Оқу социомәдени әрекет ретінде - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Оқу Адам өмірінің үлкен Кезеңінен Тұрады,...
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Баланың білім беру жүйесіне ену шекарасы жас мөлшері бойынша ең төменгі деңгейге жеткен, осыдан туындайтын психофизикалық салдарлары туралы оқушылардың нақты түсінігі болмағанына қарамастан білім беру ерте балалық шақты қамтиды. Оқудың ең жауапты фазасы адамның кәсібилік, отбасылық, азаматтық сияқты әлеуметтік өзін-өзі орынқтыру кезеңіне тиесілі болады. Ұзаққа созылған оқудан жас адамдар көбіне-көп титықтайтын (стресстік) жағдайларға түседі, қылмыскерлердің ортасын толтырады.
Білім әлеуметтануының негізгі мәселесі – оқудың мәні не – оның ең жақсы жай-күйіне қалай жетуге болады?
Оқу – адамның білім саласындағы негізгі әркетінің түрі. Оқушының бүгінгісі мен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары, түптеп келгенде, оқу қызметінің мазмұнымен анықталады.
Әдебиеттерде оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылыми, білім т.б.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген терминдер мен ұғымдарға белгілі бір түсініктеме беру қалыптасқан, олардың әрқайсысының өз мазмұны бар. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу» түсінігі алынған. Оқу термині басқа да білім жүйесін (ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Қалыптасқан оқу тұжырымдамасының бағыттарын бөліп көрсетер болсақ, онда олар: білімді меңгеру ретіндегі, мәдениетті меңгеру ретіндегі бағыттар болып табылады.
Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін көрнекі психолог С.Л. Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді. Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, синтез, абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бөлгіш» ретіндегі қорытындылау қызмет атқарады.
Оқуды тек білімді меңгеру ретіндегі түсінікті тәжірибені игеру түсінігі толықтырады. Ж. Пиаже оқытудағы тәжірибені меңгерудің формаларына терең эксперименттік талдау жасады. Олардың ішінен ол негізгілерін бөліп көрсетті: сіңісу – жаңа объектінің ескі схемаларға кіруі және үйрену – бастапқы схемалардың жаңа объектілерге, соңғының құрылымын зерттеу жолымен бейімделуі.
Бірінші жағдайда қайсыбір міндет осыған ұқсас міндеттерді шешудің белгілі алгоритмдері негізінде шешіледі. Екінші жағдайда адам түбірінен жаңа міндеттермен кездескенде өздерінің дағдыларын және ептілігін бейімдейді. Организмнің ортаға бейімделуін ол субъекті мен объектінің салмақтылығы сияқты қарастырады. Психикалық функциялардың генезисі әртүрлі салмақты сатыларды: үйренуді, сіңісу мен табанды алмастырушы ретінде көрінеді де, білімге организм мен орта арасында тұрақты тепе-теңдік формасын береді.
Зерттеушілердің алдында оқу барысында қандай тәжірибе игерілуі тиіс деген міндетті шешу мәселесі тұрды. Оқуға мұғалімнен оқушыға білім мен тәжірибені беруді жеңіл-желпі түсінік ретінде қарауды орыс психологы А.Н.Леонтьев сынаған еді.
Тұлға мұғалімнен ақпаратты қабылдайды, бірақ оны өзінің іс-әрекетінің барысында пайымдайды және өңдеуден өткізеді, солайша оған өзінше қарайтын болады. Ол үрдісте білім тұлғалық форманы иеленеді, сөйтіп тұлғаның өзіндік дамуы іске асады. Бұл идеялар оқуға мәдениетті меңгеру қызметі ретінде қараудың негізіне алынған.
Адамның мәдениетті меңгеруі тарихи қалыптасқан алуан түрлі қызмет формаларында жүреді. Адам құндылықтарды мынандай: еңбек, тұрмыс, таным, қарым-қатынас, оқу, ойын сияқты қызмет формаларында меңгеріп игереді.
Мәдениетті алып жүруші ретіндегі түлғаның қалыптасу фазаларында алуан түрлі қызмет формалары әртүрлі рөл атқарады. Адамның, тұлғаның қалыптасуы қарапайым қарым-қатынастан ойынға, ойыннан оқуға, оқудан еңбекке өрлеу үрдісі кезінде жүзеге асады. Бұлардың арасында оқу мәдениетті алып жүруші ретіндегі субъектінің қалыптасуының дайындық фазасы іспетті көрініп, оның векторлары тәрбиеге бағытталған, қызметтің қажетті механизмдерін жасауға, оны жаңадан өндіруге және шығармашылық формаларын қалыптастыруға бағытталған.
Сайып келгенде, әлеуметтік өмірде оқу 1) адамның мәдениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық кезеңі; 2) оқудың функциялары субъектіде қызметтің мәдени механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген қызмет болып табылады; 3) оқудың танымдық-бағдарламалық жағы жетекші маңыздылыққа ие болса да оқу тек таныммен ғана шектелмейді; 4) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады, бірақ оның бәрін емес, тек үлгілік, нормалық маңызға ие болғандарын яғни мәдени жетістіктерді ғана меңгертеді; 5) бұл тікелей тарату формасында іске асып қоймайды, ол оқытушы мен оқушының белсенді біріккен қызметінде жүзеге асады. Олардың әрқайсысының белсенділік мөлшерімен, әрекет мазмұнымен оқу үрдісінің сапасы анықталады; 6) оқу барысында оқушылар біреудің тәжірибесін жай ғана қабылдап қоймайды, мәдени қызметтің өзіне лайықты тәжірибесін қабылдайды. Оқытушы осы тәжірибені оқу құралдарының көмегімен ұйымдастырады, бағыттайды; 7) құндылықтарды меңгеріп кету үрдісі осы құндылықтар өмір сүретін сол қоғамдық форманы, қоғамдық байланыстарды меңгеруді де ұйғартады. Соған сәйкес оқыту жекелеген құндылықтарды игерумен және іс-әркеттердің бағыт-бағдарлары мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты шектеліп қалмайды, одан да кең үрдіске шығады – әлеуметтендіру, әлеуметтік байланыстардың осы жүйесіндегі субъект ретінде тұлғаның қалыптасуы үрдісіне ұласады, сондақтын да ол тәрбиенің бір формасы болып табылады. Тәрбие қоғамның технологиялық, экономикалық, саяси, экологиялық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ететін оқудың әлеуметтік жүйесінің күшеюінен көрініс табады. Тек осындай оқу жүйесі ғана білімді құрайды.
Оқу білімнің негізгі мазмұнын қалыптастырады. Өз кезегінде білімді белгілі бір оқу жүйесінің қызмет формасы ретінде қарастыруға да болады. Ол оқу қызметінің алуан түрлерін, оның мазмұнын, субъектілерді әлеуметтік тапсырысқа, қоғамның социомәдени қажеттіліктеріне бағыттап біртұтас әлеуметтік жүйеге кіріктендіреді.
Оқу жүйесіндегі оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастары әлеуметтік институттық форманы иеленеді. Білім институттарының өмір сүруі қоғамдық өмірдің арнайы саласын – білім саласын өрістеуге әкеледі. Білім саласына кірудің сипаты мен формасы оның өмірдің басқа салаларындағы әлеуметтік жағдайына, оның ауыспалық мүмкіндігіне, мәдени өсуіне айтарлықтай ықпал етеді.
БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ:
Оқу социомәдени әрекет ретінде
Что будем делать с полученным материалом:
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел
Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж
ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр)
Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын
XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б
ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы)
XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па
Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv
XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә
Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ
Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани
Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция
Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б
ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй
Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме
Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ....................................................................................................
Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Новости и инфо для студентов