рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Әлеуметтану Басқа ғылымдар Сияқты Белгілі Бір ә...

Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан өткізуде әр турлі тәсілдер мен ережелерге бағынып, оларды басшылққа алады.

Әлеуметтік ақпарат алудың бірден-бір ұтымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл зерттеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты қолданылады. Демек , ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның арнайы жасаган дуниесін әлеуметтануда құжат деп атайды1. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар әлеуметтанушылар үшін аса маңызды.

Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып есептелетін құжаттардың алуан турлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді: 1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшелінетін құжаттар. Бұның өзі үш турді қамтиды: а) жазба туріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасз басылымдары жатады; б) секенографиялыққұжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, куйтабақ жазбалары жатады.Айта кеттеін бір жай, құжаттық ақпаратты дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистиқалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылымдары, т.б.; 2) құжаттың тупнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады.

Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары. Т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады; 3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол басқы құжаттар-тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізіндеалынған мәліметтер, ал екінші рет қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесеқорытындылаушы болып саналады; 4) мақсат-міндетке қарай ажыраган құжаттар жатады; 5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдармен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйеді.

Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мыналар жатады:

1) Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжаттарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға күмандана қарау қажет;

2) Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

3) Құжатты әзірлеуші адамның фактілері, т.б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатқа қарағанда әлдеқайда сенімді болады;

4) Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол уақыттағы жағдайды объективті беруі немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.

Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды түрде жүреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.

Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры – құжаттардың мазмұнын сұңғыла түрде зерттеу, негізінде алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір “айта алмағандарын”, бүркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сұрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.

Дәстүрлі әдіспен саралауда көбіне-көп зерттеуші интуициаға (көкейкөз) бой ұрып, құжатты өзі ұғымы төңірегінде ғана түсініп, елге түсіндіруде субъективтік бұрмалаушылыққа жол беруі мүмкін. Құжаттың мазмұнын түсіну мен талдауға субъективтікпен қатар психологиялық алғышарттар шаршап-шалдығу, т.б. Неғұрлым жан-жақты талдаудан өткен құжаттардың саны мен көлемі көп болса, соғұрлым олардың субъективтік бұрмалаушылығы кемиді. Баспасөз ақпараттарды деректерінің саны мен оның көлемінің артуы, ақпарат процесінің “бұқаралық” сипат алуы контентталдаудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттарына айналады.

Әдетте жүйеге келтірілменген көп материалды сараптау қажеттігі туындағанда, талдауды іске асырғанда нақты жоғары дәлдік пен объективтілік талап етілгенде, зерттеуші үшін құжаттың тілі маңызды болғанда ғана контененталдау әдістемесі қолданылады.

Құжаттарды формальды немесе контент-талдау кезінде зерттеу текстпен жүргізіледі, бірақ мұнда құжаттың мазмұнын ашатын мәнді белгілері анықталады, сонда ғана ол түсінуге, есептеу операциясын жүргізуге қолайлы болады және мәтінге кірмей тыс қалған ақиқат іздестіріледі. Мәтінде көрсетілмеген шындықты оқиғалар мен фактілерден, адамдар арасындағы қатынастардын іздеу жеткіліксіз, сондықтан ақиқатты мәтінді дайындау кезіндегі материалдарды іріктеу принципінен де іздестіру шарт. Басқаша айтар болсақ, зерттеуші үшін мәтіннің мазмұнына енген ой-пікірдің бәрі өте құнды, маңызды болып саналады.

Контент-талдаудың келесі маңызды принципі ретінде құжаттың мағынасын ашатын бірліктерді анықтау қажет. Мәтіндегі ұғымдар, терминдер құнды әлеуметтік ақпарат береді. Мысалы, 1989-1991 жылдардағы баспасөз беттерінде жиі қолданылған егемендік, нарық, нарықтық қатынастар, т.б. ұғымдар елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайының өзгергенін көрсетеді, осыларды ескере отырып, зерттеуші әлеуметтік талдау жасау қажет.

Арнайы тақырыпқа арналып жазылған мақала болмаса, онда керекті тақырыпты мәтіннің мағыналы абзацтарынан іздестірген жөн. Іздеп отырған тақырып мәтінде көп жағдайда әр түрлі көріністерде кездеседі, айталық, сөз түрінде, сөз тізбегі, айдар түрінде беріледі. Мысалы, 1990-1991 жылдардағы баспасөз беттерінде нарықтық экономикаға көшу, оған өтудің жолдары, оның әлеуметтік салдарынан сараптау басымырақ орын алады. Сондай-ақ зерттеуші сол тақырыптарды қолдаушыларды және оған қарсыластарды да анықтағаны дұрыс.

Тарихи тұлғалардың, саясаткерлердің, ғалымдардың есіміне де ерекше көңіл бөлген жөн. Олар баспасөз беттерінде, т.б. жиі кездесетін болса, онда олардың қоғамдық пікірге ықпалын анықтауға болады. Бұлардын кейін қоғамдық оқиғалар, фактілер де назардан тыс қалмауы тиіс.

Мақаланың, т.б. мән-мазмұнын ашатын мағыналық бірліктер таңдап алғаннан кейін, зерттеуші сандық көрсеткішке арқау болатын есепшот бірлігін анықтайды. Есепшот бірлігі дегеніміз – мағыналы бірлікті мақалада, т.б. қолданудағы жиілікті есептеу. Шығарманың жолдары, абзацтары, тыныс белгілері, таспа ұзындығы, тақырыптың аты немесе айдар көлемі, жұмсалған уақыт, сол немесе өзге хабарға бөлінген сағат есепшот бірлігі болып табылады.

Сонымен бірге контент-талдау әдістемесінің қолдану аясының шектеулігін де есте ұстау керек. Проблеманың ізденіс қырлары сан қатпарлы болғандықтан, ол формальды түрде талдап-саралауға көне бермейді. Бұл әсіресе құжатты жартылай немесе толық аша алмаудан, сөз мағынасының рет бермеуінен, т.б. көрінеді.

Ақпарат жинаудың маңызыд көзі және әдістемесі – бақылау. Бақылау микроәлеуметтік зерттеулер жүргізгенде шағын топтарды, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын, басшылық етудің тәсілдерін зерттегенде, қақтығыс, шиеленіс жағдайын саралауда жақсы нәтиже беретін тиімді әдіс болып есептеледі.

Әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және объект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшелінеді: 1) нақты зерттеу мақсатына бағындырылады; 2) белгілі бір әдістеме арқылы жүргізіледі; 3) бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі; 4) бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.

Бақылаудың сенімділігі субъекті мен объектінің арақатынасындағы жағдайдың біркелкілігі, процедураның құрылысы, ақпараттың репрезентативтілігі арқылы қамтамасыз етіледі. Солай дегенмен де, бақылау көбінесе зерттеушінің психологиялық көңіл-күйіне, оның талғамына, мәдениетіне, т.б. қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Бұл талаптардың зерттеушінің бақылау жүргізу кезінде өз сөзіне, пікіріне және қимыл әрекетіне барынша сақ, байыпты болуын талап ететінін естен шығармаған жөн, сонда ғана оқиғаның табиғи желісі бұрмаланбайды. Ал бұған кері жағдайда зерттеуші анық емес, шүбә келтіретін сенімсіз ақпарат алуы мүмкін, сөйтіп оның байлам-қорытындысы толық дәлелденбеген, ал ұсыныстары үстірт, келте болады, бұл проблеманы шешудің тиімді жолын айқындай алмауға әкеліп соқтырады.

Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізуге техникасына, киімді бақылау қажеттілігіне орай бақылау – бақылаулылық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі.

Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың әр күніндегі қимыл-әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі.

Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырттан бақылау деп те ажыратылады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеуметтік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын болады, соның негізінде объектінің сырт көзге түсе бермейтін көптеген құпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші жағдайда зерттеуші топтың арасында мүше болып енбейді, бақылау топтың сырттан жүргізіледі. Сондықтан да бұдан алынған ақпарат атүсті, жеңіл-желпі болып шығады.

Іштен және сырттан бақылауды ашық түрде немесе жасырын (бүркеніш) атпен жүргізуге де болады.

Жасырын атпеніштен бақылау (бақылауға алынбаған топ мүшелері әріптестерінің бірінің зерттеуші екенін білмейді) әдетте “жабық” ұжымдарды зерттегенде қолданылады. Ашық ұжымдарда топ мүшелері өздерін ғалымның бақылап жүргенін білуіне болады. Сөйтіп, шамалы уақыт өткеннен кейін ұжым мүшелерінің зерттеушіге бойы үйреніп алады да, өздерінің дағдылы іс-әрекеттеріне, кәнігі мінез-құлқына қайта енеді.

Бүркеніш атты жамылып іштен бақылау жасау ең тиімді тәсіл екен деп ұшқары ой қорытуға болмайды. Ашық бақылаудың өзіндік артықшылықтарын ұмытпаған жөн. Әсіресе оның еркін сұрақтар беру мүмкіндігі, кейбір сәтте жағдайға тікелей қатысып, килігіп кетуі, зерттеушінің топ ішінде өзін емін-еркін ұстап жүре алу мүмкіндігі арта түседі.

Ба0ылау 2д3стемес3н34 к-птеген арты0шылы0тары бар. Оны4 болып жат0ан 09былысты 4а0ты байланыстармен аны0тау5а 0аб3лет3 зор. Б9лай ба0ылауды4 о0и5а ж-н3нде п3к3р-пайымдау жасаудан г-р3 б3л3м беру жа5ы басым болады. Ба0ылау ж8рг3зуш3 респонденттерд34 (жауапшы) зерттеу сауалдарына жауап 0айтару5а дайын екенд3г3не немесе 0аб3лет3не ба5ынышты болмайды. Сондай-а0 б9л 2д3ст34 мейл3нше 0арапайым екенд3г3н, оны 0олдану5а аса к-п м-лшерде а0ша-0аражатты4 керек болмайтынын айта кеткен ж-н.

Жалпы ба0ылау 2д3с3 ар0ылы алын5ан а0паратты4 сен3мд3л3г3 м3ндетт3 т8рде тексер3стен –тк3з3лед3. Ол 8ш3н ба0ылан5ан ал5аш0ы объект д2л сондай жа5дайда ек3нш3 рет ба0ылаудан –тед3. Ек3 ба0ылауды4 н2тижес3 б3рдей болса, онда а0паратты4 сен3мд3л3г3н арттыру5а 0ажетт3 ба0ылау ж8рг3зуд34 0алыптас0ан нег3зг3 ережелер3 бар, оларды м3ндетт3 т8рде б3лу керек. Ол ережелер: 1) зерттеуш3 ба0ылау б3рл3г3н та4дап алуы керек. Мысалы, 9жымны4 психологиялы0 ахуалын зерттеу керек болса, шиелен3с соны4 б3рл3г3 ет3л3п алынады, е4бек т2рт3б3н34 б3рл3г3не ж9мыс0а кеш3г3п келу, басшылар н9с0ауын орындамау, т.б. алу5а болады; 2) факт3н3, о0и5аны, 09былысты, процест3 ба5алаудан б9рын оны содан ажырата б3лу шарт. Айталы0, мектепт34 педогогикалы0 ке4ес3н ба0ыла5ан зерттеуш3 оны4 2 са5ат0а созыл5анына (б9л факт3 болады) к-43л аударса, ке4ест34 уа0ытты ти3мс3з пайдалануы, оны4 сол5ын –ту3 де (б9лар ба5а5а жатады) назардан тыс 0алмайды; 3) ба0ылауды4 н2тижес3н 0олма-0ол жазып отыру 0ажет. Ол кей3н жазыл5ан болса, кейб3р «майда-ш8йдес3» 9мыт 0алады; 4) зерттеуш3 –з3 ж8рг3зген ба0ылауды –з3мен параллель ба0ылау ж8рг3зуш3 2р3птестес3н34 ж9мысымен салыстыр5аны д9рыс; 5) б3р объект3н3 б3рнеше жа5дайда ба0ыла5ан ж-н. Мысалы, басшыны4 к8ндел3кт3 2рекет3не назар аударылады ж2не т-тенше жа5дайда оны4 шеш3м 0абылдауына ден 0ойылады; 6) ба0ылаудан алын5ан м2л3метт3 –зге 2д3спен алын5ан м2л3метпен (айталы0, 09жаттар) салыстыр5ан орынды.

А0паратты4 сен3мд3л3г3 мен аны0ты5ы субъективт3к кедерг3 жойылмайынша 0амтамасыз ет3лмейд3. Дегенмен де, м9ны ж8зеге асыру о4ай н2рсе емес. Себеб3 ба0ылаушы 2рдайым –з т2ж3рибес3не, пайым-т8с3н3г3не ар0а с8йед3 ж2не –з к-43л-к8й3не т2уелд3 болады. Ба0ылау5а алыну5а ти3ст3 о0и5алар м2нд3 ж2не м2нс3з о0и5алар рет3нде ж2й 5ана топтастырылады. Б9л 0арапайым топтасу бойынша м2нд3 о0и5а5а м3ндетт3 т8рде жазылып алынады, ал м2нс3з о0и5аны жазбаса да болады. С-йт3п, ба0ылаушы т2ж3рибес3н34 де4гей3не с2йкес талдау жасайды. М9ндайда б9рмалаушылы00а жол бермеу 8ш3н ек3нш3 рет 0айталап тексер3с-ба0ылау жасау керек немесе дерек жинауды4 бас0а да 2д3стер3н 0олдану 0ажет.

Солай дегенмен де, бақылау әдістемесінің қолданылу аясының мүмкіндігі шектеулі. Оған мына жайлар дәлел ретінде келтіре кетуге болады. Бақылауды сезген адамдар өздерінің табиғи қалыптасқан мінез-құлқын көбіне-көп бірден өзгертуге тырысады. Зерттеушінің әлеуметтік ортаға (ұжым, топ) шектен тыс бейімделуі де қауіпті, ондай жағдайда ол объективтік баға беру қабілетінен айрылып қалады. Бұл көбіне іштен бақылау кезінде орын алады, озерттеуші бақылауға алынған адамдарға толық сіңіп, олардың ұстанымына көшіп кетеді. Көптеген әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеуде бақылау әдісінің қабілет-мүмкіндігі өзінің дәрменсіз екендігін көрсетеді. Ол әсіресе әлеуметтік құрылымды, бұқаралық процесті, өткен оқиғаны, себептерді, нормаларды зерттеуден байқалады, бақылау бұларды тек аз көлемде ғана түсініп, білуге жақындата түседі.

Сауалнама әдістемесі. әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы ауға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер (респондент пікірі, себептері,т.б.) жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпараттар сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға болады. Бұл әдіс ғылыма кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен де түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемді мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақытындағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама, әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін қалайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынп жиналады. Ғылымда сауалнаманы жүргізушілер адамдар – анкетерлер (сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респонденттер (жауап берушілер, жауапкерлер) деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарап, сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: олар – анкеталық және сұхбат немесе сұхбаттама (интервью). Сауалнама жауап алу ұжымдарының және жеке адамдардың кез-келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б. әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланылады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей (анонимді) өткізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен құралады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялығы сақталатынына кепілдік беріледі. Анкетаның (сауалхат) негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар бойынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осылау жауап берушілердің қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа жетуге болады. Бұлардан кейінгі сұрақтар олардың пікірін, оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респонденттердің (жауапкер) демографиялық мәліметтерді (жасы, жынысы, т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді: 1) ашық түрлері сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолдарымен жазып қайтарады; 2) жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылады. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады; 3) аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Анкеталы сұрақтардың түрлері түсінікті болу ыүшін мысалдар келтірейік: 1) Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауаттық жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады; 2) Жабық сұрақ; «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата-анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым; 3) Ааралыс сұрақ: «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблема қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзіңіз жазыңыз.

Анкета (сауалхат) құрастыру мен дайындаудың ережесі мен әдістемесі жасалып, қалыптасқан. Оларда:

1) Релятативтік, яғни ақпарат жинаудың осы формасының қаншалықты дұрыс екендігін анықтаған жөн;

2) Анкетаның кімдерге арналғандығы, яғни оның белгілі бір жауап берушіге арналып жазылғаны. Мысалы, интелллигенцияға арналған анкетаны пайдалану арқылы жұмысшылардың сауалнама алуға болмайды;

3) Анкетаның объективтілігі, яғни қойылған сауалдарға қайтарылар жауаптардың өзге факторларға тәуелділік деңгейі;

4) Түсінуге оңай болуы, яғни анкетаның сұрақтары мейлінше ұғымға жеңіл тұжырымдалып, жауапкер адам мазмұнын өзі түсіне алатын болуы керек;

5) Қойылған сұрақтар бір-біріне ұйлесімді, сыпайыгершілікпен ерекшеленуі қажет. Күрделі сауалдарды мағынасын ашатындай етіп қоя білген жөн, яғни олар көптеген сұрақтар деп аталатындарға ұрынудан сақтайды.

Демек, ашық және жабық сұрақтардың қайсысы «жақсы» немесе «нашар» деп олардың ара-жігін аша, бөліп салыстырудың қажеттілігі шамалы. Осы екі сұрақтардың өзіндік ұстанымы, қолдану аясы бар. Пікір жинау барысынд а өтетін сынақ (пилотаж) зерттеу кезінде ашық сұрақтар қолданылады, далалық зерттеуде жабық сұрауларды пайдалану басымырақ орын алады. Сұрақтарды «жабық» етуге мүмкіндігі жоқ сауалдар да бар. Мысалы, «Соңғы кезде көрген фильмдердің қайсысын сіз сәтті деп ойлайсыз?» «»Иә

Немес «жоқ» тектес жауаптар беріледі-ау деген сауалдарды ашық сұрақтар қатарына жатқызу қажет.

Жартылай жабық сұрақтар деп аталатын сауалдар да өте жиі кездеседі. Мұндайда балама сұрақтардан соң ашық типтегі сұраулардың варианттары жазылады. Айталық, «Бұл сұраққа орай сіз не айтар едіңіз?», «Сіздің өз пікіріңіз болса, жазыңыз», т.б. Сөйтіп жауап берушінің өз бетінше жауап жазуға мүмкіндігі пайда болады, ал зерттеуші үшін варианттар жиынтығы кеңейді.

Тіке сұрақтар нақты жауап берушіге бағытталады. Айталық, «Сіз... белісіз бе?», «Сіз... туралы не ойлайсыз?», «Сіз... қанағаттандыңыз ба?» «Сіздің .... жөнінде пікіріңіз қандай?», т.б. Кейде тіке сұрақтардың орнына бір немесе бірнеше жанама сауалдар қойылады. Мысалы, жалақыға қанаттық ету туралы қойылады. Мысалы, жалақыға қанағаттық ету туралы сұрақ қою дұрыс емес, сондықтан оның орнына «Сіз бос уақытыңызды табыс табуға жұмсайсыз ба?», «Отбасыңыздың әр мүшесіне шаққанда неше теңгеден келеді?», т.б. қолдануға болады.

Қызмет аясына, яғни атқаратын міндетіне қарай сұрақтар: негізгі, тексеруші, сүзгіш, буферлік (аралық), тор құрушы сұраулар болып жіктеледі.

Тексеруші сұрақтар негізгі немесе бағдарлама сұрауларына қайтарылған жауаптардың шындығын тексерістен өткізуге бағытталған. Шындығында бұл қайлатанып қойылған сауалдар, тек басқаша өңмен берілген. Мәселен, анкетаның мақсаты жауап берушінің жұмысына қанағаттану деңгейін анықтау еді делік. Осыған орай негізгі сұрақ: «Сіз жұмысыңызға қаншалықты қанағаттанасыз?» деп қойылса, онда тәуелді сауал: «Сіздің жұмыс орныңызды ауыстырғыңыз келе ме?» деп тұжырымдалады.

Сүзгіш сұрақтардың атқарар міндеті – сұрауларға жауап бере алатын немесе жауап беруге тиісті жауап берушілер тобын жауап бере алмайтын немесе жауап беруге тиісті емес адамдардан бөліп алуға келіп тіреледі. Мысалы, «Сіз спорттың қандай түрімен айналысасыз » деп сұрамастан бұрын жауап берушінің жалпы спортпен шұғылданатынын немее айналыспайтынын білу қажет. Соңғы қойылған сауал – сүзгіш сұрақ болады. Егер жауап беруші оған жағымсыз жауап қайтарса, онда оның спортпен айналысу жөнінде басқа сұрақтарға жауап қайтаруының ешбір қажеті жоқ.

Буферлік (аралық) немесе алаңдатқыш сұрақтар жауап берушінің назарын жаңа тақырыпқа аудару үшін, алғашқы қойылған сұраулардың соңғыларына тигізген ықпалын бейтараптандыру жою үшін қолданылады. Мәселен, жастардың ауылдық жерден көшіп-қону проблемасын зерттегенде жауап берушіге ең алдымен ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызмет көрсету төңірегіндегі проблемалар жөнінде сұрақтар қойылады. Олардың көпшілігі тұрмыстық қызмет көрсеті саласының дамымай қалғандығын, клуб, кітапхана, т.б. жоқтығын өз жауаптарында атап көрсетеді. Бұдан соң қалаға қоныс аударудың себептері туралы сауалдар қойылады. Оларға жауап қайтарғанда, жауап беруші қалаға қоныс аударудың себебі ретінде әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің аталмыш кемшіліктерді атап көрсетеді. Жауаптардың осындай болуы қойылған сұрақтар блогінің басқалардан бөліндегендігінен, дәлірек айтқанда, алаңдатқыш сұраулардың болмауынан туындайды.

Адалдықты анықтайтын сұрауларды тор құрушы сұрақтарға мысал етіп алуға болады. Оқырман қауымды зерттегенде зерттеуші жауап берушілерге бірнеше көркем әдебиетке сын пікірні білдіруді ұсынады. Алайда, көркем туындылардың тізіміне ойдан шығарылған автордың да аты енгізіледі. Егерде жауап беруші ойдан шығарылған автордың шығармасын оқыдым, ол ұнады немесе ұнамады деп жауап қайтарса, онда өзі қайтарған жауаптарына оның адал еместігі әшекереленеді.

Тор құрушы сұрауларға өтіріктің детекторы деп аталатындар да жатады. Ол үшін жауап берушіге қат-қабат сұрақтар қойылады, айталық, «Сіздің әлденені басқадан жасырғыңыз келетін ойыңыз бола ма?», «Өзіңіз білмейтін заттар жөнінде айта аласыз ба?», «Ашулнып, теріңізге сыймай кету сізде кездесе ме?» егерде жауап беруші осы сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсе, онда оның адалдығына күмән келтіруге әбден болады.

Анкета мен сұхбаттың сұрақтарына сауатты дайындау үшін көп жыл бойы жинақталған тәжірибе қажет. Бұл істі бастап жатқан зерттеуші, әдетте, осы мәселеде көптеген қателіктер жібереді, соның салдарынан объективті емес, сенімсіз ақпарат жинақталады. Мұндай ақпаратты жұмысты пайдалануға болмайды.

Осыған байланысты практикада ажиі кездесетін қателіктер мен кемшіліктерге тоқталар болсақ, онда оларға, біріншіден, «көп сөзділік» жатады. Яғни анкетаны көп сөзбен көпіре жазып оның көлемін ұлғайтуға болмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, анкетаның көлемі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым нешар толтырылатын болады. Тиімдісі – көлемі орта анкета, ол 30-40 сұрақтан аспайды. Олай дейтініміз, адам 40 минуттан артық уақытын анкета толтыруға жұмсайтын болса, қатеіктер жібере бастайды, оның соған беріле ден қоюына орай сұрақтар да жауапсыз қалады. Ғалымдар мазмұны жағынан бірдей екі анкетамен тәжірибе жүргіеді. Оның біріншісінің сұрақтары нақты етіліп қойылады, ал екіншісінің сауалдары көп сөзден құрастырылды. Соның салдарынан бірінші анкетаға қайтарылмай қалған жауап небәрі 3 пайызды ғана құраса, ал екіншісінде 20 пайыз көлемінде жауап берілмей қалды.

Қателіктердің бір тобы – анкетаның және сұхбаттың (сұхбаттаманың) сауалдарын дұрыс тұжырымдай алмауға келіп тіреледі. Кез келген сұрақты қоя салу орынсыз. Мысалы, оқушылардың кәсіптік бағдарын сараптау кезінде «Неге сен бұл мамандықты таңдап алдың?» деп сұрауға болмайды. Былай қарағанда, осы қойылған сұрақ зерттеудің негізгі міндетін жүзеге асыруға бағытталған сияқты. Бірақ ол оқушының тікелей «маңдайына» ұрғандай етіп қойылып отыр және нақты емес. Дұрысы ол сұрақты бірнеше шағын сұрауларға бөліп, нақты етіп қойған жөн, айталық, «Сені бұл мамандықтың иесі қызықтырады?», «Сен өзің қаладың ба, әлде басқалар кеңес берді ме?», т.б.

Мазмұны әрқилы түсінік беретін сұрақтарды да қоюға болмайды. Мәселен, «Сіз өз уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұрауға түрліше жауап беріледі: жақсы, жаман, киноға барам, саяхатқа шығам, жалғыз өткіземін, достарыммен боламын, т.с.с.

Жетекші сұрақтар жауап берушіні белгілі бір жауапқа бағыттайды. Осы арайда мынандай сұрақтарды шындығында да «Сіз... қаламайсыз ба?» немесе «Сіз.... болады деп ойлайсыз ба?» деп қоюға болмайды, өйткені олар қажетті жауапты өздері сыбырлап айтып тұр.

«Сіз... тілейсіз бе?», «Сізге.. ұнай ма?», «Сіз... құмартасыз ба?» іспетті сұрақтар жауап берушіні жағымды жауап қайтаруға итермелейді. «Иә білмеймін, иә құмартамын» сияқты жауаптар қайтару, айталық, білмейтін, құмар еместігін мойындамауымен гөрі әлдеқайда жеңіл. Сондықтан екі ұстанымға бейтарап сұрақтарды тұжырымдаған дұрыс. Мысалы, «Сіз «Асар» бағдарламасын ұнатасыз ба?» деген сауалдың орнына «Сіз «Асар» бағдарламасына қалай қараайсыз?» деген сұрақ қою дұрыс секілді.

Анкетаның сұрақтарына қайтарылатын жауаптары немесе сұхбатнаманы стандарттаудың варианттарын дұрыс тұжырымдай білу де маңызды. Бұл жерде де аса нықтылық, дәлдік және анықтық қажет. Айталық, «Сіздің газет оқуға қанша уақытыңыз кетеді?» деген сауалдарға «көп, аз» секілді қайтарылған жауаптардың варианты жарамайды, себебі, жауап берушінің біріне «аз» деген бір сағатты білдірсе, екінші біреуіне 3 сағатты түсіндіруі мүмкін.

Жауап берушіге ұсынылған жауаптардың баламасы толық, ойластырылған, тұтас логикалық жүйеге негізделіп құрылған болуы керек. Егер сұрақ жауап берушіге жауаптың көптеген вариантын ұсынатын болса, онда оны нұсқаумен қамтамасыз ету қажет. Нұсқау неше вариантты белгілеудің (бір, үш немесе бәрін) қажеттілігін түсіндіріледі.

Әлеуметтану зерттеулерінің барысында алынған мәліметтерге талдау жасау құралдарды толтыру сапасына бақылау жасаудан, қателерді түзетумен және сапасыз толтырылған жарамсыз анкеталар, бланкілер, каторчкалар және т.б. бөліп алудан басталады.

Қойылған әрбір сұраққа қайтарылған жауаптың дұрыстығы анықталады, қажетті қажетті жағдайда жауап түзетіледі. Бұдан кейін дұрыс емес жауаптар есепке алынады.

Алғашқы ақпаратта өңдеудің мәні оны қорытындылау болып саналады. Қорытындылаудың нәтижесін әлеуметтану ақпараты деп атайды. Құралдарды (анкета, т.б.) өңдеудің тәсілі жөнінде алдын ала шешім қабылданады. 60-70 адамнан алынған сауалнама жауаптарын өңдеу қолмен, микрокалькулятормен жүзеге асырылады. Егерде анкета айтарлықтай үлкен болмаса (20 сұраққа дейін болса), онда 200-350 анкета қолмен өңделеді. Егерде құралдарда 20-дан көп сұрақтар болса, онда қолмен өңдеу мүмкіндігі 100-200 анкетаны құрайды. Электронды есептеу машинасымен өңделетіндердің нәтижесі табуляграммалар түрінде көрсетіледі.

Анкетадағы немесе сұхбатнаманың бланкісіндегі әрбір сұрақ белгілі бір бір дәрежеде өлшем шкаласы болып табылады. Өлшем бірлігі болып соларға сәйкес жауаптардың балама варианттары саналады. Осы позициялар (жауаптардың варианттары) бойынша распонденттер топтастырылады. Сонымен қатар, белгілі бір өлшем шкаласына жауап берушілердің объективтік сипаттары, олардың субъективтік бағалары, т.б. топтастырылады.

Өлшеу әр түрлі шкалалардың көмегімен іске асырылады, оған мағлұматтарды математикалық талдаудың әр түрлі ережелері сәйкес келеді. Әлеуметтану зерттеулерінде әдетте шкалалардың үш негізгі типтері: номинальды, рангтік (реттілік), интервалды қолданылады.

Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды қорытындылаудың ең қарапайым формасы топтастыру болып табылады. Осы кезеңде мәнді белгілері немесе бір ғана белгісі (мысалы, жынысы, жасы, білімі) ерекшеленеді және респондент анықталған белгіге сәйкес топтың біріне қосылады. Респонденттердің жауаптарын, айталық, жыныстық белгісін ескеріп жинақтағанда қарапайым топтастыру іске асады. Дәл осындай жұмысты маңызды белгі ретінде білім деңгейін анықтағанда да атқаруға болады. Бұл жерде топ екеу емес, кем дегенде үшеу немесе төртеу болуы тиіс.

Бөлініп алынған топтарды салыстыруға, теңестіруге болады, осыған байланысты қайсыбір әлеуметтік құбылыстарды, мотивтерді, жауап берушілердің мүдделерін терең әрі жан-жақты талдауға қол жеткізіледі.

Әлеуметтану ақпараты төмендегідей белгілеріне орай топтастырылуы мүмкін: номинальды белгісіне сәйкес (кәсібі, ұлты, т.б.); рангтік шкалаға сәйкес белгілер бойынша (мысалы, еңбектің сипатына орай: қол еңбегі, механизмдермен жұмыс, интеллектуалды еңбек); сандық белгілерәі бойынша (топтар сандық белгілермен сипатталады, оларды өзара сапалы салыстыруға болады, мысалы, жас мөлшері интервалы бойынша топтастыру: 18-20 жас, 21-25 жас, 26-30 жас, т.б.).

Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды.

Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар, схемалар, кестелер, т.б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгілеріне, проблемаларына, сұрақтарына, т.б. қарап жинақтау орындалады.

Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады.

Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді. Алайда, зерттеуші бұл құжатты дайындау кезінде индукцияға бой алдырады. Есептің тауарларының саны әдетте зерттеу бағғдарламасында көрсетілген көземелдің санына дәл келеді, жауап ең алдымен басты көземелге беріледі.

Әдетте есеп берудің бірінші тарауында зерттеллген әлеуметтік мәселенің өзектілігі, зерттеу парамерлерінің (сұрыптау, ақпарат жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны, жұмысты жүргізу мерзімі және т.б.) сипаттамасы қысқаша баяндалады. Кінші тарауда зерттеу объектісіне әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша (жынысы, жасы, белемі, т.б.) сипаттама беріледі. Бұдан кейінгі тараулар бағдарламада ұсынылған көземелдерге жауаптар іздестіруді қамтиды. Есеп беру тараулары қажет болған жағдайда параграфтарға бөлінуі мүмкін. Әрбір тарау немесе тіптен әрбір параграфты түйінмен (қорытындымен) аяқтау өте орынды саналады.

Жалпы қорытындыларға негізделген есептің қорытындысын практикалық ұсыныстар түрінде жазған дұрыс. Есеп беру 30-40 немесе 200-300 бетке жазылуы мүмкін. Ол материалдың көлеміне, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Есеп берудің қосымшасы зерттеудің бүкіл методологиялық және әдістемелік құжаттарынан тұрады: бағдарлама, жоспар, құралдар, нұсқаулар және т.б. Соынмен қатар, қосымшаға көбіне-көп таблицалар, графиктер, жеке өз пікірлері, есепке кірмеген ашық сұрақтарға қайтарылған жауаптар енгізіледі. Себебі бұл құжаттардың мәліметтері, жауаптары жаңа зерттеу бағдарламасын дайындауда пайдаланылуы мүмкін.

Содан кейін әлеуметтану зерттеуінің қорытындысын практикаға енгізу процесі басталады. Зерттеу нәтижелерін практиикаға енгізудің әр түрлі формалары мен әдістері бар, оларға: практикалық ұсыныстар жасау, зерттеудің қорытындысын жариялау, ғалымдардың радио мен теледидердан сөйлеуі, зерттеушілердің басшылық органдары үшін құжаттар мен материалдардың жобаларын дайындауға қатысуы, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізу жатады.

 

***

Әлеуметтану курсы бойынша дайындалған осы құралында қарастырылған мәселелерді қысқаша қорытындылайтын болсақ, онда оның ең маңыздысы мыналар: әлеуметтанудың ғылым болып қалыптасу тарихы, оның жалпы теориясының дамуы. Бұл – әлеуметтанудың маңызды теориясы. Бұл теория ғылымда аса күрделі объекті саналатын қоғамды танып-білуді ілімдік негізге айналды. Осы теорияны қолдану қоғамның өмір сүруі мен дамуының заңдарын, әлеуметтік прогрестің механизмдерін, жолдарын анықтап, қоғамның даму болашағына терең үңіле білуге үйретті. Демек, жалпыәлеуметтанулық теорияны адамзат дамуын жеделдетудің тетігі десек те болады.

Әлеуметтану теорияларын қалыптастыруда әр түрлі пікірлер айтылды, тіптен бір-біріне қарама-қайшы келген көзқарастар да болады. Бұл жағдайлар оқу құралында көрініс тапты. Көп пікірлік және пікір сайысы қазіргі әлеуметтануда орын алуда, олар осы ғылымның аса маңызды екекндігін білдіреді. Өйткені олар әлеуметтану ойлары мен теорияларының толығып-жетілуінің жолдарын көрсетеді.

Әлеуметтанудың арнайы теориялары бұл ғылымның өз алдына жеке саласына арналған қоғамның күрделі мәселелерін танып-білуге ерекше рөл атқарады. Олар әлеуметтанудың жеке салаларының дамуына ықпал еткен объективті жағдайларды, бұларда орын алған құбылыстар мен процестердің өзгеріске түсуінің заңдылықтарын, ғылымдардың ұстаным-шешімдерін және т.б. қоғамдық өмірдің әр саласындағы қалыптасқан проблемаларды дер кезінде оңтайлы шешуге мүмкіндік беретініне көз жеткізеді. Соның ішінде ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, саяси тұрақтылықты сақтап, баянды ету, мәдениетті өркендеу, қоғамның әлеуметттік құрылымын жетілдіру, оьбасының бірлігін сақтау жолдары мен тәсілдерін меңгеру қоғам үшін аса қымбат. Тұлғаны қалыптастырмайынша, оны жетілдірмейінше , қоғам да ілгерілемейді. Сол сияқты өркениетті қоғамнан тыс, оны тәуелсіз тұрғыда тұлғаның еркін және жан-жақты даму мүмкін емес.

Әлеуметтану зерттеуі теориялық пен эмпирикалық ізденістерді бір-бірімен органикалық байланысты қарастырады. Себебі олар зерттеу процесін құрып, әрқайсысы өзіндік ерекше рөл атқарады. Эмпирикалық зерттеу - мәселенің нақты өмірмен байланысын қамтамасызх етіп, бір жақты абстрактілі пайымдаудан сақтандырады және практикалық мәні бар ұсыныстар жасауға негіз болады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік фактілерді методологиялық тұрғыдан дұрыс жинақтау мен сараптауды қамтамасыз етеді. Олардың мәніне, даму бағыттарына және заңдылықтарына бойлай енуді, әлеуметтік көрегендік пен болжам жасауды қалыптастырады. Десек те, осы оқу құралына енбей қалған тақырыптар, мәселелер мен тұжырымдамалар да жоқ емес. Мысалы, дін, құқық, экономика және т.б. әлеуметтануларын айтсақ жеткілікті. Бұлар алдағы уақытта шығатын оқу құралдарына жалғасын табады деп ойлаймыз.

 

 

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги