рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Лттық-этникалық қатынастар

Лттық-этникалық қатынастар - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Жоғарыда Талданып, Тұжырымдалғандай қайсыбір Этностар...

Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани өмір, салт-дәстүр, мәдениет секілді өзіндік ерекшеліктерді сақтауға және т.с.с. қатысты ұлттық қатынастар белгілі бір этникалық мәселелерді шешкен кезде әрдайым бір-бірімен байланыста болады.

Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады, ал «ұлттық катынастар» және «ұлттык-этникалық қатынастар» ұғымдары шын мәнінде бір-біріне ұқсас болады.

Ұлттық қатынастар бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың синтезі. Ұлттық қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекет аралық және мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралык, қоғамдық және тұлғалық денгейлерде жалғасып жатады.

Ұлт мәселесі ұлттық катынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды.

Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардын бір-біріне сәйкес келу деңгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенің қалай шешім тапқандығының денгейін көрсетеді.

Ұлттық қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлтгық қатынастардың өзі де бірнеше элементтерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттык қатынастар қоғамның тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым, тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды.

Өзінің этникалық сипаттары мен шығу тегі бойынша ерекшеленетін, содан бастау алып, ертедегі тарихи және қазір өмір сүріп отырған отанындағы тіл, мәдениет, этникалык, сана мен т.с.с. өзгешеліктермен аяқталатын даму сатылары, ұлттардың (этностардың, халықтың) өмір сүру дағдылары ұлттық қатынастардың пайда болуы мен дамуының объективті алғышарттары болып табылады. Дегенмен де ұлттық қатынастар таза күйінде, басқа қоғамдық катынастардан бөлек өмір сүре алмайды. Керісінше, олар осы қатынастарда, сонын ішінде саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық қатынастарда қосарласады және бұл ерекшелік қатынастардың мазмұны мен формасынан байқалады. Тағы бір айта кететін жай, бүкіл осы қатынастар егерде оларды жүзеге асыру процесінде қайсыбір халықтардың өмір сүру барысындағы этникалық проблемалары дұрыс шешілетін болса немесе экономикалық, саяси және өзге де мәселелер ұлттық-этникалық проблемалар деңгейінде ғана жүзеге асырылса ғана ұлттық сипатқа ие бола алады. Бір сөзбен айтсақ, ұлт өмірінің әлеуметтік және этникалық жақтары мен ұлттық қатнастар органикалық тұрғыда өзара байланыста болады.

Ұлттық қатынастар, әдетте, кешенді сипатқа ие болады, өйткені ол халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың көптеген жақтарын реттеуге қатысады. Олар өздеріне азды-көпті рухани мазмұндарды қосып алған, себебі оған енген субъектілер өздерінің этникалық санасы мен сана-сезімін, т.б. байқатпай, бейтарап қала алмайды. Осыған байланысты кейде әртүрлі қиялға берілу, адасушылықтар, нанымдар мен мифтер секілді ғажайып дүниелер туындайды. Бұл халықтар арасындағы ұлттық-этникалық қатнастардың көрінуінің бір ерекшелігі болып табылады.

Ұлттық қатнастардың субъектілеріне үлкен және кіші этностар жатады. Олардың арасында француз, қытай, орыс т.б. секілді ұлы халықтармен қатар Кавказдың, Ресейдің, Американың солтүстік аймақтарындағы, әлемнің басқа да өңірлеріндегі саны аз, ұсақ халықтар бар. Халықтардың әртүрлі әлеуметтік топтар мен жіктері қайсыбір этностардың өкілі ретінде және ұлттық-этникалық проблемаларды шешудің мақсаты бойынша ұлттық қатынастардың субъектілері бола алады.

Экономиканың, мемлекеттің, мәдениеттің қол жеткен даму деңгейі тұрғысынан алып қарасақ, ұлттық қатнастардың субъектілері ретінде этностардың ішінде біршама дамығандары аз емес. Бұл олардың өзара қарым-қатнастарының спатвна әсер етпей қоймайды. Осы жағдай әлеуметтік қатынастардағы әлеуметтік әділет проблемасын тудырды, соның ішінде ірі және ұсақ халықтардың арасында, сонымен қатар олардың азды-көпті дамығандарының арасында аталмыш мәселені тудырды.

Әлеуметтік әділеттілік проблемасы жергілікті және жергілікті емес ұлттар деп аталатындардың арасындағы қатнастардың негізінде пайда болады. Қайсыбір аумақта шоғырланып өмір сүретін және сол жердегі мемлекеттік түзілімге орай жеке атауға ие болған ұлт әдетте жергілікті ұлт болып саналады. Осыған орай жергілікті ұлттарға, мысалы, Украинадағы украиндықтар, Армениядағы армяндар, Татарстандағы татарлар және т.с.с. жатады. Жергілікті емес ұлттарға ұлттық топтар деп аталатындар кіреді. Олар жергілікті ұлттардың аумақтарында өмір сүреді, мысалы, Литвадағы украиндықтар, Ресейдегі армяндар, Эстониядағы орыстар және т.с.с. Осыдан келіп «аз ұлттардың проблемасы» пайда болды, олар өмір сүріп отырған ұлттық мемлекеттік түзілім жағдайында аз ұлттардың құқығы мен бостандығы елеулі, күрделі мәселеге айналды. Аз ұлттар — қайсыбір халықтың шекараны өзгерту, көші-қон немесе күштеп қоныс аудару нәтижесінде өз халқынан бөлініп қалған бөлігінен немесе тобынан құралған этникалық қауымдастықтың формасы. Аз ұлттардың өз ұлттық-мемлекеттік түзілімі болмайды. Аз ұлттардың пайда болуы занды процесс. Аз ұлттардың Германияда, Австрияда, Израильде, АҚШ-та, Канадада және басқа елдерде тұратыны нақты өмір шындығы. Бұрынғы КСРО аумағында «ұлттық топтар және аз ұлттар» ұғымына жатқызылған халық саны шамамен 60 млн адам болды.

Аз ұлттар категориясын «аз ұлыстар» ұғымымен бір деңгейде қарастыруға болмайды. Өйткені аз ұлыстар белгілі бір аумақта және әр түрлі мемлекеттік құрылымның шеңберінде өмір сүріп отырғандығына, жергілікті халық арасында олардың қанша пайыз екендігіне қарамастан бұлар да тұрғылықты жұрттың бір бөлігі болып саналғандықтан осы аз ұлыстарды аз ұлттардың қатарына жатқызуға болмайды. Мысалы, АҚШ-тағы үндістер бүгінгі танда аз болғанымен, алайда олар жергілікті тұрғындар саналатындықтан аз ұлттар болып есептелмейді. Бір кезде саны аса мол болған жергілікті халықтардан қалған Сібірдегі кеттер немесе Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батысындағы вепстар дәл сондай жұрттардың бірі. Бүкіл саны аз ұлыстар өздерінің этникалық аумағында, бабаларының жерінде тұрып, сонда өмір сүреді.

Аз ұлттар үнемі өзге халықтардың шағын топтарынан құрыла бермейді, сол елдің шеңберіндегі бір этносқа жататын адамдардың да сан жағынан ірі топтарға бірігуі мүмкін. Бұған, мысал ретінде еврейлерді, немістерді, болгарларды, гректерді жатқызуға болады. Олардың саны бірнеше жүз мыңнан миллиондаған адамға жетеді. Мысалы, немістер Германияға жаппай көшкенге дейін КСРО-да олар екі млн адам болды. Олардың ортақ белгілеріне, біріншіден, тарихи отанындағы өз этносымен немесе КСРО-ның ішіндегі сәйкес аймақтармен байланыстың өте әлсіз болғандығы, екіншіден, қоныс тебер тұтас аумағының болмағандығы саяды. Бір этностың атына ие болғанымен, олар сол өздері өмір сүрген елде аз ұлттар санатына жатқызылды.

Ұлтаралық қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, экологиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.

Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың (халықтың, этностың) экономикалық кажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олар стихиялық түрде даму процесінде қалыптасады, мәселен, халықтар арасындағы сауда байланысында, өз алдына жеке мемлекеттердің мемлекетаралық қатынастар деңгейінде, сонымен қатар федеративтік мемлекет шеңберінде республикалар, автономиялар және т.с.с. арасында орнайды. Әр түрлі ұлттық түзілімдер арасында орнаған қоғамдык еңбек бөлінісі мен олардың арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар, түптеп келгенде, ұлтаралық экономикалық қатынастардың объективтік негізі болады.

Көп ұлтты мемлекетте ең алдымен саяси өкімет билігін жүзеге асыруға және өз өмірлерінің маңызды мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуге барлық халықтың (ұлттың) қатысуын саяси ұлтаралық қатынастар дейміз. Осыған орай мемлекеттің кұрылымы туралы орынды сұрақ туады: бұл мемлекет өкіметтік механизмі жоқ әлде жекелеген ұлттардың мүдделерін мемлекеттік деңгейде жүзеге асыратын механизмі жоқ унитарлық мемлекет пе, немесе ондай механизмдері бар федеративтік мемлекет пе? Саяси ұлттаралық қатынастар, сонымен бірге, әр түрлі ұлт өкілдерінің азаматтық кұқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға бағытгалған. Түптеп келгенде, ұлттық саяси қатынастар өз рөлін халыктардың мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады. Әңгіме мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне қол жеткізген, өзінің ұлттық мемлекеттігі бар халықтар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Бұл жағдайда олардың қарым-қатынасы — ұлттық тәуелсіздік пен егемендікті нақты жүзеге асыруға, сонымен қатар олардың экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығына, бұл мәселелерді шешудің ұтымды жолдары мен тәсілдерін табуға тікелей қатысты.

Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралық қатынастар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Рухани-мәдениет саласын алып қарастырсақ, бұлар халықтардың өзара жетіліп, толысуына әрі олардын ұлттық төл ерекшеліктерін сақтау мен дамытуға бағытталған. Бұған халықтық үлгідегі және кәсібиөнер саласындағы игіліктерді бірінен-бірі үйрену, соның ішінде ән, би, музыка, қолданбалы өнер мен әдебиет, қазіргі тұғырлы (монументті) өнер, бейнелеу, сәулет өнері және с.с. саладағы ынтымақтастықтар ықпал етеді. Ұлттық рухани игілік -мәдениет, әдетте, аса күрделі, жан-жақты толысқан, мәні зор, аса бай әрі көп қырлы құбылыс болып саналады. Бұл сол қоғамда калыптасқан экономикалық, саяси, адамгершілік, діни және басқа да қоғамдық қатынастар арқылы дамиды, әдетте, кез келген ұлт бұлардың әсерін өздерінің бойынан сезінеді және көп жағдайда соларға тәуелді де болады. Сонымен қатар, ол әркелкі халықтардың ұлттық мәдениетінің тығыз байланысуы мен өзара әрекеті арқылы дамиды, сол процесте дүниежүзілік рухани мәдеииет қалыптасты.

Әлде бір өңірде ықылым заманан бастап тұрып жатқан қайсыбір халықтардың сол аймақтағы табиғатты корғауға ден қоюына орай ұлттар арасындағы экологиялық қатынастар пайда болады. Бұл тек табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді, табиғи ресурстарды ұдайы ұлғайтып, көбейтуді, соның ішінде жер, орман, су және т.б. ұдайы молайтып, сақтауды талап етеді. Аталмыш мәселелерді өркениетті түрде шешу ұсақ және ірі халықтардың (этностардың) тіршілік етуі мен дамуының маңызды жағдайларына айналған. Олар мемлекеттік, одан қалды қоғамдық деңгейде, соның ішінде әрбір адамға қоғамдық орта мен отбасында тәрбие беру деңгейінде шешім табуы тиіс. Бұл ретте экологиялық мәдениетті калыптастыруға, табиғатқа сүйіспеншілікпен, ұқыпты қарауға, адамдарды соған тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінгені жөн. Әрине, қазіргі мемлекетаралық шиеленістер ушығып тұрған заманда экология проблемасын шешу үшін әрбір халық өздерінін ұлттық мүдделерін ескере отырып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуы және белсенді түрде ынтымақтасуы қажет.

Ұлтаралық катынастардың пайда болуы мен жүзеге асуы тек тұтас халықтар деңгейінде ғана қалып қоятын құбылыс емес, ол әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өзара қарым-қатынас орнату процесіндегі тұлғааралық деңгейде де пайда болып, жүзеге асады. Тұлғааралық қатынастардың мазмұнын түсіндіретін болсақ ол - ең алдымен ұлттардың аса мол рухани байлығы. Алайда, бұл қатынас кез-келген жағдайда адамдардан аса әдептілікті, сыпайылықты қажет етеді. Бұл қатынастардың моральдық және психологиялық жақтарын есте ұстаудың да маңызы өте зор. Адамдардың ұлттық сезімінің, әдетте, аса нәзік екенін және сәл нәрсеге бола жанының күйзеліске ұшырап, тез жарақаттанатынын естен шығармаған жөн. Адамдар бір-біріне кұрметпен қарап, әдеп сақтауы, сыпайыгершілік көрсетуі керек. Бұған көбіне-көп басқа халықтардың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне және жалпы рухани мәдениетіне қатысты ерекшеліктер мен өзіндік сипаттарын жақсы білу, өзге ұлттар өкілдеріне шыдамдылық таныту және оларды құрметтеу секілді касиеттердің қалыптасуы ықпал жасайды. Әр түрлі халықтар өкілдерінің бір-біріне жақындасуын, тіпті, ұлтаралық некеге отыруларын осының айқын мысалы ретінде келтіруге болады. Оларға тыйым салу — адам табиғатына қарсы жасалған қысым болар еді. Тыйым салуды, анығын айтсак, тек нағыз ұлтшылдар ғана өз мүдделеріне жаратуға тырысады, оны араздықты қоздырудың құралы ретінде пайдаланады. Ұлтаралык некеге тыйым салу мүмкін емес. Демек, дұрыс өмір салтын қалыптастыру үшін моральдық психологиялық саяси және басқа да жағдайлар жасау қажет. Қазіргі таңдағы өркениетті қоғамның сұраныстары мен талаптарын ескеретін болсақ әрбір адамның бойына ұлтааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру осы бағыттағы бірден-бір іргелі алғышарт болып табылады.

Ұлттық, этникалық қатынастар кез-келген қайсыбір этностардың өмірге қажетті мүдделерін жузеге асыруға бағытталған. Олардың өздері де осы мүдделердің тууына себепкер болады. Халықтардың ұлттық мүдделері сол халықтардың тіршілік етуінің әр түрлі жақтарын қамтиды, олардың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикасын, мемлекеттігін, мәдениетін дамытуға және осындай жол арқылы сол халықтың басқа халықтармен қатынас орнату жүйесіндегі жағдайын реттеуге, экономикалық және саяси проблемаларын шешуге, рухани мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Тоқ етерін айтсақ ұлтгық мүдделер қайсыбір халықтың (этностың) өзін-өзі ұлт ретінде қалыптастыруының сан қилы көріністері мен даму сатыларына, сондағы жетілу мен өзгерістеріне қатысты болады. Өмірде қолданылып отырған ұлт қатынастары нақты солардың түбегейлі мазмұнын кұрайды. Сондықтан да ұлттық қатынастарды ұлттық мүдделер ретінде көрініс табатын құбылыс деуге әбден болады.

Бұл мүдделерді адамдар саналы түрде жете түсінулері, мәнін ұғынулары тиіс. Оларды саналы түрде меңгерген кез келген этнос (халық) өзінің ұлт ретінде қалыптасуына осы жағдайдың да объективті түрде ықпал ететінін түсінеді. Басқаша айтканда, сол этностың мүддесінде нендей объективті жағдайлардың сай келмейтінін түсіну керек. Бұл дәл осы таңда қалыптаеып отырған ұлтаралық қатынастардың мазмұны мен олардың бүгінгі және болашақтағы дамуының бағыттарын терең түсінген кезде ғана қалпына келіп, орайласады. Қалай дегенмен де, бұл өте ауыр міндет, өйткені ұлтаралық қатынастар аса күрделі мәселе, онын үстіне мұндай қатынастар саналы түрде ғана қалыптасып қоймайды, көбінесе ол стихиялы түрде орнығып, нығаяды: мұндайда бұған этностың тамыры терең психологиясына орай туындап, жинақталған қайсыбір дәрежедегі иррационалды күштер де әрекет етеді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторларға тәуелді.

Қалай болғанда да олардың өз даму логикасы бар, соны түсіну қажет. Алайда, бұл қасиет әркімде бола бермейді, терең ойлайтын, алысқа көз жібере алатындар болжам жасап, логикалық ой түйе алады. Олар өз ұлтының (халқының) тек ағымдағы немесе сол сәттегі мүддесін біліп, оның астарын түсінумен қатар, ұлттың ұзақ мерзімдік тыңғылықты мүдделерін де ой топшылауынан өткізеді. Соңғы тұжырым әлдебір ұлттың сақталуы меи дамуының қазіргі және болашақтағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі сол ұлттың экономикалық саяси және мәдени ұстанымдарының бағыт-бағдарларының нығаюының негіздеріне қатысты.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, ұлттық мүдделердің мазмұнын қалай түсінуге болады дегенге келетін болсақ сол ұлттың атынан сөйлейтін қайсыбір саясаткерлердің, саяси партиялардың және қозғалыстардың атқарып отырған саяси-экомикалық қызметі белгілі бір ұлт мүддесін қорғауы, соған сай құрылуы қажет. Себебі жекелеген саяси лидерлердің, партиялар мен қозғалыстардың мүдделері әрдайым бүкіл елдің немесе бүкіл халықтың, үлкен және шағын халықтың шынайы мүддесімен сәйкес келе бермейді. Басқаша айтсақ оларға пайдалы көрінген дүниелердің бәрі халықка үнемі ұнамды бола бермейді, яғни ұлттың халыктың экономикалық саяси және рухани жағдайын нақтылы жақсартуға қол жеткізбейді. Сондықтан да әрбір халық өзінің жалпы ұлттық мүдделерін толық және терең түсінуі, оларды жүзеге асыру жолында өздері белсенділік танытуы керек.

Ұлттық қатынастарды саналы реттеу - әр түрлі этностардың мүдделерін үйлестірудің бірден-бір кепілі. Осыған орай туындайтын проблемалар көбінесе мемлекеттік деңгейде шешіледі. Ұлттардың мүдделерін мүмкіндігінше орайластыру, жүйеге келтіру дегеніміз — олардың үйлесімді байланысын дұрыс орнықтыра білу. Мұндайда әрбір ұлттың мүдделері белгілі бір ауқымды деңгейде жүзеге асады және басқалардың мүдделеріне бұл ешқандай нұқсан келтірмейді. Әрине, оған жету оңай міндет емес, алайда оны жүзеге асыруға болады. Бұған қол жеткізу үшін ең алдымен ұлттың соған жан-жақты дайындығы мен қабілеті, әрбір ұлт өкілдерінің нақты өз мүдделері мен баска ұлттардың мүдделерін түсінуі қажет. Бұл ретте олардың қандай жағдайда, дамудың қай сатысына жақындаса алатынын білу керек. Сонымен бірге алуан түрлі проблемалардың өзара тиімді компромистік шешімін таба білудің де маңызы зор. Атап айтсақ, халықтардың әрқилы географиялық, тарихи себептерге байланысты қалыптасуы, олардың экономикалық және басқа да жағдайлары ұлттардың бір-бірімен бейбітшілікті, ынтымактастықты сақтай отырып қалыпты өмір сүруіне және дамуына жағдай жасай алады.

Ұлтаралық қатынастардың бүкіл кешенін үйлестіру — халықтар арасындағы әлеуметтіксаяси және басқа да қатынастарды тек демократияландыру жолдары арқылы ғана жүзеге асады. Сонымен қатар, оны тиімді жүргізу үшін халықтың ұлттық санасын және саяси институттардың қызметін демократияландыру мен парасаттандыру қажет. Демократияны осы талаптар мен тәсілдер арқылы дамыту барлық халықтардың нақты мүдделеріне сай келеді, әрі ұлтаралық қатынастарды дамытудың объективті тенденцияларының қолданылу мүмкіндігін кеңейтеді.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Лттық-этникалық қатынастар

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги