рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Қоғамда Болып Жатқа әлеуметтік Процесстер Мен қ...

Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) мәндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім қалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі№. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоритиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жэүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсінітемесі олардың әлеуметтану зерттеулеріндегі теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір дейгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеме айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі (фундаменталды) және қолданбалы (прикладной) болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.

Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді.Өйткенісоның нәтижесін де әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.

Оны жүзеге асыру зерттелгенпроблеманы практикада шешуге бағытталады.Саясаттанушылар мен саясаткерлер,заңгерлер мен басқарушылар , экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандарэмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады.Сол ақпараттарды қолдана отырып,олар өздерінің практикалык және теориялық сиппатағы кәсіби мәселелерін шешеді.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтердіқамтиды.Бұл элементтерге, бірішіден,объект жатады,ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.

Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылысытар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір, т.б. жатады. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерден өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңінде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады1. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығы байланыста болады.

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып үшке бөлінеді.

Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу.

Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталаған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зеттеу бағдарламасын әзірлеу басталады.

Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тауарларынан тұрады:

- методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу

мақсаттары анықталып, міндеттері белгіледі, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;

- әдістеме тарауында зерттеуге түсінетін адамдарды сұрыптау

негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны

және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндеті оның үш тарауы қамтитын мәселелер анықтайтын болады.

Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.

Жалған проблеманы жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсете алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми ой-өрісі кең, өмірден түйгендері терең әрі мазмұнды болуы керек.

әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне орай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты топтасады.

1. зерттеудің мақсатына сәйкес проблемалар (таным-логикалық) және пәндік сипаттағы деп ажыратылады: а) гнесологиялық проблемалар әлеуметтік құбылыстар мен процестер жай-куйі туралы, олардың өзгеріске ұшырау тенденциялары жөнінде ақпараттың жеткіліксіздігін тыңдаған мәселелер. Бұл жердегі проблемалар білімнің жеткіліксіздігінен туындайды; б) халықтың белгілі бір топтарының, әлеуметтік институттарының мүдделерінің өзара қақтығысуы салдарынан пайда болуын, оларды күрделі әрекеттерге итеретін және олардың өмірін тұрақсыздандыратын қарама-қайшылықтарды пәндік проблемалар деп атайды.

2. өзін “алып жүрушісіне” орай проблемалар әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, кәсіптік, саяси және басқа да топтардың, әлеуметтік институттардың, өнеркәсіп орындарының, мемлекеттік мекемелердің, т.б. мүдделеріне қатысты қарама-қайшылықтарды айқындайды.

3. таралу көлеміне қарай әлеуметтік проблемалар: аудандық, қалалық, ауылдық, ұжымдық, жергілікті, аймақтық, қоғамдық, т.с.с. болады.

4. Қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына сәйкес проблемалар қысқа, орта және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Мысалы, студенттердің немесе оқушының оқу кестесіне қанағаттанбауы қысқа уақытта шешілетін проблема. Жас маманның еңбек ұжымына бейімделу проблемасы орта ауқытта шешілетін мәселе десек, баспанамен қамтамасыз ету, қылмысты, нашақорлықты, т.б. проблемаларды тудыратын қарама-қайшылықтарды жою ұзақ уақытты қамтитыны анық.

5. Тереңдік деңгейіне орай қарама-қайшылықтар үшке бөлінген: оған, біріншіден, бір мезеттік проблемаларды жатқызуға болады. Мұндай проблемалар әлеуметтік процестер мен құбылыстардың тек бір ғана жагын қамтиды. Мәселен, депуттар сайлауында бір адамның балама кандидаттарының болуы немесе болмауы мен процестердің букіл элементтер жуйесінің дисбалансын көрсетеді. Үшіншісі-функционалдық сиппаттагы қарама-қайшылықтар тудырған проблемалар. Бұл құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланысының бұзылуынан болатын мәселелер. Айталық, қоғамдағы бөлістік қатыныстардың ыдырап, куреуіне орай меншік формаларының көбеюіне байланысты адамдардың ескі идеологиялық тусінігінің бұзылуы1.

Әлеуметтік тапсырыс болғанда зерттеуші проблемалық жағдайы өзі тұжырымдаған проблемаға айналдырады. Бұл төмендегідей міндеттерді шешетін арнайы талдауды іске асыру болып табылады: 1) проблеманың ең мәнді деген элементтері мен факторлары бөлініп алынады. Проблема экономист немесе технолог қана шешетін ұзырға жатпай, тек әлеуметтанушының еншісіне тиесілі болуы шарт; 2) проблемалық жағдайдың басты және жанама компаненттері бөлініп алынады, бұл – зерттеудің негізгі бағытын анықтау үшін керек; 3) осыған ұқсас, бірақ, шешімін тапқан проблемаларға талдау жасау, әдебиеттермен, әріптестер тәжірибесімен танысу. Бұл негізгі проблеманы нақтылай түсуге көмектеседі.

Әдетте кейбір әлеуметтік проблемалар ұжымдардың өз ішінде (топтық, жергілікті), локальды (мәселе) ретінде туындайды, оның екінші біреулері үлкен әлеуметтік топтардың, ірі аймақтардың көптеген мүддесіне орай қалыптасады, ал үшіншілері жалпы қоғамның мүддесі мен қажетінен пайда болады.

Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді саралап алғанымыз жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағдайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты шарттардың бірі.

Зертеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол – оның мақсаттарын анықтау қажет. Зертеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізіге талаптанудың мақсат деп атайды. Мақсат - әлеуметтік зерттеудің қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді. Теориялық зерттеу зерттелетін объектінің құрылымы мен даму үрдісі жөнінде жаңа білім алуға бағытталған. Қолданбалы зерттеу болса, нақты жағдайдан, тығырықтан шығар жолын табу үшін керекті ақпарат алуға бағытталған ізденістің түрі болып саналады.

Ал нені өзгерті керектігін білу үшін нақты зерттеу жұмысы жүргізіледі. Бұдан кейін не істеу керектігін анықтаған жөн, дәлірек айтқанда, алға нақты міндеттер қоюға тиістіміз. Осыдан соң зерттеу міндеттері белгіленеді. Олар негізгі, жеке (негізгінің детальдарға бөлінуі) және негізгі емес немесе қосымша міндеттер болып ажырайды. Міндетте бірнеше сұрақтарды жинап тұжырымдайды. Бұл сұрақтарға қайтарылатын жауаптар зерттеудің алға тартқан мақсатына жету үшін өте қажет. Негізгі міндеттер тікелей зерттеу пәніне келіп шығады. Егерде мақсат қолданбалы болса онда міндет те қолданбалы сипатта болады. Зерттеудің негізгі міндеттері қойылған масатқа үйлеседі, ал қосымша міндеттер болашақ зерттеуге дайындық ушін, бұл проблемаға катысы жоқ жанама гипотезены ( коземелді) тексеруге, кейбір әдістемелік әдістемелерді, т.б шешу үшін қойылады. Дегенмен, қойылған міндеттерді қызметі ең басты сауалға жауап қайтаруға бағындыруы тиіс. Сондықтан да негізгі міндеттерді шешуге қатысы жоктың бәрі айяусыз түрде, алғашқы сәттен бастап-ақ ысырылып, алынып тасталынады. Негізгі міндеттерді шешуге қатысты ақпараттарды мейлінше дәлелдеудін, сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Бұдан сол зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады. әлеуметтік проблема өзінен-өзі туындап, өз бетінше өмір сүрмейді, оны қалыптастыратын белгілі бір адам топтары мен қауымдастықтар болады. Юасқаша тұжырым жасап, сөз қозғасақ, әлеуметтік қарама-қайшылықтардан тұратын , проблемалы жағдайды жасайтындар зерттеу объектісіне жатады. Ғылыми ізденіс процесінің нендей де болмасын бір нәрсеге бағытталуын әлеуметтанудың зерттеу объектісі деп атайды.

Объектіге қойылаын талаптар да баршылық. Ол кәсіптік-салалық немесе аймақтық орналасуы және мерзімдік шегі сияқты көрсеткіштер арқылы белгіленген.

Объектінің қасиеттері мен қырларын өз бойына сіңірген зерттеу пәнін де анықтау қажет. Өйткені ол зерттелетін әлеуметтік құбылысты толық түрде көрсетеді. Зерттеу проблемасы тұжырымдалып, ізденістің мақсаттары мен міндеттері анықталады, оның объектісі мен пәні белгіленгеннен кейін бағдарламада қолданылатын негізгі ұғымдарға теориялық түсініктеме беріледі. Зерттеушілердің ұғымдар жөніндегі әр түрлі түсініктері болады, бұл зерттеу нәтижесіне кері ықпал жасайды. Сондықтан ұғымдар төңірегіндегі олардың ортақ пікірлері болуы шарт.

Нені зерттеу керектігін анықтаған соң, зерттеу жұмысын қалай жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелетін проблеманы элементтерге бөліп, бұдан соң сол элементтердің құрамды бөлімдерін анықтаған жөн. Сөйтіп, оны схемаға түсіру керек. Схема зерттеу пәніне қатысты элементтерді көрсетеді және олардың бір-біріне қатынасы мен байланысын толығырақ бейнелейтін болады. Схема дайын болғаннан кейін көземел құрылады.

Қайсыбір фактілерді, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жасалып, олардың дұрыстығын зерттеу нәтижесінде дәлелдеуді немесе жоққа шығаруды көземел (гипотеза) деп атайды. Дәлірек айтқанда, көземел схеманың жекелеген элементтерінің қалпын немесе олардың арасындағы байланыстарын көрсетуі керек.

Көземел зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анытауы тиіс. Көземелсіз-ақ бәрі түсінікті болатын болса, зерттеу жүргізудің қажеті болмас еді. Көземелге қойылатын талаптар бар: анық, тексерістен өтетін, қарама-қайшылықсыз болуы шарт. Көземелді бастапқы және екіншілік деп те бөледі. өйткені бастапқы көземел ақпарат жиналғанға дейін тұжырымдалады. Егер де ол зерттеу барысында жоққа шығарылатын болса, онда оның орнына екінші көземел ұсынылады.

Көземелде қолданылған ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берілуі қажет. Ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берудің өзі де жеке-дара процесс болып саналады, өйткені оның көмегімен әзірленген көземелден анкета немесе сұхбатнамада қойылған сұрақтарға көшу жүзеге асады және ол сауалдарға респонденттер(жауапшы, жауапкер) жауап қайтарады.

Жоғарыда қарастырылғандардың бәрі бағдарламаға қатысты мәселелер болғандықтан,бағдарламане үшін қажет деген орынды сұрақ қойыдады.Егер зерттеу жұмысын бірден сұрақтарды дайындаудан бастасақ, онда, біріншіден, өте көп артық сұрақтар және керек еместері де туындар еді; екіншіден, алынған материалдарды қалай өңдеуді білмегендіктен жиналған материалдардан бас көтере алмай қалар едік.Бағдарламаның маңыздылығы, міне, осыларға байланысты.Ол жұмысқа бағыт-бағдар береді, зерттеу пәні туралыбелгілі ақпаратты қорытындылауға немесе ол жөнінде әлі де белгісіздерін анықтауға мүмкіндік жасайды.Демек, бағдарлама терең ойластырылған, нақты, логикалық жүйені сақтаған, икемді болуы тиіс. Бұл жағдай бағдарламаның барлық элементтеріне керек кезінднөзгерістер жасап отыруға мүмкіндік береді (көземел схема құрудан немесе жүйелі-функционалдық талдаудан бұрын құрылмауы керек.)

Бағдарлама мен анкетаның дайын болуы әлеуметтану зерттеуін жүргізуге толық жеткіліктідей алмаймыз, ендігі әңгіме кімдермен сауалнама жүргізілетін анқтауға келіп тіреледі.Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі.Өйткені зерттеудің объектісі көп жағдайда адамдардың үлкен жиынтығы құрайды.Ал олар әлеуметтік-демографиялық белгілеріне қарай жіктеледі және үлкен аймаққа орналасады. Сондықтан олардың бәрімен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру бірқатар қиындықтарға ұрындырады. Сонымен қатар қойылған сауалға 5000 адамнан немесе 250 адамнан алынған жауап бірдей ақпарат беруі мүмкін. Мәселе бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп пробоемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік, салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген.

Іріктелген жиынтық бас жиынтықтан сауалнамаға қатынасатын адамдарды таңдап алудың әртүрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің жиырма топтан тұратын курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол жиырма топтан біз бәріне ортақ белгісі бар үш-төрт топты ғана бөліп алып сауалнама жүргіземіз. Себебі бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жарамды болып шығады.

Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықтимал, бұл зерттеу объектісіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе бас жиынтықтың көлемі шағын болғанда толыққанды тұрғыда жүзеге асады. Мәселен, педколледждің курсында небары үш топ бар екен делік, бұдан олардан жауап алудың оншалықты қиыншылық туғызбайтынын көре аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем болмауы естен шығармаған жөн. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық жауап алу, жауаптарда топтастырып бөлу және алынған ақпаратты талдау мумкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақты мысал етіп студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамандықтың иесі болғандықтан 20 топтан 3-4 топты іріктеп ала аламыз.

Енді сұрыптаудың типтеріне тоқталған болсақ, оның да саны аз болмайды. Сұрыптаудың негізгі типтеріне: 1) қарапайым-кездейсоқ; 2) жүйелік, 3) ұялы; 4) стратификациялық (жіктелген); 5) көп сатылы; 6) ықтимал; 7) мақсатты түрлері жатады.

Қарапайым-кездейсоқ сұрыптау бас жиынтық жөнінде толық ақпарат алғанда қолданылады. Қарапайым-кездейсоқ сұрыптауды жүзеге асыру үшін әр түрлі әдістер пайдаланылады, соның ішінде “кездейсоқ сандар” кестесі, туған күніне таңдау, шыққан тегіне орай, белгілі бір әріпке сәйкес іріктеп алу сияқты әдістер бар.

Бас жиынтықтан әрбір 10-шы немесе 20-шы адамды іріктеп алу жүйелік сұрыптаудың мәнін ашып көрсетеді.

Ұялы сұрыптауда кейбір статистикалық топтар (ұялар), дәлірек айтсақ, бригадалар, отбасылар, сыныптар, студенттік топтар, т.б. бөлініп алынады да, олар толық немесе іріктелген зерттеулерге түседі.

Стратификациялық сұрыптауда бас жиынтық алдын ала бірнеше жіктерге бөлінетін болды. Мұның басқа сұрыптаудан ерекшелігі де міне, осында. Мысалы, облыс көлемінде колледждер проблемасын зерттеу қажет болды делік, онда бүкіл колледждер – қалалық және селолық, базалық кәсіпорыны бар және базалық кәсіпорыны жоқ, т.б. болып, бірнеше жіктерге бөлінеді.

Көп сатылы сұрыптауды іске асыру – бірнеше кезеңді қамтитындығымен сипатталады, сондай-ақ әр кезеңді іріктеудің бірлігі алмасып тұрады. Мысалы, бірініші кезеңде колледдерді іріктеу олардың орналасқан мекен-жайына (қала, село,т.б.) қарап жүргізіледі, екінші кезеңде сол қаланың аудандары нақты бөлінеді. Үшінші сатыда қала аудандарында зерттеу жүретін колледждер іріктеледі, бұдан кейін олардағы топтар, ең ақырында студенттеріріктелетін болады.

Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынандай әдістер пайдаланылады: 1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша зерттелетін объектімен алғаш рет кездескен кезде сұрақ қойып, жауап алынады; 2) механикалық сұрыптау әдісі, бұл – жалпы адамдардың тізімімен белгілі бір интервалды сақтай отырып респонденттердің қажетті санын бөліп алу; 3) сериялық сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес бөліктерге бөлініп, бұдан соң әбір бөліктен респонденттердің нақты саны бөлініп алынады; 4) ұялы сұрыптау әдісі жеке адамдарды іріктеу үшін емес, топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.

Мақсатты сұрыптау мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асады: 1) стихиялық сұрыптау әдісі (мысалы, газет оқырмандарынан почта арқылы сұрақ-жауап алу; 2) бұқаралық сұрыптау әдісі, бұл бақылауға алынған бір мәселені барлап-білу үшін қолданылады, осыған орай халықтың 60-70 пайызынан сұрақ-жауап алынады; 3) үлестік сұрыптау, бұл бүкіл зерттеу объектісінің қатаң сақталған процесін анықтайды: 5пайыз, 10пайыз. Сұрыптаудың екі-үш түрін бір мезгілде қолданғанда сұрыптаудың аралас та болуы мүмкін.

Ізденіс өрісіне орай бұл процестің канша адамды қамтитынын білу аса маңызды мәселе болғандықтан, сұрыптаудың мөлшері де соған орай анықталады. Іріктелген жиынтық құрамында болатын бақылау бірлігінің жалпы санын сұрыптаудың көлемі деп атайды. Сұрыптаудың мөлшері ең алдымен: 1) бас жиынтықтың біркелкілік деңгейіне (ол неғұрлым біркелкі болса, сұрыптаудың көлемі соғұрлым шағын болады); 2) қажетті деңгейдегі нәтиженің дәлме-дәл келуіне; 3) сұрыптау белгілерінің санына тәуелді болады.

Ойымызды түйіндер болсақ, сұрыптау жиынтығының көлем-мөлшері бас жиынтық көлемінің 5 пайызының кем болмауы қажет. Мумкіндігінше сауалдама алынатын адамдар санын 100-ден кемітпеген жөн.Сонымен қатар бас жиынтықтың көлемі улкен болғанда(сан жагынан жуздеген немесе мыңдаган адамды қамтыса) іріктелген жиынтық көлемі бас жиынтықтың мөлшерінен 5 пайызға аз болуы шарт.

Біз жоғарыда келтірілген мысалға байланысты сұрыптаудың бірнеше типтерін пайдалануға әбден болады. Тиімді типті таңдап алмастан бұрын, жиынтықтағы ең маңызды белгіні анықтау қажет. Ғылыми ізденіс міндетінен туындау арқылы жиынтықтың ең басты белгісі ретінде айқын әрі нақты аңғарылатын көрініс те қыылаң беріп қалады. Оған педагогикалықпрактикасабақтарына қатынаспау жатады. Осы жағдайға сәйкес сұрыптаудың ұялы типін қолданган дұрыс, ол барынша ұтымды әсер етеді.

Демек, курстың 20 тобынан педпрактикаға бармагандардың орташа сандық көрсеткішін құрайтын 3-4 топты таңдап алуға болады, немесе іріктелген жиынтықтың тобы етіп сабаққа сирек және жиі қатынаспаған оқушы топтары зерделенеді. Егер де20топтың 10 тобы сабаққа көп қатынаспаса, 5 тобы орташа және 5 тобы сабаққа көп қатынаспағандар топтарынан 2 топ, ал сабаққа орташа қатынаспаған және сирек қатынасқандар тобынан бір-бір топтан таңдалып алынады. Тіптен бүкіл топтар (сабаққа көп қатыспағандар мен оған сирек және аз барғандар) тұтастай алынатын болса, мысалға екі топтан дейік, онда аралас ақпарат алынады. Өйткені бас жиынтыққа (яғни букіл курста) мұндай топтардың арақатынасы 2:1:1. Сұрыптау қатесі деп аталатын кемшілік (өкілдің жеткіліксіздігі) әрайым болатын құбылыс десек те, зерттеушінің міндеті сол-ол мұндай қателікті мейілінше аз жіберуге тырысуы керек.

Қысқасы, әлеументтану зерттеуінің қажеттілігі туындай қалса, онымен ең алдымен мұқият дайындық жасалады. Ол үшін нақты нені білу керектігі анықталады; қарастырылатын мәселе төңірегінде әлі де нендей жағдайлардың белгісз екені шешіледі; зерттеу ісін ұйымдастырып, жургізу жан-жақты ойластырылады. Бір сөзбен айтқанда, кімдерден, қалай, қай жерде зерттеу алу керек деген өзекті сұрауға жауаптар қайтарылуы шарт.

Осы айтылгандарды туйіндеп, одан пікір-байлам жасайтын болсақ, бағдарлама дайындау мен сұрыптауды анықтау әлеуметтік зерттеу жургізудің барысына және оның нәтижелі болуына елеулі турде ықпал етеді. Бағдарлама әзірленгеннен соң зерттеу жұмысына қажетті құралдарды дайындауға болады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги