рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Білім Саласы Бірқатар Бір-Біріне Жақын Тұрған ғ...

Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеуде пайдалануға келмейтін өзіндік әртүрлі ұғымдары бар. Мұндағы ала-құлалық көбіне-көп теориялық педагогиканың ұзақ уақыт бойы әлеуметтік ғылымдар жүйесінің тізіміне кірмеген категориялық аппараты мен тұжырымдамаларының ықпалымен байланысты болды. Бұл әсіресе ең алдымен дәстүрлі педагогикалық «білім» және «тәрбие» ұғымдарын түсіндіруге қатысты мәселе.

Әлеуметтенуда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру» категориясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсатты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтендіру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, қоғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт-бағдарды иеленеді. Бұл формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көресетеді. Білімдерде, құндылықтарда, нормаларда және қызмет тәсілдерінде жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің болашақтағы нәтижелері оның нысаналары болып шығады, олар нақты әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіру үрдісіне дайындалады, сонымен қатар, мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады.

Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар – мектеп, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары әркет ететін білім саласы шартты түрде екі салаға – формальды білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан әрі білім беруді әлеуметтенулық талдау оның институттену, әлеуметтік мазмұны, ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді.

Жалпы шетел әлеуметтануында қабылданған білім беруге берілген мұндай түсініктемелер «тәрбие» категориясы оқу категориясына тәуелді жағдайда қалары сөзсіз, оны анықтау әліде пікірсайыстық тақырыпқа жататыны анық. Оның пікірсайыстық сипаты педагогтар тарапынан болған қатты сыннан көрінді, олар «.... академиялық жалпы педагогика қазірде тәрбиенің қандай жеке үрдістерден тұратынын білмейді ... және тәрбиеге ғылыми анықтама бермеді[i]» - деп атап көрсетуде. Оның бұрынғы түсіндіріліп келген «рухани бейнені қалыптастыру» акценті «тұлғаның дамуы үшін жағдай жасау» акцентіне өзгереді. Отандық теориялық жұмыстардың басым көпшілігінен көрінген «білім» және «тәрбие» категорияларын дайындайдаудағы педагогикалық амалдың қарама-қайшылықты болуы мынаған саяды:

Педагогикалық амал әлеуметтендіру феноменінің тұтастығының мазмұнын шектеп қабылдайды. Құндылық саласын ғана таңдап көңіл қояды. Педагогикалық тұрғыда бұл феномен мен «әлеуметтендіру» категориясын қарастырғанда әрекеттің нормалары мен үлгілері жүйесіне қосылады, оларсыз тұлғаның тұтас әлеміндегі құндылықтарды беру мен меңгеру үрдісін елестету тіптен мүмкін емес.

Ішкі мәндік қарама-қайшылықтар «тәрбие» және «оқыту» категорияларының бөлініп кетуінде және осындай негізде тәрбие теориясын және оқыту теориясын өз бетінше құрудағы талпыныста жатыр. Мұндай бөлінушілікті қабылдамай-ақ «мәдениет» категориясының мәні мен құрылымы, В.Я.Нечаев дәл атап көрсеткендей, тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың мазмұнына саяды[ii].

Педагогиканың әлеуметтік нормалар мен әрекет тәсілдерін зерттеуде көбіне көп не тұжырымдамалық, не категориялық, не ғылыми-әдістемелік құралдары болған емес. Соңғы уақытта онда білім әркеті үрдісіндегі әлеуметтікті тұтас түсінуді және өлшеуді зерттеуге қызығушылықтың белгілері байқалады.

Тұлғаны қалыптастырудың мақсаттары, мазмұны және технологиясының өзіндік әлеуметтік мәнін негіздеуге тырысып, педагогика өзінің зерттеу объектісін тек педагогикалық тәжірибеге және формальды білім жүйесіндегі жағдайларға әкеп тірейді, педагог пен тәрбиеленушінің қайсыбір стандарттан айырылған, «таза күйіндегі» қабылданған өзара әркет пен тәжірибенің тазартылған үлгілеріне басымырақ көңіл аударған.

Білім мен тәрбиенің жоғарыда аталған қасиеттері педагогикалық амалдар тұрғысынан келгенде әлеуметтік-жүйелік түсінуді жояды. Бұл түсінік үрдіспен ғана шектеледі, ол индивидуальдық деңгейдегі нәтижені де сирек қосады, қоғамның күрделі жүйешесін қамти алмайды. Бұл жүйенің өмір сүруінің нәтижесі тек адамның рухани әлеміне ғана сыйып қоймайды, керісінше қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси салаларына объективті түрде тарайды.

Қорыта айтқанда «педагогикаға, басқа саламен салыстырғанда, жақсы ниет туралы сөз қолданылады1». Осы қарама-қайшылықтарды жоюдың жолындағы тұлғаны қалыптастыру үрдісі мен мәселесін зерттеуге талаптанушы теория, толық мағынасында әлеуметтік теория болуы тиіс, ол әлеуметтік ғылыми категориялардың, әдістер мен методологияның бүкіл кешеніне сүйенуі қажет.

Педагогикалық тәрбие теориясын әлеуметтік ғылымдар жүйесінен бөліп алып дамытуға талпыныс жасау, сонымен бірге мектептің мәселесін шешудегі және көшбасшылыққа талаптану аз ғана елдерге тән құбылыс. Басқа елдерде мұндай талпыныстар ХХ ғасырдың ортасында білім беру әлеуметтануының ықпалымен жойылған болатын. Кеңестік педагогика өз алдына жеке категория етіп берген «тәрбие» ұғымы өзге елдерге сіңіп кете алмады. Өз кезегінде «білім» құрылымында оқушылардың адамгершілік нормалары мен құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «құндылықты білім» ерекшеленді және тәрбиемен салыстырғанда оның жақсы операционалдығы бар, олардың құрылымы мен әлеуметтік себептері педагогика ғылымында әлі күнге дейін зерттелмеген қалпында қалып отыр.

Білім әлеуметтануы объектісінің қызметін білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Мұндай анықтама жалпылама болып саналады және ешқандай да қарсылық тудырмайды. Алайда, оны өрістеткенде объектінің өзінің құрылымын ашып көрсетуде проблема туындайды, бұл отандық әлеуметтануда аз зерттелген, күрделі құбылыс екен.

Ал осы саланың пәні жөніндегі анықтама белгілі бір пікір тартыстарын туғызады. Шетелдерде бұл мәселені талқылау білім әлеуметтануы пайда болғаннан кейін жарты ғасыр өткен соң басталды. Бұған пәннің шекараларын нақты белгілей алмаған, ғылыми саласының құрлысын және басымдығын дәл анықтай алмаған, сонымен қатар білім әлеуметтануы тұрғысынан тар түсініктеме берген бұрыннан келе жатқан жалпылама анықтама себеп болды. Саланың пәні формальды білім жүйесінің қоғамдық мойындамауына саяды.

Екіңші дүниежүзілік соғыстан кейін шетелдерде Ф. Знанецки, Н.Гросс сияқты ғалымдар пәнді әлеуметтену білімін, әдістемесін және әдісін білім жүйесі мен процестердің ретінде «табиғи» түсінуді таратты.

М.Мид және басқалар мәдениетке, әртүрлі әлеуметтік рөлдерді алып жүрушілерге, білімде өзара әрекетке түсетін әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға көңіл қойды. Білім беру жүйесі мен үрдісіне ықпал ететін әлеуметтік топтардың құрылымы мен функцияларының маңызы атап көрсетілді.

Әлеуметтік стратификация тұжырымдамасы негізінде білім функцияларының әлеуметтік құрылымға қатысты және оның басқа әлеуметтік институттармен өзара әрекетіне акцент берілді (Р. Будон, С.Боуез, Р. Мак-Джи).

Неомарксизм бұл саланы буржуазиялық қоғамның барлық қарама-қайшылықтары мен әлеуметтік қайшылықтарын баянды етудегі, билеуші таптың қатерлі саясатына халықтың қарсылығын мәдениетті дайындау үшін білім жүйесін қолдану мүмкіндігін (А. Грамши, Л. Альтюсер), мектептің рөлін анықтауға бағыттады.

Білім беру әлеуметтануының пәні туралы мәселені шешуде КСРО-да ұзақ уақыт бойы үстем болған саяси-идеологиялық ұстанымдар, білім институтының әлеуметтік рөлін баяу мойындау, білімнің жалпылық мәселелерінде академиялық педагогиканың басым болуы, әлеуметтануды тәрбие үрдістерін зерттеумен шектеуге жеткізуге деген талпыныс және оны теориялық дамуы құқығын айыру қиыншылықтар туғызды.

Отандық және шетелдік ғылымда өткен пікірсайыстарды ескере отырып, саланың пәні мәселесін шешу білім берудің әлеуметтанымдық екі негізгі аспектісіне көңіл аударудан тұрады, - оның әлеуметтік-жүйелік және институттық сипаттамасына.

Білім, біріншіден, ішкі құрылымы әлеуметтік қатынастарға толы аса күрделі жиынтықтан тұратын, қоғамның салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке жүйешесі. Екіншіден, ол қоғамға қатысты бірқатар функциясы бар әлеуметтік институт ретінде, оның барлық жүйешелері және әлеуметтік ұйымдық деңгейі ретінде қарастырылады.

Бұл әлеуметтік ғылымда сабақтастықты және әлеуметтанудың шектеулі дамуын, әлеуметтанудың жақын салаларымен және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен нақты өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Білім әлеуметтануы саласының пәнін осылайша түсіну білімнің кез келген жекелеген әлеуметтік мәселелерін органикалық байланыстырады, олар кейде әлеуметтану ғылымының осы саласының ішінде салыстырмалы түрде өз алдына жеке бағыттарын – жалпы білім беретін мектеп әлеуметтануы, жоғары білім әлеуметтануы, мұғалімдер әлеуметтануы, білім жүйесінде әлеуметтік-рөлдік моделдерді және т.б. туындатады. Ол осы ғылым саласындағы тұтас мәселелер аясындағы әрбір проблеманың орнын анықтауға және нақты проблема өзекті немесе шеткі салаға жата ма немесе методологиялық, тұжырымдамалық және әдістемелік негізде әлеуметтік білімнің жақын салаларымен өзара әрекеті туындайтын пәнаралық шеңберде жатыр ма деген сұраққа жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

Жекелеген бағыттардың теориялық және әлеуметтік-практикалық қайтарымы жалпы білім тұжырымдамасынан тыс толық бола алмайды. Бұл тұжырымдама, бір жағынан, салалар ішіндегі бағыттардың өзара әркетінің қажеттігі үшін методологиялық және теориялық платформа жасайды, екінші жағынан, білім әлеуметтануының тұтастығын қамтамасыз етеді және оның әлеуметтану білімі құрылымындағы салалық мәртебесін анықтайды.

Саланың пәні туралы пікірсайыс үшін маңызды сылтау болған нәрсе білім үрдісінің мазмұнын және әдістемелік ұйымдастырылуын зерттеуге тиісті ме деген мәселе болды. Оған берілген теріс жауапта, оқу үрдіс ретінде, оның құрылымы, мазмұны және әдістері әлеуметтануға емес, педагогика мен психологияның құзырына жататындығы атап көрсетілдген.

Бұған қарама-қарсы тұрғыда айтылған пікірде егер оқу салалық пәніне кірмесе, онда білім беруді әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеу тиімді болмайды.

Осы пікірталасты шетелдегі саланың даму тәжірибесімен ұштастыра келіп, онда білім стратификациясы бірден-бір басты тақырыптардың бірі болғаны кездейсоқ нәрсе емес екендігін атап айту керек. Салалық оқулықтарда білімнің әлеуметтік мазмұнын сараптайтын «оқу бағдарламасы әлеуметтануы» тараулары енгізілген.

Формальды білім жүйесіндегі білім стратификациясы саланың орталық мәселесіне айналған тұста оқу үрдісінің мәселелері алғаш рет 1960-1970 жылдары шетел әлеуметтанушыларының назарына ілікті.

Оқу бағдарламаларына көңіл аудару, әсіресе АҚШ-та, білім берудің нәсілдік десегрегациясына байланысты шиеленісті, бүгінде көбіне-көп көпшілікке арналған және жеке меншік (ақылы) мектептермен байланысты.

Көпшілікке арналған мектептер мемлекеттік білім органдарының ұсыныстарына арқа сүйеген бәріне ортақ оқу бағдарламаларымен әрекет етеді. Жеке меншік мектептер оқу жоспарларын құруда , оқу материалдарын таңдауда, мұғалімдерге және оқушыларға талаптар қоюда – тәуелсіз.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық жіктелуі жағдайында оның ауқатты бөлігінде өздерінің балаларын оқыту үшін қаржыландыру мүмкіндігі мен тілегі пайда болады, ол болашақта аса пайдалы, ықпалды және қоғамда әлеуметтік тұрғыдан мәртебелі білім барынша тереңдетіп оқылатын интеллектуалдық дайындығымен және ерекше құндылыққа бағытталуымен ерекшеленген.

Нәтижесінде, элиталық мектептерде жағымды жағдай қалыптасып, оған қолдау көрсетіліп отырады, аса жоғары техникалық жабдықтау және балаларды тамақтандыру мен оларға қызмет көрсету мәселесі толық шешілген, ата-аналардың мүддесіне сәйкес келетін ерекше өнегелік-психологиялық ахуал қалыптасады. Оқу үрдісі балалардың ерекше әлеуметтік-таптық дүниетанымына, көшбасшылық, пікірталастық және ұйымдастырушылық дағыдыларын дамытуға, болашақ әлеуметтік элитаның бойына кең көлемді гуманитарлық және саяси білімдерді қалыптастыруға бағытталған.

Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасы оқушылардың әлеуметтік жағдайының қарапайым еместігін мойындауға құрылған: балалармен міндетті түрде «сэр» немесе «мисс» және «сіз» деп сөйлеседі.

Көпшілік және жеке меншік мектептерде нені және қалай оқытатыны тіпті де бірдей емес.

Жеке меншік мектептің әлеуметтік ұйымдық құрылымы зерттеушілердің айтысына қарағанда аса қатаң, оқу үрдісіндегі білімнің құнды мазмұнына да бақылау қатаң қойылған. Онда жұмысқа қабылдау қатал өлшемдермен жүзеге асырылады, ал оқу бағдарламалары интеллектуал ретіндегі мұғалімдер үшін әлеуметтік бақылаудың құралына айналған. Тіптен көпшілікке арналған мектептердің арасына да олардың орналасқан жеріне байланысты (бай немесе кедей аудан) әлеуметтік жіктеліс байқалады. Бұл әсіресе АҚШ-та орын алған, оның себебі мектептер округтарының бюджеттерінің сүйенген қайнар көзі бірдей – жеке меншікке салынған жергілікті салықтар және штаттық қорлары. Бай мектеп округтары көбіне көп білімдік бағдарламаларды қамтамасыз етеді, жұмысқа жақсы мұғалімдер мен әкімшіліктерді тартады.

Мұндай мәртебелі, көпшілікке арналған мектептерге керісінше қарама-қарсы тұрған қаланың төменгі тұрғындары тұратын және негізінен иммигрант қауымдары тұратын ықшам аудандарда орналасқан қатардағы мектептердің жағдайы тіптен қарама-қайшы.

Бұларда, салыстырмалы тұрғыдан айтқанда, эстетикалық және эволюциялық орта нашар, оқу үлгерімі және колледждерге түсіп кету рейтингісі әлде қайда төмен, қылмыстың деңгейі жоғары. Басқаша сөзбен айтқанда, оқу үрдісін ұйымдастыру, оның мазмұны мен технологиясы мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін белгілі бір әлеуметтік функциялар атқарады, әлеуметтік бақылаудың бірден-бір қуатты құралы қызметін атқарады, қоғамның әлеуметтік құрылымына ықпал етеді. Сондықтан олар әлеуметтанудың зерттеуі мәселесі болып табылады.

Мектептерді және алуан типті оқу топтарын көптеген салыстырмалы зерттеулердің негізінде әлеуметтанушылар мынандай қорытындыға келді, формальды білімде (тіптен мемлекеттік мектептерде) қандай да бір жасырын жүйе әркет етеді, соның арқасында жастардың әртүрлі әлеуметтік топтарына әлдеқайда біркелкі емес білім көлемі мен құндылықтар беріледі. Демек, олар тең емес «мәдени капитал» жинайды, әлеуметтік қозғалыстағы мүмкіндіктері де тең емес.

Білім жүйесі арқылы әлеуметтік жіктелуде тіл маңызды рөл атқарады (белгілі бір лексикалық жіктің тілін және сөйлеу мәдениетін қолдану), соның негізінде оқу материалдары және мектептегі қарым-қатынас құрылған.

Осындай қарама-қайшылықтардың негізінде шетелдердің салалық оқулықтарында білім стратификациясына арналған жеке тараулар бар. Сондай бір толыққанды оқулықтардың бір тарауы «Мектептерде нені оқытады: оқу бағдарламасы және білім стратификациясы» деп аталған. Онда білім әлеуметтануының негіздері, оқу бағдарламаларының әлеуметтік типологиясы, әлеуметтік рөлдері және білімді игерудің формальды және жасырын формалары, әлеуметтік тапсырыстың көздері, мектептегі оқушылардың әлеуметтік жіктелуі тәсілдері қарастырылған. Солардың бірі ретінде қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы жіктелісті жақын бейнелейтін индивидуальдық үлгерімі негізінде оқушыларды топтарға бөлу практикасын айтуға болады. Сөйтіп мәртебелі әлеуметтік топтарды әлеуметтік-экономикалық құрылымының төменгі топтарынан шыққандардан бөліп тастаған.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги