рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Отбасының құрылымдық Типтері — Ерлі-Зайыптылық,...

Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан кұбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-катынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеарлык немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпактың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасының тағы бір түрі — кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен кұрылымының осылай өзгеруі отбасылық-туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағыңдыру тиіс. Бүгінгі танда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті тандайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтын өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынандай сипаттар тән:

— ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;

— әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;

— отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндетте-рінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел отанасы)- Мұнда үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.

Қазіргі кезде осындай отбасылардың құрылымын демократияландыру процесі жүріп жатыр, әсіресе ер адамның отбасындағы авторитарлық билігі жойылуда. Алайда, тұрмыста әлеуметтік теңсіздік әлі де сақталып, ол бірден-бір өткір мәселе болып отыр. Отбасындағы билікті, т.б. бөлуге орай қалыптаскан отбасының екінші түрі — эгалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына:

— үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;

— ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;

— демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның өз рөлін ат-қарудағы алға қойган максаты оның нақты тәртібіне қарағанда дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл аткаратын ер адам керісінше үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.

Сайып келгенде, қазіргі отбасында әйелдердің кәсіби қызметпен жаппай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен бірге ер адамдардың рөлдері де басқа сипатқа ие болады. Бұған Батыс Еуропа елдеріндегі ер адамдардың баланы күтіп-бағу үшін демалысқа шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа осы жағдайды қалай қабылдайтының, отбасындағы лидерлікті шешетін отбасылық міндеттерді қайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы да зор. Ата-ана — ерлі-зайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе шешенің қайсыбір қасиеггеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді. Осыған байланысты этноәлеуметтануда, отбасы және туыстық әлеуметтануында әлеуметтік әкелік және физиологиялық әкелік және дәл сондай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри немесе матри локалдандыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік-дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық және матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққан-

дар болса, ал гетерогенді отбасыңда олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.

Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патри-локалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге тұрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.

Әр қоғамдағы некенін түрлері да әр түрлі болады. Алайда, кез келген коғамда адамдар бас қосып, шаңырак көтерердің алдында әр түрлі кедер-гілерге тап болады, олар бір-бірін сынап, байқайды және некеге отырар алдында соған дайындалады, осы шаралар барысында болашақ жұбайлар өз таңдауының дұрыс-бұрыстығын тексеріп, онын көңілге қонымды, онды екендігіне көз жеткізеді. Өйткені некеге тұрған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды, соған бел буады. Некені әлеуметтік тұрғыда мойындалған тәртіптің үлгісі ретінде анықтауға болады, себебі соның көмегімен екі немесе бірнеше адам отбасын құрайды. Некеге отыру ерлі-зайыптылардың балаларды дүниеге әкелу және оларды тәрбиелеу деңгейімен ғана шектеліп қалмайды, ол басқада көптеген құкықтар мен міндеттерді белгілеп, бекітеді. Неке арқылы сол қоғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қатынастарын да реттеп отырады. Десек те, әр қоғам отбасындағы тәртіп үлгілерінін өз құрылымы мен қағидаларына сай жүйесін дамытады, бұл үлгілер тарихи себептерге байланысты болады әрі нақты экономикалық негіздерге арқа сүйейді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, некенің байланыс үлгілері қоғамдағы басқа да мәдени үлгілерге қарағанда этноцентризмге карай біршама бой алдырған. Осыған дәлел ретінде мынандай мысал келтірелік. Қазіргі таңдағы кейбір қоғамда болашақ жұбайлар алдын ала бірін-бірі көрмей, кездеспей-ақ құда түсу арқылы да некеге отыра береді. Олар бірін-бірі ұната ма, жоқ па, бұл мәселені қоғам қалай біліп, бағалайды, олардың сезімі ешкімді неге қызықтырмайды деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Біз осылай деп ойласақ, басқа мәдениеттегі адамдар дәл біздей тұжырым жасайды және дәл осылай сезінеді деп санасақ, ол этноцентризмнін әдеттегі қателігі болып табылады. Біздің қоғамда жұбайлардың түтін түтету қарсаңындағы қадамына алғашқы кезде жастардың арман-қиялынан туған сезім көрінісі ретінде қарайды, үйренісе келе адамдар махаббатқа кенеледі деп түсінеді. Алайда, ертедегі классикалық Қытай мен олардың қазіргі отбасыларында қыз, мысалы, ата-анасы таңдамаған адамға тұрмыска шығуды оғаш, ақылға қонбайтын нәрсе деп қарайды. Этноцентризм бағытын ұстайтын біздер басқа қоғамда қалыптаскан тәртіпке, болашақ жарын таңдауға еркі жоқ жастарға жаңашырлық, аяушылық білдірсек, олар, керісінше, ата-анасының қамкорлығынан, билігінен шығып кеткендер деп біздің жастардың өзін сөгеді. Алайда, екі жақтың да жастары мұндай аяушылықтарды өздеріне қажет деп санамайды.

Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға үйленуіне ғана рұқсат етеді. Бұл кұбылысты экзогамия деп атайды. Біздің қоғамда жақын адамдардың қандарының араласып кетуінен сақтандыру үшін осындай шектеулер қойылады. Біздің адамгершілік нормаларымыз өзіміздің қандас қарындастарымызға және өзге де жақын туыстарымызға үйленуге тыйым салады. Қазақта жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісуге тыйым салынған норма әлі күнге дейін сақталып келеді. Көптеген қоғамдарда өз ағайынының, руының, тіпті тайпасының, ауылының ішінен жұбай таңдауға тыйым салынған.

Өмірде осыған кереғар келетін талаптар да кездеседі. Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай таңдауды талап ететіндер де бар. Мұндай мәдени үлгі эндогамиядеп аталады. Ағайындык, ауылды немесе тайпалық эндогамия көбіне-көп қарапайым қоғамдарда кездеседі. Қазіргі қоғамға, ондағы біқатар талаптарға келсек, нәсілдік эндогамия немесе қоғамның төменгі жігінен жұбай таңдауға тыйым салатын сословиелік эндогамия кеңінен тараған. Эндогамия — таза түрінде касталық типтегі жабық топтарға тән. Эндогамда некемен байланыстыру арқылы олардың өз ішіндегі жабықтығы сақталады. Экзогамиялык және эндогамиялык некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл форма ағылшын, т.б. халықтар үшін ерлі-зайыптылықтың ең өркениетті түрі болып саналады. Алайда, көптеген коғамдардын, дамуында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия — бұл жұбайлардың бірінін, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш формасы болуы мүмкін. Оның біріншісіне топтық неке жатады. Мұнда бірнеше еркек және бірнеше әйел бір мезгілде өзара некелік қатынаста болады. Кейінгі уақытка дейін некенің бұл формасы кеңінен тараған еді, ол, мысалы, Маркиз аралдарында қазір де кездеседі. Полиандрия полигамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі болып табылады. Бұл некеде бірнеше еркекпен бір ғана әйел тұрмыс құрады. Бұған Тибет пен Оңтүстік Үндістандағы отбасылардың әдет-ғұрыптары мысал бола алады. Мұнда күйеуге шыққан әйел автоматты түрде күйеуінің аға-інілеріне де әйел болып, бәрі бірге тұрады. Онтүстік Үндістандағы отбасындағы полиандрияның сақталуы демографиялық жағдайға талдау жасағанда анықталды. Ер адамдар санының әйелдерге қарағанда әлдеқайда басым болуы осы аймақта полиандрияның сақталуына себепші болып отыр.

Полигиния немесе бір еркектің көл әйелге үйленушілігі полигамдық некенің кеңінен тараған соңғы, үшінші түріне жатады. Бүгінгі Еуропа мен Солтүстік Америка өкілдерінін көп әйел алушылық жөніндегі пікірлерінде этноцентризм басым. Бүгінгі коғамдағы көптеген адамдардың пікір-та-ластарына ден қойсақ, некенің мұндай формасын дәріптеу әйелдердің адам санатына қосылмауына, олардың күңге айналуына әкеліп соқтырады. Сөйтіп, бұл бұрын-сонды болмаған қаталдык, пен ашу-ызаның бір көрінісі іспетті қарастырылады. Алайда, фактілер кері дәлелдерді алға тартады. Әйел қай қоғамда жоғары мәртебеге (статуска) жетеді — полигамиялық па, әлде моногамиялық неке формасы қалыптаскан қоғамда ма, ол жағын ашып айту қиын. Өйткені, біріншіден, полигамиялық отбасы кеңінен тараған қоғамның өзінде некелер әдетте моногамдық болып табылады. Жоғары статусқа ие болған, мүмкіндігі бар адамдар ғана бірнеше әйел ала алады. Екіншіден, әйелдердің арасында атқаратын міндеттер нақты бөлінген, бірінші әйелдің, яғни бәйбішенің күйеуіне, оның тыныс тіршілігі мен тәртібіне елеулі түрде ықпал жасауы жиі кездеседі. Барлық әйелдерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі барынша қамтамасыз етілген, сондықтан да олар өздеріне бұдан өзге артық үлесті тілемейді де.

Алғаш түтін түтеткен сәттен бастап, ерлі-зайыптылардың ақтық демдері біткен кезге дейінгі отбасындағы өзгерістерді есепке алар болсақ, оның құрылымында көптеген айырмашылықтар болып тұрады. Отбасының бүкіл өмірінде болатын өзгерістер мен оның қаншаға созылатынын анықтайтын параметрлерді енгізу «отбасының циклдік өмірі» немесе «отбасының өмірлік циклдары» тұжырымдамасын біртіндеп қалыптастырды. Отбасының циклдік өмірі әр түрлі критерийлерге байланысты құрылады. Оларды таңдап алғанда оның тек циклдылығын, яғни отбасылық окиғалардың үңемі қайталануын көрсететіндерді ғана ескеру керек. Бұл жерде отбасында күнделікті болатын миллиондаған жағдайлар оқиғалар ретінде түсіндірілмейді, керісінше, отбасы құрылымын өзгертуге мәнді ықпал жасайтын ең манызды ситуациялар ғана ұғындырылады. Отбасында нәрестенің дүниеге келуі және отбасы мүшелерінін қайтыс болуы, біреулерінің отбасында болуы немесе болмауы ең қажетті және маңызды оқиғалар қатарына жатады. Сөйтіп, отбасы оқиғаларының жиынтығы отбасының циклдік емірінің негізгі кезендерін кұрайды. Әлеуметтік институт тұрғысында бірнеше фазаларды қамтитын өмірлік циклдары мыналардан тұрады:

1) Қалыптасу фазасы. Бұл фазаны некеге алғашрет отыру мен бірінші баланың дуниеге келуі төнірегіндегі оқиғалар сипаттайды;

2) Өсіп-өну (көбею) фазасы. Бұны бірінші баланың дүниеге келуі мен соңғы баланың тууы сипаттайды;

3) Өсіп-өну фазасынын аяқталуы. Бұл фазаны соңғы кенже баланың дүниеге келуі мен тұңғыш баланың ата-анасының шаңырағынан бөлініп, жеке отау құруы сипаттайды;

4) Азаю фазасы. Тұңғыш баланын ата-анасының үйінен бөлініп, жеке түтін түтетуі және соңғы баланың ата-анасының үйінең бөлініп кетуі сипаттайды;

5} Азаюдың аяқталу фазасы. Соңғы кенже баланың ата-ана үйінен бөлек шығуы және бірінші жұбайдың қайтыс болуы окиғасымен сипатталады;

6) Отбасынын ыдырау фазасы. Бірінші жұбайдың қайтыс болуы және одан ұзағырак өмір сүрген екінші жұбайдың да кайтыс болу окиғасы сипаттайды1.

Некелік жүріс-тұрыс некеге деген қажеттікті қанағаттандыру мақса-тындагы және некелік жұбайды таңдауға байланысты жүріс-тұрыс болып табылады. Некеге отыратын жар таңдау дегеніміз де тұтас бір процесс, онын нәтижесінде некеге отырар адамды тандау мүмкіндіктерінің жиын-тығынан қайсыбір тәсілмен бір ғана жұбай таңдап алынады да, күйеуі (әйелі) болады.

Некеге отыратын жар тандау нақты тарихи процесс, ол коғамда бар экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және басқа да жағдайларға нақты тәуелді, Некеге отыратын жар тандау процесінің негізгі ерекше-ліктері әр түрлі мәдениеттерде және тарихи дамудың әр түрлі сатысында болатын жар тандау мүмкіндігін сақтаған кеңістікке және өзінің жеке жар тандау еркіндігі деңгейіне байланысты. Бірінші қатынаста, яғни некелік жұбайды тандау мүмкіндігі бар кеңістікті анықтауға орай, барлық мәде-ниеттер қайта некеге отыруға рұксат етумен немесе оған жол бермеумен өзгешеленеді. Егер де некеге қайта отыруға жол берілсе, некелік жұбай тандауды жүзеге асыратын жиынтык өзіне некеге тұрмағандарды да, некеге отырғандарды да қосқандықтан мейлінше ауқымды кең болып келеді. Бұл жердегі ереже бойынша ер немесе әйел адам үшін некеде тұруына немесе тұрмауына қарамастан әрдайым олардың басы бос болады. Америка әлеуметтанушысы Б. Фарбердің пікірінше, әрбір адам теориялық тұрғыдан алғанда жынысы басқа барлық өзге адамдардың үнемі потенциалды жұбайы болып табылады. Бұл жердегі маңызды жағдай некеде тұрған адамның кейінде некеге отырып жұбай болу мүмкіндігін сақтауы. Ал, екінші рет некеге отыруға жол бермейтін мәдениеттерде дәстүрлі, қатан моногамиялық жар тандау мүмкіндігі сақталған кеңістікке некеде тұрған адамдарды қоспайды. Бұл кеңістікке адам салт немесе заң бекіткен некелік жасқа жеткенде ғана енеді және одан некеге отырғаннан кейін ғана шығады. Қазіргі қоғамда, яғни еуропалық, батыстық типтегі қоғамда жесір қалған адамның екінші рет некеге отыруы қиындатылған қатаң моногамиядан екінші рет некеге тұру әдеттегі іс болып саналатын сериялық моногамияға өту тарихи тенденция болып отыр. АҚШ-та 80-жылдардың орта тұсында бүкіл некеге отырғандардың 46%-і екінші рет үйленуі соған дәлел.

Антонов А. И., Медков А. И., Нетрусов М. А. Демография семьи - проблемы моделирования семейного циюш жизни // Вестник МГУ. Сер. 18. Социология и политология. 1997. № 2. С- 105.

 

Екінші қатынасты, яғни жеке жар тандау еркіндігі деңгейіне қатыстының бәрін айтар болсақ, онда әр түрлі қоғамдар арасында үлкен өзгешеліктердің барлығы байқалады. Кейбір мәдениеттерде, жас адамдар кімдердің қамқорлығында болуына орай ата-аналары немесе өзге туыстары1 ұйымдастырған некелерге отыру жаппай етек алған. Басқа мәдениетте еркін жар таңдау басым болғандықтан некеге отырушылардың өздері жар тандаудың негізгі агенттері болып табылған. Алайда, қандай жағдайда болмасын некеге тұру, болашақ жұбайды тандау әркімнің өз еркінше жүргізілмейді. Некеге отыру және некелік қосақты тандау мәдени, әлеу-меттік, психологиялық алғышарттарға, тіптен кейде әлеуметтік-биология-лық сипаттарға да байланысты болады.

Бұлардың арасында ен кең тарағаны және аса қуаттысы - мәдениет-танулық алғышарттар. Эндогамиялық және экзогамиялық ережелер деп аталатын алғышарттар мәдениеттанулық алғышарттардың аса маныздысы болып саналады. Этнология ғылымында бұл ұғымдар бір тайпадағы рулар арасында некеге отыратын жар таңдаудың қалай және қандай сипатта жүретінін анықтауда қолданылады. Оның функционалдык рөлі -болашақ қосағын тандау мүмкіндігінің шектелуі, некеге отырып, бір-біріне жұбай болуға тыйым салынғандар санаттан шығарылып тасталынуы арқылы анықталады.

Әлеуметтануда бұл ұғым қазіргі уакытта некеге отыратын жар тандау процесін сипаттау үшін тек шартты түрде және шектеулі дәрежеде ғана қолданылады. Бұл жерде эндогамия ережесі бойынша өзіне жар болатын

жұбайды өзінің этникалық тобынан тандаумен қатар, әр түрлі қауымнан қалап алу нақты ұйғарым болып саналады. Ал экзогамия ережесі бойынша өз отбасы арасынан, яғни сол топ ішінен екі адамның некеге отыруына тыйым салынады, жақын туыстарының арасында некелік қатынастар орнатуға жол берілмейді. Эндогамия ережесін кейде эндогамиялық қысым деп те атайды. Ол әсіресе, этникалық немесе нәсілдік тегі жөнінде әңгіме қозғалғанда өте күшті және қатан түрде қолданылады. ТМД елдерінде өзге ұлттың өкілдерімен тұрмыс кұру мысалдары аз емес. Бұл — эндогамия ережесінің әрекеті екенін аңғартады. Ал АҚШ-та эндогамия ережесі этникалық емес, керісінше, адамның нәсілдік тегін саралағанда қолданылады. Мысалы, 1990 жылы 50 млн. астам некеге отырған жұптардың тек 1,8%-і ғана нәсіларалық болған, соның қара-ақ жұптары, яғни ақтар мен афро-американдықтардың арасындағы неке жарты пайызға да жетпеген. Эндогамия ережесі әмбебап ереже емес. Оның әрекеті өз күшін жоя бастаған, қазіргі мәдениеттерде 30 жастан асып некеге отырғаңда немесе екінші рет тұрмыс кұрса, бұл ереже жойылады. Ірі қалаларда эндогамия ережесі жан-жақты әрі түбегейлі қолданылмайды. Оның қолданылу аясы сондай-ақ халықтын этникалық құрамы аралас қоныстанған аймақтарда өзінің ауқымын тарылта түседі. Өйткені әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастар жеке адамның өз шаруасы болып табылады және ол соңғы кезде кең өріс алабастады. Экзогамия ережесіне келсек, бұл эндогамияға мүлде жанаспайды. Экзогамия ережесінің әрекеті — әмбебап әрі қатал, кейбір жағдайда туыстардың ішінен екі адамның некеге отыруына тыйым салатын құқықтық нормалармен бекітіліп тұжырымдалады. Ини есталық табуға келсек, ол әлеуметтік-мәдени тыйьшталудың айқын мысалы. Экзогамияның редуцируялық әрекет ету ережесі жақын туыстарға қолданылады және ата-аналары мен балаларының, аға-інілері мен әпке-қарындастарының, немере аға, іні, жиен мен немере әпке, қарындас, жиен қыздың арасында некеге отырып, отау кұруға жол бермейді.

Некелік таңдаудағы әлеуметтанудың келесі маңызды алғышарттарына гомогамия және іргелес қоныстанушылық (көршілік) жатады. Гомогамия термині, әлбетте, некеге отырар адамдардың кейбір әлеуметтік, психологиялык, физикалық, т.б. ортақ немесе ұксас сипаттары бар тен-денцияны белгілеу үшін қолданылады. Бұған кері сипаттағы тенденция гетерогамия ұғымы арқылы айқындалады. Гомогамияны некелік жар таң-даудың бірден-бір негізгі алғышарты ретінде қарастыратын әлеуметтану теориялары жас мөлшерді, этникалық шығу текті, әлеуметтік статусты, білімді, интеллект деңгейін, сыртқы пішінің және т.б. осы орайдағы ма-ңызды сипаттамаларға жатқызып отыр. Бұлардын арасында жас мөлшерінің, этникалық шығу тегінің және білімнің алатын рөлі жоғары болады. Этникалық шығу тегі жөнінде жоғарыда біршама әңгіме қозғалды. Болашақ жұбайлардың жас мөлшері бірдей болмауы ықтимал, керісінше, ер адам әйелден жас мөлшері жағынан сәл де болса егделеу келеді. Американдық зерттеушілер В. М. Кепхарта мен Д. Едличкидін пікірлерін негізге алсақ, бұл мәдениетте әйелдер өздерінен жасы үлкен еркектерді ұнатса, ал ер адамдар керісінше, өзіне қарағанда біршама жас әйелдерді басқаларға қарағанда жақсы көреді екен. Ер адамдарды жас әйелдердің жастық шағындағы сүйкімділігі еліктірсе, егде жастағы ер адамдар әйелдерге ел алдындағы жоғары беделі мен дәрежесі арқылы ұнайтын көрінеді1.

Білім де некелік жар тандауда ерекше рөл атқарады. Екі адамның білімдеріне қарай некеге отыруы олардың әлеуметтік тұрғыдан деңгейлес болуының тең жартысын қамтамасыз етеді. Некеге отырғанға дейінгі және некеге отырғаннан кейінгі қарым-қатынаста білімнің бірдей болуы немесе соған орайлас келуі адамдар арасында жиі байқалады. Білім деңгейі әлеуметтік статуспен тығыз байланысатындықтан, жұбайлар бірдей немесе соған деңгейлес әлеуметтік топтарға жаткан кезде білімдік гомогамия бір мезгілде статустық гомогамияны да білдіреді. Сонымен қатар, бұл жұбайлар өздерінің бойларындағы кұндылыктары, бір-біріне деген сенімдері, өмірдің әр түрлі қырларына көзқарастары, дәлірек айтқанда, ата-аналарына, табыстарына, мамандығына, т.б. келгенде бір-біріне ұксас болуы түрғысындағы мүмкіндігі арта түседі. Жас, білім, әлеуметтік шығу тегі сипаттамаларын қарастыратьш болсақ, онда неке таңдау процесінде ер адамдардың білім деңгейлері өздерінен біршама төмен және төменгі әлеуметтік топқа жататын жас әйелдерді ұнататын тенденцияның орын алатындығы және әйелдер үшін бұған қарама-қарсы тенденцияның басым болатындығы байқалады екен. Бұл тенденция некелік градиент деп аталады. Әлеуметтік кұрылымы мейлінше жіктелген коғамдарда егдетартқан, кемел білімді, кәсіби мамандығы бойынша қызмет ететін, өздерінің білімі мен статусын асыра бағалайтын әйелдердің өздеріне тең болар қосағын табуға мүмкіндігінің төмендеуіне, осыдан барып, тұрмыс құрмаған әйелдер санының ерлерге қарағанда артық болуына некелік градиенттің ыкпал жасауы мүмкін.

Мұндайда жоғары білімді әйелдердің басым көпшілігі еріксізден түтін түтете алмай, жалғыз басты болып қалады. Бұдан некесіз бала туу пайда болады, яғни күйеуге шығу үмітінен айырылған осындай әйелдер саналы түрде жалғыз басты ана болудың жолын тандайды. Гомогамия ережесі, тұлғаның бұдан өзге де сипаттамаларына орай әрекет етеді. Бұлардың

'ЛитоновА, //., Мвдков В. М. Социологиясемьи. М.: Изл-воМГУ, 1996. С. 154.

арасынан акылдылық, физикалық жағынан алғандағы сүйкімділігі, био-логиялык ритмдердің сәйкестігі, некелік статус пен саяси көзқарастарды, діни сенімдерді, т.б. біріктірген құндылықтар бағдары ерекше орын алады. Ал адамдардың бас қосуы мен түтін түтету жағдайын әңгіме етсек, онда некеде бұрын тұрмаған адам дәл сондай некеде тұрмаған жанды, айыры-лысқандар — айырылысқандарды, жесірлер — жесірлерді таңдайды.

Некелік жар тандаудың әлеуметтанулық тұрғьда қарастыратын маңызды алғышарты — отбасыларының іргелес қоныстануы (көршілік). Іргелес қоныстану деп бір төңіректегі, аумақтағы жакындықты, көршілес болуды, сонымен қатар бір мекемеде жұмыс істеуді немесе бір оқу орнында қатар жүріп, ер жетуді айтады. Бұлар болашақта өзіне жар болатын адаммен кездесудің мүмкіндігін арттырады және тұлғалық, әлеуметтік сипаттамаларының ұқсас болуы да осындай іргелестік, бірге жүріп-тұру нәтижесінде қалыптасады.

Ата-аналар өз ұрпағын сүйіспеншілікке бөлеп, үнемі ұйытып отырса, олардың балалары да өзіне лайықты қосағын ұяда көрген тәрбиесіне орай дұрыс тандайды. Жастар өздеріне тәрбие берерлік ата-аналарының мейірім, сүйіспеншіліктерін көріп өссе, содан үлгі боларлықтай тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін қабылдайды1. Мұнда гемогамия бағыты үстемдікке ие болады. Өздерінің болашақ жарын тандаған кезде адамдар, әдетте, ата-аналарының кейпіне, тұрғысына, басқа да қасиеттеріне ұксас жандарды іздестіреді. Мәселен қыздар өз әкелеріне ұксас адамдарды тандаса, жігіттер де аналарына ұксас қалындық тандауға бейім тұрады. Ата-аналар өздерінің ұлдары мен қыздарының пір тұтар үлгісіне айналады. 3. Фрейдтің теориясынан бастау алған бұл көзқарас бойынша жыныстық қатынасқа лайықты объектіні тандауда алғашқы махаббат объектісіне, яғни ата-ана-сына қарай адам энергиясының ауытқуы байқалады. Басқаша айтқанда, 3. Фрейдтің тұжырымына сәйкес, ер адам өзіне анасына ұксас әйел таңдаса, ал әйел адам өзіне әкесіне ұқсас күйеу іздейді.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда жар тандаудың мұндай сипаты төмендегі тұжырым бойынша түсіндіріледі. Адам ата-анасына ұқсас жынысты тандауы арқылы өзіне етене таныс тұлғаның бойындағы қасиеттер сипаттамасын және өзі ұнатып, ұстанатын оның құндылыктарын бағалау негізінде лайықты жар тандайды. Мұндай таңдау өзіне сүйеніш болар, жағдайын түсінерлік серікті алдын-ала болжауды, қымбат қасиеттерін сезінуді камтамасыз етеді. Ал ортақ кұндылықтар болашақ жұбайлардың бір-бірімен оңтайлы байланыс орнатуына көмектеседі.

1 Абсаттаров Р. Б. Демографические процессы: особенности и проблемы // Евразийское сообщество. 1996.№ 4. С.35-36.

 

Әйткені адамдарға өздерімен келісетін, сырын, жан сарайын іштей ұғына-тындар ұнайды. Неке таңдаудың келесі әлеуметтік-психологиялық тео-рияларының бірі — Р. Ф. Уинчтың комплементарлық кажеттілік теориясы. Ьұл теория бойынша жар тандау кезінде адамдар кімнің психологиялық ерекшеліктерінің өзіне қарама-қарсы екендігін бағалайды және олардың өзінікіне лайықты комплементарлық болуын (қосымшалықты) қалайды. Мысалы, жасқаншақ, бойкүйез және біреуге тәуелді болуға бейім адам өмірлік серігінің күшті дедоминантты болуын ұнатады. Бұл индивидтің өз қажеттілік деңгейін барынша қанағаттандыруға тырысуы. Ал осы барынша қанағаттандыру сол уақытта іске асады, егерде ер адам мен әйелдің дербес қажеттіктері бір-біріне үйлесімді болса Уинчтың бұл теориясын басқа зерттеушілер сынаса да, бірақ аталмыш теорияның негізінде жар таңдаудың басқа да теориялары қалыптасты.

Сексуалдық мінез-құлық және ұрпақ жаю ұғымы биологияда қолда-нылады және оны синоним ретінде пайдаланады. Биологтар жыныстық қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған, сонын нәтижесінде репродукция процесі жүзеге асатын жануарлардың физиологиялык және тәртіптік реакциясын анықтау үшін осы ұғымдарды қолданды.

Әлеуметтануда бұл ұғымдардың мазмүны өзгерген. Аталмыш ұғымдар синоним болудан қалды, бір-бірінен бөлінді. Шындығында, сексуалдық және ұрпак жаю тәртіптері әр түрлі кұбылыстар, бұлар әлеуметтік тәртіптің дербес типтері. Өйткені олардың мақсаттары мен қисындары да бөлек. Сонымен, сексуалдык тәртіп дегеніміз не? Қазіргі түсінік тұрғысында сексуалдық тәртіп — бұл жыныстық қажеттікті қанағаттандыратын әрекеттермен қатынастардың жүйесі. Сексуалды тәртіп - бұл әлеуметтік, адами тәртіп, мұнда биологиялық тетіктерді қолдану негізінде адам алдына белгілі бір мақсаттар қояды, белгілі бір мүдделерін жүзеге асыруға тырысады.

Сексуалдық тәртіпке физиологиялық психологиялық және социомәдени процестер кіреді, бұлардын алғашқы екеуі сонғысына бағындырылған, кұрамына енген. Көптеген әр түрлі мақсаттар сексуалдық қатынасқа түсу арқылы болатын адамның сексуалдық тәртібінін сипатты белгілері болып табылады. Сексуалдық тәртіп жыныстық қажеттіліктен басқа да көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.

Алайда, сексуалдық тәртіптің осы көптеген мақсаттарынан бала туу мақсатын бөліп алу оның ауытқыған формаларына әкеп соқтыратының естен шығармау керек, бұл аталған мақсаттарда қауіптің жасырынуы дегуманизация, сексуалдық мінез-құлыктың ауытқуы, гомосексуализм, топтық жыныстық қатынастар, порнография, т.б. формаларда көрінеді. Қазіргі жағдайда оның ауқымы кеңейіп, сексуалдық тәртіптің аномиялық формасына ұқсас форманы қабылдады және олардың кейбіреулерінің квазинормалық мәртебеге ие болуы отбасында дағдарысты жағдайды қалыптасқанын көрсетеді, әрі ол сол шаңырақтың келешекте күйреуінің алғышарты болып табылады.

Бүгінгі түсінікке сәйкес сексуалдық тәртіптің мақсаттары мыналар болып табылады: релаксациялык, жыныстық кіріптарлықтан құтылу; бала туу, яғни жүкті болу және туу қажеттігін қанағаттандыру; сезімдік кұмарлықты мақсат ету (гедонизм); танымдық, жыныстық әуестікті қанағаттандыру. Бұл мақсат жыныстық қатынас өмірін жаңа бастағандар үшін, әсіресе, жасөспірімдер (бозбала) үшін ерекше маңызды; коммуникация, психологиялық тұрғыдан тұлғалық сезіміне қол жеткізіп, өзге адаммен толық бірігуі; өзін сезімдік тұрғыда тануы, өзінің сексуалдық әрекетінің дұрыстығына нақты және сенімді дәлелінің болуы. Бұл мақсат жасөспірімдер үшін де, өзгелер үшін де аса маңызды болып табылады. Сезімдік тұрғыда өзін танытуға деген қисын күші аса жоғары; сексуалдықтан шыққан мақсаттар, яғни өзінің сексуалдық тәртібіне сырттай қатысы бар мақсаттар. Бұған қайсы бір материалдық игіліктермен пайдалар, сондай-ақ адамның иеленуге ұмтылатын кез келген әлеуметтік құндылықтарын айтуға болады. Сонымен қатар, бұған белгілі бір салт-жоралар немесе әдет-ғұрыптар жатады. Мысалы, некеге қатысты сексуалдык қатынас бір мезгілде ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасының тұрақты және оның қастерлі болуын көздейді, сексуалдық тәртіптің көп түрлі максаттары мен қисындары оның күрделілігін және әмбебап сипатын, өзіне индивидуалдық пен әлеуметтік, биологиялық негіздерді және әлеуметтік мәселелерді қамтитының көрсетеді. Бұларды индивидуалдық сексуалдық тәртіпке әлеуметтік жүйе, коғам енгізіп отыр.

Социомәдени кұбылыс ретіндегі сексуалдық тәртіптің мазмұнын ашатын маңызды ұғымдар бар. Солардың бірі — сексуалдық мәдениет. Сексуалдық мәдениет адамның сексуалды тәртібін реттейді, әлеуметтендіру процесінде баянды болған тәртіп үлгілерін, сонымен қатар кұндылықтарды, тыйым салу дағдысын және ұстанымдар жүйесін қалыптастырады, жеке адамның сексуалдық күйін, оның серігімен өзара қарым-қатынас таңдауьш анықтайды, жыныстық өмірді коғамның, отбасының, некенің игілігі үшін әлеуметтік қолданыс шеңберіне енгізеді. Десек те, коғамның сексуалды мәдениетін индивидтің игеру деңгейі тіптен әртүрлі болуы мүмкін, бұл адамның жеке басының сексуалдық мәдениетінің сипатымен байланысты.

Аталмыш ұғым жыныстық қатынас рөлі деген ұғыммен тығыз байланысты. Жыныстық рөлі, әдетте, социомәдени нормалардың жиынтығын білдіріп түсіндіреді, ол еркектердің немесе әйелдердің қандай болуы немесе болмауы керектігін, олар өздерін қалай ұстауы керектігін немесе керек еместігін анықтайды. Сексуалдық рөл деп сексуалдык карым-каты-наска катысы бар және индивидтен өзгелердін, коғамның жыныстық өмір саласындағы талаптары мен күтілістерІн сипаттайтын жыныстық каты-пас рөлінің мәселесін айтады.

Сексуалдық сценарий ұғымы индивидтің меңгеріп, өзінің тұлғалық болмысына айналған сексуалдық мәдениеттің бөлігі болып саналады, сон дықтан да осы сценарий оның сексуалдық тәртібін «іштей» басқарады. Сексуалдық сценарий когнитивтік, эмоциялық және қоздырушы элемент-терінен тұрады. Бұлардың біріккен әрекеті индивидуалды сексуалдық тәртіптің ерекшеліктерін, яғни оның мақсаттарын, жыныстық өмірдің басталу уакытын, жыныстық қатынастың жиілігін, т.б. анықтайды.

Қазіргі дүниеде сексуалдық тәртіптің қандай негізгі бағыттары мен қайшылықтары бар? Әлеуметтану ғылымы сексуалдық тәртіпті қалайша зерттейді және түсіндіреді?

Бұл мәселенің алғашқы проблемасын айтқанда, көңіл аударатын мәселе некеге дейінгі сексуалдық тәртіп, оның ішінде жасөспірімдердің сексуалды тәртібі туралы сөз болуға тиіс. Соңғы жиырма, отыз жыл ішінде бүкіл дүние жүзінде аталмыш мәселеге қатты қызығушылык байқалады. Өйткені некеге дейінгі жыныстық байланыстын басым бөлігі және оның артуы жасөспірімдердің үлесіне тиіп, олардың сексуалдық байланысы экономикалық, әлеуметтік, медициналық және т.б. проблемаларды туғызды. Дегенмен, бұл жаңа проблема емес. Некеге дейінгі жыныстық бай-ланыстардың өсу тенденциясы соңғы 2—3 ғасырдан келе жатыр. Америка отбасын зерттеген тарихшы Э. Шортер, ағылшын тарихшысы Питер Лас-летт және т.б. зерттеулері осы көзқарастын дұрыстығын аңғартады. Бұлар дүниеге нәресте әкелу тәртібі динамикасының себептерін әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, жасанды түсіктін аз болуы, қолдан жасалған сақта-нулардың төмен болуы, антисексуалдық репрессияның күшеюі, инду-стрияландырумен байланысты сексуалдықтын төмендеуі, т.б.

Әлеуметтану тұрғысынан және әлеуметтік институт ретінде отбасы дағдарысы теориясы тұрғысынан алып қарағанда, некеге дейінгі жыныстық байланыстардың етек алуына отбасында береке мен бірліктін болмауы, жастардың тәртібіне отбасы тарапынаң бақылаудың азаюы, отбасынан тыс кұрылымдардың — көршілер қауымы, шіркеу, т.б. тарапынан қадағалаудың жоқтығы, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесінің интеграциялануы себепші болған. Отбасы неғұрлым берік, ондағы ұрпақтардын өзара қарым-қатынасы неғұрлым дұрыс болатын болса, неғұрлым әлеуметтік бақылау қатан және бәрін қамтитын болса, соғұрлым некеге дейінгі жыныстық ұстамдылық жоғары болады. Дегенмен, соған қарамастан некеге дейінгі сексуалдық байланыстар, әсіресе жас адамдар мен жас өспірімдер арасында кеңінен тараған.

Бұл тенденция XX ғасырда және XXI ғасырдың басында орын алып отыр. Оған статистикалық мәліметтер мен әр түрлі елдерде жүргізілген әлеуметтану саласындағы зерттеулердің қорытындылары дәлел. Соғыстан кейінгі жылдары кәмелетке жетпеген қыздардың босанып қалу жағдайы көбейді. Мұнда бір-бірінен өзгеше екі кезең анық байқалады. Оның 70-жылға дейінгі бірінші кезеңі бүкіл дамыған елдерде жасөспірім қыздардың тұрмыска шықпай туып қалуларының өсуімен сипатталады Осыған қарамастан бұл елдерде жалпы туу саны күрт төмендеді. Бірақ жасөспірім қыздардың тууы Норвегия мен Ұлыбританияда 2 есе, тіпті одан да тез өскен, ал өзге жеті елде бұл көрсеткіш 1,5есе болған. Мұндай өсудің себебі жыныстық пісіп-жетілу жасының төмендеуінен, жасөспірімдердің еркіндігі мен дербестігінің артуымен, дәстүрлі моральдык ұстанымдардың әлсіреуімен байланысты, сайып келгенде, бұл жағдайлардың жиынтығы некеге дейінгі сексуалдық белсеңділік деңгейінің көтерілуіне әкеп соғып отыр.

Бірақ кейін жағдай өзгерді. Жасөспірім қыздардың туу динамикасы оның өзгеруі үш нұсқадан көрінді. Оның бірінші моделін 20 жасқа дейін 100 әйелге 100—200 туудың келуі, яғни бұл жас қыздардың туу деңгейінің төмендеуін сипаттайды, бұл көрсеткіш 70-жылдардың аяғына дейін одан әрі төмендеген. Осы нұска бойынша кәмелет жасына жетпей туу бірнеше Батыс Еуропалық елдер мен Жапонияда өзгерді. Екінші нұсқада, бірінші нұсқаға карағанда, жасөспірім кыздардың тууы әлдеқайда жоғары болған. Осы модель бойынша жасөспірімдердің тууы Батыс және Солтүстік Еуропаның кейбір елдерінде, Австралияда, Канадада өзгерген. Үшінші нұсканың ерекшелігі жасөспірім кыздардың тууы деңгейінің өзге деңгейлермен салыстырғанда төмендеу болуы. Бұл нұсқадағы өзгеріс Шығыс және Оңтүстік Еуропада байқалады.

Неке жағдайындағы сексуалдық тәртіп те әлеуметтануда маңызды мәселе болып саналады. Мұнда сексуалдық тәртіптің некеде алатын рөліне баса назар аударылады. Некелестер арасындағы сексуалдык қатынастар-дың рөлі ғана некелік сексуалдык тәртіптің негізгі мәселелеріне талдау жасауды кажет етеді. Бұл жерде басты мәселе — сексуалдык тәртіп дина-микасы некенің ұзактығына және т.б. алғышарттарға байланысты болады. Неке баянды болған сайын, сексуалдық қатынас жиілігі азаяды, бүл некелік сексуалдык тәртіптің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осы тенденцияға А. Кенизи аса көңіл аударған еді. Оның зерттеу деректеріне

1 Иванов А. С. Семья и ее проблемы. Саратов, 200І. С, 56.

Сәйкес, жыныстық қатынастардың жиілігі ерлі-зайыптылардың жас мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 16-25 жастағы ерлі-зайып-тылардың жыныстық қатынастарының орташа жиілігі жетісіне 2,45 рет; 26-35 жастағыларда жетісіне — 1,95 рет; 36-45 жастағыларда жетісіне — 1,40 рет; 46-55 жастағы ерлі-зайыптыларда жетісіне — 0,85 рет; ал 56 жастан асқан жұбайларда жетісіне 0,50 рет болған. А. Кенизидін бұл көзқарасын 25 жылдан кейін, яғни 1972 жылы ағылшын зерттеушісі М. Хант бекіте түсті. М. Хант жүргізген сауалнама бойынша ер адамдар арасында жыныстық қатынастар жетісіне жоғарыдағы жас мөлшеріне сәйкес: 3,25; 2,55; 2,00; 1,00; 1,00 реттен келген. Сексуалдық тәртіптін неке стажына тәуелді екендігі өзге де зерттеулерде дәлелденген. Американдық К. С. Гринбалттың зерттеулері бойынша бес жылдан кейін отбасында қалыптасатын жағдайлар балалардың дүниеге келуі, жұмыс мәселесі, отбасы міндеттері, қаражат проблемалары некелік жыныс қатынасының жиілігін төмендетеді. Мұндай әлеуметтану саласындағы окшау зерттеулердің қорытындысын 80-жылдардын соңы, 90-жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік демография және денсаулық бойынша (ДН5) жүргізген зерттеу нәтижелері де нықтады. Әлемнің барлық елдерінде неке стажының артуына байланысты жыныстық қатынастар жиілігінін төмендеуі байқалды. Мұның себептеріне орай зерттеушілер бірнеше алғышарттарды алға тарта келіп, олардың ішінде бірінші орынға, әдетте, кәсіби жұмыстын қауырттылығын және осыған байланысты шаршап-шалдығудың пайда болуын, балалардың тууын, сонымен катар ерлі-зайыптылардың канағат тұтуларын кояды.

Некелік сексуалдык тәртіптін келесі манызды ерекшелігі — оның ұрпақ жаю тәртібі екені рас. Қазіргі коғамда сексуалдық пен репродуктивтік тәртіптердің арасындағы өзара байланыс ең алдымен балалы болу ниетінен туындайтын жыныстық қатынастар жиілігіне тәуелді болады және содан көрініс табады. Отбасына қажетті бала санының болуына ықылас неғұрлым күшті болса, қажет еткен бала саны мен оның нақты балаларының арасында неғүрлым үлкен алшақтық болса, некедегі жыныстық қатынастар жиілігі соғүрлым жоғары болуға тиіс. ДН5-тың мәліметтеріне қарағанда, әйелдер болашақ балаларының санына қарай жыныстық қатынас жиілігін реттеп отырады. Барлық елдерде көп балалы болғысы келетін әйелдер көп балалы болғысы келмеген әйелдерге карағанда жиі жыныстық қатынаска түседі.

ДНЗ-тың мәліметтері бойынша, некелік сексуалдық және ұрпақ жаю тәртіптерінің өзара байланысы жыныстық қатынас жиілігін сақтау шара-ларын қолдану түрлеріне байланысты болады. Жүкті болудан сақтанудың дәрі-дәрмек ішу, спираль салу сияқты әдістерін қолданған некелі әйелдердің жыныстық қатынастары жиілейді. Мұндай әйелдер өзінін балаға деген қажетін қанағаттандырса да, көп балалы болғысы келген аналар сияқты тым жиі жыныстық катынаска түседі.

Әлеуметтану тұрғысынан жоғарыда аталған некелік сексуалдық тәр-тіптің ерекшеліктерін қалай бағалауға болады? Әдетге аса тиімді контра-; цепция колдану арқылы жиі жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие болатын сексуалдық тәртіптің ұрпақ жаю тәртібімен байланысты болмауын жағымды кұбылыс ретінде қарастырады. Себебі ол индивидтің кез-келген тәртіп нұсқасы мен үлгісін таңдауға мол мүмкіндік пен еркіндіктің пайда болғанын көрсетеді, әйел еркіндігі және оның ер адаммен барған сайын тең бола түсуі қазіргі неке-отбасы қатынастары қалыптасуының айғағы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, бұл отбасының ғаламдык дағдарысын да көрсетеді, оның әлеуметтік, әсіресе ұрпақ жаю қызметтерінің жойылуын немесе басқа жағдайға ауысуын байқатады.

Отбасының ұрпак жаю қызметі ұрпак жаю тәртібі арқылы жүзеге асады. Ұрпақ жаю тәртібі отбасында балалардың белгілі бір туылу санын белгілейтін жанама әрекеттер мен қатынастар жүйесі болып табылады. Адамның кез-келген тәртібі сияқты ұрпақ жаю тәртібі оның әрекет етуінің белгілі бір төменгі және жоғарғы шеңберімен, яғни адамның дүниеге бала келтіруінің табиғи циклына кіруімен шектелген. Бұл шектеулер, бір жа-ғынан, бала туу әлуетінін нақты тарихи жағдайын сипаттайды, әйелдің бүкіл өмірінде болатын жағдаяттар, айталық демографиялық құрылысы, денсаулық жағдайы, балалардың шетінеу деңгейі, т.б. балалардың туылу санының физиологиялық мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, бұл шектеулерді әлеуметтік бақылау жүйесі қалыптастырады. Ол баланың туылуының нақты қандай әлеуметтік-биологиялық деңгейде жүзеге аса-тының әйелдің нақты неше бала туу мүмкіндігін анықтайды1.

Ұрпақ жаю тәртібі кұрылымның негізгі элементтері бар. Балалы болуға деген қажеттілік ұрпак жаю тәртібінің ең басты қозғаушы күші. Балаларға деген қажеттілік бұл биологиялық нәрсе емес, керісінше, ол әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік категория. Баласы жоқтық және қажет еткен бала санының болмауы индивидтің өзін тұлға ретінде көрсетуіне нұқсан келтіреді, бұл — әлеуметтік сипатқа ие болған жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.

Мұндай қиыншылықтар күнделікті өмірде тұлғаның отбасындағы мәртебесін анықтау кезінде де алдан шығады. Мысалы, көптен көрмеген таныстар кездескенде бір-бірінің балалары жөнінде сұрап жатады, осы-лайша тұлғаның ұрпак жаю нормасына өзінен-өзі еріксіз баға беріледі.

1 АяексюкЛ. Ю. Демографическая политика.Киев, 2000. С. 96.

Балаға қажеттіліктің мәнін түсінуде ұрпак жаю нормалары ұғымы үлкен рөл атқарады. Ұрпак нормалары — бұл белгілі бір бала санының тууына қатысты қоғамдық болмыс детерминдірген және индивид жататын әлеуметтік топтар қабылданған тиісті тәртіп принциптері мен үлгілері.

Тұлға кез-келген социомәдени нормаларды меңгергені сияқты, ұрпақ жаю нормаларын да тәртіп бағдарының құралы ретінде меңгереді және белгілі бір балалардың тууына қатысы бар әр түрлі әрекеттер мен іс-қимылдардың үйлесімін қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың негізін құрайды. Меңгерілгеннен кейін, тұлғаның ішкі әлеуметтік-психологиялық құрылымына айналатын ұрпак жаю нормалары өздерінің мазмұнына сәйкес балаға деген қажеттіліктің мәнін анықтайды.

Балаға сандық және сапалық тұрғыдан қажеттілік болады. Бұлардың мазмұның ұрпақ жаю қисындары ашады. Ұрпақ жаюға қатысты байламдар — әр түрлі әрекеттердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін, белгілі бір бала санының дүниеге келуін оң немесе теріс деп білетін тұлғаның психологиялық күйі. Ұрпақ жаю белгілеулері екі класқа бөлінеді: 1) ба-лалардың белгілі бір санға жетуін реттейтін белгілеулер; 2) жүкті болуға қарсы шараларды қолдануға және жүктілікті әдейі тоқтатуға бағытталған белгілеулер. Осы белгілеу түрлері нақты жағдайда балаға деген қажеттіктің уакыты мен орнын және оның күшін байқатады, сондықтан да олар өзара байланысты болады. Неғүрлым кезекті баланы тууға дайындық күшті болған сайын, контрацепция мен әдейі түсік жасаудан арылып, ұрпақ жаюға тандау жасау соғүрлым жоғары болады.

Егерде репродуктивтік белгілеулер қажетті бала санына қатысты болса, онда репродуктивті қисындар оның сапалық жағын, мазмүның ашады. Репродуктивтік қисындар индивид белгілі бір бала санының тууы арқылы өзінің алдына қойған әр түрлі мақсаттарын жүзеге асыруға итермелейтін оның ерекше психологиялық күйін білдіреді. Репродуктивтік қисындар балалардың кез келген кезекпен дүниеге келуіне тұлғалық мән беруімен сипатталады. Солай болғанмен де бала қайсыбір мақсаттарға жетудің құралы болып қалады.

Ұрпақ жаюға немесе балалы болуға қатысты қисындар экономикалық, әлеуметтік және психологиялык болып бөлінеді. Бала туудың экономиқалық қисындары — бұл қайсыбір бала санының туылуына итермелейтін, сол арқылы белгілі бір экономикалық мақсатқа қол жеткізуге, яғни материалдық пайда табуға немесе экономикалық мәртебесін көтеруге негіз болатын қисындар. Әлеуметтік қисындар — бұл балалы болудың қалыптасқан социомәдени нормалары шегінде белгілі бір бала санының дүниеге келуіне итермелейтін кисындар және олар осы нормаларға индивидуалдық көзқарас та болып табылады. Әлеуметтік қисындар ынталандыру бар жерде өмір сүреді, мысалы, бұл әлеуметтік мәртебені, беделді арттыру және жұртшылық алдында қадір-қасиетін баянды етуден немесе асырудан көрінеді. Керісінше мұндай ынталандырулар, жеңілдіктер мен «пайдалар» болмаған ретте, белгілі бала санының туылуына әлеуметтік қисындар да болмайды. Мәселен, қазіргі 1-2 балалы отбасына негізделген қалалық ортада үш немесе одан да көп балалы ата-аналар келенсіз әлеуметтік-психологиялық кедергілерге ұшырайды. Оларды көбіне әжуа-күлкі етеді, моральдық тұрғдан сынап-мінейді және т.б. жағымсыз қоғамдық пікірлерге желеу етеді. Психологиялық қисындар бұл белгілі бір бала санының туылуына түрткі болатын қисындар, сол арқылы тұлғаның жеке басының кейбір әлеуметтік-психологиялық тіптен ішкі мақсаттары орындалады. Бұл қисындар баланың туылуына деген қоғамдық мүдд

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги