рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оғамның қызметі

Оғамның қызметі - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Бұрынғы ұлы Ойшылдар Гессиод Пен Сенека, Платон Мен Аристот...

Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғам деген не, жалпы прогресс деген не? - деген сұрауларға жауап іздеген еді. Олар бұл мәселеде өз заманының шек қоюларына қарамастан данышпандық болжамдар айтқан. К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И.Ленин "қоғам" және "қоғамдық прогресс" категорияларына ғылыми тұрғыдан қарауға, олардың мазмұны мен объективтік өлшем белгілерін анықтауға теориялық үлес қосты.

Қоғамдық прогресс ұғымы латынның "прогрессус", яғни алға қарай қозғалыс деген сөзін білдіреді. Қоғамдық прогресс - адамзат қоғамының даму бағыты. Ол адамзат өмірінің барлық жақтарын өзгертеді, соның нәтижесінде адамзат дамуының төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілуі жүзеге асады. Қоғамдық прогресті қалыптастыратын адамның, адамдардың, азаматтың қажеттілігі, мұқтажы болып есептеледі. Қоғам дамуына ықпал еткен қажеттіліктерді екі топқа бөлген: 1) табиғи; 2) адамның әлеуметтік кажеттілігі.

Бірінші топқа, яғни табиғатқа адамның табиғи кажеті арқылы бай-ланысқан қажеттіліктің бәрі жатады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірін сақтау мен оны жалғастыру үшін өзінің табиғи қажетін қанағаттандырады (оттекке, суға, азық-түлікке, киімге, баспанаға, т.б.). Табиғаты оңды жерлерде адам осы қажеттіктердіңкейбіріне (мысалы, оттекке) еңбек шығынын шығармайды. Басқа қажеттіктерді (суға, тамаққа, киімге, баспанаға) қанағаттаңдыру еңбек шығынымен, өмірлік игіліктерді өндірумен байланысты болады. Адамның табиғи қажеті шектеулі. Екінші топқа, яғни адамның әлеуметтік кажетіне қалған барлық әлеуметтік және рухани кажеттіліктер {қоғамға, қоғамдық іс-әрекетке, білімге, мәдениетке, т.б.) жатады. Бұлар адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде өзін сақтауы, дамуы үшін қажет. Бұл қажеттіліктердің бірде-біреуі қоғамнан тыс, қоғамдық материалдық және рухани өндіріссіз қанағаттандырылмайды. Адамның әлеуметтік кажетінің табиғи қажеттілігінен өзгешелігі сонда - оның шегі болмайды, өйткені қоғамдық және интеллектуалдық процесс тоқтамайды, үнемі дамиды, ол да шексіз. Қоғамның дамуы, бір жағынан, адам қажетін канағаттандыру үшін жаңа құралдар шығарса, екінші жағынан, әлеуметтік қажеттілік адам сұранысының бірін қанағаттандырса да, оның орнына жаңа бір қажеттілік туады.

Жалпы әлеуметтанудың қоғамдық прогресс өлшемі өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастары болып табылады. Бірлескен іс-әрекет процесінде адамдар өндірістік қатынасқа түседі. Оның негізіне өндіріс құралдарына деген меншіктілік жатады. Өндіріс катынастарының жүйесінің калыптасуы негізгі өндіріс құралдарының кімнің меншігінде екендігіне байланысты. Бұл адамның өңдіріс жүйесіндегі (иемденуші, басқарушы, өндіруші) және өнімді бөлудегі, айырбастау мен иемденудегі орнын анықтайды. Табыстың негізгі бөлігі өндіріс құралының иесіне тиеді, өндіруші тек жалақы алады. Өндіріс құралдары білімі бар және еңбек дағдылары қалыптасқан адамдармен бірігіп, қоғамның өндіргіш күштерін құрайды. Еңбек құралдарын - алғашқы тас шапқыштардан қазіргі компьютерлік техникаға дейін жетілдіру процесі қаншалықты шапшаң жүрсе, адамдардың еңбек дағдыларын жетілдіру де соншалықты қарқынмен дамуда. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артьш, ол коғам өмірінің барлық жақтарына, коғамдық прогреске ықпалын тигізеді. Алайда, өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының арасында динамикалық қарама-қайшылық та, өзара байланыс та бар. Бұлар - қоғамдықпрогрестің қайнар көзі.

Қоғамдық прогресс бір қоғамдық-экономикалық формацияның екінші, әлдеқайда жетілгеніне өтуімен де сипатталады. К. Маркс өзінің "Саяси экономияға сын" деген енбегінде осындай формациялардың архаикалық, экономикалық, коммунистік түрлерін көрсеткен. Тұтас экономикалық қоғамдық формацияға К. Маркс "...азиаттық, антикалық, феодалдық және қазіргі буржуазиялық тәсілдерін"1 сыйдырған. Алайда, қоғамдық формациялар бірінен екіншісіне автоматгы түрде өтпейді. Ол адамдардың, топтардың өз мүдделеріне жету жолындағы әлеуметтік және саяси күрестері немесе реформаларға байланысты жүзеге асады. .

Адамгершілік, моральдық нормаларды жетілдіру прогрестің өлшемі болып саналады. қоғамдык, адамгершілікті дамыту - қоғам өмірін барлық жағынан жетілдірудің негізі болып саналады. Қоғамдық прогресті анықтайтын бұлардан баска да өлшемдер бар.

Солармен қатар, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарының қайнар көзі қарама-қайшылық екені де белгілі, оның негізгі екі типі бар: антагонистік және антагонистік емес қарама-қайшылықтар. Марксизм-ленинизм бойынша антагонистік қарама-қайшылық деп субъектілердің түбегейлі, өмірлік мүдделерінің алшақтығын, мүдделердің соқтығысуын айтады. Мұндай жағдайда өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйені сақтап қалу немесе оны жою мәселесі күн тәртібіне қойылады. Ал, антагонистік емес қарама-қайшылықтарға субъектілердің түпкі мүдделері бір болғанымен, мәнсіз мүдделердің алшақтауын жатқызады. Жеке меншік тудырған антагонизмдер капитализмді қоғамдық құрылыс және дүниежүзілік система ретінде де қамтыған. Марксшілдердің пікірі бойынша, капитализмнің: 1) еңбек пен капитал арасындағы; 2) империалистік елдер арасындағы; 3) капиталистік елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама-қайшылықтары маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде де капиталистік қоғамның ішкі қайшылықтары сақталған. Соның бірі еңбек пен капитал арасындағы қайшылық» Еңбек пен капитал арасындағы қарама-қайшылық қоғамдық құбылыс ретіндегі капитализмнің қайшылығы болып табылады, барша капиталистік елдерге сай өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін жеке адамдардың иемденуі арасындағы қарама-қайшылық осы қайшылықтың негізі болып саналады. Оның әрекет етуі ұлттық-мемлекет ішінде болады. Сөйтіп, буржуазиялық коғам шеңберінде еңбекшілердің капиталға қарсы таптық күресінің алғышарты қалыптасады. Капиталистік қоғамның негізгі қайшылықтарының бірі ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен және соның шеңберінде ғаламат өскен өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастардың арасындағы шиеленістен көрінеді. Бұл қайшылық әр түрлі формада: құрылымдық және циклдық дағдарыстардан, жұмыссыздар санының артуынан, т.б. байқалады.

Қазіргі капитализм елдерінің арасындағы қайшылықтардың екі түрі орын алып отыр. Оның біріншісі - бәсекенің негізгі үш орталығы болып отырған АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония арасындағы қайшылықтар, екіншісі, "жалпы рынокқа" енген Батыс Еуропа елдерінің арасындағы қайшылық,. Олардың арасында өнім өндіруші рыноктары, капитал жұмсау өрістері, шикізат көздері жолындағы, ғылыми-техникалық прогрестің шешуші салаларындағы басымдық жолындағы бәсекелестіктегі күрес белең алған. Кейін бұлардан басқа да капиталистік жаңа "күштердің орталықтары" көріне бастауы мүмкін. Бұл жағдай қайшылықтар түйінінің одан әрі көбеюіне, олардың өзара тығыз астасып, шиеленісуіне әкеліп соғуы ықтимал. Бұл қайшылықтар капиталистік елдер арасындағы қайшылық болғанымен, мұның өзі сол елдердің экономикалық дамуына, жалпы ішкі қайшылықтарын шешуде елеулі рөл атқарады. Қайшылықтардың жаңа түрі — ұлтаралық корпорациялар мен қоғамдық саяси ұйымдардың формасы болып саналатын ұлттық мемлекет арасындағы қайшылықтар. Ұлтаралық корпорациялар өздеріне пайдалы кезде мемлекеттік-монополистік реттеуді білек сыбана пайдаланады. Ал егер үкімет тарапынан олардың пайдасына зәредей қатер төнсе, үкіметпен аяусыз жанжалға барады. Қазіргі капиталистік қоғамда басқа да бірнеше ішкі қайшылықтар сақталған.

Капиталистік елдер мен үшінші елдер арасындағы қайшылықтар капитализмнің дүниежүзілік жүйе ретіндегі ерекше қайшылықтары болып саналады. Бірақ олар капитализмнің барлық сатысында шешуші рөл атқармайтындықтан, бұл жүйенің негізгі қарама-қайшылығы бола алмайды. Олардың рөлі де және салмағы да өзгеріп отырады. Мысалы, метрополиялар мен отар елдер арасындағы қайшылық, егерде бұл жүйе отарлық империялар түрінде сақталса, дүниежүзілік капиталистік жүйенің өткір қайшылығы ретінде шегіне жеткенге дейін өмір сүреді. XX ғасырдың басына дейін солай болды. Олардың күйреуімен, отарлық жүйенің ыдырауымен бұл қайшылықтар метрополиялар мен отарлар арасындағы қарама-қайшылық болудан қалды. Өйткені қазіргі кезде екеуі де бұрынғы күйінде сақталмаған. Егерде бұрынғы метрополиялар мен бұрынғы отарлар арасындағы қайшылықтар сақталған жағдайда, онда олардың сипаты өзгереді: айталық, бұрынғы метрополия Франция мен бұрынғы отар ретіндегі Вьетнам арасындағы антагонизм АҚШ пен Вьетнам арасындағы антагонизмге қарағанда әлде-қайда төмен. Басқаша айтқанда, аталған қайшылықтар капитализм дамуының жекелеген кезеңіне тән. Бұрынғы отар елдер мен өнеркәсібі дамыған капиталистік елдер арасында экономикалық өркендеу денгейіне байланысты алшақтық барған сайын тереңдеп, азат елдердің оларға қарызы 1,3 трлн долларға жетіп, қыспаққа түсіп отыр. Азат елдердің мұндай борышты қайтара алмайтыны да анықталды. Сондықтан капиталистік елдер алдына осы қарыздарды тегін жою мәселесі қойылуда.

Қайшылықтардың тағы бір тобына -өркениеттің өмір сүруіне қатысты ғаламдық ауқымдағы қайшылықтар жатады. Бұлар да кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсер етеді. Әңгіме айналадағы ортаның, ауа бассейні мен мұхиттардың ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы, азық-түлік тапшылығы, түрлі аурулардың көбеюі жайында болып отыр. Бұл проблемаларды бір мемлекеттің немесе бір топ мемлекеттің күшімен шешуге болмайды. Мұнда жалпы дүниежүзілік көлемдегі ынтымақтастық, көпшілік елдердің тығыз да сындарлы өзара іс-қимылы керек.

Қоғамдағы әлеуметтік қарама-қайшылықтар көп болғандықтан оларды топтастырып қарастырғанда мынандай топтарды атап айтуға болады: түрлі таптардың, топтардың, жіктердің, қабаттардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың және т.б. арасындағы экономикалық, саяси, рухани, өзге де мүдделеріндегі қарама-қайшылықтар; мемлекет пен азаматгық коғам арасындағы әрекеттен, мүддеден туыңдаған қарама-қайшылықтар; индивид, тұлға және қоғам арасындағы әрекеттерден, мақсаттардан, мүдделерден пайда болған қарама-қайшылықтар. Осылармен байланысты, индивидуалдық, корпоративтік, аймақтық, мемлекеттік мүдделер қарама-қайшылықтары келіп шығады. Аталмыш қарама-қайшылықтар кез-келген үлгідегі қоғамға тән. Әлеуметтанудың міндеті әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шығу себептерін, ерекшеліктерін түсіндіру болады. ТМД елдерінде, нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлеуметтік қарама-қайшылықтардың бірнеше түрлері қалыптасты, атап айтқанда, әлеуметтік-таптық қарама-қайшылық, мемлекет мүддесі мен халық мүддесі арасындағы кайшылық, мемлекет пен азаматтық коғам арасындағы, т.б. қарама-қайшылықтар.

Қоғамның өмір сүру тәсілі ретінде белгілі бір қызметтерді анықтау керек. Қоғам бірнеше қызметтерді атқарады. Оларсыз ешбір қоғамның, жалпы адамзаттың өмір сүруі тіптен мүмкін емес. Қоғамдық қызмет түрлерін атап айтар болсақ, олар: материалдық игіліктерді өндіру; дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру; рухани игіліктерді ендіру және адамдардың белсенділігін зерттеу; еңбек өнімдерін бөлу; мінез-құлық пен қызметті тәртіптеу мен басқару. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін керекті институттар және қатынастар қалыптасады.

Қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіруі оның тұтынуы мен мұқтажынан туындаған. Егер адамзат өзі үшін азық-түлік, киім, үй және басқа да материалдық игіліктерді жасап шығармаса, ол өмір сүре алмайды. Адам өзіне қажетті заттардың бәрін табиғаттан даяр күйінде ала алмайды. Табиғаттың беретіндерін ол өңдеп, тұтынуға жарамды етуге тиіс. Оларды өндіруде адамдар өзара өндірістік қатынастармен байланыстарға түседі.

Нәрестені дүниеге әкелу биологиялық процесс болуымен қатар, адам күшін өндіру де болып табылады. Адам өндіруді әлеуметтік жағынан алып қарасақ, индивидтің әлеуметтік субъектіге айналғанын айтуға болады. Одан мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасынан туындайтын маңызды әлеуметтік құбылысты, яғни тоталитаризмді байқауға болады. Мұндайда мемлекет бәріне қожалық етіп басқарады, азаматтық қоғам өмірінің кейбір мәселелерін реттеп отыруға тырысады.

Қоғамның рухани өндіріс қызметі адамдардың мінез-құлқы мен қызметін рухани тұрғыда реттеп тұратын құндылықтарды жасаудан көрінеді. Рухани құндылықтарға әр түрлі заттық формалар тән дегенімізбен, олардың мазмұндық ерекшеліктері рухани мәдениетті құрайтын - өнер, дін, философия, адамгершілік нормалары түрінде де байқалады. Адамдардың мінез-құлқы мен қызметінде құндылықтар жүйесі үлкен рөл атқарады. Субъект қоршаған ортаны сол қалпында қалыптасқан құндылықтар жүйесі негізінде қабылдайды. Құндылықтар жүйесі адамдардың мінез-құлқын және қызметін реттеуде ерекше рөл атқарады.

Рухани құндылықтардың көмегімен реттеп отыру күштеу, зорлаумен емес, дәлелдеуге негізделген. Рухани құндылықтарды өндіру, сонымен қатар, адамның дамуына, оның рухани қажетін қанағаттандыруға да бағытталған. Олар демалыс, көңіл көтеру құралдары болып та қызмет етеді.

Қоғамның келесі бір маңызды қызметі ретінде бірқатар материалдық құндылықтарды, адам ресурстарын (қызмет айырбасы) және рухани құндылықтарды айырбастау қызметін атаған едік. Бұл функцияның іске асу жолы - тауар мен тұтыну құны негізінде іске асатын экономикалық айырбаста жатыр. Айырбас пен тұтыну қажеттілігінің пайда болуы қоғамның қалыптасуымен және еңбек бөлінісінің шығуымен байланысты. Бұлар өз кезегінде әлеуметтік функциялардың одан әрі тереңдеп, жіктелуіне қол жеткізеді. Айырбас пен бөлудің арнайы құралы - қаражат механизмі жасалды. Айырбас пен бөлу әр адамның мүддесіне тікелей қатысты, ол өзінің тұтыну деңгейін көтеруге тырысады. Сондықтан енбек үшін төленетін ақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына, еңбек шығынына, әлеуметтік статусқа, т.б. байланысты болады. Осыған орай қоғам әлеуметтік әділеттілік принципін басшылыққа алуы тиіс. Демек, қоғамның реттеушілігі де осы мәселеде сақталады.

Мінез-құлықты, қызметті және елді билеу тәртібі қызметін айтқанда, тәртіптің өзі - мінез-құлық пен қызметте орныққан ережелер мен нормалардың жүзеге асырылуына еркіндік бермей, күш көрсету қаупі болатындығы. Тәртіптеу процесі саяси және құқықтық қатынастарда жүзеге асады. Тәртіптеу функция ретінде әлеуметтік өмірдің барлық саласында орнаған. Сондықтан саяси және құқықтық қатынастар және олардың субъектілері ел шеңберіндегі бүкіл функционалдық құрылымдарды біріктіруші рөлін атқарады. Адамдардың мінез-құлқы мен қызметін тәртіптеу қайдан шықты? Оған екі негізгі жағдай себеп болды. Оның біріншісіне жекелеген индивидтердің кездейсоқ немесе саналы түрде әлеуметтік, функционалдық өзара әрекетті бұзуы, басқа адамдардың өмір жағдайына әр түрлі тәсілдер арқылы теріс ықпал етуі жатады. Екінші себепке әр түрлі топтағы адамдардың өздерінің әлеуметтік мүдделері үшін күресуі саяды. Топтық мүдделер үшін болған орынсыз күрес дағдарыстық күйге әкеліп соқтырады, өндіру мен тұтынуды бұзады. Кез-келген қоғамда әлеуметтік мүдделер өте көп түрлі болады, сондықтан олардың арасынан әлеуметтік құрылысты сақтап қалу немесе өзгерту үшін қақтығыстар мен күрестер туындайды. Қоғамның тұрақтылығын сақтауда саяси қатынастар мен саяси жүйе шешуші рөл атқарады. Олар билік пен заңның көмегімен адамдардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп, реттеп отырады. Ол үшін қоғамның әлеуметтік құрылымын білу аса маңызды мәселе.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оғамның қызметі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги