рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны. - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ Басқа Да қоғамдық ғылымдар Сияқты ә...

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық қызметі – әлеуметтік құбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан, басқа құбылыстармен байланысынан, даму заңдары мен олардың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады. Әлеуметтану әртүрлі субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға, олардың қызметінің объективті және субъективті жақтарын талдауға, сонымен қатар әлеуметтік институттардың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.

Жоғарыда аталған әлеуметтану білімі деңгейлерінде әлеуметтік процестер жөніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың әрқайсысында бұл процестер әрқилы деңгейлер дәрежесінде байқалады. Арнайы әлеуметтанулық теориялармен салытырғанда, жалпы әлеуметтану теориялары деңгейінде ауқымы кең ғылыми қорытындылар жасалады. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер функциясына адамдардың күнделікті практикасын сипаттайтын бастапқы мәліметтерді жинау және оларға эмпирикалық талдау жасау жатады.

Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен қатар әлеуметтік процестерді талдау негізінде қоғам өмірінің материалдық, саяси немесе рухани салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми болжам жасауды қамтиды. Мұндай болжамдар ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады: мұндағы мақсат - жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс болашақтағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы қоғамның мәні, оның құрылымы, өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім берумен анықталады.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметтерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.

Түптеп келгенде, бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмін жақсартуға, оның тиімділігін ұтымды басқарудан бастап, қоғамдық істерді басқаруға дейінгі барлық деңгейде жетекшілік етудің сапасын арттыруға бағытталған. Бұны үлкенді-кішілі дәрежеде қазіргі бүкіл қоғам, әсіресе өркениетті елдер қолданады. Олардың бірде-біреуі экономиканың, әлеуметтік таптардың және ұлт қатынастарының, қоғамның саяси жүйесінің дамуын басқарусыз қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол бермейді. Олардың дамуы белгілі бір басқару құрылымының ықпалымен жүзеге асады. Ол құрылымның қызметі ғылыммен тығыз байланысып, соны жүзеге асырады. Қоғамның күрделенуі және олардың экономикалық, экологиялық, саяси және тағы басқа да дамуы, қазіргі таңдағы жағдайларды әлеуметтік процестерге мақсатты, бағытты түрде ықпал жасау қажеттілігін талап етеді. Дәл осы тұста әлеуметтану өзінің алдындағы міндеттерін ғылыми негізге сүйене отырып орындауы тиіс. Әлеуметтану қоғамның өмір сүруін жан-жақты саралап өлшейді және бастапқы әлеуметтанулық ақпарат алғаннан бастап, ғылыми дәлелденген қорытындылар мен ұсыныстар жасауға дейінгі ауқымда сан қилы жұмыстар атқарады.

Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың келесі бір атқаратын қызметі - идеологиялық міндеттер болып табылады. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын, белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Бұдан айналып өту тіптен де мүмкін емес. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер мен арнайы әлеуметтанулық және жалпыәлеуметтанулық теориялардан туындаған ережелерді идеологиялық тұрғыдан талдауға ұшыратпай алып қалу өте қиын. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір әлеуметтік-таптықтың құрамында, яғни көбінесе қайсыбір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әртүрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүние танымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

Қоғамдық өмірдің қайсыбір жақтарына қатысты әлеуметтанушы жасайтын қорытындылар тек өзі жататын әлеуметтік топтың мүддесіне тиесілі болып қана қоймай, басқа да әлеуметтік топтардың, соның ішінде таптардың мүдделерін қамтитыны рас. Сөйтіп, осы қорытындылар қалыптаса келе идеологиялық мазмұнға, өзіндік реңге ие болады.

Сөз болып отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қараудың идеологиямен алмастырылуы әрине дұрыс емес. Оған ешбір күмән жоқ. Қоғамдық құбылыстарға объективті талдау жасау зерттеуші үшін қашан да маңызды. Алайда, оның әлеуметтік статусы - сол талдаудың көрінісі, бұл жағдай зерттелетін қоғамдық процестер мен құбылыстарға орай жасайтын оның қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану кез келген кезеңде де идеологиялық бағыт ұстайды. Ал, идеологиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін әлеуметтанулық зерттеудің барысын, сондай-ақ одан туындайтын қорытындыларды шектен тыс идеологияландыру мен саясаттандыруға болмайды. Керісінше оларды жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкестендірген пайдалы.

К. Маркс «Фейербах туралы тезистерінде»: «философтар дүниені әр түрлі деңгейде түсіндіріп қана қоймайды, ал істің мәні оны өзгертуде жатыр»1,- деген еді. Ақиқатында дүниені өзгерту оны түсіндіру негізінде ғана жүзеге асуы тиіс. Алайда, мұндай өзгертулер қара бастың қамы үшін жасалмауы керек. Адамдардың өмір жағдайын жақсарту, мұқтаждықтар мен құндылықтарға орай қалыптасу көрініс тапса, міне, сонда ғана ол қажеттілікті өтейді. Сөйтіп, мұндай әлеуметтанудан маңызды әлеуметтік қызмет - сыншылдық пайда болады. Бұл жерде әңгіме дүниеге жеке тұлғаның көзқарасымен баға берудің өзара байланыстылығында болып отыр. Осы қызметті жүзеге асыруда әлеуметтану ақиқатқа дифференциялық тұрғыдан қарайды. Бір жағынан ол сақтаудың, нығайтудың, дамытудың қажеттігін немесе бәрін өзгертудің, қайта құрудың, т.б. керек еместігін көрсетеді. Ал екінші жағынан - шындығына көшсек, түбегейлі өзгертулерді керек ететіндерін анықтайды.

Әлеуметтану ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арасында алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның қоғамда атқаратын қызметімен және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның даму заңдылықтарын ашатын, тарихи процесте объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін көрсететін жалпыәлеуметтанулық теориялар, мысалы, тарих, саясаттану, құқықтану, әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық және методологиялық рөл атқарады. Жалпытеориялық әлеуметтану аталмыш ғылымдардың проблемаларын кең көлемдегі әлеуметтік контексте қарастыруға, олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта қарастырылуы мен методологиясын жасайды.

Бірқатар ғылымдар үшін арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде қалыптасқан ережелер мен қорытындылар да маңызды болып саналады. Олар еңбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына қатысты болуы мүмкін. Бұл мәселелерді басқа да ғылымдар, соның ішінде экономика, экология, педагогика және тағы басқалар қарастырады. Бірақ ,арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар басқа ғылымдардың мәліметтерін толықтырады, өз қорытындыларымен қаруландырады жан-жақты зерттеуге мүмкіндік жасайды.

Арнайы әлеуметтанулық теориялар адамдардың еңбек, саяси және өзге де қызметінің әлеуметтік аспектілерін ашады, олардың әлеуметтік жағдайларын (айталық, қалалық немесе селолық), отбасылық және жеке басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді. Олар экономикалық , саяси, құқықтық және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесінде жеке тұлғаның және әртүрлі әлеуметтік топтардың өзін-өзі әлеуметтік жағынан көрсету мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл жердегі әңгіме - осы қатынастардың ерекшеліктері туралы, әсіресе ондағы адамдардың өмірі мен қызметінің мүмкіндіктері, олардың елеулі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру дәрежесі жөнінде болып отыр. Арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде жасалған дәлелді қорытындылардың әр түрлі қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар үшін маңыздылығы да әрқилы.

Нақты әлеуметтанулық зерттеулер көптеген қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің қайсыбір процестері туралы жедел мәліметтер алу немесе адамдардың бұл процестерге қатынасын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеулер, қай ғылымның саласына сәйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген құбылыстар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады. Осы жедел ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің жекелеген құбылыстарын жан-жақты қарастырумен қатар, құбылыстардың қайсыбір әлеуметтік жүйедегі және жалпы қоғамдағы орны мен рөлін нақты ашуға мүмкіндік жасайды, қоғам өміріндегі макро және микро процестердің өзара әрекеттерін анықтайды.

Сайып келгенде, әлеуметтану - қоғамның өмір сүруінің және дамуының заңдылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым. Ол әлеуметтік тәсілдерді, үрдістерді, қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметін, олардың рөлін, статусын, және әлеуметтік мінез-құлқын, бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айналысады. Әлеуметтанудың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына О. Конт, Г. Спенсер, т.б. көрнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары мен ілімдері зор ықпал етті.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары
  Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги