рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Білім жүйесінің құрылымы

Білім жүйесінің құрылымы - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Білім Жүйесінің құрылымы Тұрақты Элементт...

Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді. Мұндай толық суретті қалпына келтіру үшін білім саласының тұрақты түрде алуан түрлі элементтердің топтарын қамтитынын мойындау қажет. Әрбір осындай топ өзіндік құрылымды құрайды, олар бірігіп сол қоғамның тұтас білім жүйесін қалыптастырады.

Білім жүйесіне құрылымдық талдау жасауды бастағанда әдетте оның мекемелерінің жиынтығын, мекемелік құрылымын бөліп көрсетеді. Алайда білім беру мекемелері білім жүйесінің ұйымдық құрылымының бірін ғана құрайды, талдауды олардан бастаудан гөрі оның формальды ұйымдық құрылымына қатысты бірінші болып саналатын жүйешілердің жиынтығын бастаған жөн. Солардың бірі функционалды жүйешелер. Егер де қазіргі мектептің немесе университеттің құрылымына жүгінетін болсақ мұның өмір сүруі және білім институттарының әрекетіндегі маңызды рөлі ешбір дау тудырмайды, таза оқу бөлімдерімен қатар (сыныптар, дәрісханалар мен зертханалар) жекелеген мекемелерде және жалпы білім жүйесінде міндетті түрде басқа да бөлімшелері болады. Олар өздерінің маңыздылығы жағынан соңғы қатарда тұрған жоқ, оларда оқу үрдісінен де тіптен жиірек үлкен маңыздылық беріледі.

Білім беруде келесі функционалды жүйешелерді бөліп көрсетуге болады:

- Әр деңгейдегі басқару және үйлестіру (мектеп дирекциясы, білім берудің аумақтық органдары, жоғары оқу органдарының ректораты, министрлік және т.б.);

- Қаржы және материальдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі (күрделі құбылыс, оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету және т.б.);

- Қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін дайындауға жауапты жүйе (салалық ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.);

- Мамандар дайындау және олардың білімін көтеру жүйесі (педагогикалық колледждер, факультеттер және жоғары оқу орындары, педагогикалық шеберлікті көтеру орталықтары және т.б.);

- Оқу-тәрбие қызметінің жүйесі (білім беру үрдісі және оның тікелей жабдықталуы - оқу сыныптары, зертханалар, кітапханалар және т.б.);

- Әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, рекреация жүйесі (мекеме ішіндегі рекреативтік зоналар, балалардың денсаулығын жақсарту лагерьлері, профилакторийлер және т.б.);

- Әлеуметтік-мәдени даму жүйесі (балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталықтары, студенттік клубтар, сабақтан тыс жұмыс бөлімі, ведомстволық мұражайлар және т.б.);

- Білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер (кәсіподақтар, студенттік одақтар, ата-аналар комитеттері және т.б.)1;

Бұл жүйешелерде көбіне көп білім алып (оқу-тәрбие) қызметі үшін нормативтер жасалынады және соңғыға бақылау орнату функциясы шоғырланады. Осы аталған жүйешелердің көпшілігі оқу үрдісін сыртқы институттармен және қоғам салаларымен (экономика, техносала, мемлекеттік идеология, саяси мәдениет, қоғамның басым мәдениеті және оның субмәдениетті және т.б.) өзіндік ерекшелікпен байланыстырады, сыртқы институтар құндылықтары мен қатынастарының оқу үрдісіне қажетті енулерін қамтамасыз етеді. Сондықтан оқу үрдістері мен қатынастары сыртқы күштердің және стереотиптердің күшті ықпалына түседі, мысалға, бюрократия стереотиптерінің, тұрмыс, еңбек тазалығы мен демалыс мәдениетінің, техникалық мәдениеттің ықпалын айтса да жеткілікті.

Жоғарыда келтірілген жүйешелер көпшілігінде формальды ұйымдар сипатында болады. Олардың ішкі тік және көлденең байланыстары бар, олардың жиынтығы ведомстволар мен мекемелердің кең жүйесін құрайды.

Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке құрылымды көрсетеді. Алайда олар өз кезегінде бірнеше негіздер бойынша құрылымдарды құрайды:

- білім беру деңгейі бойынша (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары, дипломнан кейінгі және т.б.);

- стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты бойынша (еркін тыңдаушылар үшін мекемелер, алған сертификатына қарай білім беру және т.б.);

- меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомстволары бойынша (жеке меншік, мемлекеттік, муниципиальдық, қоғамдық бірлестіктер);

- мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша (ашық, жабық және т.б.);

- білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша (жалпы білім беретін, арнайы, кәсіби және т.б.);

- білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша (күндізгі, сырттай, дистанциялық және т.б.);

- білім дамуының типі бойынша (коррекциялық, мүгедектер үшін, көпшілікке арналған, элиталық, интенсивті);

- «нормальды» және балама (жетекші мәдени тұжырымдамалар мен педагогикалық технологиялардың сипаты бойынша)1.

Әлеуметтанушылардың әдеттегі көңіл аударатын білім беру мекемелерінің алуан типтілігі салалықпен және деңгейлікпен ғана шектеліп қалмайды. Жоғарыда айтылғандардың бәрі нақты білімдік қауымдастықтардың және олардың өкілдерінің әлеуметтік-құқытық және әлеуметтік-экономикалық қоғамдық жүйедегі жағдайын сипаттап қана қоймай, сонымен бірге білім беру үрдісінің ішкі әлеуметтік ұйымдасуына әсер береді. Сондықтан мекемелердің объективті әлеуметтік типтелуі білім жүйесі құрылымының маңызды элементі болып есептеледі.Формальды ұйымдармен немесе мекемелері күйінде беріліп жоғарыда келтірілген құрылымның екі түрінен ерекшеленетін білім жүйесінде қалыптасқан қызметтік және процессуальді (іс жүргізу) сипатындағы айрықша құбылыстар бар, олар көбіне көп бір-бірімен синтезден байқалады, бірін-бірі толықтырады. Сондықтан оларды функционалдық саларға жатқызуға болады.

Бұл салалардың дербестігі көп жағдайда салыстырмалы түрде ғана. Олардың мекеме мәртебесін иеленбеуі де немесе қайсыбір ерекше формаларының болмауы да мүмкін (мысалы, сабақ формалары). Алайда, мақсатты қызметте олар қисынды ерекшеленген және білім берудің жүзеге асыратын мақсаттарына сәйкес немесе жағдайға байланысты бір-бірімен үйлесуі ескеріледі, қолданылады.

Білім берудің негізгі функционалдық салаларына мыналарды жатқызуға болады:

- өз бетінше білімін көтеру (индивидтің көбіне-көп өзі жасайтын және ұйымдастыратын) және білім беру (мекеме, сыртқы жүйе ұйымдастыратын);

- көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

- интелектуалдық, гуманитарлық (адамгершілік, саяси, эстетикалық), политехникалық (еңбек,кәсіби), жаратылыстану ғылымдары, физикалық білім);

- іргелі-ғылыми және қолданбалы білім1.

Білім әлеуметтануының міндеттеріне осы салалардың әлеуметтік себептерін және олардың қажетті ресурстарымен қамтамасыз етілуін, бұл салалардың оқу үрдісін ұйымдастырудағы рөлі мен орнын, олардың алдыңғы қатарлы білім технологиясының мақсаттары мен құралдарына сәйкестігін, олардың оқыту практикасындағы нақты арақатынасын зерттеуді енгізуге болады. Сөйтіп жеке адам мен көпшілікті оқыту формасының нақты арақатынасы, жас мөлшерімен және әсіресе көпшілікпен элитарлық білім арасындағы айырмашылықтарды сараптауға қатысты жалпы білім берудің ішкі мамандануының әлеуметтік негізділігі, білімнің көлемі өзекжарды мәселе болуы мүмкін.

Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік (экономикалық, демокрафиялық, мәдени және құқықтық) өзгерістер себепші болып отыр. Мұндай жіктелудің негізделуін шетелдік әлеуметтанушылар көбіне-көп жекелеген топтардан: орта мектепті бітірушілерден, студенттерден, мұғалімдерден іздестіруде. Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана емес, сонымен қатар білім жүйесінің өзіндік құрылымының ерекшеліктерімен де байланысты болады.

Білімдік қауымастықтарды қалыптастыру үшін және қисынды ерекшелеу үшін жетекші өлшем болып білім қызметінің түрлері және соған сәйкес білім жүйесіндегі әлеуметтік мәртебелері саналады. Осы өлшем тұрғысынан алғанда жалпы оқушылар мен оқытушылар топтары ерекшеленеді. Алайда, бұл бөліну әркезде созылмалы болған және соңғы үақытта біржақты болудан қалып барады.

Қазіргі қоғамда мұғалімнің өзі, көп жағдайда, бүкіл кәсіби ғұмыры барысында оқушыға айналып кеткен.

Білім беру үрдісінде негізінен әлеуметтік-демокрафиялық және әлеуметтік-кәсіби қауымдастықтар өзара әрекет етеді.

Тұрақталған мәртебелік құрылымды кәсіби қауымдастықтар қалыптастырады. Қоғамдық білім беру жүйесіндегі индивидтердің формальды функционалдық қызметі кез келген бюрократиялық ұйымдағы сияқты, көбіне индивидтердің ұстанымдарының иерархиялық ұйымдастырылуына байланысты.

Қәсіби қауымдастықтар өзара байланысқан бірқатар негіздері бойынша жіктеледі:

- қызмет лауазымы бойынша (басқарушы-бағынушы, негізгі-қосалқы және т.б.);

- арнайы кәсіби бағыттары бойынша (физиктер, гуманитарлар, биологтар және т.б. пәндік мамандану);

- біліктілік деңгейі боынша (академиктар, профессорлар, доценттер, ассистентер және т.б.);

- олардың білім беру жүйесінің салалық және деңгейлік құрылымында алатын орыны бойынша (әртүрлі типтегі мекемелерінің кіруі)1.

Әлеуметтік-демографиялық белгілер де білімдік қауымдастықтарды қалыптастырудың маңызды негізі қызметін атқарады. Оған мына фактілерді айтуға болады:

- қалаларда жоғары деңгейлердегі формальды білім берудің әлемдік көлемде шоғырлануы;

- формальды білімге жастардың жаппай тартылуы;

- білім жүйесіндегі кәсіби-лауазым мәртебесінің адамның жасына және жынысына тәуелді болуы;

- педагогикалық кадрларда феминизация ағымының тұрақтылығы1.

Білімнің құнды-мазмұнды құрылымы білім жүйесіндегі дамыған кәсіби және әлеуметтік, нақты интелектуалдық құндылықтардың мазмұны туралы түсінік береді. Оның элементтері стандартты кешендер мен академиялық пәндерден, оқу жоспарларынан ғана тұрып қоймайды, стандарттан шығып кететін оқытушының кәсіби қызметінің индивидуалдық сипатына байланысты болатын оқу үрдісінің нақтылы құнды мазмұнынан да тұрады.

Білімнің құндылық мазмұнын талдау білім жүйесіндегі қабылданған әлеуметтік-мәдени типтерді ұқсастыруға мүмкіндік береді.

Білімнің технологиялық құрылымы қолданылатын білімдік технологиялардың жиынтығын қамтиды. Ол алуан түрлі нақты әдістемелерден, арнайы әдістерден, техникалық құрамдардан және әлеуметтік-ұйымдық технологиялардан тұрады.

Сайып келгенде, білім жүйесінің құрылымын функционалдық жүйешелер мен білім салаларының арақатынасы, әлеуметтік-білімдік қауымдастықтардың сипаты мен өзара әрекеті, сондай-ақ білімдік қызметтің құндылықты мазмұндары мен тәсілдері анықтайды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Білім жүйесінің құрылымы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги