рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Әрбір Тұлға қоғамда Белгілі Бір Оынды Иемденеді...

Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектіден тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қолжеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың. Ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. бір адам әр түрлі адамдарға қатынасына сйәкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін – әке, ал өзінің анасы үшін ол – ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көьіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін – тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.

Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат қоғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, өзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен қатар кәсіптік, экономикалық, саяси демографиялық, діни және қандас-туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте қиын, айталық жаяу жүрушінің мәртебесі. Бәірақ мұндай мәртебелер бар, ол адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау мен сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәретебесі осы адамның өмірінде көп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі – жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншщісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.

Индивидтің қоғамдағы немес топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид көптеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе әр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.

Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулердің басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортанғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір қоғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның орнын «ранг» термині білдіреді. Мәртебелердің сәйкессізділігі топтар арасындағы және топтар ішіндегі иерархиядағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Осы қарама –қайшылық екі жағдаймен байланысты пайда болады:

- Индивид бір топта жоғары рангте, ал екінші топта төменгі рангте болғанда;

- Бір мәртебені құқы мен екінші бір мәртебенің құқығы мен мәндеттеріне қарама-қарсы немесе кедергі келтіргенде.

Жоғары жалақылы банк қызметкері (жоғарғы кәсіптік ранг) отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз етуші адам ретінде отбасында да жоғарғы рангны иеленеді. Бірақ бұдан оның өзге топтарда, айталық, достарының, туыстарының, қызметтестерінің ортасында рангы жоғары болмайды. Әйелдің дәстүрлі экономикалық мәртебесі – бибі болу, ал индустриялық дәуір оған тағы бірін – жұмысшы әйел мәртебесін қосты. Бірақ оның бұрынғы ескі және жаңа мәртебелері келе-келе бір-бірімен қарама-қайшылыққа түсті. Бірдей тиімді және бір мезгілде екі рөлді атқару тіптен мүмкін емес. Олардың әрқайсысы көп уақытты және біліктілікті талап етті. Сөйтіп, екі рөлді қатар атқару жүзеге асырылды. Жалпы ана мен тиімді қызметкер, сонымен қатар жақсы әйел мен тиімді қызметкер мәртебесін – рөлдерін қатар алып жүру өте қиын. Қалжыраған әйел сезімтал, аяулы жар бола алмайды. Ал өндіріске кеткен қажетті уақыт лебінен бала тәрбиесі ақсайды. Сонымен, жаңа мәртебе – «жұмысшы» бұрынғы үш мәртебемен – бибі, ана жер – қарама-қайшылыққа түсті. Демек, адамның кейбір мәртебесі үйлесімін тапса, ал басқалары қарама-қайшылықта болады. Оны мәртебелердің сәйкессіздігі деп атайды: ол индивидтің бір әлеуметтік топта жоғарғы, ал екінші бір топта төменгі рангде болатынын көрсетеді. Солардың бірі – әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретіндегі адам бейнесі (образ).

Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында, әсіресе құрылымдық-функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады. Т.Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды1, бұл рөлдер қайсыбір қоғамдағы кез келген индивидттерге тән.

Әлеуметтік рөл – бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметтік ұстанымы. Рөлдердің жиынтығын рөлдік жүйе дейді. «Рөлдік жиынтық» ұғымын Р.Мертон анықтады. Әлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа да құқықтық актілер арқылы формальды бекітілуі мүмкін, және ол көптеген моральдық тәртіп нормалары арқылы формальды емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік рөл рөлдік күтіліс пен рөлдік мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліс «ойын ережесіне» сәйкес рөлді күтеді, ал рөлдік мінез-құлықты адам өз рөлінің шеңберінде нақты орындайды. Адам кез келген уақытта қайсыбір рөлді өзіне алғанда онымен байланысты құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін болады, әрекеттердің нобайын және бір ізділігін біледі, сөйтіп өзінің төңірегіндегі адамдардың күткеніндей өз жүріс-тұрысын құрады. Осыған орай қоғам бәрінің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сол үшін әлеуметтік бақылаудың тұтас жүйесі – қоғамдық пікірден заң қорғау органдарына дейінгі және соған сәйкес әлеуметтік тыйым жүйесі – бетіне басудан, айыптаушылықтан күштеп тоқтатуға дейінгі қамтыған.

Рөлдік мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйткені әр түрлі қыщзметтерді араластыру немесе олардың бәрін бірдей орындамау бүкіл әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютті емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі варианттық фактор болады. Мысалы, фирма директорының рөлі басшылық жасау қызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағына қызметістеу міндеттімен алмастыруға болмайдыг. Бірақ басшылық ажсау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялық, бетімен жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.

Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен қарама-қайшы келуі де мүмкін, мұндай жағдай рөлдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бұған әлеуметтануда жиі жазылып жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы рөлінің арасындағы қайшылық мысал бола алады.

Рөлдермен қатар, қоғамдық жұмысты тікелей алып жүруші, жалпы әлеуметтік жүйе үшін мәніді де маңызды, адамдардың бір-бірімен өзіндік қатынастары бар, мұнда да адам белгілі бір орын алады және соған сәйкес қайсыбір міндеттерді орындайды. Осы қарым-қатынастардың астары «тұлғааралық рөл» ұғымымен бейнеленеді әлеуметтік рөл сияқты тұлғааралық рөлдер де әр түрлі болуы мүмкін және әр түрлі шағын топтарда тіптен қарама-қарсы болуы да мүмкін, айталық, дос, дұшпан, сенімді адам, т.б. Көбіне-көп адам өз мінез-құлқында осы әр түрлі күтілістерді еріксіз ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес, бірнеше топтардың күткеніне бағыт-бағдар ұстайды.

Рөл өзінің қоғамдық маңыдылығы тұрғысынан алғанда, объективті құбылыс ретінде танылса, ал ол индивид санасында өзіндік ұйғарым тауып, өзінше оған түсініктеме берсе, субъективті де болады. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, қайсыбір рөлдің негіздерін тұлғалық мәннен емес, әлеуметтік қажеттіліктерден іздеу қажет. Айталық, қазіргі әйелдердің индивидуалдық ұстанымдарында әйел (ана) рөлі аса елеулі маңызға және құндылықтарға ие бола алмайды, бірақ қоғам алдында бұл рөл әйелге үлкен міндет жүктейді. Социум тұрғысынан алғанда, рөлдік қалыптардан ауытқу, оларды мойындамау жөнсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан рөлге қатысты мінез-құлық ережелерін мейлінше ұстану тұлғаның қоғамда өмір сүруін жеңілдетеді, оның қайшылықты жағын азайтады, өзін-өзі сезіну сеніміне және оның баянды болуына негіз қалайды. Әлеуметтік рөлдер бүкіл қоғамдық организмнің қалыпты өмір сүруі үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарай маңыздылығына да бөлінеді. Бұл қайсыбір тотардың қоғамдағы орнына және тиісінше әлеуметтік құрылымдағы оның мүшелеріне, олардың құрылым тұрақтылығын қолдау үшін маңыздылығына байланысты. Әлеуметтік мәртебе қоғамдық қатынастардағы әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалар жағдайының интегративтік көрсеткіші болып табылады. Кез келген қоғамда және қоғамдық өмірдің кез келген саласында, айталық, өндірістік, құқықтық, тұтыну және басқа да саласында әлеуметтік теңсіздікті айқындайтын және нықтайтын мәртебелер саьтысы, пирамидасы бар.

Рөлдер теориясы тұлғаның әлеуметтену процесінде оған бейімделу жағдайын жақсы бейнелейді. Бірақ бұл схеманы бірден-бір және соңғы схема деп қарауға болмайды, өйткені мұнда тұлғаның белсенділігі, шығармашылық бастаулары есепке алынбайды.

Тұлғаның келесі бір бейнесі З. Фрейд идеяларының ықпалымен пайда болды. Бұл адамды мұқтаждықтардың жүйесі ретінде, ал қоғамды тыйым салулардың жүйесі ретінде қарастырады. Тұлғаның санасыз (ең алдымен сексуалды) іс-әркеті оның белсенді күш-қуатын және негізгі қайнар көзін құрайды, оның әрекетін қисынды етеді. Адам әлеуметтік нормалық шектеулерге байланысты табиғи формадағы түйсіктің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын болғандықтан, бойын билеген құштарлығы мен оның қоғамда қабылданған формада жүзеге асуы арасынан ұдайы келістік іздеуге мәжбүр болады. Фрейд жасаған тұлға үлгісі үш деңгейлі түзілім болып табылады; төменгі деңгей (Ол немес Гед), бұл санадан тыс имплусьтермен және «тектік естеліктермен» берілген, ортанғы қабат (Мен немесе Эго) және жоғарғы деңгей (Акқан-Мен немесе Супер-Эго) – адам қабылдаған қоғамдық нормалар. Аса қаталғ шамшыл және жауынгер деңгей – Ол және Асқан-Мен. Олар адам психиикасына екі жақтан «шабуыл» жасап, жүйкелік, мінез-құлық халін қалыптастырады. Бұл тұлға үлгісі қоғамдық қысымнан әрдайым қорғанып жүреді және әлеуметтік ортамен шиеленіске түсіп отырады. Қоғам дамуының деңгейіне қарай жоғары деңгей (Супер-Эго) сөзсіз ұлғаяды, салмағы да артады. Фрейд бүкіл адамзат тарихын психоздың өрістеу тарихы ретінде қарастырады.

Тұлғаның тағы бір бейнесі – әр түрлі ынталандыруларға көзқарас жүйесі ретіндегі тұлға. Осы көзқарасты ұстанғандар Б. Скиннер, Дж. Хоманс, К.-Д Опп болды. Бұл тұжырымдама бойынша, әрбір аданың мінез-құлқын әлеуметтік орта тіл, дәстүр, әлеуметтік құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы қамтамасыз етеді және бақылайды. Басқа адамдармен өзара әркетте, кез келген әлеуметтік топта адам өз мүддесін қорғайды: егерде оның мінез-құлқы қолдау тауып, жағымды ынталандырылатын болса, онда адам өзін қоршаған ортаға және жалпы әлеуметтік жүйеге ниеті түзу, тілектес болады; егерде қоғамтарапынан ол қолдау таппаса, онда ол шамшыл келеді, тәртіп бұзады. Бірақ әрбір адам жазаланудан аулақ болуға және қолдау табуға тырысады және осыған байланысты ол сыртқы ынталандырулар мен әлеуметтік бұйрықтардан біржақты әсер алады. Бсақаша айтқанда, тұлға проблемасын қарастырғанда мінез-құлық әлеуметтануы басты рөлді ынталандыру жүйесіне береді. Осыдан тұлға мінез-құлқындағы өзгерістер жақсыға, әркетке үйреті процесінен туындайды.

Кез келген «жақсылық» атаулыны ынталандырушы ретінде пайданалнуға болады. Олар: білім, билік, құрмет көрсету, даңқ, ақша, билік етушілердің оң қатынастары және т.б., бірақ өзінің қайнар көзі жағынан міндетті түрде әлеуметтік болуы керек. Ол қайнар көз қоғамның қолында болуы шарт және оны қоғам басқаруы керек. Сыйлық алу адам үшін қаншалықты құнды болса, онда ол соған сәйкес мінез-құлықты ұстанатын болады. Соынмен қатар, адам бір сәт басқалардың тарапынан қолдау тапқанын сезінсе, онда тиісінше оның кейінгі әрбір әркеттері де құнды болады. Бұл принципті тұлғааралық қатынастар деңгейінде қарастырғанда қарсыластар арасындағы еркін әрекеттер, олардың әрқайсысы өзін ұтысқа қол жеткіздім деп, яғни келетін пайдаға немесе сыйлыққа қарағанда өзінің жағдайға қосқан «үлесі» аз деп санағанға дейін сақталады.

Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи мектебі қалыптастырған тұжырым бойынша, адам өзінің міндеттерін орындауға, мақсатына жетуге ұмтылдыратын мінез-құлқы мен қылықтарын ұтымдылық көзқарасымен ғана түсіну мүмкін болмайтын қызметтік тірі организм болып табылады. Тұлғаның негізіне адамның қызметі, қарым-қатынасы, танымы арқылы көрініс табатын оның дүниемен сан қырлы байланыстары алынған. Тұлғаны танып-білу кілті ретінде басты бағалау категориясы – «қызмет» категориясы қарастырылған. Қызмет бұл жерде құрылымдық және функциялық аспектіде пайымдалған. Құрылымдық аспект қызметтің өз құрлысын анықтауды және қызметті құрайтын элементтерді анықтауды талап етеді. Функциялық аспект сол қызметтің қалайша жүзеге асатынана баса назар аударады. Сонымен, тұлғаны танып-білу оның қызметін тікелей зерттеумен байланысты және ол мынаған саясды:

- жүйені құрайтын буынды, қызметтің негізгі түрін «кәсіби, танымдық т.б.) анықтау;

- қызметтің жүзеге асу принципін – еріксіз немесе еркін, қол үзген немесе қол үзбененін анықтау;

- әр түрлі қызметтер арасындағы байланыстардың сипатын (сәйкестілік немесе сәйкессіздік), олардың иерархиялық орналасу деңгейін зерттеу;

- әрбір қызмет түрінің жүзеге асу деңгейін зерттеу.

Тұлғаны танып-білуге келтірілген варианттардың бірде-бір бұл құбылысты толық көрсете алмайды, олардың әрқайсысы оның жекелеген көріністерін қарастырады, бұл варианттар тек аса маңызды, негізі ретінде беріліп отыр. Әлеуметтік тұрғыдан тұлғаны танып-білудің моделін жасау – болашақтың ісі.

Бүгінгі әлеуметтануда тұлға ұғымы екі мағынада: а) индивидті қарым-қатынастардың және б) саналы қызметтің субъектісі ретінде көрсету үшін қолданылып келеді. Оның мәртебесі мен рөлін тұлғаның әлеуметтену деңгейі анықтайды.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги