рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары. - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ   Қоғам Ежелгі Дүниеде Мемлекеттен Бұры...

 

Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дуниесінен өзінің саналылығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшеліктілігін көрсетеді. Қоғам - адамзаттың кауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Жануарлардың биологиялық қатынастары, түптеп келгенде, олардың табиғатқа қатынасы болып табылады, ал адамзат коғамының ерекшелігін адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары қалыптастырады. Қоғам адамдардың кез-келген механикалык жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік. Күнделікті өмірде қоғам үғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада колданылады - адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер коғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.

Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ. Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға байланысты, атап айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан тым абстрактілі болуымен, коғам әр түрлі бағытта қарастырылатын аса күрделі, көп қабатты, көп жақты құбылыстығымен, қоғам тарихи ұғым болғандықтан ортақ анықтама оның дамуына барлық кезеңдерін қамту мүмкіндігімен, қоғам әр түрлі ғылымдардың қолданатын категориясы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынада қолданған сайын оған түсініктеме беру қажеттігімен байланысты.

Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, медениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. қоғам мағынасында айтылады. Бұл жерде қоғам деп тарихи, социо-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түрітүсіндіріледі.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдардың қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э. Дюргкейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М. Вебер адамдардың өзара әрекеті, К. Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т. Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, Н. Смельзер географиялық шекара, ортақ заң шығару жүйесі, ұлттық шығу тегінің бір болуы деген[3].

Демек, қоғам ұғымының мазмұнын ашатын анықтамалардың бәрінде қоғамның тұрақтылығын құрайтын жүйе элементтері қарастырылып, қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді. Қоғамның құрамды элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер, әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, қоғамда ерекше орын алып, рөл атқарады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті — қоғам құрылымын анықтау, оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлеуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралды, жүйелік сапаны тудырады. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам — ол өзінің жеке заңдары бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.

Сайып келгенде, әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімем өзара тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі.

Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды рөл атқарады. Элемент деп отырғанымыз - объект. Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешқашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Сөйтіп, элементтердің белгілі бір жиынтығы кез-келген тұтасқан жүйенің мазмұнды жағын қалыптастырады. Алайда, элементтердің құрамы тұтастықтың қасиеттерін анықтай алмайды. Жүйе объектісінің ерекшеліктерін, нақты қасиеттерін анықтауда құрылымды, яғни тұтас жүйенің, ішкі ұйымдастырылуын білу аса маңызды. Құрылым -бұл жүйенің ретке келтірілуі, ұйымдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердің тәсілі.

Құрылымдық байланыстар - элементтердің жүйеде алатын орнымен анықталады. Сондықтан да құрылымның дамуы басты элементтердің екінші қатардағы, айталық, таптар, ұжымдағы лидерлер, т.б. элементтермен өзара әрекетінен көрінеді. Құрылымдық элементтердің өзара әрекеті және олардың дамуы көптүрлі болып, интеграциялық сапаға ие болады, соның нәтижесінде жүйелік байланыстар көбейеді. Бұдан шығатын қорытынды сол, құрылымда болған маңызды өзгеріс бірден жүйеге ықпал етеді. Ал өз кезегінде жүйе құрылымға тікелей болмаса да, элементтер арқылы әсер етеді, сөйтіп, олардың қайсыбір бағытта дамуына қолайлы жағдай жасайды немесе оған кедергі болады.

Әрбір жүйе өзіне басқа да элементтердің арасындағы байланыстарды қосып алуы мүмкін, сондықтан да оларды жүйешелер (подсистемалар) деп атайды. Басты немесе күрделі жүйеге қатысты жүйешелер оның элементтері ретінде қарастырылады, сонымен бірге сол жүйешелердің өз жүйешелері де болуы әбден мүмкін. Жүйешелер, нақты жүйені құрауы, сайып келгенде, мейлінше көп болуы мүмкін. Негізгі жүйе шеңберінде жүйешелердің бір-біріне бағынуы белгілі бір иерархияны құрайды. Басты, анықтаушы жүйешені таба білу бүкіл жүйенің дамуы мен өмір сүруінің заңдылықтарын ашудың кілті болып табылады. Жалпы жүйеге сараптама жасау барысында оның даму заңдары ашылады. Ол үшін ең алдымен элементтердің құрылымдағы салмағы мен орнын анықтау қажет, содан алынған мәліметтер негізінде жүйенің ең мәнді байланыстарын да анықтай аламыз. Содан кейін сол байланыстарды жүйешелердің иерархиялық контексінде қарастыру керек. Сөйтіп, зерттеудің объектісі ретінде жүйенің шекарасы анықталады және оның бастапқы элементтері айқындалады. Бұдан кейін негізгі жүйешелерді табу қажет және олардың арасындағы иерархиялық байланыстарды анықтау керек. Жүйе құрылымы анықталған соң өзгерістеріне тікелей тәуелді болатын басты жүйелік байланыстарды анықтауға көшкен жөн.

Әлеуметтік жүйе - тұтастықты құрастыратын жүйе болып саналады, оның негізгі элементіне адамдар, олардың арасындағы байланыстар, әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи процесс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан да әлеуметтік жүйе қоғамдык. тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласының жемісі болып табылады. Қоғамдық өмірдің қай саласына немесе қайсыбір жүйешелерге назар аудармасақ та, онда оның әмбебап элементі, бастапқы субъектісі адам, тұлға екеніне көз жеткіземіз. Қоғам адамды қалай қалыптастырса, адам да қоғамды қалыптастырады. Адамдардың өзара әрекеті, түптеп келгенде, әлеуметтік құрылымды құрайды. Ал барлық әлеуметтік функциялар адам қызметінің нәтижесі болады. Демек, адам әлеуметтік жүйенің бастапқы, әмбебап элементі болып саналады, бірақ ол өзінің қызметін әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтарға біріккен басқа адамдармен өзара әрекет ету процесі барысында атқарады. Бұл өзара әрекет индивидтердің жиынтығын әлеуметтік жүйеге айналдырады. Сол тұста әлеуметтік орта сол индивидке қалай ықпал етсе, индивид те өзге индивидтермен біріге отырып ортаға соншалықты ықпал жасайды. Нәтижесінде жүйе құрамындағы элементтердің жеке өзінде болмайтын сапаны жинап, әлеуметтік тұтастықты дүниеге әкелді. Әлеуметтік жүйені үш негізгі мәселе тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, онда, біріншіден, әлеуметтік жүйе индивидтердің бірлестігі ретінде зерттеліп, қайсыбір ортақ жағдайлар олардың өзара әрекетінің негізіне алынады, мысалы, қала, село, еңбек ұжымдары, т.б., екіншіден, әлеуметтік жүйе әлеуметтік ұстанымдардың иерархиясы іспетті қарастырылады, бұлар индивидтердің бірлесіп істеген қызмет процесінен көрінеді және содан әлеуметтік қызметтері келіп шығады; үшіншіден, әлеуметтік жүйе элементтердің негізгі сипаттарын, олардың нақты әлеуметтік жағдайдағы өзара қатынастары мен мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың жиынтығы ретінде де қарастырылады. Жоғарыда аталған бірінші мәселе әлеуметтік қауымдастық ұғымымен, екіншісі - әлеуметтік ұйым түсінігімен, үшіншісі -мәдениет ұғымымен байланысқан. Сөйтіп, әлеуметтік құрылым белгілі бір тарихи нормалық-құндылықтар негізінде (соның қайнар көзі сол қоғамның мәдениеті болады) өзара әрекет ететін негізгі әлеуметтік субьектілердің (тұлғаның, әлеуметтік қауымдастықтың, әлеуметтік ұйымның), органикалық бірлігі ретінде көрінетін болады. Элементтердің бірлігінің тұтастығы олардың өзара әрекетіне негізделген. Адамдардың өзара әрекетінің тәсілі мен нәтижесі өлшем қызметін атқарады, соған орай адамдар бірлестіктерінің негізгі түрлері анықталады. Адамзат қауымдастығының басты-басты екі түрі бар: әлеуметтік қауымдастықтар және әлеуметтік ұйымдар. Бұлардың ұқсастығы бар. Олар бірігіп, индивидтердің қызметі іске асатын "әлеуметтік орта" немесе "әлеуметтік кеңістікті" құрайды. Әлеуметтік қауымдастық та, әлеуметтік ұйым да тарихи аренада әрекет етуші маңызды субъектілер болып саналады. Олар, сөз жоқ, ірі әлеуметтік өзгерістердің, эволюциялық және революциялық процестердің шешуші факторлары қызметін де атқарады. Олардың арасында өзара ұқсастықпен қатар өзгешеліктері де бар. Әлеуметтік қауымдастықтың әлеуметтік ұйымнан өзгешелігі сонда, оның өмірлік жағдайлар негізінде қалыптасатын адамдардың тұрақты бірлестіктері болады. Мұндай бірлестіктер адамдар санасы мен еркінен тыс, объективті, табиғи жолмен қалыптасады. Мысалы, адам қалада немесе ауылда тұрады, соған орай ол қала немесе ауыл халқына жатады. Индивид әрдайым қайсыбір демографиялық топқа жатады, этникалық қауымдастықтың мүшесі болады. Ол жұмыссыз жүрсе немесе еңбек ететін болса, міндетті түрде, кәсіби, мамандық тобына енеді. Кез-келген әлеуметтік ұйым да дәл сондай индивидтердің бірлестігінен құралады. Алайда, оның әлеуметтік қауымдастықтан өзгешелігі - жасанды жолмен құралатындығында, мақсатының ерекшелігі мен өзінің уақытша сипатта болатындығында. Әлеуметтік ұйымдар қоғамды, өмірді реттеуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік бірлестіктердің екі түрі де қажет және қайсыбір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға қызмет етеді. Ең алдымен олар адамдардың тіршілік әрекеті процесінде адамдар интеграциясын жүзеге асырады, әрине, бұл жерде стихиялық, кездейсоқтық та орын алады. Бірақ бұл жерде адамдар интеграциясы ретсіз, жөн-жосықсыз болады екен деген ой тумауы керек. Тіршілік әрекетіне әрдайым нормативтік тән. Адамдардың мінез-құлқын маңызды түрде реттеуші ретінде олардың тек ниеті мен мақсаты ғана соған қызмет етіп қоймайды, сонымен қатар сол коғамда объективті калыптасқан әлеуметтік нормалар да осыған қызмет жасайды. Әлеуметтік нормалар - қоғам мақұлдаған мінез-қүлықтың белгілі бір үлгісі. Бұл үлгі индивидтердің өзара әлеуметтік әрекетіне басқа да қатысушы адамдардың қалай қарайтынын алдын-ала көруге мүмкіндік береді және соған орай өзін, іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты әлеуметтік норма индивидтің мінез-құлқының өлшеміне және өзге адамдардың онын қылығына, ісіне баға беру өлшеміне айналады. Нормативтік үлгілер беталды жасалмайды, жоқтан пайда болмайды. Олар нақты бір қоғамның әлеуметтік құндылықтарымен тығыз байланыста және солардың негізінде қалыптасады. Әлеуметтік құндылықтардан жүйенің дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі бір материалдың және рухани игіліктердің ерекше маңыздылығы байқалады. Құндылықтар есебінде еркіндік, еңбек, әділеттік және т.б. осындай ұғымдардың қалыптастырылуы мүмкін. Бұл қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін ынталандырады, өзінің ынталандырушы рөлін идеялар, үлгілер, мақсаттар түрінде жүзеге асырады, осылардың көмегімен адамдар өз әрекеттерін жоспарлайды және оның нәтижесін бағалайды. Әлеуметтік құндылықтар сол қоғамның рухани мәдениетінің органикалық бөлімі және бір мезетте индивид санасының элементтері болып табылады.

Әлеуметтануда рухани мәдениет құндылықтары, сайып келгенде, қоғамдық өмір мен адамдар мінез-құлқының әлеуметтік-нормативтік реттеушісі есебінде қарастырылады. Әлеуметтік құндылықтардың нақты нормативтік қызметі оларды әлеуметтанулық зерттеудің мәнді тақырыптық дәрежесіне жеткізеді. Осыдан қорытынды жасайтын болсақ, онда, әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың кешенін мәдениеттің реттеушілік мәселесі ретінде қарауға болады, осы арқылы мәдениет әлеуметтік тіршіліктің әрекет ету процесіне нақтылы ықпал жасай алады. Соның салдарынан мәдениет адамдарға және ұжымдарға іс-әрекеттің үлгілері мен нормаларын береді, ойдың мазмұнын анықтайды, ниет-мақсаттарын басқарады, тұлғаны қалыптастырады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік процестерге өзіндік "қатысушы" болады, сондықтан да әлеуметтік жүйені, әлеуметтік құрылымды сараптағанда оның рөлін міндетті түрде ескеру керек. Әлеуметтік құрылымның құндылық-нормативтік маңызын саралау жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын анықтайтын әр түрлі факторлардың әрекеттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Соның арқасында әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға болады. Бұл жалпы әлеуметтік теориялардың басты міндеттеріне және мазмұнына жатады. Әлеуметтік құрылымның жекелеген элементтерінің ерекшеліктері мен функционалдық рөлі әлеуметтанулық білімнің нақты салаларының шеңберінде, атап айтқанда, мәдениет әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы, ұйымдар әлеуметтануы, т.б. анықталады.

Әлеуметтік байланыс (өзара байланыс) - белгілі бір мақсатқа жету үшін кесімді мерзімдегі нақты қауымдастықтың бірлесе еткен қызметін қамтамасыз ететін факторлар жиынтығы. Әлеуметтік байланыс нақты тұлғалардың, адамдардың сипаттамасынан (ниеті, тілегіне) тәуелсіз түрде пайда болады. Бұл байланыстардың орнауына адамдардың нақтылы өмір сүріп, әрекет ететін объективті әлеуметтік жағдайлары себепші болады. Әлеуметтік байланыстың мәнін адамдардың қимыл-әрекетінің Мазмұны мен сипаты анықтайды. Осы тұрғыдан алып қарағаңда әлеуметтік байланыстың мынандай негізгі типтерін бөліп қарастыруға болады: өзара әрекет, қатынастар, бақылау, институттық, даму, себепті байланыстар, құрылымдық байланыстар және т.б.

Әлеуметтік өзара әрекет - кез-келген жеке адамның басқа адамдар немесе әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар мінез-құлқы, әрекеті, олардың бір-біріне әсер ету процесі болып саналады. Әлеуметтік өзара әрекет әр түрлі жүйедегі (немесе жүйешедегі) әлеуметтік субъектілер арасында, жүйе ішінде, жүйелер мен оларды қоршаған орта арасында, сонымен қатар жалпы жүйелер мен олардың элементтері арасында іске асады. Бұл әрекеттер қоғамда өзгерістер тудырады, өз кезегінде сол өзгерістер адамдарға ықпал етеді, оған жауап ретінде адамның кері реакциясы да пайда болады. Әлеуметтік өзара әрекеттің объективтік және субъективтік жақтары бар. Объективтік жағы - нақтылы функцияның мазмұнынан туындайтын байланыстар. Әлеуметтік өзара әрекеттің субъективтік жағы деп отырғанымыз - мінез-құлықтардың ыңғайына қарай негізделген әлеуметтік субъектілердің бір-бірімен саналы қатынастары. Белгілі бір жағдайда әлеуметтік субъектілер арасындағы өзара әрекет тұрақтылығымен және қайталануымен салыстырмалы түрде сипатталады. Дәл осы жағдайда әлеуметтік субъектілер арасында белгілі бір әлеуметтік қатынастар орнайды.

Әлеуметтік қатынастар - жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс.

Демек, қоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардан, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастардан құралады.

Қоғамға тұтас жүйе ретінде қарап, оған жүйелік тұрғыдан талдау жасауды ұсынушылар қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара әрекетінің, қатынастарының қарапайым жиынтығы деп қараудан сақтандыра отырып, қоғамдық деңгейде болатын индивидтердің әрекеті, байланыстары мен қатынастары жаңа сапаны, сапалық тұтастық жүйені құрайтынын атап көрсетеді.

Жүйелік сапа - қоғамның, жүйенің элементтерінің ерекше сапалык, күйі. Бұл жерде элементтерді қарапайым жиынтық деп қарауға болмайды. Қоғамдық қатынастар мен өзара әрекеттер жеке адамдықтан, тұлғалықтан жоғары тұратын сипатқа ие болады, яғни қоғам - бұл индивидтермен қарым-қатынаста алшақтылық сақтайтын немесе алдыңғы қатарда тұрған өз алдына жеке субстанция. Әрбір адам, жарық дүниеге келген соң байланыстар мен қарым-қатынастардың қайсыбір құрылымына кезігіп, әлеументтендірілу процесі барысында сол құрылымға енеді. Жүйелік сапаға, яғни тұтастыққа көптеген байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар тән. Солардың арасында коррелятивтік деп аталатын байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар аса маңызды, себебі олар элементтердің үйлесімділігін және бір-біріне қатаң бағыныштылығын реттеуді өз міндетіне алған. Үйлесу - қайсыбір элементтердің бір-біріне сәйкестендірілуі. Оның осы ерекше сипаты элементтердің өзара тәуелділігін, жалпы жүйенің тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бағыныштылық - тұтастық жүйедегі элементтердің ондағы маңыздылығы мен алатын орнының бірдей еместігін көрсетіп, олардың бір-біріне бағынудағы ерекше орнын айқындайды.

Демек, соның нәтижесінде қоғам сапалы тұтастық жүйеге айналады. Мұндай сапалық жүйеге қоғамдық тұтастықты құрайтын бірде-бір элемент жеке-дара ие бола алмайды.

Әлеуметтік процесс - осы кез-келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынандай белгілермен сипатталады: әлеуметтік процестің құрамды бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі. Әрбір элеуметтік процесс белгілі бір кезендегі бағытты және қарқынды түрде өзгертуді белгілейтін, құрамды бөліктердің өзара байланысын, тәсілдерін ерекшелейтін бірнеше сатыдан тұрады. Әлеуметтік процесс типтері әлеуметтік жүйе және оның элементтері, интеграция жоне дезинтеграция, бірігу мен шиеленіс, ынтымактастық пен бәсекелестік болып бөлінеді. Бұлармен қатар әлеуметтік процестерді функционалдық және дамытулық деп те бөледі. Оның біріншісі объектінің сапалық күйін қалпына келтіруді қамтамасыз етсе, екіншісі объектіні жаңа сапаға көшіреді. Батыс елдерінің әлеуметтану ғылымында функционалдық процесс өз алдына жеке бөлініп қарастырылады, соның негізінде әлеуметтік объектінің басты қызметтерін жүзеге асыруға ықпал жасайтын шарттарға назар аударылған. Ал дисфункциялықты зерттегенде объектінің қызметтерін атқаруға кедергі келтіретін жағдайды қарастырады.

Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік жәнефунк-ционалдык көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жүйе ретінде төмендегідей жүйешеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысының өзін жеке-жеке жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйелерді әлеуметтіктен айқындау үшін социенталды деп те атайды. Бұл жүйелердің арақатынастарында басты рөлді себеп-салдар байланысы атқарады. Бұл дегеніміз, марксизмге сәйкестендіре айтсақ, аталмыш әрбір жүйе өздігінен өмір сүрмейді, сөйтіп, басқа жүйелердің себеп-салдарына тәуелді болып келеді. Бұл жүйелердің бәрі өз арасында иерархиялық құрылымды кұрайды, яғни субординациялық арақатынасты сақтайды, олардын бір-біріне бағыныштылығы жоғарыда көрсетілген деңгейде сақталады. Марксизмде барлық жүйе экономикалық жүйенің ерекшелігіне тәуелді болады, экономикалық жүйенің негізі меншіктің сипатына негізделген материалдық өндіріс болады.

Алайда, марксизм әлеуметтік детерминизмді тым қарапайым баяндауға қарсы. Ол барлық қоғамдық қатынастарды экономикамен ғана түсіндірмейді. Марксизм көзқарасы бойынша экономикалық жүйе ол тек қоғамдық өмірдің басқа жүйелерін дамытуды анықтайды және оның ең басты себепшісі болып табылады. Марксизмде бүкіл социенталды жүйенің кері байланыстары атап көрсетілген. Әрбір келесі жүйе алдыңғы жүйеге кері ықпал жасайды.

Тікелей өзара байланысы бар социенталды жүйелердің бір-біріне әсер етуі демократиялық сипат алады. Нәтижесінде марксизм коғамға жанды дүние, әрдайым козғалыста және дамуда болатын организм ретінде қарады. Оны зерттеуде өндірістік қатынастарға талдау жасау шешуші рөл атқарады. Әлеуметтанудағы детерминистік көзқарас тұрғысынан қарау функционалдықпен толықтырылған. Марксизм сондай-ақ функционалдық тұрғыдан қараудың жақтаушысы болып табылады. Марксизмде жүйені жиынтық, органикалық және тұтастық деп бөлу қалыптасқан. Қоғам жүйе ретінде органикалықтан тұтастыққа өту кезінде қалыптасады. Органикалық жүйенің дамуы оның өзін-өзі бөлшектеуімен, жіктеуімен тығыз байланысты болып, жаңа қызметтер немесе соған сәйкес элементтер жүйесінің қалыптасу процесі ретінде сипатталады. Қоғамдық жүйеде жаңа функцияларды қалыптастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады. Қоғамдық қажеттілік бұл процестің қозғаушы күші болып табылады. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті құралдарды өндіруді және тоқтаусыз болып жататын жаңа қажеттіліктердің туындауын К. Маркс пен Ф. Энгельс адамның өмір сүруінің бірінші кезектегі алғышарты деп есептеген. Сөйтіп, осындай қажеттілік пен тәсілдер соларды қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, даму негізінде қызмет түрлерін тудырады, соларсыз қоғамның өмір сүруі мүмкін емес. Бұл қызмет түрлерін іске асыру үшін адамдар жаңа еңбек бөлінісі саласын ойлап тапты. Сөйтіп, бұлар адамдардың ерекше назарына ілігеді, сонымен қатар қызметке тағайындап, сенім білдірген адамдардың да ойынан шықпайды және олар өз алдына дербестігін сақтап қалады. Сайып келгенде, марксистердің пікірі бойынша, материалдық өндіріс саласының негізінде ерекше қызметтер атқаратын әлеуметтік, саяси және рухани салалар пайда болады. Алайда, жоғарыда атап өтілгендей, қоғамдық өмірді түсіндіруде марксизмге детерминистік көзқарас тән.

Функционализм идеясы - көбіне-көп англо-американ әлеуметтанушыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г. Спенсер (1820—1903) өзінің үш томдық "Әлеуметтану негіздері" еңбегінде белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар А. Радклиф-Браун, Т. Парсонс дамыта түсті.

Г. Спенсердің әлеуметтануға функционалдық тұрғыдан қарауының негізгі принциптеріне қысқаша тоқталайық.

Қоғамға жүйелілік түрғыдан қарауды жақтаушылар сияқты функцияшылдар қоғамға тұтастық күйде қарап, оны экономикалық, саяси, әскери, діни, тағы басқа көптеген бөлімдерден тұратын организм деп есептеді.

Алайда, олар осыған байланысты, әрбір бөлім тек тұтастық шеңберінде ғана өмір сүреді дегенді атап көрсетті, солардың құрамында бола отырып, әрбір бөлім нақтылы, қатаң белгіленген қызмет түрлерін ғана атқарады.

Бөлімдердің қызметтері қашан болмасын әлдебір қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырып отырады. Солардың бәрінің біріккен қызметі қоғамның тұрақтылығын және адамзаттың өсіп-өрбуін қолдауға бағытталған. Қоғамның әрбір бөлімі өзіне тиісті қызметін атқаратыны сияқты, оның қайсыбір бөлімнің қызметінде іркілістер, тоқыраулар, қызметтерінің бір-бірінен ерекшеленетін кездері де кездеспей қалмайды, сөйтіп, өзге бөлімдер үшін бұзылған қызметтерді қайтадан қалпына келтіру ауыр тиеді.

Г. Спенсер әлеуметтік бақылауға үлкен маңыз берді. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік жүйенің тұрақтылықты сақтауының басты себебі, онда бақылау элементтері бар. Бұған саяси басқару, құқық тәртібінің органдары, діни институттар және моральдық нормалар жатады.

Г. Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтік бақылау "тірілердің алдындағы қорқынышқа" және "өлілердің алдындағы қорқынышқа" арқа сүйейді. "Тірілердің алдындағы қорқыныш" мемлекетті қалыптастырып, орнықтырады, "өлілер алдындағы қорқыныш" шіркеуді дүниеге келтірді. Қоғамның тұтастығын сақтаудың басты шарты - қоғамдағы қабылданған жүйенің құндылықтарын қалың бұқараның мойындауы. Г. Спенсер дәлелдеген әлеуметтанудағы функционализм Р. Мертон еңбектерінде терең зерттеле отырып дамытылды. Р. Мертон оның тұжырымдамасына бірқатар анықтамалықтар енгізді:

1. Өзі бір ғана құбылыс бола тұрғанымен де, әр түрлі қызметтер атқаруы мүмкін, сондай-ақ керісінше бір ғана қызмет түрінің өзі әр түрлі құбылыстарда да қолданылады.

2. Р. Мертон дисфункция ұғымын енгізді, яғни оған бүлдіруші қызмет деген мағына береді. Ол бірқатар элементтер бір жүйелі қатынаста функционалды болуы мүмкін және басқа жүйеге қатынас кезінде дисфункционалды болуы ықтимал деген қорытынды жасады.

3. Р. Мертон айқын және көзден таса жасырын латентті қызметтер арасындағы айырмашылықтарды белгіледі. Айқын қызмет - саналы әрекеттен туындаған қызмет. Латенттік қызмет әрекет етуші адамның қажетті амалды табуды ойламауының нәтижесі.

Т. Парсонстың құрылымдық-функционализм көзқарасы функционализм әдістемелігі дамуының маңызды кезеңі деп сипатталады. Парсонстың пікірі бойынша, кез-келген коғамдык жүйенің екі негізгі бағдары бар, оларды "бағдардың білігі" (ось) деп атаған. Бірінші білік ішкі-сыртқы білік деп аталады. Бұл дегеніміз кез-келген жүйе қандай да болмасын өзін қоршаған ортадағы оқиғаға бағытталады, немесе өзінің проблемаларындағы оқиғаларды қамтиды. Екінші білік - инструменталды консумоторлық. Бұл -жүйе бағдарының қандай да болмасын белгілі бір сәттілікке немесе ұзақ мерзімдегі қажеттілік пен бір мақсаттарға бағытталуы.

Бұл біліктерден 4 негізгі функционалдық категориялар пайда болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция, құрылымды жаңадан ұдайы өндіру. Әлеуметтік жүйенің бұл қызметтері, Парсонстың пікірі бойынша, әр түрлі жүйешелермен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жүйенің ішінде бейімделу қызметін экономикалық жүйеше, мақсатқа жету қызметін - саяси жүйеше, интеграция қызметін - қүқық институттары мен әдет-ғұрыптар, құрылымды жаңадан өндіру қызметін - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру органдары қамтамасыз етеді.

Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Алайда, басқа әдістемелікті жақтаушы әлеуметтанушылар функционолизмнің 3 басты кемшіліктерін атап көрсетеді: 1) қоғамды зерттеу тарихи тұрғыдан қараудан тыс болуы керек. Қоғам функционализмде динамикалық дамудан бөлек, статикалық тұрғыдан қарастырылады; 2) шиеленістерді жазып талдауда қабілетсіздік көрсетеді, әлеуметтік шиеленістері қат-қабат қазіргі тандағы мәселелерді шешуде қабілетсіз болып отыр; 3) әлеуметтікте жеке адамды толық қамтып көрсете алмайды1.

Функционализмге сын айтушылардың қатарында индивидуализм әдістемелігінің өкілдері Дж. Хоманс, Джон Линд, Г. Блумер, тағы басқалар бар. Олар функционализмнің орнына индивидуализм әдістемесін ұсынады. Индивидуализм әдістемелігінің негізгі идеясы мынаған саяды: кез-келген әлеуметтік құбылыс, сонымен қатар қоғамдық өмір индивидуалдық іс-әрекет жиынтығы арқылы түсіндірілуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтану ғылымының бірден-бір міндеті жеке адам қимылының нақты әрекеті дегеніміз не және индивидуалдық іс-әрекеттер жиынтығы дегеніміз не деген сауалдарды түсіндіру.

Индивидуализм өкілдерінің көзқарасы бойынша іс-әрекет схемасы мынандай элементтерден тұрады:

- іс-әрекет етуші, яғни жеке адам немесе топ;

- жағдайға қатыстырылуы, тартылуы белгілі бір зорлық-зомбылық көрсетудің болуымен сипатталады;

- іс-әрекет арқылы қайсыбір мақсатка жетуді көздеу;

- мақсатқа жету үшін ресурстарға манипуляция жасау;

- нақтылы белгіленген мінез-құлық.

Индивидуаддық іс-әрекет дегеніміз не? Бұл құбылысты бірнеше әлеуметтік өзара қарым-катынас жасау жөніндегі әрекет теориялары түсіндіреді. Мұндай теорияның бірі - әлеуметтік айырбас теориясы. Оны американ әлеуметтанушысы Дж. Хоманс тұжырымдады. Джордж Хоманс ақы төлеу және шығын шығарту арқылы адамдардың мінез-құлқына ықпал ету принципіне арқа сүйейді. Ол өз теориясының мынадай ережелерін белгілейді:

1) мінез-қүлыққа неғұрлым жиі ақы төленіп, сыйлық берілсе, со-ғұрлым ол жиі қайталанатын болады;

2) өткендегі ақы төлеу белгілі бір жағдайға байланысты болса, адамдар сондай жағдайды қайталауға тырысады;

3) аз ғана сый-сияпаттан гөрі ақы төлеудің мөлшері анағұрлым үлкен болса, онда адамдар оны алу үшін артығымен оның өтемін қайтаруға барады;

4) егерде адамның қажеттілігі толығырақ қанағаттандырылатын болса, онда адам оны қанағаттандыру үшін аз ғана күш жұмсайды.

Джордж Хоманс теориясының тағы бір түрі - әділ айырбас теориясы. Бұл теорияны қалыптастырғандар Джон Адамс, Дж. Уолстер және тағы басқалар. Бұл теория да сипаттауды керек етпейтін жорамал жүйесіне (постулат) негізделген:

1) индивидтер қашан болмасын барынша пайда табуға тырысады, бұл адамның өзімшілдік табиғатынан туындайды;

2) топтар индивидтерге шек қоя отырып және "әділ" қатынастар орнатуды талап ету арқылы ұжымдық пайданы арттырады;

3) индивидтер өздерінің "әділетсіз" ауыр қабылдағанқатынастарға қатысын анықтаған соң психологиялық ыңғайсыздыққа түседі;

4)"әділетсіздікті" адам неғұрлым сезінетін болса, оның психологиялық ыңғайсыздығы да соғұрлым артады және "әділеттілік" қатынастарды орнатуға деген талпыныстары үдей түсетін болады1.

Сайып келгенде, бұл теорияда "әділеттілік қатынастар" категориясы назар аударарлық болып тұр, өзара әрекетке қатысушылардың пропорционалды үлесі және нәтижесі әлеуметтік қатынастарды анықтайды. Осы теорияны жақтаушылар әлеуметтік әділеттілікке жетуде индивидтер мен топтарды ынталандыру басты, негізгі мәселе деп санайды. Келесі бір теория - индивидуализм әдістемелігіне негізделген символдық интеракционизм болып табылады. Оның аса көрнекті өкілдері - Джордж Мид пен Герберт Блумер. Джордж Мид индивидтің мінез-құлқы басқа адамның мінез-құлқына қайтарған реакциясы деген ілімді ұсынды. Адамзат маңызды объектілер дүниесінде өмір сүреді. Маңыздылық тек әлеуметтік өзара әрекет процесінде ғана пайда болады. Әр түрлі әлеуметтік топтар дүниені жасап орнатады, дүниені құрайтын объектілердің өз маңыздылығын өзгертуіне орай бұл дүниелер де өзгереді.

Символдық интеракционизмге сәйкес, индивидтер арасындағы өзара әрекет үздіксіз диалог ретінде көрінеді, бұл процесте адамдар бір-бірінің ниетін бақылайды, түсіндіреді және оған жауап қайтарады.

Ынталандыруды түсіндіру дегеніміз - ынталандырудың символмен байланыс орнатуы және осы символды пайымдау негізінде жауап реакциясын таңдау болып табылады. Әлеуметтік байланыс, коммуникация орнату мүмкіндігі адамдардың сол символға бірдей маңыз беруіне орай қалыптасады. Джордж Мидтің пікірі бойынша, әлеуметтік "мен" мағынасы екі жақты болады: өзіндік "мен" және "біздер". Өзіндік "мен" - бұл индивидуалдық сана. "Біз"- бұл басқа адамдар алдындағы индивидуалдық сана. "Менің" және "біздің" арасында тұрақты диалог болады. "Мен" өз іс-әрекетін іштей "бізді" итеру арқылы бағалайды. Сайып келгенде, қоғам іштей "мен" іспетті болады. Әлеуметтік "мен" индивидтер арасындағы өзара қарым-қатынастар процесі жиынтығымен тұжырымдалады.

Қайсыбір тұлғаның жауап реакциясының, қызмет тәсілдерінің, символдық мазмұнының көп болуы ол қатысатын өзара әрекеттер жүйесінің көп түрлілігіне де байланысты болады.

Дегенмен, қоғамның не екенін, оның қалыптасу механизмдерінің қандай екенін және қалай өмір сүретінін (функционирования) түсіндіруде бірін-бірі әрдайым мойындай бермейтін, тіптен қарама-қайшылықта болып келетін методологиялық тұрғыдағы сараптау әдісі әлі де сақталып отыр. Бірақ бұл тұжырымдамалардың кез-келгені қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыруда аса маңызды.

Сайып келгенде, қоғам дегеніміз - бұл адамдардың бүкіл негізгі қажеттіліктерін, өзін-өзі реттеуді, ұдайы өсіп-өніп отыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекеттерді ұйымдастырудың әмбебап тәсілі. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, нығаюымен, бүл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше институттардың, нормалардың қалыптасуымен пайда болады. Зерттеушілер қоғамның жүйелілік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін және даму заңдарын да анықтайды.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги