рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Қазір әлемде үш Мыңнан Астам әр Түрлі ...

Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар көп ұлтты немесе көп тайпалы мемлекеттерде тұрады. Бұл қауымдастықтардың қалыптасуы мен дамуын әлеуметтану ғылымының бір саласы — этноәлеуметтану зерттейді. Этноәлеуметтану әлеуметтанудың маңызды саласы бола отырып, этностардың генезисін, мәнін, функцияларын, этностардың дамуының және этносаралық (ұлтаралық) қатынастардың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Ол ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік дамуы арқылы байланысқан, яғни өзара байланысқан этникалық және әлеуметтік кұбылыстардың әр түрлі этникалық қауымдастықтардағы этникалық процестердің кешенді мәселелерін зерттейді. Этноәлеуметтану сөйтіп, мәдениет пен тұрмыстың, құнды бағыт-бағдарлардың, еңбек қызметінің, жүріс-тұрыс тәртібінің, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ұлттық қатынастардың әлеуметтік себептерін ашуға тырысады, ұлттыкқ ерекшеліктері бар кұбылыстар мен процестерді, атап айтқанда, жұмыс-бастылықты, көші-қон жөне еңбек мобильділігін, урбанизацияны, демо-графиялық және әлеуметгік ұдайы жаңғырып, жетілуді анықтайды. Этни-калық ерекшелік көріністері мөдениет пен тұрмыста анық байкалатын болғандықтан және ең алдымен отбасы арқылы ұдайы жаңғырыл, жетілетіндіктен этноәлеуметтану төңірегіндегі зерттеулер ең алдымен осы салалар төңірегінде жүргізіледі, яғни нақты этникалық ортаны және ұлтаралық қарым-қатынастардың әр түрлі жағдайларын үнемі естен шығармау қажет.

Этноәлеуметтану терминдерінің негізіне «этнос» (гректің тайпа, халық деген мағына беретін сөзі) ұғымы алынған. Этнос - белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұракты жиынтығы.

Этникалық қауымдастық - бұл шығу тегінің ортақтығымен және бірлесе өмір сүрудің ұзақтығымен өзара байланысқан адамдардың топтары. Адамдар жылдар, ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті кезінде әрбір топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін тұрақты және ортақ белгілер қалыптасады. Мұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, қайсыбір халыктың немесе этностың (әр түрлі тілдерде жеке ғылыми әдебиеттерде «халық» және «этнос» терминдері синоним ретінде қолданылады) қалыптасу үстіндегі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тағы басқалар жатады.

Бұл белгілер халықтың этникалық сана-сезімінде ұдайы жаңғырып, жетіледі, сол арқылы халық өзінің бірлігін, тұтастығын, ең алдымен өзінің шығу тегінің сол адамдардан бөтен еместігін, сөйтіп, өзінің этникалық жағынан туыс екендігін мойындайды. Сонымен қатар, ол өзін баска халықтардан ажырата алады, өйткені оған өзінің шығу тегі, өз тілі мен өз мәдениеті тән. Халықтың этникалық сана-сезімі ерте ме, кеш пе, әйтеуір оның шығу тегіндегі, мұраланған дәстүріндегі, басқа халықтар арасындағы өзінің орнын түсінудегі бүкіл түйсігі арқылы оянады.

Тайпалар негізінен көне этникалық қауымдастықтарға жатады. Олар этностың алғашкы элементі болып табылады.Бұл - екі немесе бірнеше руларды әр түрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктірген алғашқы ірі қауымдастық. Рулардың тайпаға бірігуі қандас туыстық пен ортақ аумақтың негізінде жүзеге асқан болса, ал тайпалардың өмірі мен әрекет-қызметі туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген еді. Әрбір тайпаның өзіндік этникалық қауымдастық белгілері болды: олар бір-бірінен өздерінің шығу тегімен, тілімен, қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен, қарапайымнан салыстырмалы түрдегі жоғары дамыған материалдық және рухани мәдениетке жету көріністері арқылы ерекшеленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалык сана-сезім қалыптасты. Этникалық сана-сезім этнонимге (атауға) ие болған. Тайпалар - алғашқы қауымдық құрылыстың ұйымдық түрі. Бұл кұрылыс әр түрлі тарихи дәуірлерде, жер бетінің әртүрлі құрлықтарында пайда болып, өмір сүрді. Олар қазіргі Азия, Амеркка, Африка мен Австралия кұрлықтарының кейбір бөліктерінде әлі де өз дәстүрлерін жалғастырып, өмір сүріп келеді.

Алғашқы қауымдық коғамда тайпалар пайда болып, тіршілік еткен. Сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі нәтижесінде тайпалар арасында ірілену процесі жүрді, сөйтіп, тайпалар одақтары құрылды. Осыдан бастап бірқандас туыстык қатынастар этникалык, қауымдастықтын, негізі болудан бірте-бірте қала бастады да, оның орнын бара-бара әлеуметтік байланыстар алмастырып, күшейе берді. Тайпаларда меншіктік жіктеліс артқан сайын мүліктік әркелкілік шықты. Бұл тайпалық басқару түріне сәйкес келмеді. Сөйтіп, тайпалардың ьдырауы мен таптық қоғамның пайда болу процесі басталды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына орай тайпалар да ыдырады. Туыстық қарым-қатынастардың орнына енді алдыңғы қатарға адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар шықты. Тайпа болса әлеуметтік өркениетке өтуіне орай этностың екінші элементі, этникалық қауымдастықтың басқа типі - ұлысқа, халықка өз орнын босатып берді. ұлыс — тайпалық катынастардың ыдырау нәтижесінде, аумақтың тілдің, мәдениеттің, шаруашылықты жүргізу мен тұрмыстың бір-біріне орайластырыла жақындасуының негізінде қалыптаскан адамдар кауымдастығы. Этникалық қауымдастықтар ретінде жер бетіндегі халыктардың барлығы өркениет сатысында (Ежелгі Үндістан, Қытай, Египет, Греция, Рим ха-лықтары болсын, олардан көп кейінгі кезендегі Франция, Германия, т.б. халықтар) кашан болмасын бірінен-бірі ерекшеленді және бүгінгі таңда да өзінің ерекшелікті әлеуметтік-этникалық белгілері, соның ішінде өзінің шығу тегі, тілі, мәдениеті, этникалық сана-сезімі және т.б. аркылы ерекшеленеді. Тайпаларға қарағанда өркениет дәуірінде халықтар қалай дегенмен де кең ауқымда әлеуметтік-этникалық тұрғыда шоғырланды және өз тілінің, материалдық әрі рухани мәдениетінің әлдеқайда жоғары сатыда дамуына қол жеткізді. Дәл сол тұста көптеген халықтардың ұлттық мінез-құлықтары қалыптаса бастады, бұл олардың ұлттық сана-сезімі мен санасынан өзінің көрінісін тапты. Басқаша айтканда, тайпалар енді қалыптасу үстіндегі ежелгі халықтар деп саналған ұлттармен алмасты. Ұлтгар бұдан кейінгі тарихи дәуірлерде өздерінің гүлдену сатысына көтерілді. Әлеуметгік-экономикалық тұрғыдан алғанда ұлыс ең алдымен құлиеленушілік пен феодализмге тән құбылыс болды, ол көбінесе қайсыбір ұлттық-мемлекеттік құрылыс түрлерінде жиі ұйымдасты. Алайда, ұлыс қоғамдык дамудың одан кейінгі кезендерінде де тоқырап, жойылып кетпей, өмір сүруін одан әрі жалғастырды.

 

Этноәлеуметтік қауымдастықтың бұл түріне осыдан біраз жылдар бұрын Ресейдегі Дағыстан мен Солтүстік ұлыстарын жатқызған еді. Мысалы 1989 жылғы санақ бойынша Солтүстікте 26 ұлыс болса, көптеген ұлыстар саны жағынан аз болды. Қайсыбір елдердің бүкіл аудандары мен обылыстарын біртұтас организм етіп құрған, соған көшірген машиналы өндіріс пен капиталистік нарықтың дамуы ұлттың қалыптасуына негіз болды. Ал ұлттың қалыптасуы ру-тайпалық құрылыстың ыдырауынан бастау алған еді. Экономикалық қарым-қатынастың интенсивтендірілуі адамдардың саяси және мәдени қарым-қатнастардың белсенділігін арттырды, бұл олардың ұлт ретінде шоғырлануына, мәдениеттің гүлденуі және ұлттық мінез-құлқының қалыптасып, нығаюына жол ашты. Демек, ұлт-адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік, экономикалық және рухани қауымдастығы, этнос типі. Ұлттық аумақтың тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар, психологиялық, мәдениет пен сана сезімнің ортақтығын сиппаттайды. Бұған адамдар қауымдастығының тарихи даму мәселесі тұрғысынан қарауға болмайды. Адамдар қауымдастығының тарихи дамуының тұжырымдамасына сүйенсек, алғашқы қауымдық тайпарлар дамып, кейін ұлыстарға бірікті, ал ұлыстар өз кезегінде ұлттарға айналған. Осымен байланысты ұлттар мен ұлыстар, шын мәнінде екеуіне де ортақ белгілер арқылы сиппатталды. Ол белгілер жөнінде жеке әңгіме қозғалатын болады. Бұл белгілердің даму деңгейі бойынша ұлыстар мен ұлттар бір-бірінен ажыратылды және уақыты жеткенде ұлыстар ұлттарға айналды. Ұлттар мен ұлыстарды анықтау барысындағы көбіне қолдан жасалған шектеу өлшемдері кейінен анықталғанындай, ғылыми түсіндірмелердің дәлелі бола алмады. Мысалы, қырғыздарды, шешендерді, якуттарды этникалық қауымдастықтың қайсысына жатқызуға болады, оларды ұлт деуге бола ма? Бұлардың қайсысын ұлысқа жатқызуға болатыны және ұлыстың ұлтқа айналу сәтін қалай анықтау керектігі әлі де түсініксіз күйде қалып келеді. Белгілі орыс этнографы М. В. Крюков айтқан пікірлер негізсіз деуге әсте болмайды. Оның пікірінше, мысалы В.И. Ленин «ұлт», «ұлты», «ұлыс», «халық» терминдерін синонимдер ретінде қолданған көрінеді, ал ұлт пен ұлысты қарама-қарсы қою И. В. Сталиннің 1921 жылы жазылған «Ұлт мәселесіндегі партияның кезекті міндеттері» атты тезистерінде тұжырымдалды. Крюковтың пікіріне сүйенсек, «бұл теориялық тұрғыдан негізсіздік және практикалық зиянды» болды, өйткені ол жаңа

этносаралық қарама-қайшылықтарды қолдан жасады, осыған байланысты этникалық қауымдастықтардың бәрі бірдей өздерін ұлтқа немесе ұлысқа еріксіз енгізу әділдік деп санамады. Көптеген этнографтар сияқты М. В. Крюков осыдан бірнеше жыл бұрын әйгілі «Россия халықтарының құкықтық Декларациясында» атап көрсетілгендей, «Совет Одағы халықтары» сөз тіркесін қолдануға қайта оралсын деген пікірді ұсынған еді.

Ғылыми әдебиеттерден капитализмге дейін этникалық қауымдастық ретінде қалыптасқан ұлт жөнінде көптеген ой-пікірлерді кездестіруге болады. Көрнекті француз ғалымы Э. Ренан, мысалы, ұлттар орта ғасырдың бас кезінде-ақ, «Рим империясыньщ соңғы кезінде немесе Ұлы Карл империясының ыдырау уақытынан бастап өмір сүреді» - деп есептейді.

Ұлт дегеніміз не? Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты кайсыбір нәсілге көшіре салуға болмайды деп әділін айтты. Нәсіл «қаны бір туыстықты» танытады, ал ұлт бірлесіп өмір сүру процесінде және әртүрлі нәсіл өкілдерінің «араласуында» қалыптасады. «Ең үлкен елдерде - Англия, Франция, Германия — бұларда қан көп араласқан». Бұл елдердің ұлтын тек осы жағдай ғана сипаттай алады. Бүкіл өкілдері тек қана бір нәсілге жататын ұлт болмайды.

Кейбір зерттеушілер тұжырым жасағандай, ұлтты тек табиғи құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені табиғи және әлеуметтік қасиеттер ұлт ішінде үйлесімін табады. Тіптен ұлттың бірден-бір мәнді белгілері болып табылатын оның ортақ шығу тегі қайсыбір бабалардан тарайтынын есепке алған күннің өзінде де ұлттың бұл белгімен ғана шектелмейтінін, анықтала алмайтынын ұмытпау керек. Оның өзге де белгілері ретінде Э. Ренан, К. Каутский және баска зерттеушілер тілдің, аумақтың, экономикалық өмірдің ортақтығын мысалға келтіреді. Мұндай ортақ белгілер, К. Каутскийдің пікірінше, XIV ғасырда, яғни орта ғасырда пайда болып, капитализм тұсында аяқталған.

Ұлттардың құрамына енген адамдардың ортақ мүдделерін Э. Ренан ұлттарға тән белгілердің бірі деп, осы тұрғыда карастырады. Э. Ренанның айтуына қарағанда, өмір сүру, тұрмыс жағдайларының, тарих пен тағдырларының ортақтығы ұлттардың мүдделерінің ортақ болуына ықпал етеді. Ортақ мүдде ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты алғышартына айналды. Бұдан кейін ұлттың бүкіл өкілдерін біріктіретін ұлттың азды-көпті рухани дүниесі қалыптасады. Э. Ренан өз ойын «Ұлт — бұл жан», -деп қорытады.

Ұлттың рухани белгілерін көптеген ойшылдар әр қырынан, әр тұрғыда атап көрсетеді. Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік саланың психологі Густав Лебон «әрбір халық өзінің анатомиялық қабілеті сияқты соншалықты тұрақты ішкі сезім құрылысын да меңгереді», - дейді. Осы «ішкі сезім кұрылысьнан» халықтың сезімі, оның ойлары, діни сенімі, өнері, сонымен қатар оның қоғамдық өмірін реттейтін дәстүрлі мекемелері тарап шығады. Лебон «халықтың ішкі сезімі» туралы айта отырып, «тек сол ғана ұлтты сақтайды» деген тұжырым жасайды1. Халықтың ішкі сезімі — бұл онын әдет-ғұрпы, сезімі, идеялары, ойлау тәсілдері, Әдет-ғұрыптар бүлінген кезде, Лебонның пікірінше, ұлттар да жоғалады. Ол бүған мысал ретінде Ежелгі Римді келтіреді. Римдіктер, оның пікірінше, өте күшті идеал — мұратты ұстанған көрінеді. «Бұл мұрат — Римнің айбындығы, ұлылығы болатын. Осы идеал бүкіл жандарда абсолютті үстемдік етті және әрбір азамат сол идеал үшін өзінің отбасын, өзінің хал-жағдайын және өзінің өмірін кұрбан етуге дайын болды». Римнің күші осында еді. Кейін алдынғы қатарға молшылдық, азғындык секілді теріс әрекеттер, тоғышарлық шыкқанда ұлт та әлсіреді. «Варварлар оның қақпасының алдына келгенде ұлттың ішкі сезімі өліп біткен.

«Халыктың ішкі сезімі», «ұлттың ішкі сезімі» сияқты идеяны қолдаған және оны одан әрі дамытқан Вильгельм Вундт болды. Ол халықтың ішкі сезімін түсіну үшін оның тарихын білу керек деп әділін айтты. Оның пікірінше, этнология, өнер, ғылым, дін, тіл және әдет-ғұрып жөніндегі білім қашан да аса пайдалы.

Австрияның әлеуметтанушысы және саясаткері Отго Бауэр ұлттың табиғи және мәдени белгілерін ашып керсетті. Ол ұлт «табиғи кауымдастық» ретінде «физикалық мұрагерліктен шығады, соның арқасында балаларға ата-аналарының қасиеттері беріледі», — деп жазды. Алайда, Бауэр оның тілі мен мәдениетін ұлттың ең басты ерекшелігінің белгісі деп санады. «Ортақ шығу тегі мәдениеттің ортақтығынсыз әр кезде де тек нәсілді қалыптастырады және ешкашан да ұлтты жасай алмайды» - деп қорытты ол өз ойын.

Бауэр ұлттық сананы адамдардың бір-бірімен «белгілі мәдени құндылықтарды меңгеруге» жақындасу, сонымен қатар олардың ерік-жігерін бір арнаға бағыттайтын фактісі ретінде мойындауды ұсынды, бұлар ортақтаса келе адамдардың ұлттық мінез-құлқынын ерекшеліктерін кұрайды. Ұлттық сана теориялық тұрғыдан алғанда «мен және менің тайпаластарым бір ғана тарихтың жемісі» екендігін мойындау болып саналады.

Бүгінгі таңда өте өзекжарды саналып жүрген ұлттык-мәдени автономия теориясын дамыта отырып, Бауэр «ұлттық мәдениетті бүкіл халықтың игілігіне айналдыру және бір ғана мүмкін, осындай жолмен ұлттың бүкіл мүшелерін ұлттық-мәдени қауымдастыққа шоғырландыру негізгі міндеттер» деп тұжырым жасады. Ұлттық қауымдастықты жаңа жағдайдағы ру-тайпа байланыстарының қарапайым жалғасы деп есептейтін, соған телитін теориялар да жоқ емес. Ұлт өмірінің мемлекеттік-саяси ерек шеліктерін асыра бағалайтын, түптеп келгенде, оны мемлекеттік қауымдастыққа әкеліп тірейтін теориялар да бар. М. Вебердің пікіріне сүйенсек, ортақ тіл, дін, әдет-ғұрып немесе ортақ тағдыр аркылы біріккен адамдардың қауымдастығында өз мемлекетін құруға тырысу ниеті басым болады екен. Ұлтты анықтаудың қиындығы сонда, оның бірқатар аса маңызды және елеусіз белгілері бір орталыққа жинақталып, шоғырландырылып отыр. Ол белгілердің арасындағы ерекше нысандар нақты анықталған емес. Осыдан барып ұлт жөніндегі қазіргі кез келген анықтамалар шартты түрде қолданылады және оның қолданылу құзыры да шектеулі. Жоғарыда аталған теорияларға сүйенсек, негізгі белгілер ретінде этнология бірегей жүріс-тұрыс стереотипін, шығу тегінің ерекшелігін, сана-сезімді және т.б. этникалық белгілерді қарастырады. Аталмыш теориялардың бәрі де кең тараған теориялар. Ұлт теориясына К. Маркстің, Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің өз көзқарастары болды. Ф. Энгельстің пайымдауынша, Еуропада ұлттың қалыптасу процесі ұлттық мемлекеттерді құру процесімен тұспа-тұс келеді екен. Қалай дегенмен де, ұлт аса күрделі құбылыс және оның барлық белгілеріне ізденіс тұрғысынан қарау керек.

Жоғарыда баяндалған жағдайларды қорытындылайтын болсақ, онда ұлт дегеніміз — бұл адамдардың шығу тегінің, тілінің, орналасу аумағының, экономикалық жағынан қалыптасуының, сонымен қатар онын этникалық санасы мен сана-сезімінің ортақ көрінісінің жиынтығы, яғни психологиялық құрылымы мен мәдениетінің ортақтығы арқылы сипатталатын адамдардың ерекше қауымдастығы.

Ұлттың біртұтас этникалық сипаттамалары ұлттық ұғымының кез келген көріністерін айкындайды, өзара байланыста болады. Бұл байланыс шамалы деңгейде ғана көрінуі мүмкін, алайда ол біржола жоғалып кетпейді. Мәселен, осы айтылғандар егер халықтардың-ұлттардын өміріндегі этникалык, мәселелерді шешуге тікелей байланысты болса, онда экономикалық немесе саяси қатынастар сол уақытта ғана ұлттық мазмұнға ие болады. Бұл шеңберден шығып кетсе, онда олар әлеуметтік-таптық немесе басқа да қатынастарға айналады, тек ұлттық болмайды. Адамгершілік, эстетикалық және басқа да қатынастар туралы да осыны айтуға болады. Егер олардың әлеуметтік мазмұны этникалық және органикалық байланыста болса, онда олар сол уакытта ғана ұлттык, сипатты алады.

Тәуелсіздік алған елдердегі ұлттық-мемлекеттік құрылым ұлттың қалыптасу процесін, әсіресе оның әлеуметтік-экономикалық базисінің қалыптасуын барынша тездетеді. Латын Америкасында ұлттық-мемлекеттік кұрылым шеңберінде халық испан тілінде сөйлейді, ал мәдениет, салт-дәстүрлер төңірегінде көптеген ортақ белгілері бар аргентин, уругвай, чили және т.б. жиырмадан астам ұлттар пайда болды.

Қазіргі заман ұлттың этникалық қасиеттерінің маңыздылығы артып отырғандығын айқын көрсетіп берді. Тіл мен мәдениет проблемалары ұлттық қозғалыстар кезінде ерекше маңызға ие болады. Мысалы, Бель-гия мен Канада мәселесі, Шотландия мен Англиянын Уэльсіндегі мәде-ниет пен салт-дәстүрлер және т.с.с. басты мәселеге айналғаны белгілі. Бұлар Еуропаның он екі мемлекетін біріктірген Еуропа одағына қарама-қарсы бағытта қалыптасқан дезинтеграциялық тенденцияның күш-қуатын көрсетеді.

Бұдан әрі «этнос», «халық». «ұлт» терминдері синоним ретінде, яғни мағынасы бойынша бір ұғым ретінде, айталық, қазақ халқы, қазақ этно-сы және казақ ұлты секілді түсініктер ретінде пайдаланылады. Бірақ, олардың бір-бірінен кейбір айырмашылығы бар екенін айткан жөн. Осы кұбылыстардың ауқымы мен маңызы және оларды ажыратып, ұғыну ұғымдары мен терминдер өздерінің мән-мағынасы бойынша бірдей. Бұл орыс, украин, грузин немесе француз, неміс халықтарына (этностарына, ұлттарына), соған сәйкес осы ұлттар төңірегіндегі ұғымдар мен термин-дерге де қатысты. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар, соның ішінде танымал оқымыстылар да бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарайды. Л. Н. Гумелев «этнос» және «халық» ұғымдарын бір мағынада қолданса, белгілі ғалым-этнограф В. А. Тишков «ұлыс» және «ұлт» ұғымдарының орнына бір ғана халық ұғымын қолдануды ұсынады.

«Ұлт» ұғымына келетін болсақ, ол белгілі бір аумақта шоғырланып өмір сүретін түтас ұлттың этникалық белгілерін ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар олар қай жерде тұрса да, соның ішінде өзге халықтардың

және мемлекеттердің аумағыңда өмір сүрсе де, солардың қай ұлттың өкілі екендігін білдіреді. Ұлттар арасында осылайша қарым-қатынастар орнайды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги