рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ   Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми Ең...

 

Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы", "Сот реформасы жайлы жазбалар", "Баянауыл округі туралы", "Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы", "Сахарадағы мұсылмандық туралы" және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.

Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - қазақтардың үлесіне тиеді»1, - деген қорытындыға келеді.

Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды.

Егер де қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез-келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді1.

Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі коғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтьшан туындауы тиіс деп түйді. Ал бүның өзі дифференциялау принципі түрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның түрмысын жаксартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бүл мак-сатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зшщцы». Сондықтан ол бүл мақсатқа жете алмайтын кез-келген реформаторлыкты жоқка шығар-ды. Қазақ еліне коғамдық өмірдің «экономикалық жөне әлеуметтік» жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш. Уәлихановтың түжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қояданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады2.

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдық-рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымең қатар оның өзара көмек, тұрмыста бір-біріне қол үшін беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.

Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамның күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.

Шоқан реформаны халыққа тануға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, "еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді". Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. Ойшылдың пікірі бойынша, реформа қайсыбір қоғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Бұдан кері жағдайда қолданылған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететін процестерді тудыруы мүмкін.

Оның пікірінше, мұндай апаттарды "жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған" реформа қалыггтастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет чиновниктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, "танымал қырғыздардың" пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. «... танымал және бай адамдардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне-көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады»1

Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұңдай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйекгер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер казақтың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік иерархиясыньщ ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, қалған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсырмаларын атқарған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды. Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте бәсендеп, тоқтады. Ендігі жерде қазақ халқының әлеуметтік-таптық құрылымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеуметтік мүдделерінің тіптен үйлеспейтінін, соның салдарынан олардың арасында шиеленістік жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады1. Орыс казактарының қазақ жеріне қоныстандырылуы қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым-қатынастарды қалыптастырды, Шоқан өз еңбектеріңде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс қазақтарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру»2, — деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.

Шоқан орыс казактарының станицасына қазақтардың байырғы ата-қонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен айрылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, қазақтардың материалдық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндірумен шұғылданбаған қазақтар станица жерін жергілікті халыққа жалға таратып, одан түскен өнімнен салық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақтар мен орыс қазақтарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан 1864 жылы 26 наурызда Батыс Сібір әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді.

Онда Баянауыл станицасының жерлерін қайта бөлуді ұсынып, ең алдымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар қазақтарға, олардан артылса ғана қазақтарға жер таратып беруге болады деп есептейді.

Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму зандылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.

Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, "рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады»1

Билер институты — қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уәлиханов талантымен көпшіліктің көзіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагершілікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жүздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды үш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық арасынан талай белгілі билер шықты. Орта жүздегі қалың қаржас ішінен шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.

Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп күткен еді. Алайда, оның үміті орындалмады. Бюрократиялық басқару жүйесі қалыптасып, елдің жағдайын ауырлатып жіберді. Осыған байланысты Шоқан өзінің тал еңбектерінде бюрократиялық басқарудың алуан түрлі жымысқы әдістерін қолданып, қазақ халқын ауыр зардаптарға соқтырған патша әкімшілігінен қазақтардың өзін-өзі басқаруын талап етеді1. Халықтың өзін-өзі басқаруын Шоқан елді демократияландырудың маңызды принципі ретінде зерделеді. Басқарудың осы жүйесіне өтудің жолдарын да қарастырды. Алайда, бұратана халықтарды билеп-төстеп тұрған патша үкіметі үшін Шоқанның ұсыныстары тиімсіз еді. Сондықтан оларды мойындағысы келмеді.

Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О. Конт, Г. Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалыпш қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары коғамдық ғылымдарға қосылған зор үлес.

Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып, оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги