рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ   Әлеуметтанушы өз Назарын қоғамдыu...

 

Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық топтар, бұларға қоса жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа да ұжымдар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар болуы да мүмкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны - жеке тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның бастапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-психологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған мүддесіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т.б. болуы әбден мүмкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі объектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжақты. Бұл жағдай оның білімдік құрылымын анықтауға мейлінше көмектеседі.

Әлеуметтану білімінің құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпарттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл - ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңділігі мен ауқымдылығы ерекше болады.

Бастапқы алғышарт, негізінен алғанда, объектілерге байланысты қарастырылады, сондықтан зерттеуді қоғамды тұтас бір ауқымда қарастырудан бастау керек. Өйткені адам да, кез келген әлеуметтік топтар да, әлеуметтік ұйымдар мен институттар да, материалдық және рухани мәдениет те, бір сөзбен айтқанда қоғамдағы дүниенің бәрі оның дамуының жемісі болып табылады және олардың өзіндік әлеуметтік табиғаты әрқилы. Тіптен жеке адамның азық-түлікке деген сұранысы немесе ұрпақ жалғастыру жөніндегі талап, ниеті таза табиғи қажеттілік - мұқтаждыққа жатпайды. Бұл - оның әлеуметтік мазмұны жағынан биоәлеуметтік қажеттілігі. Олардың биологиялық негіздері бар, алайда ол әлеуметтік формада көрінеді және материалдық өндірістің дамуы немесе отбасы деңгейіндегі әлеуметтік тәсілдермен қанағаттандырылады. Кез келген әлеуметтік құбылысқа қоғамның элементі ретінде және жалпы сол қоғамның өзі арқылы қарау, оны дамушы және өмір сүруші әлеуметтік жүйенің бөлігі ретінде қарастыру - ғылыми әлеуметтанудың аса маңызды әдістерінің бірі.

Осы айтылғандарды саралайтын болсақ, қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөніндегі білім әлеуметтану ілімінің бастауы болып саналады. Бұл - қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланыс механизмі туралы білім. Табиғатты және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну қоғамда қалыптасқан әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім - оның дамуының объективті заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойына жинап, сіңірген.

Жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың, тіршілік етуі мен дамуы жөніндегі түсініктердің өзара байланысы әлеуметтану білімі құрылымының екінші саласы болып саналады. Бұл жерде әлеуметтанушы экономисті, саясаттанушыны, құқықтанушыны немесе этикті, өнертанушыны алмастыра алмайды. Қоғамның белгілі бір өмір салаларында болып жатқан процестерге оның өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен ол осы салаларда тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастардың, жұмысшы табының, шаруалардың, интеллигенцияның, қызметкерлердің, кәсіпкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі танытуының мүмкіндіктерін зерттейді.

Ел ішінде тұрып жатқан халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім де әлеуметтану білімінің маңызды бөлігі болып саналады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеттері, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың арасындағы бір-бірімен қатынастары жөнінде болып отыр.

Әлеуметтану білімінің келесі бір құрылымы - ол саясат әлеуметтануына жататын ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда әлеуметтану саяси қатынастар, әсіресе өкімет билігі төңірегіндегі қатынастар жүйесіндегі қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға назар аударады. Азаматтық қоғам субъектілерінің саяси әлеуметтік құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін таба білуі де әлеуметтану үшін аса маңызды. Сол арқылы олар қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасай алады. Осы тұрғыдан қарастырғанда түрлі саяси партиялардың және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.

Қоғамдағы әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, ғылымның, мәдениеттің, неке мен отбасының, т.б. атқаратын қызметі жөніндегі әлеуметтанушының ғылыми түсінігін және қорытындыларын жүйелеу әлеуметтану білімінің келесі құрылымы болып есептеледі. «Әлеуметтануда әлеуметтік институт дегеніміз бұл белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Әрбір ерекше «торап» қоғамның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады»1. Әрине аталмыш институттардың әрқайсысының пайда болуы мен өмір сүруінің объективті алғышарттары бар. Олардың арасында өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған орай ерекше функциялар атқарады. Өзара әрекет ету арқылы байланыса отырып, олар қоғамның алға басуын, өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтанудың зерттеу объектілеріне орай, әлеуметтану білімі құрылымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар жеке тұлғааралық қатынастардың кіші топтары мен жекелеген тұлғалардың тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар қалыптасқан.

Жоғарыда келтірілген әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестер төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен теориялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметтану білімінің құрылымын қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірдің бүкіл жақтарын, оның салаларының өзара байланысын және өзара әрекетін қамтып көрсетеді, түптеп келгенде, қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда бейнелейді. Осының бәрі ғылым және оқу курсы ретінде әлеуметтанудың құрылымын құрайды.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

- жалпыәлеуметтанулық теориялар, немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

- арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те сипаттайды;

- нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

Жалпыәлеуметтанулық теориялар макроәлеуметтанулық зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңдетілген немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде кез-келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі жалғасуының аса түбегейлі себептері, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалады. Жалпытеориялық деңгейде адамдардың қоғамдық, соның ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады, қоғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшеленеді.

Қоғамдық қатынастар теориясы - әлеуметтік субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. арақатынастарының табиғатын және мазмұнын ашатын жалпытеориялық әлеуметтанудың маңызды тарауы болып табылады. Жалпытеориялық деңгейдегі әлеуметтанулық сараптауда қоғамдық қатынастардың мәні, олардың ерекше рөлі және өзара әрекет ету механизмі анықталады, сонымен қатар қоғамдық қатынастар өз субъектілеріне байланысты (әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастар, қоғам мен тұлға арасындағы қатынастар, т.б.) сипатталады. Жоғарыда аталған барлық қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамды қалыптастырады. Қоғам бұл қатынастардың жүйесі ретінде алға шығады. Ал оларды толығырақ қамтып, оған терең ғылыми талдау жасау жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде ғана мүмкін болатын нәрсе.

Осы деңгейде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және тағы басқа да салаларының өзара әрекеті зертеледі, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі (мысалы, қазіргі ғылыми-техникалық революцияның қоғамның әлеуметтік құрылымына, ғылым мен мәдениет салаларына ықпалы) ашылады. Қоғамдық өмір салаларының, экономика мен саясаттың, саясат пен құқықтың, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің, т.б. өзара әрекеті сарапталады.

Жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде әрбір әлеуметтік құбылыс, оның қоғамдағы орны және рөлі, оның басқа да құбылыстармен көпжақты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең көлемді әлеуметтік алғышарттардың өзара әрекет ету жүйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоғарыда келтірілген қоғамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, сонымен қатар қоғам дамуының объективті заңдары жатады. Жалпытеориялық әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жүйесіндегі қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеудің мәні мен негізі ерекшелігі, міне, осында.

Арнайы немесе жеке әлеуметтанулық қағидалар - социум өмірінің жеке бағыттарын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпыәлеуметтанулық теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелерімен ғана шектелген. Осы ретте, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік салаларын мысалға алуға болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік, экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әр түрлі категорияларының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғанысының проблемалары, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыс пен адамдардың демалысы, әлеуметтік қамсыздандыру, т.б. мәселелері зерттеледі.

Зерттеудің мақсаттары - статистикалық материалдардың, әлеуметтану зерттеулерінің мәліметтерін және басқа да ақпараттарды пайдалану негізінде аталмыш қоғамдық өмір салаларына немесе олардың жекелеген жақтарына қатысты толық түсінік алу, сонымен қатар орын алып отырған проблемаларды тиімді шешуге, әлеуметтік-экономикалық процестерді ұтымды басқаруды жақсартуға байланысты ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау. Дәл сондай мақсаттар әлеуметтанулық зерттеулердің объектілері ретінде, қоғамдық өмірдің саяси және рухани салалары қарастырылғанда да басшылыққа алынады. Әлбетте, әрбір осындай жағдайда қоғамдық өмірдің кейбір салаларында болып жататын процестердің ерекшеліктеріне байланысты әр алуан мақсаттар алға қойылады.

Арнайы әлеуметтанулық теорияларды қолдану барысында көбіне-көп жалпыәлеуметтанулық теоряларға да жүгініп отыру қажет. Сол арқылы қоғамның тұтастығы мен кең ауқым тұрғысында белгілі бір әлеуметтік құбылыстарды немесе оқиғаларды пайымдауға болады. Алайда, осы тұрғыдан келгеннің өзінде де зерттеуші сол оқиға болып жатқан қоғамның өмір сүру қалпына, ең алдымен, осы саланың, яғни қалыптасқан дәстүрдің механизміне, ондағы жүріп жатқан процестерді талдауға сонымен қатар бұнда қалыптасқан ерекше әлеуметтік проблемаларды шешуге назар аударады. Өзінің табиғатына сәйкес арнайы әлеуметтанулық теориялар, теориялық және эмперикалық (яғни ағымдағы практикалық мәліметтерге талдау жасауға бағытталған) зерттеу деңгейлері органикалық үйлесімде қолданылады. Бұл теориялар адамдар өмірінің қайсыбір жақтарына, өндірістік, саяси, басқа да қызметіне, олардың қоғамдық, отбасылық және өз басының тұрмысына тікелей практикалық ықпал ету тәсілдеріне негізделеді. Сонымен қатар, олар әр түрлі әлеуметтік институттардың қызметін жақсарту жолдарында дәлелдеп көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, арнайы әлеуметтанулық теориялар бүгінгі күннің және жақын болашақта практикалық проблемаларын шешуге бағытталған.

Арнайы әлеуметтанулық теориялардың кейбір негізгі өлшемдері арқылы олардың қолданылу аясын да санамалап шығаруға болады. Біріншіден, бұл - бастапқы теориялық және методологиялық ережелер, солардың негізінде теориялар құрылады және олар жүргізілетін зерттеулер мен оның қорытындыларын шығарудың негізін құрайды; екіншіден, ұғымдар жүйесі - оны арнайы әлеуметтанулық теориялар қолданады; үшіншіден, теориялық қорытынлдылар жасау; төртіншіден, шеңбері кең проблемаларға, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестерді басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты зерттеулерден және пайымдаулардан туындайтын арнайы әлеуметтанулық теориялар деңгейінде ғылыми және практикалық ұсыныстар. Бұл теориялар практика тұрғысында органикалық байланыста болғанымен ерекшеленеді.

Арнайы әлеуметтану теорияларының негізгі мазмұнын құрастыратын білім салаларының арасынан мыналарды атап көрсетуге болады: еңбек әлеуметтануы, әлеуметтік-таптық қатынастар, жастар әлеуметтануы және отбасы әлеуметтануы, этнос әлеуметтануы немесе ұлт қатынастары әлеуметтануы, қала және село әлеуметтануы, саяси қатынастар әлеуметтануы, дін әлеуметтануы, мәдениет әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы. Осының ішінен әлеуметтанулық бір-бірінен мазмұнына қарай өзгешеленеді, сондай-ақ әрекет етуші субъектілеріне қарай да таптар, ұлттар, жастар топтары, қала мен село тұрғындары, саяси партиялар мен қозғалыстар, т.б. бүкіл қоғамдық қатынастардың әлеуметтанулық салалары болып танылады.

Арнайы әлеуметтанулық теориялардың дамуы негізінде зерттеушілер қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына, адамдардың қызметіне және әлеуметтік институттардың тіршілік етуіне қажетті тақырыптық сараптау жасауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, осының нәтижесінде теориялық және практикалық маңыздылығы жоғары мәліметтер жинастырады.

Әлеуметтану білімінің келесі деңгейіне нақты әлеуметтанулық зерттеулерді жатқызуға болады. Олар - анкеталық сауалнама, сұхбатнама (интервью), бақылау, т.б. түрлерінде іске асырылады. Зерттеулер әлеуметтік ақиқаттың жан-жақты салалары жөніндегі шынайы мәліметтер алу мақсатында әлеуметтану, экономика, құқық, т.б. ғылымдар шеңберінде сонымен қатар қоғамдық өмірдегі белгілі бір оқиғаларға халықтың көзқарасы туралы мағлұмат алу үшін (сонымен бірге жекелеген әлеуметтік топтар), қоғамдық пікірді білу мақсатында, адамдардың қайсыбір әлеуметтік проблемаларға, оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты пікірлерін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден алынған мәліметтер қоғамның және мемлекет өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың, еңбек және басқа да ұжымдардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметтерінің ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге ұсыныстар дайындау үшін негіз бола алады. Олар арнайы және жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде пайымдаудан өтіп, қоғам дамуының аса мәнді, өзекті проблемаларын шешу үшін қолданылады.

Қоғамдық өмірдің кез келген саласы жөнінде нақтылы, шынайы ақпарат берілген тұжырымды әлеуметтанулық зерттеулер өмірде орын алған қарама-қайшылықтарды анықтауға, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік құбылыстар мен ағымдық үрдістердің даму бағыттары мен барыстарын айқындауға көмектеседі. Бұлардың екеуі де әлеуметтік проблемаларды, қоғамдық процестерді басқару мәселелерін ғылыми тұрғыда түсініп, шешу үшін өте маңызды.

Нақты әлеуметтанулық зерттеудегі ең маңызды нәрсе - ол қоғамда, оның бір саласында не болып жатқаны және оларды адамдар қалай қабылдап отырғаны жөнінде айқын ақпарат алу.

Нақты әлеуметтанулық зерттеулер эмпирикалық әлеуметтанудың маңызды саласы болып табылады. Бұл бағыт адамдардың күнделікті практикалық қызметін, оның объективті және субъективті жақтарын зерттеуге бағытталған.

Бұл бағыт әлеуметтік шындықты зерттеумен айналысады және оларды пайымдау жөнінде фактілер мен материалдар жинаудың, бақылау мен тәжірибе жасаудың, басқа да мәліметтер алудың тәсілдерін қамтиды. Осының бәрі шындықты танудың эмпирикалық мәні болып саналады.

Қазіргі кезде білім мен мәдениет ықпалының артуы, ғылым мен техникалық таным құралдарының дамуы адамдардың әлеуметтік ақиқаттың сан алуан салаларына орай тәжірибелік, эмпирикалық білімін тұрақты түрде жетілдіруде. Теориялық ой қорытуға орай эмпирикалық білімнің теориялық компоненттері тығыз байланысып, көбеюде және күшеюде.

Қоғамдық өмір құбылыстарын эмпирикалық тану ерекше ғылымды - эмпирикалық әлеуметтануды қалыптастырады. Ғылымның бұл саласы АҚШ пен Еуропа елдерінде қарқынды дамып келеді.

Жоғарыда сипатталған әлеуметтану білімінің деңгейлері - жалпыәлеуметтанулық, арнайы әлеуметтанулық теориялар және нақты әлеуметтанулық зерттеулер бір-бірінен алыстаған емес, олар өзара органикалық түрде әрекет етеді, сөйтіп бірдей және тұтастай әлеуметтану білімінің құрылымын құрайды. Бірақ бұл құрылымда олардың рөлі бірдей емес. Нақты әлеуметтанулық зерттеу барысында қазіргі өмірдің ағымдағы процестері жөніндегі әртүрлі ақпараттар алынғанымен, олар кейін арнайы жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде пайымдалады. Бұл қоғамдық өмірдің жекелеген салаларында және тұтас қоғамда болатын процестерді ғылыми негізде ой елегінен өткізіп, мойындауға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, жалпы әлеуметтанулық теориялар арнайы әлеуметтанулық теория мен нақты әлеуметтанулық зерттеулер деңгейінде проблемаларды шешу үшін де қолданылады.

Әлеуметтанудың қалыптасуында теориялар мен қатар категориялар мен заңдар маңызды рөл атқарады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги