдайда немес соған жақсы сипаттағы өмірді қатаң бақылауға алатын және ондағы жағдайларды реттеп отыратын, өз мүддесіне орай үйлестіріп отыратын елде ерте ме, кеш пе, әйтеуір бұқараның шарасыздыққа ұшырайтыны анықталды. Бұл эффектінің мәні мынаған саяды. Адам қоғамдағы жағдайдың (ситуация) бақылаусыздыққа ұшырағандығына әлденеше рет көз жеткізген соң, оқиғаардың барысын өз әрекетімен өзгертуге мүмкін еместігін түсінеді де, оны жөндеудің жолдарын әзденуден жалпы бас тартады. Сөйтіп, бас ию мен айтылғанды атқарушылық мінез-құлықтың бөлінбес белгісіне айналады. Тұлға өзіне сырттан ықпал еткісі, беделі арқылы әмірін жүргізгісі келетін билік құрылымының шешімінен тыс өзі қабылдаған шешімге сүйенген кезде өзін-өзі еркін сезінеді. Бұған көнбеген жағдайда тұлға тек қана әлгілердің айтқанын орындаушы болудан бөтен жол таба алмайды.

Психотерапиялық жұмыстың тәжірибесі көрсеткеніндей, өз шекарасыздығын жиі сезінуі жеке басына қатысты және жалпы әлеуметтік жағдайды сипаттауымен ғана шектелмейді, оның сол жағдайды қалай және қай мағынада қабылдауына да қатысты. Көптеген адамдар өз өміріне қатысты дүниені немесе соның төңірегіндегі жағдайларды өзгерту мүмкіндігін дұрыс бағалай алмайды. Адам өмірде өзгерістер жасаудан өзі қашқақтауға тырысады, өйткені ондай өзгерістердің болашақты неге ұрындыратынын көп адам нақты болжап біле алмайды. Ол үшін мойнына жауапкершілік жүктеуі, ізденуі қажет.

Жаттанды түрде шарасыздыққа ұшырау эффектісі – пролонгированды инфантилизм (яғни ұзаққа созылған балалық шақ) деп аталатын тұжырыммен де байланысты. Бұл ең алдымен жауапкершіліктен қорқу және одан ересек адамдардың өзін алыстату, оны басқа бір адамның иығына артуға тырысу секілді көріністерден байқалады. Соның салдарынан адамдар өздерінің өмір сүрулері, оны жақсарут жөніндегі талаптар мен әлеуметтік жағымын қорғалу мақсатындағы сенімсіздіктерге ұрынып, енді тек өз күштеріне арқа сүйеуге тырысады, оның үстіне осы бағытта үкімет тарапынан бір көмек болар деп, соған үміттенеді. Бұл екі комплекстердің: халықтың жаттанды шарасыздығы мен ұзаққа созылған инфантилизнің келесі бір көрінісі – паразиттік жэаңашылдық. Паразиттік жаңашылдыққа мәнез-құлықтың типі ретінде «мемлкетті алдауға және жүйені ақымақ етуге» тырысу жатады, яғни өзінің мкақсатына жүйенің арқасында жетуді көздейді, оған қалайда жетеді. Мұндай тәртіп кезінде оған жұмсылған шығынды өртеу немесе іске аспаған мүмкіндіктерді нақты немесе гипотетикалық тұрғыда қайтару қарастырылады. Бұл кезде халықты тұрақты және заңсыз алдайтын өкіметтен «кек» алу жолы әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру мақсатындағы қоғамның өзіндік тәсілі болып табылады.

Қазіргі ТМД елдеріндегі қоғамның жалпы сипаттамасы – құнды және практикалық қайта бағдарлауға көшу, яғни экономика саласында - жекеменшік формасындағы мемлекеттік жоспарлы шарушылықтан нарықтық қатынастарға өту, саяст саласында - авторитаризмнен демократияға, рухани салада – таптық құндылықтардан жалпы адамзаттық құндылықтарға көшу. Біздің өмір сүріп отырған кезеңді өтеплі кезең дейді. Бұл әлеуметтік жүйенің ерекше тұрғыдағы және сапалы түрдегі өз бетінше өмір сүруге ұмтылу қалпы, олай дейтініміз – бұл кезең өмірлік құбылыстардың тұрақсыздығы, дағдарыстары, басқарудың әлсіздігі, соны әлеуметтік тұрғыда реттеудің тиімділігінің төмендеуі, әр түрлі балама құрылымдардың пай болуы арқылы ерекшеленеді.

Мүдделердің арасындағы тепе-теңдікті бұзу жеке тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы азайып барады деген сезімін қалыптастырады және мұндай бұзу тұсында адамның үш реакциясы алдыңғы қатарға шығады. Олардың біріншісі – вертикальды мобильдікке шығу мақсатындағы жеке тұлғаларының бағыт-бағдарының енжарлығы, одан да өмірде тірі қалуға бағыт-бағдар ұстаудың күшеюі. Екіншісі – топтық «эгоизм» деп аталатындардың артуы, яғни индивидуалдық мүддені топтық мүдде арқылы қорғауға талпынушылар, мұны олар кез келген құралдар мен тәсілдер арқылы іске асыруға тырысады: формалдық емес тәсілден оның ықпалын күштеуге, қылмысқа дейін шара қолдануға барады. Үшіншісі – әлеуметтік салыстыруда стихиялық процестің күшеюі, соның нәтижесінде мінез-құлықтың ерекше агрессивті түрі пайда болады. Бұларды жүзеге асырушылар, яғни осы бағыттағылар жағдайының түбегейлі нашарлауын есепке алмайды, керісінше, басқалардың жағдайын әділетсіз түрде жақсартуға ықпал етеді.

ТМД елдерінде жағдайлардың тез өзгеруі адамдардың алдына жаңа әрі тосын міндеттер қоюда. Мұндай міндеттерді шешуге қалыптасып отырған тәрбие жүйесі де, бұған дейінгі бүкіл өмір тәжірибесі де адамдарды дайындаған емес. Адамның осындай жағдайда өмір сүруіне белгілі бір тұлоғалық белгілері мен мінез-құлық, тәртіп дағдылары ықпал етеді. Солардың арасынан ең алдымен іскерлікті, адамның қуаттылығын, белсенділігін, бұрынғыға балама өмір қалпын таңдау қабілеттілігін және әрқилы оқиғалардың дамуына орай бейімделіп, алдын ала дайындалуын, когнитивтік, плюрализмді, жауапкершілікті, профессионаизмді және біліктілікті ерекше айтуға болады. Бұл белгілердің жарым-жартылай ғана қолданылуы бұрынғы жүйенің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз етті және әлі де болса кездесіп отырған әлеуметтік бұрмалаушылықтарды тудырды.

Тұлға әлеуметтануы арнайы әлеуметтану теорияларының бір саласы ретінде тұлғаның әлеуметтендірілуі мен қалыптасуын, т.б. мәселелерін зерттесе, саясат әлеуметтенуы сол тұлғалардың билік, саясат саласындағы қызметін қарастырады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги