рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ   Абайдың әлеуметтанулық Көзқарас...

 

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды» десе, өлеңінде: «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.

Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың жағдайын «Осы мен өзім – қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзінде» баяндайды: «Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам - ызалана алмаймын. Күлсем - қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген куыс кеудемін ...» Ол патриархалдық-рулық құрылыстын сақталуына қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарама-кайшылыққа соқтыратынын былайша түсіндіреді:

 

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз түткан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы...

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,

Андыстырған екеуін құдайым-ай!1

 

Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жасау болыстардың, т.б. билігіне өтті. Атқамінерлер көбейді. Патша өкіметі осы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болды.

Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылыс екенін түсінді. Алайда, оныңда ел шырқын бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, одан ел бірлігіне нұқсан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абай өзінің «Болды да партия», «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мінеки», «Бөтен елде бар болса» атты өлендерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.

 

Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп,

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,

Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.

 

Сөйтіп, империялық «бөліп ал да, билей бер» саясатынан шыққан билікке сайлаудың себеп пен салдарын бағамдайды.

Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап - биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білім деңгейі, т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында байиын деп мақтанады. Жоғыңда «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі»1. Адамның, қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіл, оны индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдың малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.

Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестін негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретіңде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыптаскан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды. Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық түбі кеніш болады»2 деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді3. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:

 

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған, -

 

деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.

Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір белігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік салдарын ашып көрсетті.

Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті1.

«Қарны аш кісінің көңілікде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандандырып жіберетінін ескертті. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш-қуат, жігер табыла да бермейді. Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік кайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдарымен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамда жүмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды: қылмыстың өршуін, қайыршылықтың, нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.

Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз2.

Абай осы тұжырымын «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін былайша пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады».

Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу - бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады1.

Ғылымның бірден-бір мақсаты - қоғамды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі.. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз»2.

Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй-күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: «1876 жылдың аяғында болыста 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны - 1004, оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қыстауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі», - деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б. көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Суарылатын егіндік жерге қара бидай мен бидай 20 қап, тары мен сұлы 8 қап себіліп, одан 130 қап қара бидай мен бидай, 24 қап сұлы өнімі алынды. Суару жүйесі Мүқыр, Тақыр өзендеріне салынды, бір су тиірмен болды. Бұл болыстың адамдары өздеріне керекті 2104 қап астықты Семейден сатып алды»3. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын: мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді. Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда түлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады. Қоғамның болашағы саналатын жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керектігін түсіңдіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай:

 

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз, -

 

деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесімен ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы, ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агенттер арқылы әлеуметтеңдіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады.

Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезовтың пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған1. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдеріңде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп, құдайдың барлығына жүртты мойындатуды жөн санайды. Өйткені сол тұста өмір сүрген қыр қазағы дінді жете қабылдай қоймаған-ды. Оның үстіне ана тілімізде шыққан діни кітаптар жоқтың қасы еді. Абай осы олқылыктың орнын толтыру мақсатында «Отыз сегізінші сөзін» жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқталып, әр-қайсының мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі арлылық, әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді. Абайдың пікірінше, имандылық - адамдық сапаның маңызды өлшемі. Ал иманның өзі бірнеше элементтерден тұрады, оның негізгісі ұят. Ұяты бар адам ұялғанда адамға қарай алмайды, тіптен көзі бұлдырап маңындағыны көре алмайды. Осылайша ұялғанадамға өкпенді кешпеудің өзі ұят. Ұяттан қысылған адамды одан әрі ұялтатындай сөз айтудың өзі адамшылыққа жатпайтын қылық. Абай ұят түсінігі арқылы иманы бар адамның мінезін анық суреттейді.

Демек, Абай ислам діннің төрбиелік рөлін жоғары бағалаған. Абайды ислам дінімен қатар өзге де діндер қызықтырып, будда дінінің он парызымен танысқан. Аталмыш парыздың да алға қойған мақсаты адамды түзу жолға салу болғандықтан, ұлы ойшыл оларды ерекше құңдылық ретінде қабылдаса керек.

Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділетсіздікпен күрескен Абайға:

1) Өмірді өлтірме, қор қылма, сыйла;

2) Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;

3) Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол;

4) Өтірік айтпа, шындықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;

5) Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;

6) Ант ішпе;

7) Бос сөзге уақыт бөлме, орыңды сөйле, әйтпесе үндеме;

8) Мақтан қума, күндеме, жақыныңның жақсылығына қуан;

9) Жүрегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;

10) Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты ұғуға тырыс1 - деген будда нормалары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығармаларынан айқын анғарылады.

Сөйтіп, Абай діннің қоғамдық институт ретіндегі атқаратын функ-цияларының арасынан тәрбие функциясьш жоғары қояды.

Абайдың шығармаларында демократиялық мемлекет құру идеясы негізделген. Оның демократиялық мемлекеті қазіргі қоғамдық ғылымдар тілімен айтқанда азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет. Абайдың пікірінше, азаматтық қоғамда әділеттілік принципі үстем болуы керек, тұлға құқығы мен бостандығы қорғалуы тиіс, биліктің көзі халық болуы қажет, билікке лауазымды адамдар сайлануы керек, т.б. принциптер жүзеге асырылуы қажет.

Мемлекетте заңның бәрінен жоғары болуын, адамдардың бәрі бірдей заңға бағынуын талап етеді, азаматтардың бостандығы мен құқығының жүзеге асырылуын қолдайды, кім болса да заңды орындауы қажет деп санайды.

Демократиялық көзқарастарына сәйкес, Абай қоғамдық даму деңгейі артта қалған ұлтымыздың әдеттегі құқықтық институттарының кереғар тұстарын батыл сынға алып, олардың әлеуметтік мәні зор баптарын өмір талаптарына қарай бейімдеуді талап етті. Осы талапты іске асыруды өзі қолға алды.

Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан тұрады. Бұл - құқық әлеуметтануына елеулі үлес қосқан маңызды құжат. Абай орын алған ескі құқықтық жүйені өзгерту және ислам діні орнықтырған шарттарды қоғамдық өмірге сай бейімдеу арқылы азаматтық, қылмыстық, тұрмыстық, неке және басқа да шарттарды, көне заманнан бері пайдаланылып келген әдеттегі құқық нормаларын барынша толықтырды жөне дамытты.

Мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуіне, олардың атқаратын міндеттеріне назар аударады. Заң шығаратын органға ең жоғары биліктің формасы ретінде қарап, оның қабылдаған заңдарының әлеуметтік, т.б. салаларды дамытуда тиімді рөл атқаратынына үміттене қарайды. Қазіргі саясат әлеуметтануында қолданылып жүрген парламент ұғымы Абайдың түсінігінде - басалқа. Оның қабылдаған заңы халықты әлеуметтік-экономикалық және саяси қиыншылықтар мен тоқыраулардан алып шығатын аса маңызды құрал. Сондықтан ол «басалкаңыз бар болса, жанған отқа күймейсің»1 деп түйеді. Абайдың түсінігінде оның шығарған заңдары қоғамдық өмірдің барлық саласында үстем болуы тиіс және заң алдында бәрі бірдей жауапты болады, соның негізінде демократия дамып, билік ету жүйесі жетілдіріледі, Абай осы идеяларын «Отыз жетінші сөзінде»: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деп тұжырымдайды.

Абай қабылданар заңның ғылым мен халықтың пікіріне сүйенуі тиіс дей отырып, оның қоғамды өзгертудегі және мемлекеттің функциясын дамытудағы рөлін бағамдайды.

Саяси биліктің тармақтарға бөлініп, бірінің міндетін бірі қайталамай орындалуына көңіл аударады. Соттың басқа билік тармақтарынан дербестігін қолдады. Әсіресе соттың қабылданған заңның дұрыс орындалуын қадағалау функциясын мейлінше қолдады. Мемлекет тарапынан адам құқығының тиімді қорғалуына Абай ерекше назар аударып, "Күлімбайға" деген өлеңінде құқық нормаларын бұрмалаушылыққа, заңсыздыққа қарсы шықты.

 

Бұрынғыдай дәурен жоқ,

Ұлық жолы тарайды.

Өтірік берген қағаздың

Алды-артына қарайды.

Өз қағазы өз көзін

Жоғалтуға жарайды.

Тауып алып жалғанын,

Қылмысыңды санайды.

Өзі залым закүншік

Танып алды талайды.

Көрмей тұрып құсамын,

Темір көзді сарайды.

 

Сот өзіне жүктелген міндеттерді жақсы орындау үшін судьяларды сот қызметіне өмірлік етіп сайлауды жөн санады.

«... Әрбір ... елден толымды-білімді ... кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендіктен түссе, әйтпесе түспесе» деп жазды ұлы ойшыл («Үшінші сөз»). Үкімнің әділ болуын жақтады. Сот үкімі заңға сүйенген, фактілермен дәлелденген болуы тиіс деп түсінді.

«Кез-келген үкімнің яки жазықтылықты, яки жазықсыздықты анықтаудың негізінде өзінің бүкіл жиынтығымен фактілер жатуға тиіс» деп тұжырым жасап, сот қызметінің басты функциясын ерекшелейді.

Абай заң шығарушы орган, сотпен қатар биліктің маңызды бір тармағы саналатын атқарушы билікке де зер салып, оның өз міндетін тиімді атқаруы үшін: «жарлық қолында бар болуы керек» («Қырық бірінші сөз»), - деп түйіндейді.

Абайдың ойынша, мемлекет атқарушы билікті күшейтуі кажет. Ол үшін өзіне жүктелген функцияларды ұтымды атқара алатын, халқының сеніміне ие болған, арнайы басқару білімі, тәжірибесі мол тұлғалар атқарушы билікті жүргізуі керек. Ол: "Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған ... биліктің ешбір қасиеті жоқ" ("Жиырма екінші сөз") деп, билікке, басқару ісіне рулық туыстык-таныстық негізде тағайындауға үзілді-кесілді қарсы болғанын байқатып, оның жағымсыз, қоғамды тоқырататын құбылыс екенін мегзеді.

Абай саяси және құқықтық әлеуметтану көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты, білімсіздікті, өркөкіректікті және менмендікті алып1, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады. Ел басшысы, мемлекет қызметкерлері халыққа тек жағымды қасиеттерімен ғана танылуы тиіс. Бұл қасиеттерді бюрократтық жағымсыздықтардан аман сақтайтын маңызды факторлар деп қарайды. Соңдықтан Абай «Қуанбаңдар жастыққа» деген өлеңінде саяси билік жүргізетін тұлғаларға:

 

Сыпайы жүр де, шаруа ойла,

Даңғайлатып қаптықпа, -

 

 

деп ақыл-кеңес береді. Атақ-дәрежеге, лауазымды қызметке тоқтауы бар құбылыс ретінде қараған. Оның бүгін бар да, ертең-жоқ болатын нәрсе екенін, сондықтан қызметкердің өз кісілігін сақтауын ескертеді.

Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Соңдықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның (индивидтің) қоғаммен қарым-қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарасын жалғыздық туралы ой-пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені». Адам қоғамнан тыс бола алмайды, әрдайым қоғамды қажетсінеді. Сондықтан ол социумның мүшесі, оны дамытатын жасампаз жан. Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс-тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.

Абай жеке адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс іспетті қарады.

Данышпан Абайдың шығармаларын жарыққа шығаруда А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейханов елеулі еңбек сіңірді.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги