рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары - раздел Образование, ЛЕУМЕТТАНУ   Әлеуметтану ғылымында қоғамды Сұ...

 

Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар аркылы қоғамның даму деңгейі, оның дамуының бір сатысынан келесі сатысына өтуі, т.б. анықталады. Марксшілдер қоғамның типін белгілеуде өндіріс тәсілін, яғни қоғамның экономикалық ресурстарының қалай пайдаланылып, қалай бақылауға алынатының басшылыққа алады. Г. Ленски мен Дж. Ленски қоғамдарды сұрыптау барысында оларға тән өндіріс тәсілдерімен қатар өзге де маңызды белгілерді ашып, қоғамды 4 типке бөлуді ұсынды: 1) аңшылық пен терімшілдік қоғам; 2) бау-бақшалық қоғам; 3) аграрлық қоғам; 4) өнеркәсіптік қоғам. Неміс ғалымы Ф. Теннис өнеркәсіп қалыптасқанға дейінгі қоғам мен қазіргі қоғам арасындағы мәнді өзгешеліктерді зерттей келіп, шаруалар қауымдастығын белгілейтін Гемайншафт терминін және индустриялды-қалалық қоғамды анықтайтын "Гезельшафт" ұғымдарын енгізді. Осы қоғамдар арасындағы айырмашылықтардың мәні мынаған саяды: а) "Гемайншафт" типті қоғамда адамдар қауымдастық міндеттеріне сәйкес өмір сүреді, Гезелышафт қоғамы адамдардың жеке бастары үшін пайда табуға негізделген; б) "Гемайншафт" қалыптасқан салт-дәстүрлерге негізделсе, "Гезельшафт" формальды заңдарға маңыз береді; в) "Гемайншафт" шектелген мамандандыруды ұсынса, Гезельшафт" мамандандырылған кәсіби рөлдерді қалыптастырады; г) "Гемайншафт" діни мұраларға арқа сүйесе, "Гезельшафт" зиялылық (светский) құндылықтарды жоғары қояды; д) "Гемайншафта" қоғамның басты институттары болып отбасы мен кауымдастық саналады, ал "Гезельшафтта" коғамның негізгі институттарына адамдар бірігуінің ірі корпоративтік және ассоциативтік формалары жатады.

Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да көзқарастар қалыптасты. Соның негізінде қоғамдарды топтау жөніндегі ұстанымдарда, бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін: дәстүрлі (аграрлық); индустриялды және постиндустриялды деп бөлу басымырақ орын алып отыр. Енді соларға тоқталайық.

Сонымен, дәстүрлі қоғам деп аграрлық. укладты қоғамды айтады. Қазіргі біздің түсінігімізде дәстүрлі коғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Шындығында бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен, адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шектеледі.

"Индустриялды қоғам" терминін ғылымда алғаш колданған Сен-Симон болды, сол ұғым арқылы ол қоғамның өзгеше өндірістік негізін айқындады. Индустриялдық қоғамның басқа да маңызды белгілеріне адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгеруіне сәйкес қалыптасатын икемді әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік мобильдік, коммуникация жүйесінің дамуы жатады. Мұндай қоғамда индивидтің еркіндігі мен мүддесін ортақ принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Ортақ принциптер индивидтердің бірлесе еткен қызметін реттеп отырады.

Индустриялды қоғам теориясын екі вариантта жасағандар — француз әлеуметтанушысы Р. Арон мен американдық экономист, әрі саясаттанушысы У. Ростоу болды. "Индустриялды қоғам" теориясы коғамның жедел дамуының жолдарын көрсетіп, натуралды шаруашылық үстемдік еткен, артта қалған аграрлық қоғамнан алдыңғы қатарлы, өнеркәсібі дамыған индустриялды қоғамға өтудің орнығатынын дәлелдейді. Бұлардың пікірінше, индустриялды қоғам, ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы жөне күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл өндірістің нақты салаларға мамандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Екіншіден, индустриялды коғамда рынокқа арнап кең көлемде жаппай тауар өндіру қалыптасады. Үшіншіден, ол өндірісті автоматтандыру мен механикаландыруға және басқаруға иелік етеді. Төртіншіден, индустриялды қоғам ғылыми-техникалық революциямен сипатталады. Транспорт пен байланыс құралдарының жоғары дамуы, жоғарғы деңгейдегі мобильдік пен урбанизацияның болуы, ұлттық тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер осы процестердің нәтижесі болып саналады. Бұл теория тұрғысынан алып карағанда ірі өнеркәсіптің негізгі сипаттамасына индустрияның өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы мінез-құлық, тәртіп формаларын реттеуімен катар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында реттеу жұмыстары жүргізіледі.

Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, дәстүрлі қоғам мен индустриялы қоғам арасында калыптасқан айырмашылықтар бар, олар: әлеуметтік ынтымақтастықтың формасында және әр түрлі моральдық жүйелерде орын алған өзгерістер. Карапайым коғамдағы ынтымактастықтың түрі — "механикалық ынтымактастық" десек, ал индустриялы қоғамда — органикалық ынтымақтастық болады. Дәстүрлі коғамдағы қатынастар негізінен туыстық карым-қатынастарға негізделген еді, ал қазіргі индустриялық қоғамдағы катынастар саяси ұйымдарға, шіркеуге, бизнес пен мектепке арқа сүйейді.

Дәстүрлі және индустриялды қоғам атаулары жаңа айдарлармен де беріліп жүр. К. Поппер жоғарыда баяндалған әлеуметтік бақылау мен индивидтің, еркіндігінің арақатынасындағы өзгешелікті негізге алып, ашық және жабық қоғам деген ұғымдарды колданды. Магиялық, тайпалық немесе ұжымдық қоғамды К. Поппер жабық қоғамға балайды, ал индивидтердің өздері еріксіз шешім қабылдауға мәжбүр болатын қоғамды — ашық қоғам деп санайды.

XX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғам дамуының дәстүрі және оның индустриялдық екі сатысы 70-жылдары үшінші сатымен толықты. Сол тұста постиндустриялды коғам тұжырымдамасы пайда болды. Ол тұжырымдаманы жасаған американдық әлеуметтанушы Д. Белл мен батысеуропалық әлеуметтанушы А. Турен еді. Бұл тұжырымдаманың пайда болуына дамыған елдердің экономикасы мен мәдениетіндегі құрылымдық өзгерістер себеп болды. Бұл өзгерістер қоғамға жаңаша қарауды талап етті. Ең алдымен білім мен ақпараттың рөлі шұғыл артты. Қажетті білім алып, жаңа ақпаратқа қолы жеткен индивидтің әлеуметтік иерархияның сатысымен алға жылжуына қолайлы, біршама үстем мүмкіндіктер жасалды. Жемісі мол шығармашылыққа жету үшін еңбек еркіндігінің болуы, оның табысы адамның да, қоғамның да гүлденуінің негізіне айналды.

Беллдің пікірінше, бұл қоғамда капиталистер табы жойылып, олардың орнын білім деңгейі жоғары жаңа басқару элитасы басады. Әлеуметтік стратификацияның өлшемі болып саналатын меншік өзінің маңыздылығын жоғалтады, шешуші өлшем болып білім деңгейі есептелетін болады. Меншік капиталистердің қолына шоғырланған, еңбек пен капитал арасында негізгі шиеленіс сақталған индустриялды қоғаммен салыстырғанда постиндустриялық қоғамдағы негізгі шиеленіс білім мен компетентсіздіктің арасындағы күрестен көрінеді. Индустриялыққа дейінгі қоғамның басты мақсаты — билік, индустриялдық. қоғамның басты мақсаты - ақша, постиндустриялды қоғамның негізгі мақсаты — білім. Бұл үш сатының әрқайсысына әлеуметтік ұйымдардың өзіндік ерекше формалары тән, атап айтқанда, аграрлық қоғамға шіркеу мен әскер, индустриялыққа - корпорация, постиндустриялыққа - университеттер қажет. Осыған орай олардың әлеуметтік құрылымдары да қалыптасады, мысалы, аграрлық коғамда билеп-төстеу дін қызметкерлері мен феодалдардың қолында болды, индустриялдық қоғамда - бизнесмендер, постиндустриялдық қоғамда -ғалымдар мен менеджерлер үстем болады. Индустриялды және постин-дустриялды қоғам теориялары әлеуметтік эволюционизм шеңберінде болады, өйткені олар жаңа техника мен технология негізінде коғамның белгілі бір сатыға өтуіне мүмкіндік тудырады. Технологиялық төңкерістер қоғамдық өмірдің басқа салаларына да төңкеріс жасайды, бірақ бұлар әлеуметтік төңкерістерге соқтырмайды.

Технологиялық ақпараттық прогрестің негізінде қауіпті процестер де дамыды. Маңызды әлеуметтік-саяси ақпаратқа, электронды коммуникация құралдарына қолы жеткен мемлекет пен басқару элитасы бұқара халыққа ықпал жасау мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, технократиялық мемлекеттің рөлі артып, оның азаматтық қоғамды біртіндеп өзіне бағындыру қаупі төнеді. Әлеуметтік бақылау жасаудың жатық, жасырын формасының күш алу қаупі артады.

Десек те, қоғамды классификациялау тек осылармен бітпейді. Қоғам саяси критерийлерге орай (әсіресе қоғам мен мемлекет арақатынасының сипаты мен формасына қарай) азаматтық қоғам ретінде қалыптасқан, мемлекет соған бағынып, қызмет ететін - демократиялық қоғам; азаматтық қоғамы жоқ, ал мемлекет қоғамды және тұлғаны өзіне бағындырып, басып-жаншып отыратын - тоталитарлық қоғам және алғашқысы мен кейінгісінің арасындағы - авторитарлық қоғам деп бірнеше жікке бөледі. Қоғамды типтеу басқа да көптеген белгілерге қарап жүргізіледі. Айталық, қоғамдағы үстемдік етуші дінге байланысты христиан немесе мұсылман қоғамына, кеңінен тараған тілдік қарым-катынасқа қарап ағылшын тілді, француз тілді, орыс тілді және т.б. қоғамдарға бөледі. Жалпы осы топтаулардың рөлі мен маңызын анықтау коғамды нақты қай жағынан зерттеуге байланысты болады. Егер қоғам халықтың этникалық құрамы жағынан алып зерттелетін болса, онда бірінші қатарға қоғамды бір ұлттық, екі ұлттық, көп ұлттық деп топтау қойылады, ал қалғаны екінші қатарға шығарылады. Демек, күрделі әлеуметтік құрылым ретіндегі қоғамды типтеу жөнінде бір ғана немесе әмбебап көзқарас жоқ. Ол зерттеушінің қандай методологиялық тұрғыдан қарауы, проблеманы өз бетінше көре білуі, өз пайымдауының негізі етіп нені алуы арқылы анықталады.

Жоғарыда қоғам ұғымы мен мемлекет түсінігі бір-біріне ұқсамайды деген едік. Олай болса, олардың белгілерінде де өзгешелік болады. Демек, қоғамды қандай белгілерге қарап анықтауға болады деген орынды сауал туындайды. Индивидтер арасында өзара әрекеттер, өзара байланыстар және қатынастар орнайды. Мұндай байланыстарды дүние жүзі картасымен салыстыратын болсақ, онда осы байланыстардың бір-бірімен ұштасып, жүйеленіп мемлекеттік-территориялық бірлікке келіп тірелетінін көруге болады. Сонымен, қоғам - адамдар арасында қалыптасқан байланыстар мен өзара әрекеттердің жиынтығы.

Қоғамның алғашқы белгісіне әдетте әлеуметтік байланыстардың шоғырлануы жүретін аумақты жатқызады. Біздің планета көптеген қауымдастықтарға экологиялық мүмкіндік беру арқылы адамдардың мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және климаттық жағдай мен табиғат ландшафтысының көп түрлілігіне орай индивидтердің тіршілік әрекеттеріне өзіндік қайталанбас белгілер қалдырды. Аумақ — индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттер қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістіктің негізі болады.

Қоғамның екінші ерекшелікті белгісі оның ішкі өзара байланыста-рының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы туындатып, жетілдіру қабілеті болып табылады. Қоғамның маңызды сипаты ретінде тұрақтылықты айтқанмен, әлеуметтанушылар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде бір жерден шықпады, пікірлері қайшылықта болды. Э. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р. Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э. Шилз қоғам бүкіл аймаққа бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деп пайымдайды.

Қоғамның тұрақтылығын сақтайтын алғышарттарды толық анықтау тіптен мүмкін емес сияқты. Адамзат тарихының көне кезеңдерінде коғамның тұрақтылығы ең алдымен тұлғааралық өзара әрекеттердің есебінен сақталып келді. Адамдар өздерін туыстық және көршілік, әдет-дағдылар, көмек пен қолдау көрсету, олардан айырылудың қорқынышты екендігі сияқты дәнекерлермен байланыстырды. Ф. Теннис осындай принциптерге негізделген қоғамды қауымдастық деп атаған.

Алайда, халық санының өсуіне орай байланыстардың өзара әрекет жүйесі бұрынғыдай қолданыла алмады. Басты тұрақтандырушы алғышарт болып әлеуметтік құрылым щықты. Әлеуметтануда құрылым деп тұрақты түрде болатын әлеуметтік түзілімдерді, байланыстарды және қатынастарды айтады. Бұл әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастықтар болуы мүмкін. Олардың айрықша ерекшеліктеріне мақсатқа лайықты қызметтері жатады. Бұл дегеніміз, қоғам үшін өмірлік маңызы бар міндеттерді орындау мен атқарушылардың кұзырына біршама тәуелсіз болу деген сөз.

Басқаша сөзбен айтсақ, меншік институты немесе мемлекет, ин-теллигенцияның әлеуметтік тобы немесе соттың кәсіби рөлі қоғамда тұрақты немесе ұзақ кезеңдер бойы өмір сүріп келеді және осы құрылымдардың өмір сүруін қамтамасыз еткен нақты адамдар әлденеше рет ауысып отыруы мүмкін.

Әлеуметтік құрылымдар бір мезетте және жоқтан пайда болмайды. Олар бастапқыда тұлғааралық контактілер мен өзара байланыстар негізінде пайда болып, өзара әрекеттер және қатынастардың тұрақтылығын нығайтудың нәтижесінде қалыптасады. Олар индивидтердің өз міндеттерін тиімді шешуге, жеке өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, бірлесе өмір сүруді реттейтін принциптер мен нормаларды мейлінше дұрыс таңдап алуға негізделеді. Мысалы, барлық халықтарда реттеуші - жұмылдырушы қызметін атқара алатын институттық құрылымдар қалыптасқанға дейін мемлекеттің орнығу процесі көптеген жүз жылдықтарға созылды.

Қоғамдағы тұрақтылық ең алдымен әлеуметтік құрылымның қалыптық және функционалдық қасиеттеріне байланысты болады. Әрбір кұрылым әрекеттер мен өзара байланыстардың белгілі бір түрлерін тәртіптейді (реттейді) және оларды ұдайы өндіреді. Айталық, отбасы институты неке қатынастарын, ақша институты тауар айырбастауды реттейді. Бұлардың бәрі біріге отырып, сабақтастықты қамтамасыз етеді, онсыз әлеуметтік байланыстарды ұдайы өндіру мүмкін емес.

Қоғамның үшінші ерекшелікті белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен жүзеге асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы қажет. Адам тек қоғамда ғана шағын кәсіби қызметімен айналыса алады, өзінің азық-түлікке және киім-кешекке деген қажеттілігін әр кезде қанағаттандыра алады. Қоғамда ғана адам өзіне керекті дағдыларды қалыптастырады және ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен танысады. Тек қоғам ғана оған мансапқа жетуге және әлеуметтік иерархияның биігіне көтерілуге мүмкіндік береді. Басқаша айтар болсақ, қоғамның жан-жақты, толыққанды болуы оның сырттай араласусыз-ақ негізгі міндеттерін орын-дауына, яғни адамдардың жеке мақсаттарына жетулерін жеңілдететін өмірді ұйымдастыру формаларын көрсетіп беруіне жол ашатыны анық. Қоғамның автономдығы және өзінің толықтылығы сыртқы басқарушылардың болмауынан көрінеді. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Өзін-өзі реттеушілік қоғамның, маңызды қасиеті, бұл оның көлеміне қарамастан өз бетінше дербес әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, соларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады. Аталмыш салалардың арқасында қоғам жаңаны енгізуге кабілетті болады, өйткені ол өзіне жаңа әлеуметтік түзілімдерді, институттарды, нормаларды таңдайды, сөйтіп, сол арқылы дамуды жаңалайды және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тектері «көрінбес жіптер» арқылы байланысқан, адамдардың өздері де оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыкқа алдыртады.

Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар калыптасты. Солардың бірі - эволюционизм. Ол XIX ғасырда дарвинизмнің ықпал етуімен әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Бұл әлеуметтік дамудың объективтік сипатын мойындаған көзқарасты жүйесі еді. Мұндай көзқарастар қоғам эволюциясына табиғи-тарихи процесс ретінде қарап, қоғамды түбегейлі өзгертетін оның шешуші буындарын, қоғамның үлгілерін анықтаудағы ғалымдардың рөлін де белгілеп берді.

Осындай көзқарасты ұстанғандардың бірі О. Конт болды. Ол қоғам эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімділік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан иңдустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді. Әскери қоғам теологаялық, мистикалық білімге сүйене отырып, адамдарды құдайдың «баламасына» айналған, құдайдан бір кем емес көсемдер мен батырларға бағындырған еді. Мұндай қоғамның даму процесі төменгі деңгейде болды. Керісінше, индустриялы қоғам ғылыми білімге сүйенетін өндірісті жоғары деңгейде дамытып, адам қажетін қанағаттандыруды іске асырып отыр, деп пайымдады О. Конт.

Г. Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жіктелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Қоғамның гемогендіктен гетерогендікке қарай қозғалуы жеке адамдар бостандығын шектемей, арттырумен қатар жүреді, қоғам өз азаматтарын қатаң бақылауға алуды тоқтатады және олардың мүддесін барынша қанағаттандыру үшін қызмет жасайды. Демек, әлеуметтік прогресс дегеніміз, Г. Спенсердің сөзімен айтқанда, азаматтардың еркіндігін ұлғайтуға жеткізетін күрделі қоғам болады.

Э. Дюркгейм эволюцияның мазмұнын жеке адамдардың механикалық ынтымақтастығынан органикалық ынтымақтастыққа өту жолдары арқылы түсіндіреді. Жеке адамдардың механикалық ынтымақтастығы олардың даму деңгейдерінің өте төменгі дәрежеде болуы және бір-бірімен ұқсастығы негізінде орнаған еді. Ал жеке адамдардың органикалық ынтымақтастығы еңбек бөліністері мен әлеуметтік жіктелу негізінде пайда болады. Соңғы айтылған мәселенің нәтижесінде өзгеше принципке негізделген адамдардың өзара тәуелділігі орнатылады, олардың тұтас әлеуметтік организмге бірігуі жүреді, коғамның ең жоғары моральдык. принципі есебінде ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

Марксизм өндіргіш күштерді әлеуметтік дамудың шешуші алғышарты етіп алған еді. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге жеткізеді, соның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасалып, қоғамдық-экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы қамтамасыз етіледі.

Марксизм эволюционизмді төңкеріспен біріктіруге тырысты, қоғам дамуында революция маңызды алғышарт деп қарады. революция, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық және саяси құрылымдарды қалыптастырушы рөлін атқаратын болды. Олай болмаған күнде қоғам өзін іріп-шіруге жеткізетін себептерден құтыла алмайтын еді. Сондықтан К. Маркс революцияға қоғамды өзгертетін және оның дамуын жеделдететін тарихи локомотив ретінде қарады. Қоғам дамуының маркстік тұжырымдамасы тарихқа формациялық тұрғыда қарауға да негізделген еді. Осыған орай қарастырсақ, онда адамзат өзінің дамуында бірнеше сатыны басынан кешіреді. Бір қоғамдық әлеуметтік-экономикалық формациядан екіншісіне өту әлеуметтік революция арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік революция бүкіл қоғамдық өмір жүйесіндегі түбегейлі сапалы төңкеріс болып саналады. Қоғамдағы өндіргіш күштердің артуы мен ескірген өндіріс қатынастарының арасындағы тереңдеген шиеленіс әлеуметтік революцияның экономикалық негізі етіп алынады. Осының негізінде әлеуметтік антагонизм күшейіп, өмір сүріп отырған құрылысты сақтауға мүдделі билеуші таптар мен қаналған таптардың арасында тап күресі шиеленіседі. Әлеуметтік революцияның бірінші жеңісі саяси билікті жеңіп алу болып саналады. Билік құралдары арқылы жеңген тап қоғамдық өмірдің барлық саласына қайта өзгертулер енгізеді, сөйтіп, жаңа әлеуметтік-экономикалық және рухани қатынастар жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасалады. Марксизм көзқарасы бойынша революциялар қоғам дамуы жолындағы барлық тосқауылдарды жоюда, стратегиялық бағытта зор рөл атқарады, қоғамдық дамудың қуатты ынталандырушылары қызметін атқарады. Нақты айтар болсақ, қоғам дамуының эволюциялық және революциялық теориялары қоғамдық прогреске негізделген.

Эволюционизмнің келесі бір өкілдері революцияны қоғам дамуының заңдылығынан гөрі кездейсоқ, қан төгісті, қатал құбылыс деп есептеді. Мысалы, А. Токвиль Ұлы француз революциясы туралы айта келіп, оның жасаған өзгерістерін революциясыз-ақ іске асыруға болатындығын атап көрсетті. Эволюционизмнің маңыздылығы - оның қоғам дамуының объективті құбылыс екенін мойындағандығында еді. Тарихтың тоқтаусыздығы сияқты қоғамның да өзгеріске ұшырауы уақытқа ғана байланысты болады. Қоғамдағы әлеуметтік құрылымдар, институттар, нормалар, құндылықтар қайта жаңғыратын болғандықтан, соған орай жеке адамның мүддесі, идеалдары, бағдарлары да дәйектілікпен өзгеріске түсетін болады. Ал бұған кереғар жағдай қалыптасса, айталық, қажеттілікті бәрінен жоғары қою, ойлаудың пәрменділігін арттыру, білімді тереңдету адамды мақсатты түрде әлеуметтік ортаны өзгертуте бағыттайды.

Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік эволюцияның кейбір үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі күйге қозғалып өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді. Күрделі әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы жеке адамдардың талап-талғамдарының, сенімдерінің артуының нәтижесі де болып табылады. Шығармашылықпен айналысатын тұлға өзінің ауқымы мол ой-өрісінің негізінде тарихты жасаушы басты адамға айналды. Ол өзінің ішкі жасампаздық қуатына ерік беруді талап етеді және өзіне бостандық беретін қоғамға ұмтылыс жасайды.

Даму процесі соншалықты күрделі болғандықтан эволюционизм өзінің XIX ғасырдағы қол жеткен табыстарына қарамастан, тарих соқпағында сүріністерге ұшырады. Әлеуметтану ғылымы алға тартқан көптеген сауалдарға эволюционизм жауап бере алмайтын болды. Қоғамның дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі эволюционизм шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен ыдырауын, бүтін өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды. Мұндай құбылыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдік даму теориясын ойлап шығарды (О. Шпенглер, А. Тойнби). Ендігі жерде қоғам эволюциясы түп-түзу қозғалыс ретінде есептелуден қалды, ол түйық күйдегі өрлеу мен гүлденудің және құлдыраудың циклі ретіңде, олардың басталып, аяқталуына байланысты қайталанып отыратын цикл есебінде қарастырылатын болды.

Қоғамның түп-түзу дамуын жокқа шығаратын дамудың маятниктік тұжырымдамасы пайда болды. Бұл тұжырымдама бойынша қоғам қайсыбір алғышарттардың ықпалымен өзінің тепе-теңдігінен айырылып, тербелістік қозғалысқа көшеді, тербелісбір нүктеден соңғы нүктеге дейін қозғалады, кейде орта тұсында тоқтап та қалады немесе тұрақты қозғалысты қалпына келетін де болады.

Эволюционизмнің келесі бір осалдығы даму мөлшерін, белгілерін анықтаудан байқалды. Осыған орай әлеуметтік прогрестің әмбебап өлшемдерін табуға тырысып бақты. Ол өлшемдерді жоғарыда көрсеттік. Олар қоғамды өзгерістерге түсіріп, дамуды қамтамасыз ететін негізгі буындар болатын: білім, әлеуметтік жіктеліс, тұлға бостандығы, ынтымактастық, техникалық прогресс, өндіргіш күштер. Алайда, аталмыш буындардың рөлін терең зерттеу барысында олардың тек қана жағымды рөл атқаруымен шектеліп қалмай, келеңсіз прогреске соқтыратыны да анықталды. Білім адамдарды жаппай қырғынға ұшырататын қаруды жасау үшін қолданылады, жіктеліс пен бақылаусыз қалған бостандық әлеуметтік энтропияға соқтырады, ынтымақтастық адам инициативасы мен тәуелсіздігін басып тастайды, ғылыми-техникалық революция экологияны күйзеліске ұшыратты.

Эволюционизм қысқа мерзімдік процестер мен құбылыстарды түсіндіруде дәрменсіздік танытты. Пайда болған өзгерістер зерттеушілер үшін адамдардың мінез-құлқын, институттар мен әлеуметтік ұйымдардың қызметін түбегейлі өзгерткенін көрсете алғанда ғана құнды болады. Мұндай "ұсақ" өзгерістер, айталық, үкімет дағдарысы, қылмыстың өршуі, девианттық мінез-құлық, тағы басқалары эволюция теориясынан тыс қалып қойды. Әлеуметтік дамуды зерттеу үшін аталмыш шектеулікті жойып, өзгеше тұрғыдан қарап зерттеу талап етілді. Осыған орай әлеуметтік өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-мағынасын Т. Парсонс өз тұжырымдамаларында ашып берді.

Т. Парсонс әлеуметтік өзгеру мәселесін жүйелік тұрғыда талдау жасаумен байланыстырып қарастырды. Оның пікірінше, қоғам жүйе ретінде тұрақтылықты сақтауға, өзін-өзі жаналауға қабілетті, бұл жағдай қоғамның негізгі құрылымдық элементтерінің тұрақтылығынан анық көрініп отырады.

Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, оқиғаның нәтижесінде жүйедегі тепе-теңдікті сақтап тұрған күштердің, элементтердің ара-салмағы бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі. Мұндай өзгерудің түрін Т. Парсонс "тепе-тендіктің" өзгеруі деп атаған. Алайда, қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арқасында бұзылған тепе-теңдікті қоғам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түзілімдерді өзіне қосып алады. Т. Парсонстың бұл тезисін бұрынғы КСРО-ның 50—60-жылдардағы реформа жасамақшы болған талпынысы дәлелдей түседі. Әлеуметтік қажеттіліктердің өзгеруі, демократиялық көңіл күйдің артуы сол тұстағы ел басшыларын осыларға сәйкес біртектес шараларды жүзеге асыруға итермелеген еді. Алайда, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы жоғары болды. Олай дейтініміз, әлеуметтік жүйе негізгі құрылымдық элементтерді сақтап, жаңа бетбұрыстарды өзіне қосқанымен, ескі принциптер негізінде міндетін атқаруды тоқтатпайды.

Т. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік өзгерудің екінші түріне "құрылымдарды өзгерту" жатады екен. Жүйеге іштен және сырттан қысым жасау аса күшті болған шақта жүйе өзі айырылып қалған тепе-теңдігін қалпына келтіруге дәрменсіз болады. Қоғамның тұтастығьн сақтау мақсатында, оның бейімделу қабілетін арттыру үшін жүйенің маңызды құрылымдық элементтерін (әлеуметтік рөлдерді, институттарды, ұжымдарды) ауыстыру жүзеге асады. Көптеген жүйешелер: экономикалық, саяси құндылықтар жүйесі өздерінің түрлерін өзгертеді.

Т. Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа күйдегі сапалы жүйе пайда болуын анықтайтын құрылымдарды белгілеген. Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебап қалыптасады: катынастар жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері. Бұлардан кейін стратификация құрылымы, бюрократия, ақша мен нарық кешендері, демократия бірлестіктері пайда болады.

Т. Парсонс дәлелдеген құрылымдық қайта кұру кезеңін немесе жаңа эволюциялық әмбебап кезеңін ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан да өз басынан кешіріп отыр. Коғамнынтұтастығын сақтау, бүкіл жүйенің сапасын өзгерту өте ұтымды элементтер мен құрылымдарды құра білуге тікелей байланысты болып отыр. Бұл іске асқанда ғана қоғамның өзгерген жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті артатын болады.

Демек,Т. Парсонстың тұжырымдамаларының практикалық мәні зор. Ол қандай құбылыстар мен процестердің құрылымдық қайта құруларға әкеліп соғатынын, олардың ең маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғамның даму зандары, түптеп келгенде, қоғамныңжаңа сатыға көтерілуіне, ілгері дамуына ықпал етеді.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ЛЕУМЕТТАНУ

БІЛІМ Ж НЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ... Р БСАТТАРОВ М Д КЕНОВ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бсаттаров Р., Дәкенов М.
Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б. ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану ж

АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтану теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні,

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ
  Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылым

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) еді. Бұғ

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
  Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік

Леуметтанудың категориялары мен заңдары
Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшел

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымд

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастауд

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі ж

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц

ШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ОЙДЬЩ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ (XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр) Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуын

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі б

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы) XIX ғасырдың 60-шы жылдарында па

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары
  Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы ту

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
  Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды. Тарихи даму де

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
  Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларыныv

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялыл

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни ә

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
ХХ ғасырдың 70 – 80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. әлеуметтануды

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қарастыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.
  Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қ

Оғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - қоғ

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ
Әлеуметтік стартификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоға

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
  Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Ола

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері
  Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әрт&#

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар кө

Лттық-этникалық қатынастар
Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани 

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері
Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденция

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері — ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан к&#

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызме

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құ

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Әлеуметтануда ең алдымен типтеу маңызды, бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылымды индивидуалдықтан жоғары тұрған тұл

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
  Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өт

Саясат және саяси қызмет.
  Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жыл

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттарме

Мазмұны және функциялары.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан тұрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, б

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
  Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұй

Йымның пайда болуы және оның құрылымы
Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен ұшырасады, ұйымдарға тәуел

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі – басқару. Басқаруға әлеуметтану тұр

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қ

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияны&

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні
Білім саласы бірқатар бір-біріне жақын тұрған ғылыми пәндердің зерттеу объектісі болып табылады. Олардың білімді әлеуметтанулық тұр

Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу адам өмірінің үлкен кезеңінен тұрады, оның жемісті, шығармашылық жылдарын қамтиды. Орта деңгейлі кәсіби мамандық

Орта оқу орнының қалыптасуы
Оқу, білім – әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясыме

Білім жүйесінің құрылымы
Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдаu

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі о

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулыu

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), 

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жуйесіне арқа суйейді, яғниақпараттарды жинау мен өңдеуге және талдаудан 

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғы

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги