рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Xix ғасырдың Басында Адамзаттың қоғамдық ...

XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798-1857) шықты.

Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт өзінің позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм - әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның «позитивюс» - дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап, дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық «Позитивтік философия курсы» деген еңбегінде (1830-1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылымды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын «Позитивтік жүйе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат» (1851-1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді негіздеген бұлардан басқа да «Қарапайым астрономия туралы философиялық трактат» (1844), «Позитивтік катехизис» (1856) еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық «Огюст Конттың өсиеттері» деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына «позитивтік синтез» ретінде қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуге жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз берді.

Конт әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылымның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеуметтану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс: а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы); в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат; г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бүгінгі адамзат; д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі; ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері; з) адамдар мінез-құлқы; и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы; ж) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен айтқанда, Конт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен өзгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсіндіреді.

Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерін қолдануы тиіс:

- қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау;

- эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау;

- адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру;

- әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белігілі бір көрсеткіштер бойынша салыстыру;

- тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.

Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық процедура мен олшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы әдістің процедурасын жасау проблемаларын кетерді, алайда оларды сол тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер деп үйретті Конт, іргелі әлеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды қамтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшін айтылған әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар кажет. Конт пікіріндегі қарама-қайшылықты былайша тусіңдіреді: теория мен қорытындылаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал қорытындыланған материалдар теорияның дамуына негіз болады.

О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі кушке айналуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи мис-сиясын болашақтың «Ғылыми Библиясын» жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру - қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. О. Конт бұл мәселені жаңа кырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді; тарихи (ғылымның пайда болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.

О. Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Өзінің ұстазы Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактылы (теориялық) және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы зандылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл зандарды жеке салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.

Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану. Бұлардың осындай реттілікпен орналастырылуы оларда позитивизмнің көрінуі мөлшерімен байланысты. Неғұрлым материя қарапайым болса, соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік ғылым алдыңғыларға негізделеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы жақсыларды қабылдайды және дамытады.

Оның көзқарасы бойынша, математика басқа ғылымдарға айтарлықтай тәуелді емес, бірақ соншалықты абстрактілі, қарапайым және практикадан аластатылған ғылым, сондықтан ол басқа ғылыми таным формаларынан ерте пайда болған. Әлеуметтану, керісінше, практикамен тікелей байланысқан, күрделі, нақты, өзгелерден кейін пайда болды, өйткені ол басқалардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Әлеуметтанудың қалыптасуын қоғамның жаңа даму сатысымен байланыстырумен бірге, оны бүкіл ғылымдардың даму тарихымен де сабақтастырады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы жасалып, оған жоғарыда аталған ғылымдар енгізілді. Сөйтіп, бұл жүйе білім дамуынын карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті.

Әлеуметтануға біртабан жақын және біршама туысқан ғылым ретінде биологияны атайды. Бұл екеуін зерттеу пәнінің күрделілігі біріктіреді, тұтастық жүйе де соған дәлел бола алады, сондықтан биология мен әлеуметтануға талдау жасау жолын негізгі бағыт етіп ұстанбайды, яғни бөлімнен тұтастыққа қарай қозғалмау керек. Жануарлар әлемі мен адамзат қоғамы индивидтердің механикалық агрегаты емес, керісінше - тұтастық. Бұл тұтастық өз бетінше өмір сүреді және өзін кұрайтын бөлімдердің қасиеттерін белгілейді. Сондай-ақ, жалпы схема бойынша әлеуметтанудың тікелей биологияның зандарына сүйенетіндігін, тіптен онсыз мүмкін емес екендігін айтқанымызбен, алайда, екінші жағынан, әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігінің бар екендігін, бұл заңдардың соның негізінде түрін өзгертетінін, ал осы заманғы өзгерістер индивидтердің өзара қимыл-әрекетінің арқасында туындайтынын тұжырымдайды. Конт жануарлардың біріне-бірін тартатын жыныстық инстинктін және олардың ұрпағына қамқорлық жасауын әлеуметтіліктің бастамасы етіп алады. Сурет пен бейнелеуді (иллюстрацияны) әлеуметтік пен биологияның өзара тығыз байланыстылығының қос көрінісінің мысалы деп алға тартады. Адамдарда өзін-өзі сақтау инстинктінің рөлі жоғарылығын, «индивидтік инстинкттің» болатындығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамдарда әлеуметтік эгоизмнің үстемдік алатынын жазды.

Әлеуметтану биологияға арқа сүйейді, әрі одан автономдығын да сақтайды, материяның күрделі формасымен байланысады, ең жоғарғы және күрделі теориялық ғылым болғандықтан позитивтік ғылыми білімдер жүйесін аяқтаушы болып саналады. Сондай-ақ, оған қоғамдық білімдерде үстем еткен ойлау қалпы тән болуы тиіс.

Қоғам дамуын адамдардың танымдық қызметінің және олардың қоғамдық; санасының бір сатысынан келесі сатысына өтуі арқылы түсіндіріп, «үш сатылы заңды» дәйектейді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми).

Теологиялық сатыда адамзат ақыл-ойының, сонымен қатар қоғамның дамуы, Конттын пікірі бойынша, 1300 жылға созылған. Осы сатыда әрбір кұбылыстар жоғары кұдіретті күштердің тигзетін әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылды. Бұл фетишистік діни сананың шыққанын көрсетіп, кейін ол политеизммен, яғни көпқұдайшылықпен алмасып, қайсыбір құбылыстар түрлі құдайлардың ықпалы арқылы болады деп бейнеленді. Теологиялық сатының соңына таман бір құдайлықка (монотеизмге) өту қалыптаса бастады. Сөйтіп, барлық құбылыстарды адам дінінің негізінде жатқан күш деп түсінеді. Мұндай сана тайпа көсемдерінің, әскербасыларының, аристократтардың билігін құдіретті күшпен байланыстырды. Иерархиялы әлеуметтік ұйым қоғамда өмір суріп отырған тәртіпті нығайтуга бағытталды. Теологиялық сатының ең жоғарғы кезеңі — католик-тік феодалдық қоғам болды. Монотеизм гармониялық әлеуметтік тәртіп орнатуға ықпал жасады, бірақ ол өзінің тиімділігіне қарамастан консервативтік институттарды қалыптастырды. Алайда, адамзат ақыл-ойының жетілуі ерте ме, кеш пе, теологиялық түсініктің догматикалық жүйесімен қақтығысары анық еді. Себебі, ол әлеуметтік жүйенің бүкіл құрылымына бойлап енді, сөйтіп, бұл тәртіп прогреске кедергі жасады. Бірақ прогресті тоқтату мумкін емес еді, даму заңдары ескі жүйені күйрете бастады. Ескіні бұзу тұтас дәуірді камтыды, Конттың анықтауынша, бұл қоғам дамуының метафизикалық сатысы болды. Бұл сатыда бұрынғы қоғамдық тәртіп ыдырады, ол 1300—1800 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Бұл сатыда адам санасы жәй пайымдаудан гөрі, сыртқы дүниенің нақты процестерін білдіретін ұғымдарды көп қолданады. Алайда, ғылымың баяу дамуына байланысты бұл ұғымдар әлі де болса абстрактылы еді. Бұл сатыда ескі қоғамдық бастаулар қирайды (реформация, ағартушылық, революциялар, соғыстар, т.б.), тұтастық ыдырайды. Бұл күйреудің жағымды жақтары болғанымен (жаңа экономикалық және саяси идеялардың, орнауы, т.б.), «метафизикалық рух» сенімсіздікті, эгоизмді, моральдық тозушылықты және саяси тәртіпсіздікті жоя алмады. Қоғамда тәртіп орнатып, әлеуметтік тұтастықты жөнге қоятын жаңа идеология қажет болды. Оны, Конттың пікірі бойынша, позитивизм, яғни ғылымның дамуы жүзеге асыра алады.

Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымына сүйенсек, 1800 жылдан басталады, оның мені — ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, қайта құрылуымен сипатталады. Адам санасы өз пайымдауларында және қорытындыларында көбіне-көп ғылыми бақылауға сүйенеді. Дүниеге теологиялық және абстрактылы — метафизикалық тұрғыдан қарауды оның, заңдарын ашу мен зерттеу, құбылыстарды бақылау секілді тәсілдер алмастырады. Бұл заңдарды ұғыну үшін олардың әрекетін ескеру және көре білу қажет. Сол тұстағы жаңа қоғамға әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарасақ, онда ол эгоизмді альтуризмнің, женуі, әлеуметтік сезімнің артуы, әлеуметтік тәртіп пен келісімнің орнауы, әскери қоғамнан өнеркәсібі дамыған қоғамға өтудің іске асуы арқылы сипатталады. Алайда, жаңа қоғамның да жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі, теріс тұстары да бар, сондықтан ғылым осы қоғамды келеңсіз қылықтардан тазалауға көмек көрсетуді езіне мақсат еттІ1

Конттың көзқарасы бойынша, қоғамның дамуы заңды және прогрессивті сипатта болады. Ол қоғам өз дамуы барысында биологиялық заңдарға, сондай-ақ «астрономиялық» заңдарға, яғни ғарыштың, аспан денелері мен планета қозғалыс заңдарына бағынады. Ол қоғам дамуына ауа райы мен халықтың нәсілдік кұрамының ықпал ететіндігі туралы да жазды. Алайда, Конттың пікріне сай ой тұжырымдасак, онда адамзаттың интеллектуалдық эволюциясы қоғамның дамуына ерекше әсер етеді екен. Әлеуметтік мәселені шешуде адамдар санасынын негізгі, бірінші рөл атқа-ратыны және оның қоғамның дамуына шешуші ықпал жасайтыны туралы О. Конт позитивтік қорытынды жасайды. Осыған байланысты позитивизмнің негізін калаған интеллектуалдық эволюцияның жоғарғы көрінісі ретінде ғылымның осы саласына айрықша мән береді.

Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп, әлеуметтануды үлкен әрі маңызды екі тарауға: әлеуметтік статика және элеуметтік динамикаға бөлді Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесінің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару заңдылықтарын зерттеуге тиісті болды. Әлеуметтік динамика ең алдымен негізгі қоғамдық институттардың, соның ішінде отбасының, мемлекеттің, діннің қоғамдағы атқаратын міндеттерін және олардың татулық пен ынтымақтастықты орнатудағы рөлін қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің дамуы мен өзгеру заңдарына да назар аударады. Осыған орай қоғамдық прогрестің позитивтік теориясын да О. Конт әлеуметтік динамика деп атап кеткен еді. Прогресс, оның пікірі бойынша, дамудың ең биік сатысына көтерілу болып табылады. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жаксарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық, дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) секілді алғышарттар ең маңыздылары болып есептелінеді.

Конттың қоғам дамуын гармонизациялау және оның тұрақтылығының проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы гармония «әлеуметтік жүйенің» тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы гармония болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінің барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті - саяси, экономикалық, рухани, биологиялық, т.б. жатады. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік гармонияға ғылымның көмегі арқылы жетуге болады. Ғылым қоғамның барлық бөлімдері арасындағы өзара әрекетті кажетті механизмін тауып беруі тиіс.

Сондай-ақ, түрлі тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін барынша үйлестіре білуде қоғамдағы гармонияның ерекше рөл атқаратынын да жазды. Саяси өкімет билігінің маңыздылығы сонда, ол әлеуметтік субъектілердің мудделерін ақылмен дұрыс үйлестіріп отыруы тиіс. Бұдан Конт саясаткерлерді бедел алатынын пайымдады. Қоғам гармониясынан Конт оның тұрақтылығының негізгі жағдайын, әр сословиенің, әр халықтың, әр адамның қалыпты дамуының мүмкіндігін байқады. О. Конт әлеуметтанудың негізін калады, ал Г. Спенсер оны одан әрі дамытты.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги