рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Қоғамда Бар Саяси Институттардың Жиынтығы Оның ...

Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттармен ғана шектеліп қоймайды. Саяси функцияларды тек «таза саяси» мекемелер мен ұйымдар ғана атқармайды. Оларды көптеген қоғамдық ұйымдар, соның ішінде кәсіподақ, жастар, ардагерлер және т.б. ұйымдар сондай-ақ жазушыларды, суретшілерді, сазгерлерді, кинематографистерді, журналистерді және сол сияқтыларды біріктіретін ұйымдар да атқарады. Бұл ұйымдардың әрқайсысы қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың және жіктердің мүдделерін білдіреді әрі қорғайды. Осымен байланысты олар да қоғамдағы саяси жүйенің белгілі бір буынын құрайды.

Сайып келгенде, коғамның саяси жүйесі мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Өйткені олардың қызметі саяси сипат алған, яғни олардың қызметі белгілі бір таптардың, басқа да әлеуметтік топтардың, сондай-ақ ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделерін іс жүзіне асыруға бағытталған. Бұл мекемелер мен ұйымдар азды-көпті біртұтас саяси жүйе құрып, өзара байланысқан және өзара әрекет етеді.

Аталмыш жүйенің негізгі функцияларына әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың арасындағы, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы кең көлемдегі саяси қатынастардың жиынтығын реттеу жатады. Осы қатынастардың шеңберінде барлық әлеуметтік субъектілердің қызметі, олардың өз саяси мүдделері үшін күресі, саяси қарсыластығы мен ынтымақтастығы іске асады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- мемлекет органдары, оның заң шығарушы және атқарушы бөліктері;

- әскер;

- құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

- мемлекеттікарбитраж;

- саяси партиялар,

- саяси қозғалыстар;

- қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, жастар, шығармашылық, т.б. сол сияқты ұйымдар). Бұлардың қызметі белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асырумен байланысты болады. Сондықтан белгілі дәрежеде саяси сипатқа ие болады.

Қоғамның саяси жүйесінің бүкіл осы элементтері экономикалық қатынастардың негізінде пайда болып, өмір сүретін қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымын тікелей немесе жанама көрсетеді. Қоғамның саяси жүйесі өзіне тән әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық қатынастардың бүкіл жиынтығының ықпалымен дамиды және ол аталған қатынастарға елеулі әсер етеді. Бұл ықпал күші осы саяси жүйені жетілдіруге байланысты, сондай-ақ қоғам өмірінің өзге де жақтары оның қалыптастырған өзара әрекет механизміне де тәуелді. Әлбетте, бұл өзара әрекеттер көбіне көп объективті факторлармен, ең алдымен қоғам дамуының объективті заңдарымен анықталады. Бірақ бұл жерде субъективті фактор да біршама рөл атқарады, соның ішінде саяси және мемлекет қайраткерлерінің қоғам дамуындағы объективтік жағдайлардың маңызын, әр түрлі әлеуметтік күштердің шынайы мүдделерін түсінуі мен санасу іскерлігін айтуға болады және бұдан саяси жүйенің өмір сүруі мен дамуы, оның қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер ету тиімділігін арттыру проблемаларын шешу келіп шығады.

Мемлекет - қоғамдық саяси жүйенің негізгі элементі. Бұл кездейсоқ емес, өйткені саяси қатынастардағы ең басты мәселе билік туралы мәселе, ал ол ең алдымен мемлекеттік мәселе. Осы биліктің тетіктерін қолдана отырып, мемлекеттік органдар қоғамның саяси жүйесінің бүкіл басқа да буындарына шешуші ықпал жасайды. Мемлекет ең алдымен заң шығарушы, атқарушы және сот аппараты ретінде көрінеді. Ал олардың биліктері қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік-таптық күштердің қолында болады. Мемлекеттік аппарат билігінің көмегімен осы күштер қоғамда өздерінің саяси үстемдігін орнықтырады және өз ырқын тек қана саяси салада ғана емес, әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік, басқа қоғамдық қатынастарда да жүзеге асырады.

Қоғамның таптарға бөлінуінің нәтижесінде мемлекет пайда болды. Бұл ережені әр түрлі бағыттағы бүгінгі әлеуметтанушылар мойындап отыр. Қоғамның мемлекеттік ұйымдары бастапқыда қоғамның алғашқы мемлекеттік емес ұйымдарынан біраз мәнді белгілері бойынша ерекшеленді. Олардың негізгілері:

- биліктің пайда болуы, ол өзін бүкіл қоғаммен теңестірмеді, яғни бір адам басқа адамдарға билік етті;

- халықтың аумақтық бөлінуі, бұдан кейін қандастық байланыстар есептелмеді;

- өнімді еңбекпен айналыспайтын, басқаруды кәсіпке айналдырған адам топтары қалыптасты, яғни мемлекеттік аппарат пайда болды;

- әр түрлі салықтар шықты.

Билеуші әлеуметтік күштер әрдайым мемлекетті барлық азаматтардың мүдделерін қорғайтын орган есебінде көрсетуге тырысты және оны бүкіл қоғамның тұрақтылығын сақтайтын факторы ретінде дәріптеп бақты. Бұл белгілі деңгейге дейін шындыққа сай келеді, дәлірек айтқанда, бұл күштердің мүдделері өзге таптар мен халық жіктерінін мүдделерімен сәйкес келгенге дейін. Егер де олардың мүдделері қайшы келсе, онда билеуші күштер ең алдымен өз мүдделерін қоғамның бүкіл қалған мүшелеріне таңып, іске асыруға тырысады. Ол үшін билеуші күштер өз мүдделерін сол елдің бүкіл халқының, бүкіл ұлттың немесе көп ұлтты қоғамның мүддесі етіп көрсетеді. Сөз жоқ, бұл билеуші күштер өз билігін басқа саяси күштермен ымыраға келу жолымен де орнатуы мүмкін.

Мемлекеттің мәні мен негізгі қызметі оның функцияларынан байқалады. Бұл функцияларға мыналар жатады:

- қоғамда қайсыбір әлеуметтік-таптық күштердің үстемдігін қамтамасыз ету;

- сыртқы жаулардан елді қорғау;

- елдің экономикасының дамуына қандай да болсын ықпал жасау;

- рухани мәдениет пен идеологияны дамыту;

- өзге елдермен сыртқы (елшілік, сауда, өнер, т.б.) байланыстар орнату.

Аталмыш функциялардан басқа да мемлекеттің атқаратын міндеттері

бар. Мемлекет ұлттық интеграцияның маңызды құралы ретінде көрінетіндіктен ұлтты қалыптастыру және ұлттық қатынастарды реттеуші функциясын, сонымен қатар қоғам өміріндегі әлеуметтік саланың және халықты әлеуметтік қорғаудың көптеген проблемаларын шешуге байланысты әлеуметтік функция да атқарады.

Әлбетте, мемлекеттің осы функцияларын тек қана таптық тұрғыдан түсіндіру дұрыс болмас еді. Мемлекеттің көптеген әрекеті бүкіл халықтың немесе қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің мүддесі үшін жасалады. Бұл ең алдымен елді қорғау, мемлекеттік деңгейде экологиялық проблемаларды шешу, ұлттық салт-дәстүрлерді және мәдениетті дамыту, т.с.с. қатысты болып отыр. Сонымен бірге оның әрбір функциясының шеңберінде мемлекеттің таптық және жалпы әлеуметтік мәселелерінің өзара араласуы орын алады.

Мемлекеттің құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік, тарихи типтерін ерекше бөліп айтуға болады. Мұндай бөлуге қоғамның сипаты негіз болды, соның шеңберінде мемлекет қызмет атқарады. Мемлекеттің әрбір типі өзіне сай мемлекеттік басқару формалары арқылы көрінеді. Ал мемлекетті басқару формалары мемлекеттік билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі болып саналады. Айталық, мемлекеттің құл иеленушілік типі деспоттық шығыстық монархия, аристократия және демократиялық республика формасында; феодалдық - сословиелік-өкілдік және шексіз монархия формасында; капиталистік - парламенттік және президенттік республика немесе конституциялық монархия формасында; мемлекеттің социалистік типі - социалистік республика формасында көрінді. Мемлекеттің формалары қандай да болсын қоғам дамуының тарихи жағдайларымен, ұлттық салт-дәстүрмен анықталады, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік, таптық күштердің ара салмағы, қайсыбір партиялардың рөлі, тіптен жетекші мемлекет қайраткерлерінің рөлі сияқты факторлармен де айқындалады.

Қазіргі кезде көпшілік азаматтардың мүддесіне сай, қоғамда жүріп жатқан процестерге мемлекеттік билік органдарының ықпал ету тиімділігін арттыруға бағытталған қызметін жетілдіру туралы мәселе аса өткір қойылып жүр. Ол үшін сол билік органдарының біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттыру, басшылық стилін жетілдіру және қоғамды басқару ісінің барлық деңгейінде бюрократиялық әдістерді қолдануды шектеу талап етіледі. Ең бастысы бүкіл мемлекет органдары қызметінде шынайы демократизмді дамыту болып табылады. Сонда ғана олар елдің ең үлкен жіктерінің мүддесін іс жүзінде қорғай алатын болады. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өзара әрекеттерін жетілдіру қажет, сонымен қатар бұдан басқа қоғамда төртінші билік деп айтылып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын демократияландыру деңгейін арттыру керек, сонымен бірге азаматтардың өмірін, ар-ожданы мен абыройын, олардың мүліктік және саяси құқын қорғауға арналған құқық қорғау органдарының жұмысын жақсартқан жөн, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де буындарының жұмысын дұрыс жолға қою қажет.

Бүгінде Қазақстанда бірнеше саяси партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Бұл саяси плюрализмнің әлеуметтік-экономикалық базасын дамытуға негізделген, көп укладты экономика қалылтастырған, өздерінің еңбегін жеке меншік секторымен, бірлескен кәсіпорындармен, кооперацияның жаңа формаларымен, т.с.с. байланыстырған жаңа әлеуметтік топтарды дүниеге келтірді. Елдің социалистік жолмен дамуын қолдайтын қоғамдағы жіктер де өз партиялары мен козғалыстарын құрды.

Қазіргі Қазақстан қоғамында экономика мен әлеуметтік-саяси салада әр түрлі бағыттардың күресі оның саяси жүйесінің, тыныс-тіршілігіне сөзсіз әсер етеді.

Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру мен құқықтық мемлекет үшін күрес жағдайында коғамдағы жоғары билік заңға бағынады, барлық саяси күштер өз бағдарламаларын жариялауға және оларды жүзеге асыру үшін күресуге құқы бар. Осындай жағдайда қоғамның прогресивті саяси күштері саяси жүйенің басты буындары қызметінің тиімділігін арттыру үшін күресуде. Сол буындар негізінде Қазақстанда көпшілік халықтың мүддесіне сай келетін шынайы демократияланған саяси-мемлекеттік құрылыс құруға қол жеткізуге болады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері ретінде мемлекетпен қатар саяси партиялар да қоғам дамуында маңызды роль аткарады.

Кейбір саяси партиялар әлеуметтік козғалыстан тікелей пайда болады. Дәл осындай жолмен жұмысшы қозғалысынан жұмысшы партиялары, ұлт-азаттық қозғалыстан ұлттық-демократиялық, экологиялық қозғалыстан жасылдар партиялары және т.б. партиялар өмірге келді. Ал келесі бір партиялар қоғамдық ұйымдардың трансформациялануымен құрылды. XX ғасырдың басында ағылшын тредюнионы парламентке жұмысшыларды ұсынатын комитет құрған еді, сол комитет кейін лейбористік партияға айналды. Жалпы партиялардың құрылуының неғізгі үш жолы бар: «жоғарыдан», «төменнен», «құрама» тәсілмен. Партияны «жоғарыдан» қалыптастыру жолы парламенттік топтардың, саяси элиталардың, қысым жасау топтарының, партиялық бюрократтардың негізінде жүзеге асады.

«Төменгі» жолды қоғамдық қозғалыстардан туындаған, немесе нақты бір идеологияны, лидерді қолдаушыларды біріктірген партиялар өтеді. «Құрама» тәсілмен партиялар элитарлық топтар мен қарапайым азаматтардың күштерін біріктіру негізінде құрылады. Ғылыми әдебиеттерде саяси партиялардың табиғаты мен мәні жөнінде әр түрлі түсініктеме берілген.

Гоббс партияны адамның қарама-қайшы рухының табиғи көрінісі десе, Макиавелли, Моска оның мәнін «саясилықтан» немесе Юм, Михельс, Дюверже «партиялықтан», Маркс пен Ленин әлеуметтік-таптық құрамынан іздестірді. Саяси партиялардың мәнін бір жақты анықтау мүмкін емес, өйткені олар көптеген сипаттамаларды, сонын ішінде психологиялық белгілерді де қамтыған.

Саяси партия дегеніміз - саяси биліктің көмегімен белгілі бір адамдар қауымдастығының мүдделерін қорғау үшін мақсат пен әрекеттің бірлігі негізінде кұрылған адамдардың ерікті одағы. Саяси партиялардың тікелей саяси билікке қатысы бар. Олар оны жеңіп алуға немесе оған ыкпал етуге күшін салады. Саяси партиялар ішкі ұйымдасу қабілетімен де ерекшеленеді. Олардың кейбіреулері мүшелікті есепке алып бекітеді. Өздерінің ішкі өмірін жарғымен, нұсқаулармен реттеп отырады. Партиялық құрылым лидерлерден, партиялық бюрократиядан, идеологтардан, партия активтерінен және қатардағы мүшелерден құрылған. Партия өзінін саяси әрекет ету бағдарламасының, сонымен қатар белгілі бағыт-бағдарлы идеологиялық жүйесінін болуымен ерекшеленеді.

Кез келген партияның саяси қызметі оның атқаратын функиияларымен тікелей байланысты. Олар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың функцияларымен бірдей. Алайда, саяси партиялардың ерекшеліктерін есепке алатын болсақ, онда атқаратын функциялары нақты мазмұнмен толыға түскен. Саяси партия ең алдымен өзінің әлеуметтік базасы болып саналатын әлеуметтік топтар мен жіктердің мүдделерін анықтау, негіздеу және формаға келтіру үшін жұмыс істейді, сол арқылы олардың белсенділігін арттырады. Саяси партия анықталған мүдделерді, оларды іске асыруды қамтамасыз ететін жолдар мен тәсілдерді керсететін өз қызметінің бағдарламасын жасайды, ұстаған доктринасын шығармашылықпен дамытады және анықтаулар енгізеді, бағдарламалық талаптарын және қабылданған платформасын насихаттайды, өзін көпшілік жұрттың қолдауын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қозғалыстармен және ұйымдармен байланыс орнатады.

Партия өзінің басты мақсатын сайлауға дайындық жасау және қатысу жолымен билікті жеңіп алудан, қоғам дамуының бағдарламасын жасаудан көреді. Билеуші партия болуға дайындала отырып, мемлекеттік қызметтерді атқару үшін және қоғамды басқаруға қатысу үшін ол алдын ала лидерлерінен саяси элитаны қалыптастырады.

Билікке келгеннен соң, партия қоғамды дамыту жөніндегі өз бағдарламасын мемлекеттік аппарат арқылы жүзеге асыруға тырысады. Сайлауда жеңіліске ұшыраған немесе оның барысында парламентте көпшілік өкілдікке қол жеткізе алмаған партия үшін парламенттен тыс немесе парламенттік оппозиция ұйымдастыру және келесі сайлауға дайындық жасау маңызды функция болып қалады. Партия әрдайым өз қызметінің материалдық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды, өзге партиялармен, ел ішіндегі және шет елдегі ұйымдармен байланыс орнатады.

Мемлекет пен қоғам арасында аралық рөлді іске асырушы саяси партиялар, сайып келгенде, саяси жүйенің маңызды да белсенді элементі болып табылады. Олар өздерінің мәнісі жағынан мемлекеттік билікті қалыптастырудың, әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың мүдделерін, мемлекеттің нақты саясатына айналдырудың шешуші факторы болды.

Саяси партиялар нақты елдердің әр түрлі тарихи және әлеуметтік-мәдени жағдайларына орай әрекет етеді. Бұл жағдайлар олардың көптүрлі болуына ықпал жасады. Партиялардың қалыптасу негіздері мен мүшелік шарттарына сәйкес олар кадрлық, бүқаралық және қатан орталықтандырылған партиялар типтеріне бөлінген. Кадрлық ұйымда партиялық құрам партия комитеті басшылығымен саясатшылар топтарының төңірегіне бірігеді. Мұнда партияға еркін мүшелік орнатылған, құрамы тұрақсыз болып келеді. Олардың белсенділігі көбіне-көп сайлау кезінде көрінеді және бұл белсенділік сайлаушыларды қолдауды ұйымдастыруға бағытталған. Бұқаралық партиялар - әлдеқайда ұйымдасқан, тәртіпке негізделген, жарғы талабына сай мүшелік орныққан, өз идеологиясын және көзқарастардың біртұтастығын сақтаған саяси ұйым. Катаң орталықтандырылған партияларда идеологияға шешуші маңыз берілген. Оларға қатаң тәртіп, ұйымшылдық, көсемдерді құрмет тұту іспетті сипаттар тән. Ал алға қойған мақсаттары мен әлеуметтік ұстанымдарына орай қимыл әрекеттің практикалық жағына бағыт ұстағандарды патронажды партиялар, өзінің идеялық тазалығын сактау үшін күресушілерді идеологиялық партиялар деп топтастыру да ғылымда орын алған.

Ұйымдасу және функциялық сипаттарына байланысты да саяси партиялар топтасқан. Ондай партиялар төртеу. Авангард типтегі партияларға партия мүшелеріне жоғары талаптар қою, партия ішкі өмірін толық тәртіппен белгілеу, қатаң тәртіпті сақтау және еңбекші бұқарамен күнделікті жұмыс жүргізуге бағыт ұстау тән.

Алайда, мұндай партия билікке келетін болса, онда ол тез арада әкімшілік жүйенің құрамдас бөлігіне айналып кетеді. Сайлау науқанына арналып құрылған партиялар қаражат жинау, кандидаттар ұсыну, оларды қолдау үгітін жүргізумен сипатталады. Әдетте мұндай партиялардың мүшелері, билеттері, жарна төлеу белгіленбейді. Олардың бюджеті ерікті жәрдем беруден және мемлекеттік қаржыландырудан құралады. Парламенттік партиялар алғашқыларға ұқсас, бірақ олардың атқаратын міндеттері парламенттік қызметті де қамтиды. Осымен байланысты олардың тұтас құрылымы, тұрақты жұмыс істейтін басқару органдары қалыптасқан.

Партия-клубтар бұқаралық ұйым болып саналады, оның қатары қайсыбір платформаны ұстанған адамдарды ғана біріктіріп қоймайды, оларды біріктіруде көзқарастардың ортақтығы, мүдделердің, мәдени сұраныстардың бірдейлігі маңызды рөл атқарады. Осындай саяси партияларды топтастырумен қатар, олардың статусын, қоғамның саяси жүйесіндегі орнын ескеретін болсақ, онда олардың бөлінуі «билеуші-оппозициялық» бағыттарда жүреді. Билеуші партия - елдің заң шығарушы органына сайлауда женіске жетудің нәтижесінде үкімет құруға құқылы болған және өзінің мақсаттарына сәйкес қоғам дамуының саяси бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік алған саяси ұйым. Оппозияциялық партия дегеніміз - заң шығарушы органға сайлауда жеңіліске ұшыраған немесе парламентте көпшілік орын ала алмаған және билеуші партияның баламасы ретінде өзінің қызметін бағдарлама, ұстанымдар дайындауға жұмылдырған партия. Ол парламенттен тыс және оның ішінде де әрекет ете береді.

Демократиялық қоғамдарда жеңген және жеңілген партиялар «саяси ойындар» ережесін бұзбай сақтайды, сайлауда партиялар бағдарламаларын көпшілікке танымал етудің басты механизмі мәртебесін қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда жеңіске жеткен партиялар қызметіне кедергі келтірмейді, ал жеңілген партиялар билеуші партиялардың саясатын сынға алады, азаматтардың саяси таңдауын құрметтейді және үкіметке ниеті түзу қарым-катынасын сақтайды.

Қоғамдағы партиялар бір-бірінен, мемлекеттен, басқа да қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерден оңашаланған емес. Олар тұрақты түрде өзара әрекет етеді, белгілі бір жүйені құра отырып, соның шеңберінде партиялардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейі және олардың қоғамды басқаруға қатысуының сипаты ашылады.

Жалпылама алғанда партиялық жүйені бірпартиялы және көппартиялы деп қарастыруға да болады. Бірпартиялық жүйе қоғам үшін қауіпті, өйткені бір өзінің ғана болуы, бәсекеге түсетін өзге партиялардың болмауы оны сөзсіз мемлекетпен біріктіреді, бұқараға мемлекеттік ықпал ету әдістерін қолданатын болады және осы жағдайлар оның партия ретіндегі сенімін жояды.

Көппартиялық жүйе қоғамда бірнеше партияның болуын қалайды. Қоғамда партиялардың саны қанша болса да, заң шығаратын билікке сайлауға қатысу үшін оларға бірдей құқық болуы шарт, сонымен қатар партиялардың және мемлекеттің функциялары бір-бірінен бөлек болуы керек. Көппартиялық қоғам үшін тиімді, өйткені партиялар билікке келудің өркениетті механизмдерін меңгерген, ал олардың бәсекелестігі арқылы қоғам дамуының балама нұсқаларын ұсыну қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, көппартиялық жүйе саяси мәдениетті, қоғамның моралін маңызды сынау болып саналады. Сондықтан бірнеше партияның өмір сүруі құқықтық мемлекет жағдайында ғана іске асатын болады.

Қазіргі Батыс қоғамының көппартиялық жүйесінде атқарушы билік туралы мәселені шешу үшін партиялардың өзара әрекет етуінің бірнеше нақты механизмдері жасалған. Бұл механизмдер бірнеше, атап айтқанда, коалициялық, доминациялық, және бипартиялық (екіпартиялық) укладтарды қамтыған. Коалициялық уклад сайлауда жеңген партиялардың бірде-біреуі парламентте - заң шығарушы билік органдарында көпшілік орын ала алмаған жағдайда колданылады. Осының салдарынан жеңген партиялар бірігуге мәжбүр болады және коалициялық үкімет кұрады.Алайда, мұндай үкімет тұрақсыз болады, өйткені оның құрамына енген саяси күштердің өкілдерінің қарама-қайшылыққа толы мүдделерін қорғайды. Бұл үкімет келесі дағдарысқа дейін ғана өмір сүреді. Содан кейін жаңа сайлау өтеді, мұнда да сайлау күресіне қатысушы көппартиялардың бірде-біреуі дауыстардың бөлініп кетуінен салмақпен басым түсе алмайды. Дәл осындай уклад Италия, Бельгия, Голландия, Дания секілді елдерде әрекет етеді.

Доминация уклады (немесе көппартиялық жүйе монопольді билеуші партиясымен) парламентте басым көпшілік бір партияға жататын кезде ғана колданылады, сондықтан да ол бірпартиялық үкімет құрады. Мұндай жағдайда билеуші партия өзінің таптық және жалпыұлттық мүдделерді қорғау қабілетін көрсетумен, күшті идеологиялық ықпал жасаумен қатар, партиялық жүйеде үстем орынға ие болады. Әдетте қоғамда күшті және топтасқан оппозиция болмаған жағдайда басым партия ұзақ уакыт бойы (25 және одан да көп жылдар) үстемдік етеді. Дәл осындай уклад Швецияда қалыптасқан, мұнда социал-демократтар ұзақ уакыт бойы басым партия ретінде болды, осындай жағдай Жапонияның либерал-демократиялық партиясының басында болған еді. Екіпартиялық укладта саяси аренада бірін-бірі билікте алмастырып отыратын екі негізгі партияның үстемдік монополиясы орнайды. Бұл осы укладтың сипатты белгісі болып саналмады. Олардың бірі билеуші де, екіншісі оппозициялық партия. Олар уақыты келгенде орын алмастырады. Қоспартиялық укладта салыстырмалы түрде тұрақты үкімет құрылады. Мұндай үкімет тұсында жаңа партиялар құруға көптеген қиыншылықтар туады, үстем етуші партиялардан басқа партиялардың қызметіне кедергі келтіріледі. Екіпартиялық укладтың классикалық үлгісіне буржуазиялық (мысалы, АҚШ-тың демократиялық және республикалық), немесе буржуазиялық және социал-демократиялық (Ұлыбританиядағы консервативтік және лейбористік партиялар) партиялар кұрылған жүйе жатады. Екіпартиялық укладтың бір түрі модифицияланған уклад деп аталады. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Үкімет құруға қабілетті және бәсекеге түскен екі партияның бірде-біреуі парламентте көпшілік орынға ие бола алмаса, оның бірі заң шығарушы органда түрақты өкілі бар, саны жағынан аз үшінші бір партиямен коалицияға түседі.

Мұндай реттеуші рөлін атқаратын үшінші партияның қатарына Германиядағы еркін демократтар партиясы жатады. Онымен кейде СДПГ, бірде ХДС/ХСС блок құрады. Австралияда аграрлық және либералдық партиялар лейбористік партияға қарсы одақ құру тәжірибесі сақталған. Кез-келген саяси әрекеттер мен адамдардың өзара әрекеттері саяси сананың ықпалымен жасалады, бұлардан әрқилы саяси процестер қалыптасады. Оның саясилығы ең алдымен мазмұнға байланысты. Саяси сананы құрайтын сезім, көңіл-күй, идеялар мен теориялар адамдардың өмірдегі саяси және мемлекеттік құрылысқа, саяси билікке, ұлттық саяси проблемаларға, сонымен қатар азаматтардың саяси құқығы мен бостандықтарына көзқарасынан көрінеді. Таптардың, әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың әрбір саяси әрекетінде саяси сананың қайсыбір компонеттері болады. Саяси көңіл-күй, көзқарастар, қисындар, мақсаттар адамдар әрекетіне түрткі болады, оның мазмұны мен бағыттын айқындайды. Саяси сана бүкіл саяси институттардың, саяси жүйенің басқа да элементтерінің қызметіне еніп, орнығады. Ол қоғамдық-саяси өмірдің, субъективтік жақтарын бейнелейді.

Саяси сана мейлінше күрделі рухани түзілім. Ол алуан түрлі күй мен деңгейлер арқылы көрінеді. Әлеуметтанушылар саяси сананың деңгейлері туралы айтқанда, олар әдеттегі және теориялық сананың көрінуін айтады. Саяси сананың ерекшелікті көрінісі ретінде саяси психология және саяси идеология алға шығады. Енді соларға қысқаша сипаттама берелік. Адамдардың әдеттегі (қарапайым) саяси санасы - адамдардың, болып жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы тұрмыстық түсінігі көбінесе ғылыми білімге негізделмеген таза ойша жорамалдаушылық пен пайымдаушылыққа саяды. Олар адамдардың күнделікті іс-тәжірибесінің ықпалымен қалыптасады. Ал олардың күнделікті іс-тәжірибесі адамдардың әр түрлі саяси оқиғаларға кезігуінен, осы оқиғалардан алатын жеке әсерінен, адамдар арасында өзара пікір алмасу барысында және ең соңында, алуан түрлі насихаттың ықпалымен, яғни саяси жарнамалардан бастап теледидар, радио, баспасөз арқылы бұқараға ықпал жасаудан жиналады.

Адамдардың әдеттегі саяси санасы — көбіне-көп олардын ағымдағы саяси оқиғалар туралы көпшілігінде толық емес және таяз, осы окиғалардың себептері мен заңдылықтарының байланыстарын қамтыған, олардың даму тенденцияларын елемеуден пайда болған түсінігі. Әдеттегі саяси санада саяси шындықты дұрыс көрсететін элементтердің болуына қарамастан, бұл санаға біршама саяси алданышты елестер сіңген, қайсыбір саяси құбылыстар жөнінде қате түсініктер орныққан, соның ішінде қоғамдағы әр түрлі саяси күштердің арасалмағы туралы, әр түрлі саяси партиялардың қызметтерінің шындыққа жақындығы, олардың көсемдерінің шын мақсаттары туралы және сол сияқтылар жөнінде жалған ұғымдар қалыптасқан.

Саяси өмірдің тең даму заңдары туралы білімі болмағандықтан қоғам мүшелерінің басым көпшілігі қарапайым саяси сана деңгейінде ойлайды. Әлбетте, білім және мәдени деңгейлері әр түрлі адамдардың саяси саналарының даму деңгейі де әр түрлі. Олардың кейбіреулері саяси ойлауда ауқымдылық пен икемділік танытса, басқалары мұндайға қабілетсіз яғни бұлардың саяси ойлары тар өрісті, жартыкеш келеді, сондықтан да көбіне өзгере бермейтін қасаң көзқарастарды ұстанады. Калай десек те, саяси шындықтың даму заңдары біліміне сүйенбегендіктен бұл екі жағдай олардың әдеттегі саяси санасын көрсетеді.

Адамдардың теориялық саяси санасының әдеттегі саяси санасынан айырмашылығы бар. Теориялық саяси сана көбінесе олардың ғылыми дәлелденген небір саяси идеялары мен көзқарастарының жүйесі ретінде байқалады. Әрине, қайсыбір саяси процестерді ғылыми түсіндірудің өзі әр түрлі теңдікте және негізділікте болуы мүмкін. Сонымен бірге саяси теория атаулының бәрі бірдей шынайы ғылыми да бола алмайды. Дегенмен, теориялық, саяси сана өзінің табиғатынан қарапайым пайымдаулардан көп алда болады, саяси құбылыстардың өзара терең байланыстарын ашуға тырысады.

Теориялық саяси сана деңгейінде әртүрлі саяси күштердің әлеуметтік табиғаты пайымдалады, ең алдымен таптар мен саяси партиялардың, соңғының объективті саяси мүдделері оларды тікелей саяси іс-қимылға бағыттайды. Ақырында, теориялық сараптаудың арқасында қайсыбір субъектілердің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің алатын орны туралы және бұл қатынастар шеңберінде өзін баянды ету мүмкіндігі жөнінде аса анық түсінігі болады.

Әрине, кез-келген адам саяси процестер мен олардың заңды байланыстарын тереңірек ұғынуға жол ашатын саяси теориялар деңгейінде ойлай алмайтыны анық. Ол үшін соған сай білім қажет. Қазіргі кезде саяси құбылыстар туралы қарапайым сана немесе саяси қиялдар деңгейінде ойлайтын адамдар аз емес. Соған қарамастан ғылыми саяси сананың қалыптасуы барған сайын көптеген адамдарды қамтуда. Мұны бүгінгі өмірдің өзі талап етіп отыр. Жүріп жатқан саяси процестердің мәнін түсіну, оған бейімделу және оларға сауатты ықпал жасау қажеттігі туып отыр. Саяси мүдделерін жүзеге асыруды көздейтін көптеген әлеуметтік топтар мұндай мақсатты өз алдарына қояды. Осындай жағдайда саясат әлеуметтануының маңызы артады, бұл заңды да.

Саяси психология бұқара халықтың саяси санасының маңызды көрінісі болып табылады. Ол саяси шындық пен оған деген көзқарасты жете түсінудің тұтастығы ретінде көрінеді. Осыған орай адамдардың нендей бір ұғыну деңгейін көрсететін олардың саяси құбылыстар туралы түсінігі ғана оның компоненттері болып қана қоймайды, сонымен бірге әрекеттің саяси себептері мен қисындары, неге де болса саналы саяси мүдделілік, қандай да бір саяси әрекеттерді іске асырумен байланысы бар саяси мақсаттар да психология компоненттері қатарына жатады.

Саяси психологияның бүкіл осы көріністері саяси шындық жөніндегі белгілі бір пайымдауды өзіне ендіреді, сонымен бірге қайсыбір әлеуметтік-саяси топтардың, партиялардың және жекелеген тұлғалардың нақты саяси іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын көрсетеді.

Саяси психология кейде қалың бұқараның нендей бір саяси санасының жай-күйі ретінде, таптардың, ұлттар мен халықтардың психологиялық түрі ретінде сипатталады.

Оның көрінісіне аталмыш субъектілердің мол саяси сезімдері мен көңіл-күйлері жатады. Бұл саяси сананың эмоционалдық жағын құрайды. Бірақ саяси психология сонымен бірге өзіне белгілі бір интеллектуалдық әлеуметті, яғни саяси шындық жөніндегі мейлінше тереңірек пайымдауды сіңіреді. Бұл пайымдау қарапайым сана деңгейінен анағұрлым терең болуы мүмкін. Бұл өзіне жүйеленбеген жекелеген ғылыми түсініктер мен ұғымдарды қоса алады. Мұның бәрі субъектілердің, тіптен таптың, ұлттың немесе тұтас қоғамның қайсыбір саяси себеп-салдарында, парасатты ақыл-ойында, мақсаттары мен сенімдерінде қабысады.

Түптеп келгенде, саяси психология субъектілердің саяси эмоциясының, көңіл-күйінің, ақыл-ойының және ерік-жігерінің бейне бір мәйегі ретінде көрінеді. Ол бұқаралық сананың бүкіл салаларын қамтиды, сондықтан да ол аса қозғаушы және жұмылдырушы күшке ие болады. Саяси партиялар мен қозғалыстардың кең және терең ойлайтын көсемдері мен жетекшілері бұқараның саяси көңіл-күйін, олардың саяси санасының бағыт-бағдарын әрдайым есепке алып келуі де және ала да беретіні кездейсоқ нәрсе емес. Бұқараның саяси психологиясын, олардың саяси көңіл-күйін есепке алу аса көкейкесті міндеттердің қатарына жатады. Бұл мемлекеттің, саяси партиялардың, әрине, әлеуметтанушылардың қызмет процесінде шешілуге тиіс.

Саяси идеология таптар, ұлттар, саяси партиялар және басқа да саяси күштердің мүдделері арқылы көрінетін саяси шындықтың теория түрінде бейнеленуі болып табылады. Ол белгілі бір саяси теориялардан немесе олардың жиынтығынан құрылады. Бұл да саяси психология сияқты саяси шындықты түсіну деңгейін және оның қайта құруға бағытталуын, саяси қатынастар жүйесіндегі қайсыбір субъектілердің жағдайын нығайтуды білдіреді.

Саяси идеология әлеуметтік-таптық сипатта болады. Бұл фактіден ешкім ешқайда кете алмайды, тек оны мойындау керек. Саяси идеологияның әлеуметтік-таптық сипатта болуы ол әрдайым таптық күреске шақыруға тиіс дегенді білдірмейді. Мұндай тар таптық догмалық тұрғыдан қарау тіптен де орынсыз. Идеология, соның ішінде саяси идеология әр түрлі әлеуметтік-таптық күштерді ымыраға келуге, ынтымақтастық орнатуға бағыттай алады. Бірақ та кез келген жағдайда саяси идеология -объективтік әлеуметтік-таптық мүдделердің теориялық көрінісі. Мұны саяси психологияға да айтуға болар еді. Бірақ мұнда таптардың, басқа да әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың объективті мүдделері көбіне-көп стихиялы, жартыкеш, таяз, кейде бұқараның саяси инстинкттері мен интуициялары деңгейінде ғана байқалады.

Саяси идеологияда аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері теориялар мен ғылыми тұжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қол жетеді, олардың мәні, мазмұны мен бағыт-бағдары ашылады.

Сайып келгенде, жоғарыда келтірілген материалдар саяси қатынастар әлеуметтануының саяси психология мен саяси идеологияға, жалпы бұқараның саяси санасында барынша көңіл аударуды талап ететінін дәлелдейді. Өйткені, олардың қазіргі қоғамда рөлі артып келеді.

Саясат әлеуметтануы қоғамда бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, дүниетанымдық, тәрбиелік, практикалық-саяси функциялар. Саяси әлеуметтанудың дүниетанымдық функциясы әрбір адамның, әсіресе саяси басшынын санасында жаңаша саяси ойлауды қалыптастыру, жалпы азаматтық құндылықтардың, жалпы адамзаттықтың топтық (таптық, ұлттық, діни, т.б.) мүдделерден басымдығын, әлеуметтік-саяси прогрестін формасы деп саналып келген күштеу мен зорлауды теріске шығару, әрбір халықтың әлеуметтік және саяси таңдау бостандығын мойындау принциптерін терең зерделеуге бағыттайды. Таңдау бостандығын қорғау дегеніміз - дамудың көп нұсқалылығын, саяси шешімдерді мойындау, өзге көзқарастарға төзімділікпен қарау, заң шеңберінде өзгенің мүддесін құрметтеу.

Саясат әлеуметтануы саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар, ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Бұл оларды саясатты өз интуицияларына ғана сүйеніп жүргізуден сақтайды.

Саясат әлеуметтануы тәрбиелік те функция атқарады. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Бұл әсіресе жастарды тәрбиелеуде маңызды. Ол саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да өркениетті елдердегі оку орындарында оны оқытуға баса назар аударылады, оқыту сағаттары көбейтілген. Оқу курсымен қатар арнайы курстар өткізіледі.

Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамдық білімдер жүйесінде саясат әлеуметтануы көп жақты нақты практикаға аса жақын, қоғамдық өмірдің барлык салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақсатында іс-тәжірибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттын әр түрлі салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат әлеуметтануы қоғамның неғұрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік-саяси прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді.

Саясат әлеуметтануының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларын қатаң басшылыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дұрыс пайымдауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң шешімдері жасалады.

Саясат әлеуметтануы сияқты арнайы әлеуметтану теорияларында мәдениет әлеуметтануының да маңызы зор.

 

ОН ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП

МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Мәдениеттің мазмұны әдет-ғұрыптар, салттар, заңдар, символдар және тағы басқалардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың және тілдің арқасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де болған емес.

Мәдениет – таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда болмайтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдар да болмайтыны анық. Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпақтан ұрпаққа берілетін және кейбір топтар немесе қоғамға тән жүріс-тұрыс формаларының жиынтығы ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны материалдық және рухани ескерткіштердің, символдардың, әдет-ғұрыптардың жиынтығы сияқты қарастырады.

Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқталудан бастаймыз. Мәдениетті әртүрлі қоғамдық ғылымдар зерттегенімен олардың әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып қарастырады. әлеуметтануды мәдениеттің ең алдымен қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы атқаратын рөлі қызықтырады. Мәдениет қоғамда жүріп жатқан барлық өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ықпал жасайтын ерекше құбылыс.

 

1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы,

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги